Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сессия сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.73 Кб
Скачать

31. Әлеуметтік-экономикалық реабилитация – тұрғын-үймен қамтамасыз ету, шараларды іске асыру, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адам қоғамның пайдалы мүшесі ретінде қарау – зейнетақы төлеу, жәрдемақы беру сияқты кешенді реабилитация түрі. Бұл реабилитация түріне толықтай тоқталыңыз.

Реабилитация адамдардың, жалпы қоғамның денсаулығын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған ғылым саласы болып табылады. Реабилитацияның мақсаты – адамның физикалық немесе экономикалық тәуелділігін бағалау. Медициналық тұрғыдан, реабилитация адам ағзасы қызметінің бұзылысын қалпына келтіретін және сақтайтын, сонымен қатар әлеуметтік қызметті, науқас адамның немесе мүгедектің еңбекке жарамдылығын анықтауға бағытталған, медициналық, педагогикалық және әлеуметтік жүйелерді ұйымдастыратын үрдіс болып табылады. Дәлелді медицина бойынша, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Қазіргі кезде денсаулықтың 3 деңгейін бөліп көрсеткен: Физикалық – өзінің физиологиялық қызметін орындауға қабілетті. Әлеуметтік – тұлғаның өзінің талабына сәйкестігін отражает. Тұлғалық – психологиялық – бұл адамның жан дүниелік деңгейі. Реабилитация Реабилитология 3 бөлімнен тұрады: Адамның психосоматофизиологиялық денсаулығы, оның қалпына келу әдісі мен қабілеті; Адам және оны қоршаған ортаның экологиялық реабилитациясы туралы ілім; Әлемдік көзқарасты реттеу әдісі мен қабілеті. Медициналық реабилитация – науқас ағзасының еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге және оның ауру нәтижесінде пайда болған мүмкіндіктерінің компенсациясына бағытталған медициналық шаралардың жиыны. Мүгедектердің реабилитациясы – оның өмірінің сапасын арттыру. Мүгедектердің профессионалды реабилитациясы – еңбекке жарамдылығын жекеше немесе толығымен қалпына келтіру. Мүгедектердің еңбектік реабилитациясы – оларға шамасы келетін жұмысты даярлау. Мүгедектердің әлеуметтік реабилитациясы – өмірінің сапасын жақсарту. Медицина – әлеуметтік реабилитация – аурудың, жарақаттың нәтижесінде қабілетін жоғалтқан науқастардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік дәрежесін қалпына келтіру. Қазіргі кезде 6 негізгі реабилитационды аспект бар: Психологиялық: психикалық жағдайды емдеу. Медициналық –емдік: диагностикалық сұрақтар. Физикалық: емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы. Профессионалды: жаңа профессия таңдау. Әлеуметтік: науқас- отбасы» т.б сұрақтарды шешу. Экономикалық: реабилитация өткізуге кеткен шығынын есепке алу. Дәрігер — реабилитолог бағыт- бағдар жасауы қажет: реабилитацияның деңгейі – компенсация, реадаптация реабилитацияның фазасы – ерте, кеш реабилитацияның варианттары– курстық, үзіліссіз Медициналық реабилитация ұйымының кезеңдері: Бұл медициналық реабилитация –стационарлы, санаторлы, емдік реабилитационды болып жіктеледі. Уақытына қарай жіктелуі: Операция алды; Ерте; Кеш; Операциядан кейінгі. Жоспарлы операциялық емге хирург, науқас және дәрігер-реабилитолог даярланады.

Реабилитация туралы алпылама қысқаша жазып, артынша зейнетақы, жәрдемақы трула ыжазасыңдар. Әлеуметтік экономикалық реабилитация туралы сұрақтың өзінде тұр.

32. Ежелгі грек философы Аристотель әйелдер ерлеріне толықтай бағыну керек деп есептеген. Ол, әйелдер мен ер-құлдарды салыстырып, мынадай тұжырымға келген, құлдар еркіндікке шыға алады, ал әйелдер өмір бақи еріне бағыну керек. Аристотельдің бұл концепциясын қолдаған ғалымдарды атаңыз, оларға талдау жасаңыз.

Аристотель (көне грекше:Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз[1], Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие[2][3].

Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика

Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған философиялық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті.

Отбасының әлеуметтік мәні мен пайда болуы және даму кезеңдері туралы ғылым тарихында әр түрлі қағидалар мен пікірлер, белгілі ағымдар болды. ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Ж.Руссо, Х.Гердер, Г.Гегель, т.б. ойшылдар отбасын табиғаты жағынан қоғамның алғашқы некелік негізі деп түсіндіріп, әлеуметтік қатынастардан жоғары қойғаны тарихтан белгілі. Мысалы Ж.Руссо: «Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы – ол отбасы. Сонымен қатар, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ үлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық – балаларға ұқсайды», – деп айтқан сөзі отбасы мен қоғамның әлеуметтік қызметінің егіз екендігін дәлелдейді. Ойшыл данышпан, ғалым әл-Фараби «Отбасы» ұғымына мынадай анықтама береді: «Үй белгілі бір бөлшектерден құралады, солардың арқасында гүлденеді. Бұлар саны жағынан төртеу: ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әке-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны «қожайын» деп атайды», [1] – деп, отбасын оның құрылымдық бөліктері тұрғысынан сипаттайды. Осы пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай отбасының өзі де, оның құрылымы мен тәрбие мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай. Отбасы мәселесі әр дәуірде жан-жақты қарастырылып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар әртүрлі пікірлер ұсынған. Ежелгі грек ойшылы Платон: «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» [2,52] десе, Аристотель: «Отбасы – адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» [3,54] – деген ой айтады. Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген.

33. Отбасы циклының мына кезеңіне тоқталыңыз.

Оның мынадай ерекшеліктері бар: мүмкіндігі шектеулі балалар өмірлік циклдың белгілі бір кезеңіне баяу жетеді, кейде тіпті жетпей қалып жатады. Ондай балалар туылған кезде отбасындағы барлық мүшелерге баланың патологиясы болуы туралы, эмоционалдық үйренісу туралы ақпарат берілуі керек.

Отбасының өмірлік циклы - некеге тұрудан басталып, оны бұзу мен аяқталатын отбасының өміріндегі маңызды, кезеңдік оқиғалар тізбегі. Отбасының өмірлік циклі 8 этаптан тұрады. Олар:

1. Күйлі рөлдерді қабылдау және дамыту. 

2. отбасында балалардың пайда болуы (30 айдан асқан жас). 

3. 2 жылға дейін жас егде жастағы баланы (мектепке дейінгі балалармен отбасылар 6 жыл 6 ай). 

4. Балалар (6-дан 13 с жасы егде жастағы баланы) бар отбасылар.

5. Жасөспірімдер (13 жылдан 20 жылға дейін үлкені) бар отбасылар. 

6. Солдан бірінші балаға отбасының жастардың Күтім ( ең жас ата-аналар отбасын қалдырады сәт).

7. (« зейнетақы қамқорлық бос ұя» дейін) ата-аналарының орташа жасы.

8. Зейнеткерлікке екі қайтыс (отбасы мүшелерін Қартаюға ерлі-зайыптылар).

Осы кезде мүгедек балалар туралы жазып, балаға қатысты этаптармен салыстырып жазуға болады. И бала туралы ақпараттың бнрілуі туралы жазсаңдар болады. Сосын эвтаназияны жазуға болады . балалар эвтаназиясын.

Эвтаназия (грек. жеңіл өлім) – қатты жазылмайтын аурумен ауыратын адам өмірін қысқарту немесе тоқтату, адамның азабын азайту немесе адамдарға қиналмай өлуге медициналық жолмен мүмкіндік беру. Қазіргі медицинада эвтаназияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі, дәрігердің қатысуымен, яғни емделушінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы дәрілерді егу. Бір ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге апаратын айықпас дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер қатыспайды.

Қазақстан Республикасында 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 141- бабына сәйкес Эвтаназияға жол берілмейді [2]. ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. 15-бап 1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. 2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. 12-бап 1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi делінген. Осы баптарға сәйкес эвтаназия Қазақстан заңына қайшы келеді. Және Эвтаназия институты Қазақстанда жоқ [3].

Қазіргі уақытта эвтаназияны қолдану көп елдерде Ресейде, Әзербайжанда, Австралияда қылмыстық жауаптылыққа алып келеді. Ал Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Швейцария, Германия, Албания, Жапонияда эвтаназияға заңи тұрғыда рұқсат етілген. Соның ішінде 2002 жылдың 28 мамырында Бельгия парламенті заңи тұрғыда эвтаназияға рұқсат берді. Ал осы жылы балалар эвтаназиясына рұқсат етілді. 2002 жылы қабылданған заң VI тарау және 16 бөлімнен тұрады. Бұл заң Бельгия Конституциясының 78 бабына негізделген. Бұл заңнын I тарауының 2 бөлімінде Эвтаназия тек қана сұрау жіберу арқылы дәрегерлердің көмегімен жүзеге асырылады. II тарауының 3 бөлімінде Эвтаназияны жүзеге асырушы дәрігер қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Сұрау беруші есі дұрыс, кәмелетке толған немесе эмансипацияланған болуы қажет. Бірақ 2014 жылы қабылданған балалар эвтаназиясы туралы заңда бұл шектеулер жойылды. Себебі, Бельгияда аса ауыр жағдайда, емделуге келмейтін, өте қатты физикалық ауыртпалықты басынан кешірітін балалар саны жыл сайын өсуде