- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі а.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
- •4 Курс студенті
- •5В020500- Филология
- •1.Әдебиет сабағының қолдану ерекшеліктері
- •1.1Шәкіртті әдебиет әлеміне әкелу
- •1.2 Әдебиет сабағының тәрбиелік мәні
- •1.3 Ақын-жазушылардың табғатқа арнап жазған туындылары
- •2. Қазақ әдебиетін оқытудың педагогикалық технологиясы
- •2.1 Оқыту технологиясы
- •2.2Жаңа инновациялық технология
- •2.3Көркем шығарманы оқыту
2.3Көркем шығарманы оқыту
Көркем шығарманы оқыту- оқушының сөздік қадірін түсенерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниені байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру адамгершілік қасиетін қалыптастыру – деген болатын әдебиет зерттеушісі ғалым белгілі жазушы ұлағатты ұстаз Қожым Жұмалиев.
Оқушы көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл онай үрдіс емес қабылдау деген сөз бере салғанда ала қоятын зат емес. Ол оқушының жан қалауымен жүрек сезімімен рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жан күйзелісін, шалқар шабытын, бойынан өткізіп көркем суретті көз алдынан елестетіп келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы сезімді ояту мүғалемнің қолында яғни оқушыға оқушыға әдеби білім беру әдеби эстетикалық адамгершілік қасиеттер дамыту үшін мүғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың бірі оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы одан әсер алуы көркем туындыны бүкіл бітім болмысымен түсіне білулері жатады.
Яғни мұғалем осы мақсатпен іздену керек, оны жүзеғе асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдердердің сұрыптай отырып пайдалануы керек, оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық интелектуалды көркемдік сезімдік адамгершілік азаматтық тәрбие беру оқырманың тұрақты ынта-ықыласты биік талғамды қалыптастырады.
Әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру, логикалық оның ауызекі және жазба қалыптастыру болып табылады.
Көркем шығарманы оқуға деген қызуцшылығын ынтазарлығын ояту жоғары эстетикалық талғам мен қажет қалыптастыру.
Сөз өнерін ерешеліктерін түсінук тануға ой көзімен зерделенуге негіз болатын білім дағдырын қалыптастыру.
Ойын сауатты ауызша жазбаша айта білу байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениет қалыптастыру және дамыту өзіндік ой пікірін дәйекті жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет-өнер,әдебиет ұлттық қазына асыл мұра. Әдебиет ұлттық танымның қайнар көзі. Сондықтан алынған үзінділер оқулыққа ендіруге төмендігедей басшылыққа алынған.
Оқушы тілін дамыту негізінде оқырманның біліктілігін қалыптастыру, оқушылардың тілдік қатынасын комуникативтік түрде дамыту,Ой ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе өзіндік пікірде жатыр. Көркем шығарманы оқутудың ең бастысы сол көркем туындыны туралы оқушы пікірі ойына ерекше көніл берген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерге қарағанда оқытушы өзгешілі де күрделігі де осында.
Мектептеәдебиетті оқытудың мән манызы көркем туындыны оқыту талдау оқырмандың пікір қалыптастыруымен ашылмау. Көркем туындыны оқу барысында талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асса талдау мұғалем оның ұйымдастыруы жобалауы тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады Көркем мәтінді оқушы қалай оқып қабылдайды, қандай ой туады, өз көз-карасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалемнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Көркем шығарманы талдау жасаудың шешілмеген проблемалары көп. Әсіресе қазақ әдебиеттану ғылыми мктодикасында бұл мәселе әлі талай зерттеулерді керек етеді. Рас соңғы кездері әдебиетта саласындағы еңбектері шығарманың эстетикалық табиғатын көркем ажар-бояуларын танытуға ұмтылыс жасалды. Мұғалемдерге қолқабыс естелік ғылыми зерттеулер, сол сияқты методикада да көркем шығармаға талдау жасауға арналған еңбектер жарық көре бастады Мұның бәрі мектепте әдебиетіті оқыту сапасын арттыруға себін тигізері сөзсіз.
Дегенмен көркем шығарманы талдау проблемасына арналған еңбектер әсіресе методика кемсін. Оның себебі мұның толып жатқан ойы-қыры бар. қиындығы да мол. Шығарманың қат-қабат ішкі құрылымы, астарлы бейненің көркем ойы, образдвар жүйесі, жазушының шеберлігі – осының әр қайсысы бір-бірімен байланысты, бірінен бірі туындайтын үлкен проблема. Ал образдар жүйені енбейінше шығарманың тұтас бітім екенін оның көркемдік ерешеліктеріне тереңдемейінше жазушы шеберлігін, шығарманың идеялдық мазмұның аша алмаймыз. Бұл проблеманы зерттеудің күрделілігі де міне осында.
Әрине біздің бұл талдауларымыздың бәрін тап осы қалыпта, талғамсыз, тандаусыз пайдалану да міндетті емес. Мұғалем көркем шығармаға талдауға қандай әдіс-тәсілді қолданады, ерікті. Бірақ қайткен күнде де шығарманың бойындағы тұтастықты бұзбай, образдар жүйесіне сүйене отырып, оның идеялық- эстетикалық мазмұнын танытып аша алса. Сол әдістің бәрін ұтымды деп білеміз. Шығармадағы мазмұн мен форманы бірлікке алып талдау – кітаптың негізгі өзегі.
Қазіргі методика көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін образ бойынша, тақырыптық, проблемалы, тұтас талдау әдістерін ұсынады. Демек талдау әдістерін түрлендіру арқылы шығарманың мазмұнында эстетикалық табиғатын терен ашуға болады.
Образ бойынша талдау- ежелден келе жатқан дәстүрлі әдіс. Мектеп практикасында көптеп қолданылып келеді, қолданыла да береді. Мұның ұтымды жағы-былай талдауда оқушылар назары адам образына аударылады, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді ашуға талпыныс жасалады. Оқушыларды кейіпкердің жақсы мінезіне сүйсіндіріп, ерсі қылықтарынан аулақтатады.
Образ бойынша талдаудың кемшілік жағы да кем жоқ емес. Баспасөз бетінде ол орынды сыналды. Оның себебі неде? Біріншіден, кейбір мұғалемдер мектепте бұрынғы үйреншікті әдеттен әрі бармайды. Шығармадағы образдар жүйесіне енудің орнына «Құнанбай образы» « Қарабай образы» «Алпамыс образы » деп оларды оқшау алып, бір жақтылыққа ұрынады. Басты образ, қосалқы образ ол- «белгілі бір таптың өкілі деп дайын сүрлеумен талдау көркем әдебиеттегі адам образын әр жақты тануға кедергі. Өйткені шығармалардағы кейіпкерлер оөшау емес, жазушы оларды шығармалардағы басқа кейіпкерлермен қарым-қатынаста алып қарастырған. Бірінсіз бірін терең танып білу мүмкін емес. Жалпы образ бойынша талдауды теріске шығаруға болмайды. Ол талдау әдістерінің негізгі бір түрі. Әдебиет адамтану десек, образ бойынша талдау бұл жағынан келгенде ұтымды. Тек бұл әдісті қолдануда дайын қалыптан аулақ болу керек. Кейіпкер бойындағы сипаттарды санамалаумен, басты кейіпкер, ұнамды, ұнамсыз кейіпкер деп атаумен оның бітіміндегі сан алуан қасиет-сапарларды аша алмайсын. Өйткені жазушы өз кейіпкерін шығармадағы шытырман оқиғалар көркемдік элементтер арқылы, өзге кейіпкерлермен қақтығыс-тартыс үстінде көрсетеді, мінез-құлығын сол арқылы ашады. Олай болса кейіпкерді томаға тұйық оқшау алып қарау–образ бойынша талдаудағы басты мін деп білуміз керек. Осы томаға-тұйықтан құтылу жолы –кейіпкер характерін шығарманың бүкіл образдар жүйесіне сүйене отырып ашу. Мысалы « Абай» эпопеясындағы кейіпкерлерді төмендігедей жүйеде алып қарастыруға болады.
Абай мен Құнанбай.
Абай және жатақтар.
Құнанбай және оның төнірегі.
Тоғжан мен Абай
Абай мен Әйгерім.
Абай мен оның орыс достары.
Абай мен Дәрмен.
Біржан мен Абай.
Жастар мен Абай.
10)Абай және Базаралы
11) Абай және орыс әкімдері.
12) Абай және Тәкежан
13) Кейіпкер және табиғат.
Әрине. Мұны біз жоба ретінде беріп отырмыз. Мұндағы ойымыз шығармадағы кейіпкерлерді осылай образдар жүйесінде оларды бір-бірімен байланыс, қақтығыс-тартыс шиеленіс достық үстінде алып қарастырсақ, кейіпкерлер бойындағы қасиет-сапалар әр жақты ашылады.
Демек обрз бойынша талдау да мұндай жағдайда жемісті нәтиже бермек демекпіз.
Шығарма талдаудағы екінші бір тиімді, прогресшіл әдіс-проблемалы талдау әдісі. Бұл әдістің ұтымды жағы неде? Көпке мәлім шығармада шытырман, қым-қиғаш оқиға бар. Толып жатқан проблема, талай қайшылық, талас туғызар жайттар бар. Ұлы суреткерлер шығармаларындағы философиялық әлеуметтік, этикалық ойлардың алуандығы, көтерген проблемасының әр жақтылығы, ауқымдылығы, тереңдігі ғылымда талай пікір таласын туғызған. Ақиқатына жету үшін сол проблемаларды шешу үшін ізденіс- зерттеу еш толастамаған
Демек, ізденіс, ойланыс болмаса ешқандай проблеманы шешу мүмкін емес. Ешқандай ақиқаттың зайырына тереңдей алмақ емеспіз.
Мұғалем де шәкірттерді іздендіре ойландыра алмаса, шығарма проблематикасына, оның идеялық –эстетикалық қат-қабат астарына үңілте алмақ емес. Проблемалы талдау осы тұрғыдыан алғанда тиімді әдістердің бірі. Проблемалы талдаудың түп төркіні проблемалы оқытуда жатыр. Ол оқушылардың ой-өрісін кенейтуге білімді ой жүгіртіп, зердемен қабылдауға, оқу материалына терең бойлауға көмектеседі. Білімді ойлана, терең толғана, зердесіне тоқи қабылдау үшін мұғалем проблемалы ситуация жасауы керек « Проблемалық ситуация – проблемалық талдаудың түпкі қазығы» дейді белгілі методист Марацман. Оны шығарманың проблематикасынан өз ішіндегі қайшылықтардан іздеу керек. Ойдан ойлап шығарудың қажеті жоқ. Міне осы жерде мұғалімнің білгірлігі, тәжірбиесі, шығарманың ойы-қырына қанықтығы көмекке келмек. Проблемалы ситуацияны іздернелік, ойланарлық, сипаттағы сұрақ-тапсырма арқылы туғызуға болады, ал ол проблема мақсат қоя білуден кеп шығады. Соны мысалмен дәлелдеп көрейік. « Абай» эпопеясында Қамқа мен Қодардың трагедиялық өліміне байланысты оқиға белгілі. Оны оқушылар біледі. Сол оқиғаны мазмұндап айтып беріндер деп мұғалім сұраса, айтып та бере алады. Мұндай сұрақ ешқандай проблеманы қозғамайды, оқушыларды белгілі бір танымдық мақсатқа да бағыттамайды. Тек нақтылы материалды ғана сол қалпында айтып береді. Мұндай сұрауда еш проблема жоқ. Ал мұғалем осы оқиғаны еске ала отырып класқа Қарашоқы оқиғасының Абай характерін қалыптастыруды және романдағы оқиғаларды әрі қарай дамытуда қандай маңызы бар? деп сұрақ қойса оқушылар оған ойланбай жауап бере алмайды,олар оқиғаны тек еске түсіріп қана қоймайды, ойланады, шешімін іздейді толғанады, түйіндеу топшылау жасайды, осы оқиғаның романдағы өзге оқиғалармен байланысын қарастырады, сол ізденіс үстінде романды талдаудың мұнан былайғы бағдарын белгілейді.
Сұрақ арқылы проблемалы ситуация жасай отырып, олардың өзара байланысын үзбей талдау жасау проблемалы талдаудың сапалық жағын айқындайды.
Тұтас талдау әдісі- қазіргі методикада қолданылып жүрген өнімді әдістердің бірі. Мұнда талдау шығарманың сюжеттік желісіне орай құрылады, тарау-тарау бойынша, шығармадағы оқиғалардың өрбуі бойынша жүргізіледі.Талдау автор ізімен жүреді. Мұның тиімді жағы неде? Тиімді жағы шығармадағы кейіпкерлер тағдырына оқиға дамуы үстінде терендей барысың, оның бүкіл іс-әрекеті, қимыл-қозғалысы жан арпалысы өмірге қөзқарасы саралап көрінеді. Кемшілігі оқиға желісімен кеткендіктен жеке тарау, жеке оқиғаларды қуалап талдаған соң, шығарманың бүтіндігіне, тұтастығына нұқсан келтіру қаупі бар. Жалпы қай әдісті қолданған күндеде шығарманың эстетикалық біртұтас құрам екендігіестен шығармау керек. Сонда жоғарыда аталған әдістердің бар баршасы да біз дің көптеген мақсатымызға қызмет етеді.
Тақырыптық талдауды оқыту процесінде пайдалану-бұл да ұтымды әдістердің бірі. Бұрын біз батырлар жырындағы әйелдер образын оқулықтарда болсын, оқыту үстінде болсын жеке жеке алып талдап жүрдік. Мысалы Құртқа образы Қаракөзайым образы немесе Айман–Шолпан образы деп талдау жасадық. Ал қазір де 8-класқа арналған Қазақ әдебиеті оқулығында олар басқаша берілген. Мұнда біз тақырыптық талдау әдісін қолдандық. Бұрынғы оқулықтағыдай Құртқа образы Қаракөзайым образы демей Жырдағы әйелдер образы деп талдау жасады. Тақырыптық талдау әдісін програмалардағы қарай қолдана беруге болады.
Қайткен күнде де қазіргі методикадағы жоғарғы төрт талдау әдістерін ұтымды пайдалана білу кажет. Кейде мұғалім бұл әдістерді араластыра қолдануына да болады.
Біз бұл еңбегімізді шығарманың жанрына көркемдік ерекшеліктеріне орай талдау әдістерінің бәрін де кәдеге жаратуға тырыстық. Сол әдіс тәсілдерді қолданғанда көркем туындыны эстетикалық біртұтас образдар жүйесіне ретінде қарастырдық.
Көркем әдебиеттен білім алу тексті білуге соңы творчествалық көз жібере оқи білуге байланысты. Ең алдымен бала көркемдік шығарманы оқығанда ляззат алғаны жөн.
Демек шығарманы бір емес, бірнеше рет оқу керек. Сонда ғана тереңіне бойлайсын, шығарманың сыр сипатын танисың.
Әрине тек көркем тексті білу де жеткіліксіз. Өйткені оны талдай, тани білу үшін жоғарыда айттық, әдебиет теориясын білу керек. Онсыз көркемшығарманың идеялық –эстетикалық табиғатын тану мүмкін емес.
Белгілі дидакт академик Л В Занков Оқыту процес шәкірттердің білімді игеру мен дағдылануына бағыштап құрылуына тиіс емес, ол шыныңда шәкірттерді алға бастыру мақсаттарына орай құрылуға тиіс. Дамыту мақсатында мұғалім үнемі алдында қою керек. Қазіргі дидактиканың бұл негізгі талабы. Ұстаз әр сабақта баланың ойлау қабілетін дамытуға барынша зер салуы, соған орай әдіс-тәсілдерді таба білгені жөн. Әрине, бұл ұстаздың көп ізденуді талап етеді.
Әдебиетті дамыта оқыту алдымен програмалық материалды терең білуді қажет етеді. Өйткені программаға қазақ әдебиетінің ең таңдаулы шығармалары енген. Сол шығармалардың идеялық-эстетикалық мазмұнын тұтастығын тани білсе, соны ақыл парасатымен,сезімімен тұшына қабылдаса онда шәкірт өнер дүниесін өздігінен қабылдайды, ол жайында түсінігін айтады. Тегінде көркем әдебиет туындысының эмоциялық –эстетикалық табиғатын терендей үніле алады.
Әдебиеттен шәкіртті дамыта оқыту проблемалы ситуация жасай білуге байланысты. Әсіресе көркемөнер өзіндік ерекшелігіне эстетикалық сипатына үніле барарлық сұрау-тапсырмалар балаларды іздендіруге, ойландыруға өздігінен білім алуға жетектеу керек. Оның үстіне сұрау-тапсырмалар шәкірттерді творчествалық оқу шығарма тексін ой көзімен, жан-сезімімен қабылдай бастауы абзал.
Сұрақ-тапсырмалар жеңіл желпі болмай күрделі болуға тиіс. Шығарманың ішкі құрылымына үңілдірер болу керек. Жеңіл-желпі сұрақ-тапсырмалар балалардың ойына өріс бермейді, ойландырмайды, іздендірмейді. Мысалы, шығарманың көркемдік айшықтарына байланысты эпитет, теңеу, сюжет деген не деп сұрақ қойсақ, шәкіртке ол қиын соқпайды, тек еткізіп анықтамасын айтып бере салады да сол эпитет, теңеу, сюжеттің шығарма құрылымында идеялық-эстетикалық жүгін, кейіпкер характерін ашудағы қызметін айтып беруге меңзер, сол сияқты шығарманы бейнелі ойына сюжеттік-композициялық құрылымына ене кей іпкерге сипаттама беруге бағытталған сұрақ-тапсырмалар берсе, бұл шәкіртті ізденуге ойлануға ділгір етедіМұндай тапсырманы орындау үшін оған шығарма тексін, әдебиет теориясы мәселелерін эстетикалық талдау әдісін білу керек.
Мысалы, «Ертегілер тақырыбын өткенде шәкірттерге: «Ер төстік» пен «Аяз би» ертегілерін салыстыра оқып екеуінде қалай бейнеленген, әрқайсысының ерекшеліктері неде? Соларды бейнелеуде екі ертегіде сөз қолданыстар, өрнектер қандай? Сол арқылы қиял-ғажайып ертегілері мен шыншыл ертегілердің бір-бірімен айырмашылықтарын көрсетіндер» деген сияқты сұрақ-тапсырма берілсе, бұл, біріншіден, шәкірттерді тексті оқуға мәжбүр етеді, екіншіден оларды өздігінен жұмыс істеуге, ойлануға жетектейді, үшіншіден шығарманың идеялық ерекшелігіне терең көз жіберуге үйретеді.
Ал «Алпамыстың ерлік сипаттары жырдың қандай оқиғалары үстінде көрсетілген?», «Баянның Қозыға деген сүйіспеншілігі, адалдығы, абзал махаббаты жырдың қай жерлерінде берілген?»-деген сияқты сұрақ тапсырмалар шәкірттерді шығарманың сюжеттік –композициялық арқауына меңзейді. Сол сияқты «Алпамыс батыр» жырында Ұлтан құл дейді. Шыныңда ол құл ма? Қалай деп ойлайсындар? Жырдағы оның іс әрекетіне мінез-құлқына қарап өз пікірлерінді айтындар. Немесе «Қараман» қалай бейнеленген ? Оны батыр деп айта аламыз ба? Дей алмасақ неге? Дәлелдеп айтып беріндер»,- деген сияқты сұрақ-тапсырмалар шәкірттердің шығармаға сүйене отырып, өз пікірлерін айтып беруге көздейді.
Демек, мұғалім қазіргі дидактикалық талаптарды басшылыққа ала отырып, оқыту-талдау әдістерін творчестволықпен сабақ процесінде пайдалана білсе, шәкірттердің әдебиеттен білім өрісі арта бермек. Ендеше оқыту тағдыры мұғалім қолында.
Айта кету керек проблемалық оқыту принципі прогресшіл ұтымды жаңа әдіс-тәсілдер қазақ мектептерінің практикасында әлі кең қолданылмай келеді. Оның екі түрлі себебі бар, біріншіден, үлгі-өнеге жағы жетіспейді, оның үстіне сол бардың өзін де ғылыми тұрғыдан білгірлігін жинақтап, қорытып бере алмай келеміз, екіншіден мұғалімдерімізге көмек боларлық бұл жайында дидактика болсын, методика болсын зерттеу еңбектеріміз де шамалы. Әсіресе көркем әдебиеттің өзіндік табиғатына проблемалық оқытуды, ұтымды әдіс тәсілдерді нақты шығармаларды өткенде қалай қолдану керек, осы жайда еңбектер жеткіліксіз.
Біз мұғалімдеріміздің білімін, професионалдық шеберлігін арттырар мұндай еңбектерді беруді басты парызы деп білсек керек.
Белгілі ғалым М Каган өнердің төрт түрлі қызығын атап көрсетеді: 1. танымдық ( гнеосологиялық) 2. бағалаушылық (аксиологиялық) 3. жасампаздық 4.тіл жасаулық комуникативтік (семиотикалық) Мұны ол да табиғаты деп қарайды. Шыныңда да, көркем әдебиеттегі шығармаларының бойында осы қасиет, сапалардың баршасы бар. Оның білімділік, тәрбиелік мән-мазмұны да ерекшеліктерімен айқындалады.
Біз оқыту процесінде талдау процесінде өнердің, соның ішінде көркем әдебиеттің осы ерешеліктерінбарынша білсек қана, әдебиет сабағы өзінің мақсатына жетеді.
Көркем шығармаға жоспар жасау күрделі жүмыс. Шығармаға жоспар жасау 5-8 сынып аралығында жасалынады. Әдеби шығармаларға жоспар жасау үшін шығарманың жоспары екіге бөлінеді.:
Жай жоспар
Күрделі жоспар.
Жоспар жасаған кезде шығарманың логикалық ой желісі ойының жүйелігі тәртіп сақталуы керек. Кез келген шығармаға жоспар берулуге болмайды, оны мәнерлеп оқып түсіндіре керек. Балаларға шығарманы бастан аяқ талдату тақырып идеясын композициясын сюжетін ашыту керек. Кейбір шығармаға жоспар жасамай-ақ мәнерлеп оқытып туссіндіру. Шығармаға жоспар кұрған кезде қатып қалған ереже жоқ Жоспарды ойцдан құрастыруға болады.Жоспарды суранып тұрған сөйлем ішінен алуға болады. Поэтикалық айырмашылық болмайды. Мысалы Ы.Алтинсариннің Өзен деген өленіне жоспар құрастыру
1.өзен ағыс көрінісі
2.өзен табиғаты
3. өзен табиғаты
4. өзен елге пайдасы.[1]
Драматургия – қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың басында әлеуметтік‑қоғамдық факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретінде туған жар. Тұңғыш қазақ пьесалары фольклор шығармаларының негізінде жасалды. Мысалы: Ж.Шаниннің “Арқалық батыр”, “Қозы Көрпеш‑Баян сұлу” пьесалары драма жанрының ерекшеліктерін, поэтикалық қуатын меңгерудегі алғашқы тәжірибелер болды. Драма – оқиға, іс‑әрекетті диалог арқылы бейнелеу дегенді білдіреді. Драмалық шығармалар да эпикалық туындылар сияқты, сюжетке, яғни оқиғаға құрылады. Драмада да кейіпкерлер әрекет етеді, тартысқа түседі, уақыт пен кеңістікке араласып кетеді. Драмада шиеленіс көп. Оқиғасы жан‑жақты, бірқалыпты өрбитін эпикалық сюжеттен, драмалық сюжеттің айырмасы мұнда тартыс қозғалмалы, өткір болып келеді. Бұл жөнінде М.Әуезов: “Драматургиядағы конфликт мәселесі –пьесаның жанрлық белгісін көрсететін шешуші элементтерінің бірі. ... драматургияның негізгі компоненті. Драматургиялық шығарманы нықтап, проза, поэзиядан бөлектеп тұратын шартты белгі жалғыз осы конфликт”,‑деген еді. Драмалық шығармада автор өз кейіпкерінің әрекетіне араласпайды, драма қатысушылары сюжетті өздері ұйымдастырады. Автор болса сюжеттің динамикалылығын, бейнеленуін кеңейтеді. Драмалық характер үнемі жоғары эмоцияда, тартыста ашылады. Ол трагедиялық, комедиялық, драмалық сипатта беріледі.
Драмалық шығармаларды оқытқанда, оның өзіне тән ерекшелігі ескеріледі. Мұнда автордың баяндауы, суреттеулер, кейіпкерлер мінезі мен портреті берілмейді. Драмалық туындыда кейіпкер‑қатысушылар өздері сөйлейді. Пьеса оқиғасы басталмас бұрын, оған қатысушылар, олардың кім екендігі беріледі. Әрі қарай кейіпкерлер сөйлеу, өз ойларын айту, оқиғаға қатысу арқылы беріледі. Пьесадағы кейіпкерлердің көңіл‑күйі, қимыл‑қозғалысы автордың түсініктемесі (ремарка) арқылы беріледі. Қазақ драмасын қаһармандық, саяси‑әлеуметтік, тарихи‑ғұмырнамалық (Р.Нұрғали) деп бөлу оның табиғатының түрлілігінен хабар береді.
Драмалық шығармаларды өтерде мұғалім оқушыларға мынадай жұмыс түрлерін жүргіздіртуіне болады:
- мұғалім алдымен өзі оқып көрсетеді;
- оқушылар рөлдерге бөліп оқиды;
- пьесадағы негізгі тартысты анықтайды;
- басты кейіпкерлерге мінездеме береді;
- сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.
Пьесада көзге көрініп тұрған әрекет, оқиға болмағандықтан, оқушыларға алдымен қатысушыларды анықтап, олардың кімдер екендігін жете ұғынулары керек. Мәселен, белгілі драматург С.Жүнісовтің “Қызым, саған айтам...” пьесасының көтерген тақырыбы – адагершілік‑ізеттілік мәселесі. Мұндағы бір отбасының ойран болған тағдыры басқаларға сабақ боларлықтай көрсетіліп, адамдар арасындағы тұрмыстық‑отбасылық қарым‑қатынастың мәнін ашады. Пьесаға өзек болған басты әрекет барысында Мұрат пен Разияның отбасылық тірлігіндегі алуан түрлі оқиғалар мұндағы тартыс сипатын тереңдетіп отырады. Драматург образдарды даралауда өнімді тәсілдердің бірі – психологизмді қолданған. Жалпы, көркем туындыларда психологизм мәселесі екі жақты көрінеді: бірі ‑ ол алдымен жеке танымның құрылымы ретінде – адамгершілік, психологиялық және идеологиялық деңгейде көрінсе, екіншіден, тұлғаның ішкі әлемін ашу тәсілі ретінде көрінеді. Драма театр өнерімен байланысты. Қазақ драматургиясы осы жанрға тән сипаттарды бойына жинаған, өркендеу үстіндегі жанр. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің міндеті — оқушыларға теориялық, тарихи-әдеби білім беру, өнердің бір саласы ретінде драмалық шығармалардың ерекшелігін таныту, адам характерін сомдаудағы мүмкіндіктерін таныту және сол білімді өз бетімен ала алатындай әдістерді үйрету. Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің дұрыс жасалуы мен ұйымдастырылуы және драмалық шығармаларды оқытудың жемісті болуы оқыту мазмұнын анықтаумен, оқыту принциптерін жүйелеумен тығыз байланысты.. Мектеп бағдарламасында берілетін драмалық шығармалардың барлығына ортақ негізгі мәселелерді қатыстыра отырып, әрбір шығарманың өзінің көркемдік – сюжеттік құрылымына байланысты да әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді жүйелеуді міндет етіп отырған драматургияны оқыту әдістемесі қазіргі білім берудегі бастан кешіріліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді де молынан бойына сіңіруі тиіс. Сол арқылы ғана драмалық шығармаларды оқытудың сапасы жетіліп, оқушыларға білім беру мен биік идеялды тәрбие беру міндеті жүзеге асырылмақшы.[8]
Лирика – адамның ішкі сезім-күйін, эмоцияналдық жағдайын бейнелейді.Лириканы оқытудың өз заңдылығы бар. Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым-қатынасында. 5-8 сыныптар оқушыларының көбі поэзиядан гөрі қызықты, мазмұны бар прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды лирикалық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілірек болады. Лирикалық шығармаларда ақын өз ойын,сезімін, күйін тікелей кейіптеу арқылы жеткізсе, лириканың сол өзіндік қкасиеттерін түсіну үшін, баланың да ақынжанды жүрегі,нәзік сезімі, ұшқыр ойы болу керек. Ал ондай сергектік, нәзіктік кез келген адамада бола бере ма? Лирикалықшығармаларды құлақпен еме, жүрекпен, смезіммен қабылдау керек десек, ол шығармаларды бала қалай меңгерді, нені сезді, неге тебіренді, қандай көңіл-күйде болды, оны тексеру де мұғалімге оңай соқпайтын мәселелер. Сондықтан лириканы оқытудың күрделілігі осында. 5-8 сыныптарда сабақ басталмас бұрын , көңілді, сазды, назды музыка қойып қою, мүмкіндігі келсе, өтілгелі отырған лирикалық шығарманың әні болса, әнімен қойып қоюдың, күйлерді тыңдаудың оқушыларды сабаққа әзірлеуде маңызы зор. Лирикалық шығармаларды 5-8сыныптарда мына мәселелерге көңіл бөлу керек:
лирика туралы әдеби-теориялық бастапқы ұғым беру, оны, біріншіден, тереңдете беру, сабақтың алғашқы кіріспесінде лирикалық шығармалар, олардың өзіне тән белгілері, негізгі қасиеттері жайлы сөз ету. Мысалы, 5-сыныпта, алдында өздері өткен ертегі, өлең, мысал, әңгімелерімен салыстыра отырып, лириканың өзіндік ерекшеліктерін тұжырымдап, қарапайым, ұғынықты, қысқа ғана түсінік беру.
өлеңді үйде алдын ала оқып, танысуға беру,
мұғалім өлеңнің поэтикалық көркем тіліне, құрылымына міндетті түрде назар аударуы, талдамас бұрын оқушылармен жұмыс жүргізу қажет.олардан өздеріне ұнаған шумақтар, әдемі, сұлу, бейнелі сөздер, ұтымды, шебер шыққан сөз тіркестерін сұрап білудің маңызы зор.
Себебі , лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушыларды поэзияны сүюге, оның кестелі тілін сезіне білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз алдына, өз бетімен әдеби мәтінді талдауға дағдыландырады.
өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға ерекше көңіл бөлу,
өлеңдегі ақынның көңіл-күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне назар аудару;
тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін тиімді пайдалану. тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу, балаларға ұрыспау қабілеттерін шабыттарын ояту. Белсенділіктерін арттыру.
әр түрлі сабақ үлгілерін іздену. (мысалы: концертсабақ, пәнаралық байланыста өтетін сабақтар)
Лирикалық шығармаларды өтуде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу қажет. Сабаұта қабілеттеріне қарай сурет салдыру, өлең жаздырту, шағын шығарма жаздырудың маңызы зор. Мысалы Абайдың «Күз» өлеңі. Өлеңді мәнерлеп оқыту, қосымша сұрақтар қою. Мағынасы түсініксіз сөздердің мазмұнын ашу, Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу тәрбиелік міндеттеріне сай берілетіндігі. Лирикадағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиғи бояуымен, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз етуі. Оқушы қызығушылығының лирикалық шығарманың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі көркемдік бояуларды , эмоциялық реңтерді қабылдау қабілетін дамытуға бағытталатындығы. Лириканы оқытудағы басты мәселе мазмұн мен форма бірлігін сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну, шығармадағы шынайы адамдық сезім биігін ұғу.[6] Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшіліктері - олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылған сайын, оқушылардың жас ерекшіліктеріне байланысты күрделене түсуі керек. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады: Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы. Автор - көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы.. Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жетік меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан, әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Ең бастысы, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, талдаудың қай түрі тиімді, қандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ, міне, осы мәселелерге мұғалім ерекше назар аударады. Оқушылар роман, повестерді оқи отырып, автормен «кезігеді», онымен іштей сырласады, олар авторды да, оның туындыларын да өз пікірі, эмоциясы, дүниетанымы арқылы қабылдайды, ал мұғалім мақсаты-сол алғашқы, өзіндік қабылдауларды ғылыми негізге бағыттау, дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн (мазмұн мен форма бірлігін сақтай). Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшіліктерімен даралана талданады (сыныбыны, жасына қарай). Мысалы6 бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9-сыныптарда ол тереңдетей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негіде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.[6]
Мысал тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрлалдан , мысалы ертегіден ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс өсім дік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі.
Мысал жанры сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде элементтері кездесіп отырған. Ақын жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен Абай, Ыбырай, Дулат, А. Байтұрсынов, С. Дөнентаев, С.Көбеев секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көніл бөлген. Зерттеуші Мұхтар Әуезов « Тегінде қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлен сөз, қара сөздігі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. Абай Алтынсариннің еңбегін жақсы білген де, зор бағалаған», дейді.Зерттеуші Абайдың Крылов мысалдарынан оның заманындағы әлеуметтік, саясаттық ерекшеліктерінен туған әжуа сатира жақтарын көп алмай, оның орнына өз оқушысына онай, ұғымды боларлық мысалдарды алғаның айтады. Мәселен, « Есек пен бұлбұл » мысалына Крылов бір ауыз сөзбен ғибрат айтса, оны Абай төрт жол өленмен береді.
Мысалдың басты мақсаты- адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Мәселен, ақын сатирик Асқар Тасмағамбетовтың «Бидай мен қанбақ» мысалын алып көрейік. Мысалдың мәні- адам бойындағы міншіл, күншіл қасиеттерді болдырмау, еңбекке жақын болып, қоғамға пайдалы болуды насихаттау. Осы ретте , мысал кейіпкерлері бидай мен қанбақтың диологы беріліп, екеуінің өздерінің қасиеттерін санамалап, кімнің мағыеалы өмір кешіп жатқаны сарапқа салынады. Қанбақ:
Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай тұрысын?
Жүрмейсің, көрмейсің, кезбейсің,
Не бар, не жоқты да сезбейсің
Көктемде шығып,
Күз болса бұғып,
Бастарын салбырап,
Тұрғандарын маужырап,-
деген күншіл қанбақ бидайды сөгіп, өзінің таяз ойының таразысына салады. Өзін асқақ ұстап, жөнсіз әрекет тірлігің дәріптейді.
Мен болсам міне,
Күн мен түні,
Ұшарымды жел біліп,
Қонарымды сай біліп,
Сайран салып жүргенім,
Қызық өмір сүргенім.
Қаңбақтың бұл есірген мінезіне шыдамаған бидай оны ащы тұйрей жөнеледі
Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай жүрісің?
Белгілі тұрағын жоқ,
Бас түгіл құлағын жоқ,
Қаңғырған қаңбақсың,
Кімге пана болмақсың?
Бидай өздерінің дән мен әнге, бақ пен данққа, ерлік пен жеңіске, толы мағыналы өмірін қарсы уәж етеді. Қаңбақ пен бидай дауысының дұрыстығын саралауды ақын өздеріне салмақтауды тапсырады. Осы мысалды мәтінді талдауда жиі қолданылатын рөлге бөліп оқыту арқылы, мұғкалім оқушылардың адамның мінез құлқы, кәсібі, іскерлігі туралы пікірлерін ашық айтуға бейімдейді. Ол үшін мынандай сұрақтар қоюға болады:
Бидай мен қаңбақтың таласынан не түсіндіңдер?
Қаңбақ секілді өмір сүруге дағды еткен адам кездесе ме?
Сәнді абыройлы өмір суру дегенді қалай түсінесің?
Өмірдің мағынасы неде?
Осы сұрақтарға жауап алғанан кеін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер келтіріп мәнің ашқызуға болады. Мысалы: «Кәсіп, кәсіп түбі- нәсіп « Ердің атын еңбек шығарады» «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» «Еңбегі ештің – күні кеш «Ауырдың астымен жеңілдің үстімен» «Арсызға алты күн мейрам» Осыдан соң, мысалда кездесетін астарлы ой, ишарат мағынаның ерекшелігін ашып, мәтіннен дәлел келтіреді.
Мысал жанрымен таныстырғанда ертегімен салыстыруға болады.Негізінен екі жанрда да жан-жануарлар, табиғат құбылыстары мол қатысады. Екеуінің де танымдық мәні жоғары. Әсіресе, хайуанаттар жайлы ертегілердің мысалмен үндестігі мол. Тек ертегілерде бірығай хайуанаттар қатыса бермейді. Кейде адам мен жануарлар аралас келеді. Екіншеден мысал көбіне өленң түрінде келетін ықшам жанр. Ал, ертегі негізінен қара сөз, баяндау түрінде келеді. Екі жанрдың аяқталысы да үндес. Ертегі үнемі жақсылықпен, халық қалаған қаһарманның барша мұратына жетуімен аяқталса, мысал да негізінен өмірдегі жақсылықты насихаттаумен ишаралаумен бітеді. [6.]
Қорытынды.
«Мектепте оқытылатые қандай пән болмасын өзіше манызды дегениен әдебиет пәні барлық пәннің анасындай болып қызмет атқарады дейді» Қ. Бітіваева. Яғни әдебиетті оқытқан кезде оқушыны адамгершілікке мейрімділіккі отансүйгіштікке баулу болып табылады. Оқушы көркем шығарманы жан қалауымен қабылдау керек. Оқушыға осы сезімді ояту мұғалімнің қолында яғни білім бере отыра әдебиетті оқушыға бітім болмысымен түсіне білдіру керек.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелерді қорыта келгенде оқушыны әдебиет әлеміне әкеле қоймай көркем шығарманы оқи отыра тәрбиелеу, табиғатты аялауға үйрету, адамгершілік қасиетін сақтату.
Жаңа инновациялық технологияларды оқытқан кезде оқушының ойын дамыта отырып,
оқушылардың дербес ізденісіне, білімді өз бетімен алуына пәрменді ықпалы;
оқушылардың шығармашылық ойлауын жетілдіруі;.
олардың қабілеті, дарынын, шығармашылық бейімін дамытуға түрткі жасау;
шығармашылық тұлға қалыптастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан-жақты дамытуы;
оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзіндік «Мен» ділін (менталитетін) жетілдіруге жағдай жасауы;
ғылыми ізденіске, ғылыми еңбекке баулуы.
Қорыта келгенде қазір 21-ғасыр болғандықтан оқушының ой өрісі дамыған олардың ойын ары қарай дамыту үшін жаңа инновациялық технологияларды қолдану керек. Сонда ғана әдебиетті оқушы өз қалауымен оқи алады. Сондықтан алған білімін шектелмей үнемі ізденіс үстінде болып, үздіксіз даму жолдарын қарастыру бүгінгі маманға қойылып отырған ең негізгі және өзекті талаптардың бірі болып табылады Сонда ғана мұғалім өз мақсатына жете алады
Әдебиеттер тізімі
1.Т. Ақшолақовтың Көркем шығармаға талдау жасау Алматы Мектеп 1983,
2.Т. Құрманбаев С.Дүйсенов Әдебиет сабақтарының үлгілері Алматы Білім 1999,
3.Қ. О Бітібаева Қазақ әдебиетін терендетіп оқытудықң инновациялық әдістемесі Дәуір баспасы 2012,
4.Әдебиетті оқыту әдістемесі Алматы атамұра 2005
5.Әдебиет сабағында оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу Алматы Мектеп 1980,
6.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Қ. М Байтанасова С. Ш Айтуғанова Фалиант Астана 2000
7. Г.О.Тәжіғұлова., М.С. Мәлібекова. Ақпараттық технологиялар теориясы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2002.- 183 б.
8. Е. Балапанова. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы:Шартарап, 2000.- 236 б.
9. А. Ысқақов. Әдеби тіліміздің стильдерінің дамуы жайында. Қазақстан мектебі. 1967, 2.
10. М.М.Жанпейсова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002. 180-б.
11. . Н. Көшекбаев. Оқыту теориясы.1976.
12.А. Жапбаров. Оқушылардың тілін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.5-10 сыныптар.1 кітап
13. Қ. Сарбасова. Инновациялық педагогикалық технологиялар. Алматы, 2006.
14. Домбыра Сәкен Сейфулин Мектеп баспасы 2005ж
15. Қ Бітіваева Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі
16.Дейді екендер дейді. А Тақмағамбетов Ана тілі ЖШС 2005 ж
17.Сырбай Мәуленов 1 том Алматы баспасы 2013ж
18.Т Жароков Таңдамалы 1 том Ана тілі баспасы 2008ж
19. Ә. Тәжібаев Аралдар Раритет 2005ж
20. С. Сейфулин Өлендер мен дастандар Алматы жазушы 2002ж
21 Қазақ тілі мен әдебиеті Республикалық ғылыми әдістемелік басылым 8/2016
22 Қазақ тілі мен әдебиеті Республикалық ғылыми әдістемелік басылым 7/2016
23Қазақ тілі мен әдебиеті Республикалық ғылыми әдістемелік басылым 6/2016
