Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ Менеджмент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
294.4 Кб
Скачать

ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

№2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

044 -34/10 ( )- ( )

23 беттің 19-беті

«Денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері» пәндері бойынша ОҚТЕ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасы

Объективті құрылымдық тәжірибиелік

емтихан (ОҚТЕ) өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: Денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері

Курс: 2

Шымкент 2017

Әдістемелік нұсқау 2-курс 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттеріне «Денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері» пәндерінен объективті құрылымдық тәжірбиелік емтиханды тапсыруға арналған.

Құрастырғандар:

Төлтаев Б.С. «Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасының м.ғ.к., доцент м.а.

Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді.

хаттама № «____» __________2017 ж.

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор м.а. А.М. Жақсыбергенов

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.

хаттама № «____» __________2017 ж.

  1. Кіріспе

Тәжірибиелік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмалар тізімі 3 кезеңнен тұрады. Олар менеджмент негіздері бойынша барлық негізгі сұрақтарды, соның ішінде денсаулық сақтаудағы басқару, менеджмент теориясы мен тәжірибиесі саласындағы, менеджменттік зерттеулердің әдістерін қолдану бойынша біліктілігі мен меңгерген дағдыларын қамтиды.

Әрбір тәжірибиелік тапсырма жұмыс орнына негізделген (бекеттер), зал сәйкес тапсырманы орындауға қажетті материалдармен жабдықталған. Емтихан тапсырушы барлық тапсырмаларды 20 минутта орындап шығуы тиіс.

Емтихан нәтижелерін бағалау студенттің барлық кезеңдерінде алынған бағаларының қосындысынан шығарылады. Емтихан тапсырушы барлық бекеттерді өту барысында кемінде 10 балл жинау керек.

2. Студент үшін ақпарат:

  • ОҚТЕ басталар алдында емтихан тапсырушы емтихан комиссиясының хатшысына сынақ кітапшасын тапсырады, тіркеледі, тізімде белгіленеді және жеке код алады.

  • Емтиханда студент төрағадан тапсырма, қосымша аттестациялық парақ алады және кезеңдерді өту жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындауға кіріседі.

  • Тапсырманы орындау барысында студент:

    • Критерилерде белгіленген өз әрекеттерінің тізбегін қадағалау керек;

    • Тапсырмаларды орындау барысындағы өз әрекеттерін нақты және қысқа түрде сипаттау керек;

    • Тапсырманы орындауға бөлінген уақытты қадағалауы керек;

    • 1-кезең тапсырмасын орындау барысында студент берілген тапсырмалар бойынша денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері бойынша білімдерін көрсетеді;

    • 2-кезең тапсырмасын орындау барысында студент берілген ситуациялық есеп бойынша менеджметтік зерттеулердің әдістерін және ұйымның жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау дағдыларын көрсетеді;

    • 3-кезең тапсырмасын орындау барысында студент берілген ситуациялық есеп бойынша медициналық ұйым және қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және басқарушылық шешімдерді қабылдау дағдыларын көрсетеді.

  • Емтихан тапсырушы барлық кезеңдер тапсырмаларын орындап болғаннан кейін емтихан комиссиясының хатшысына бағалау парағын тапсырады.

3. Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат:

  • ОҚТЕ басталар алдында емтихан қабылдаушы «ОҚМФА студентінің оқу жетістіктерін қорытынды бақылаудағы тәжірибиелік дағдыларды және ОҚТЕ технологияларын меңгеруді аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы ережелермен» және берілген әдістемелік нұсқаулармен танысады.

  • Осы әдістемелік нұсқаудың п.5-дегі талаптарға сәйкес кезеңдердің жабдықталуын тексереді.

  • Тапсырмаларды орындау барысында емтихан тапсырушының тәжірибиелік дағдыларын меңгеруін бағалауда емтихан қабылдаушыға арналған нұсқауларға сүйенеді.

  • Емтихан тапсырушының тапсырмаларды орындаудағы қадамдық әрекеттерін бағалау мен балл қоюдағы шынайылыққа жауап береді.

  • Кезеңді орындаудағы қадамдық әрекеттерді бағалайды және балдарды емтихан парағына (1-қосымша) қояды, кезеңдердің балдарының қосындысын емтихан тапсырушының қосымша аттестациялық парағына (2-қосымша) қойылады, параққа қол қояды және оны студентке береді.

Компетенциялар:

білім:

  • денсаулық сақтаудағы менеджмент теориясының негіздерін;

  • анықтамалар мен терминдер: рынок, бәсекелестік, менеджменттік зерттеулерді;

  • денсаулық сақтау саласын басқарудың үрдістік ұстанымын.

үйрену:

  • денсаулық сақтау жүйесінде басқару механизмдерін тиімді қолдануға;

  • қызметкерлердің іс-шараларын координациялау және тиімді бағыттауға;

  • басқарудың дестабилизация факторларын болдырмауға;

.

дағдыларды меңгеру керек:

  • медициналық қызметтердің бәсекелестік қабілетін бағалауды;

  • денсаулық сақтау жүйесінде ұйымдастыру мен басқару негіздерін.

«Денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері» бойынша ОҚТЕ кезеңдерінің тізбегі

Тапсырмалардың тізімі (кезеңдер)

Кезең

Студенттерге арналған тапсырмалар

Макс.балл

Уақыт

1

Денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері бойынша білімін көрсету

6 балл

5 мин

2

Менеджменттік зерттеулердің әдістері мен құралдарын қолдану және ұйымның жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау

7 балл

5 мин

3

Медициналық қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және басқарушылық шешімдерді қабылдау

7 балл

5 мин

Барлығы

20

15

Кезеңдер бойынша ОҚТЕ өткізуге арналған жабдықтар тізімі

Кезеңдер

Қажетті жабдықтар

1

Денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері бойынша білімін көрсету

Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат, сағаттар, қаламсап, емтихан тапсырушыға арналған қағаз парақтары, таратылатын материалдардың тақырыптық жиынтықтары

2

Менеджменттік зерттеулердің әдістері мен құралдарын қолдану және ұйымның жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау

Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат, сағаттар, қаламсап, емтихан тапсырушыға арналған қағаз парақтары, таратылатын материалдардың тақырыптық жиынтықтары

3

Медициналық қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және басқарушылық шешімдерді қабылдау

Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат, сағаттар, қаламсап, емтихан тапсырушыға арналған қағаз парақтары, таратылатын материалдардың тақырыптық жиынтықтары

Кезең 1

Билет 1

Қадам 1. Денсаулық сақтаудағы менеджментіне анықтама беріңіз.

Қадам 2. Коммерциялық функция бұл?

Билет 2

Қадам 1. Менеджменттің негізгі анықтамасын айтыңыз.

Қадам 2. Персоналды (тұлғалық) менеджмент.

Билет 3

Қадам 1. Менеджмент ғылымының пайда болу шарты.

Қадам 2. Басқару бұл?

Билет 4

Қадам 1. Басқару объектілері.

Қадам 2. Қаржылық басқару.

Билет 5

Қадам 1. Басқару субъектілері.

Қадам 2. Инновациялық менеджмент.

Билет 6

Қадам 1. Тұлғааралық қатынастармен басқару тәсілдері алғаш рет қай мектептерде пайдаланылды?

Қадам 2. Коммерциялық басқару бұл?

Билет 7

Қадам 1. ЕПМ-де жоспарлау негізі не болып табылады

Қадам 2. Инвестициялық мененджмент.

Билет 8

Қадам 1. Менеджменттің негізгі қызметтері.

Қадам 2. Менеджмент нысандары.

Билет 9

Қадам 1. Менеджердің негізгі атқаратын қызметі не болып табылады?

Қадам 2. Корпоративті (ұжымдық) менеджмент.

Билет 10

Қадам 1. Басқарудың «әкімшілік мектебінің» негізін қалаушы.

Қадам 2. Менеджменттің есептік және сақтандыру фугкциясын атап өтіңіз?

Кезең 2

Билет 1

Науқас, 40 жаста, дәрігерге беліндегі ауру сезіміне, қозғалыстың шектелуіне шағымдалып келді. Науқасқа радикулит диагнозы қойылып, ем тағайындалды. Науқас физиопроцедуралар қабылдау үшін физиотерапия бөліміне жіберілді. Физиотерапия бөлімінің күндізгі ауысымының алты медбикесі аға медбикенің ауырып қалуына байланысты жұмысты өзара бөлісті. Біреулері электрофорез жүргізді, екіншілері инъекция жасады, үшіншілері науқастарға күтім жасады.

Қадам 1. Медициналық қызметті қалай түсінесіз?

Қадам 2. Жұмыстың өзара бөліну үдерісін қалай түсінесіз? Жұмыстың бөлінуінің қандай түрі осы жағдайда қолданылады?