- •33. Отбасы циклының мына кезеңіне тоқталыңыз.
- •34. Отбасы циклының мына кезеңіне тоқталыңыз.
- •37. Отбасының барлық функцияларын жазыңыз, соның ішінде үй-тұрмыстық функциясына тоқталыңыз.
- •38. Отбасының мына түріне тоқталыңыз. У. Гуд заманауи отбасыны «коньюгальді» деп атаған.
- •40. Психологиялық кеңес беру түріне тоқталыңыз.
- •42. Мектеп жасындағы балалар үшін шешімді ата-анасы шығаратын кезең. (өмірлік цикл)
- •43. Әлеуметтік жұмыстағы отбасындағы қиындық себептері сыртқы ортада әлеуметтік моделіне сипаттама беріңіз.
- •44. Ана келісім шарты, азаматтық актілер алу құжаттарының заңдық түрі
- •Некені тоқтату және оның негізі[өңдеу]
- •45. Әлеуметтік қызметтің түрі: патронаж, консультирование, диагностика
- •46. Әлеуметтік қызметтің бір түрі – кеңес беру.
- •47. Отбасы жүйесі туралы г.Навайтиса концепциясы. Отбасы жүйесінің жүйешіктері,
- •48. Отбасымен жұмыстағы «карта» түсінігі. Отбасы туралы базалық ақпарат алу.
- •49. Қазіргі Қазақстандағы отбасыны қорғау. 1998 жылы қр «Отбасы және неке» туралы заңы.
- •50. Сипаттама беріңіз.
49. Қазіргі Қазақстандағы отбасыны қорғау. 1998 жылы қр «Отбасы және неке» туралы заңы.
Әлеуметтік қорғау туралы жазу керек. Сосын соның ішінде отбасыны қорғау пункті бар.
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
5-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы)қатынастарына қолдану
1. Осы Кодекстің 3-бабында аталған, Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады, өйткені бұл неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарының мәніне қайшы келмейді.
2. Осы Кодекстің 3-бабында көзделген қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе тараптардың келісімімен тікелей реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін (заң ұқсастығы) Қазақстан Республикасының неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңнамасының нормалары қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаған кезде, неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының неке-отбасы немесе азаматтық заңнамасының жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып, сондай-ақ заңның уақытқа, кеңістікке және адамдар тобы бойынша қолданылу қағидаттары сақтала отырып, айқындалады.
2-тарау. НЕКЕ-ОТБАСЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ-ОТБАСЫ) ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
6-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы)қатынастарында құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын өздеріне тиесілі құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша пайдаланады.
Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарының жүзеге асырылуы мен міндеттердің орындалуы отбасының басқа мүшелері мен өзге де құқық субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы)құқықтарын қорғау
Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сот жүзеге асырады. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде және осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
Бұзылған құқықты қорғау үшiн билiк немесе басқару органына жүгіну құқық қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге кедергi жасамайды.
