Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом Салтанат — копия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.25 Кб
Скачать

1.Әдебиет сабағының қолдану ерекшеліктері

1.1Шәкіртті әдебиет әлеміне әкелу

Көркем шығарма — жаратылысты қайта жаңғыртушы. Оның щын болмысы — екінші жаратылыс. Әдебиет пәні мүғалімінің осы екі жаратылысты жіті пайымдап, жігі мен шегін, даралык, бөлек бітімін, қос әрі егіз дүниенің өзара сабақтастығын, сол сабақтастықтың, үндестіктің күштілігінен біртұтас иллюзиялықтың пайда болуын оқушыларға да аңғарта білуі шарт.

Мұғалімнің шеберлігі автордың даналығын жаңғыртуда емес, сол даналық әлеміне апаратын жолдың кілтін шәкірттің табуын қамтамасыз етуде, ақынның ішкі дүниесінің есігін өз кілтімен ашқан оқушыны одан әрі бағыттап, құпия сырлар қүдіретіне қанықтыруында.

Практикалық тұрғыдан айтқанда, оқушы сабақта көркем шығарманы адамгершілік-эстетикалық қабылдау заңдылығын игерсе, сабақтан тыс өз бетінше немесе ұстаз-көмегімен ақын-жазушының даналық, дүниетаным- дық, көркемдік, тілдік әлемінен одан әрі қасиеттеніп, нұрланып, рухани дами түседі.

Сөйтіп, бұл ұсынылып отырған жинақтың сабақ үлгілері мен сабақтан тыс жұмыстың бір түрі — драмалык, үйірме материалдары біртұтас дүние болып табылады.

Жинаққа енген сабақ үлгілері негізінен мынадай мәселелерге оқытушылар мен өзге де оқырман қауымның назарын аударады:

Сабақты мотивизациялаудағы махаббаттандырудағы, мейірлендіруге ұстаздың өз басының жанды өнегесі.

Баланың бойынан байқалып қалған адамшылық-эстетикалық қасиеттер, шығармашылдык, нышандар, көңіл күйі сәттерін тап басып, мүмкіндігінше оны одан әрі дамыту, сол кілттен айырылып қалмау.

Көркем шығарма ол да жанды жаратылыс сияқты: оның даусын, үнін естіп, нақты көрнекілігі мен пішін әрекет қимылдарын көріп, сыртқы бедерін сипағандай сезініп, дәмін татып, бүкіл сезім бірлігімен бір мезгілде біртұтас қабылдап тану керек, сонда ғана оқушы оны өмір-дүниенің айнасы, жаңғыртылуы, суреті деп емес, автор көзқарасынан туған өз алдына дербес жаратылыс деп түсінбек.

Ал осы айтылған екінші жаратылысты өз болмысында ұғыну үшін, оқушыны көркем шығармашылдық күйге түсіру керек.

Сабақтағы ой-қиялдан туатын шығармашылык, жұмыстардың сабақтан тыс шығармашылыққа ұласып отыруын жүйеге айналдыру.

Әдебиеттен сабақ беретін муғалім өзінің пәнін өнер деп тусініп, сабақ пен сабақтан тыс жұмысты жүйелі түрде жүргізсе, оқушының әдебиеттен алатын білімі тиянақты әрі әсерлі болып, окушы жадында ұзақ сақталады.

Әдебиет пәнінің мұғалімі сыңыптан тыс жұмыстарды ұйымдастырмастан бұрын оқушылармен әңгіме өгкізіп, әдебиетке, сөз өнеріне қызығатын ынталы, өнерлі оқушылардың сыныптан тыс (үйірме, клуб, оқырмандар конференциясы) жумыстарға қатысып, өздерінің білімдерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, шешендік өнерін меңгере алатынын хабарлайды. Ол үшін арнайы бір күні қабылдау сайысын өткізеді. Алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушылар қарасөз оқиды, өздері дайындаған сахналық көріністен бір үзінді көрсетеді. Осылай өнерімен іріктелген оқушылармен мұғалім ақылдаса отырып, сыныптан тыс жұмыстың жылдық жоспарын жасап, шарттарын түсіңдіреді.

Сыныптан тыс жұмысты драмалык, үйірме, әдебиет үйірмесі (мәнерлеп оқу үйірмесі, т.б.), кітапханамен жүмыс, әдеби саяхат (мұражайларға, автордың туып- өскен, оқыған, т.б. жерлерге саяхат), әдеби газет-журнал шығару, жас ақындар клубы, Дарын клубы, т.б. түрде ұйымдастыруға болады. Сыныптан тыс жүмысқа оқушының өз ынтасы, белсенділігі қажет. Оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы, нәтижеге жетіп отыруы басқа оқушыларға да әсер етіп, үйірме жүмысына қатысуға олар да ынталы болады. Үйірмеде осыншама мүше болады- деп, кесіп-пішудің қажеті жоқ, себебі үйірмеге қатысатын оқушының көп-аз болуы әрбір сыныптан тыс жүмыстың ерекшелігіие байланысты болмақ.

Сыныптан тыс жұмыстың барлық міндетін мұғалімнің өзі алуы дұрыс емес. Өйткені ондай жұмыс ұзақ өмір сүрмейді, мұғалімнің жалғыз өзінің уақыты да, күш-қуаты да жетпейді. Ол үшін мұғалім үйірме мүшелерінің ішінен өзіне көмекші, яғни үйірменің төрағасын сайлау керек, содан кейін оқушылардың қабілеттеріне қарай шығармашылық топ құрып, жүмыстың барлық ұйымдастыру, талқылайтын материалдарды жинастыру, пікір жазу, т.б. жұмыстарды соларға жүктеген дұрыс. Жұмыс барысында мұғалім оқушының шығармашылық еркіндігіне, ойын іркілмей айта білуге, өзіндік көзкарас, пікірінің болуына, оны дәлелдей алуына мүмкіндік туғызып, соған жетелеп отыруы керек. Сыныптан тыс жұмыстың ішкі мазмұндық мақсатының өзі де осы.

Оқушылар ынтыға жазылатын үйірмелерінің бірі — драма үйірмесі Оның қызығы да, қиындығы да бар. Қызығы- оқушылар әртістік өнерлерін көрсетіп, аса шеберлікпен ойнауға тырысады, қиындығы — оқушылар үшін бүгінгі өмір талабына сай драмалық шығармалар іздеуде, оны интерпретациялап лайықтауда. Мұғалім өзі де, оқушылар да сценарий, инсценировкаларды толық оқып шығып, оның тақырыбын, идеялық мазмұнын, образдарын талдап, әрбір кейіпкердің іс-әрекетімен танысады. Өзара ақылдаса отырып, пьесадағы рөддер үйірме мүшелеріне бөлініп беріледі. Бұдан кейін рөлдегі оқушы өз кейіпкерінің өмірімен тіршілік етеді, кейіпкердің жан күйзелісін де, қуанышын да өн бойыңан өткізіп, шығармадан эстетикалык, ләззат алады. Оқушы өз кейіпкерін қалай таныды, ол туралы өзінің көзқарасы қандай? т.б. жайында мұғалім оқушымен әңгімелесіп, пікірлеседі.

Бірде жоғары сыныппен М.Мақатаевтың „Дариға жүрек” поэмасының желісінде сахналық қойылым әзірледік. Сонда Дариғаның рөліндегі Ш. деген оқушымен қызу таласқа түскеніміз бар. Жары соыссқа кетіп, оралмаған Дариғаның аяғы ауыр. Ел-жұрттың гулеткең өсегі, Дариғаны балағатгаған ауыр сөздер. Дариға ән салады, бірақ ешкім тыңдамайды. Қымыз әкелі ен тентек қайнысына:

Ж е ң г е: Қымызың бүгін тәтті екен, кұйшы тентегім,

Айызым канып, ішейін бүгін мен тегін.

Бала: Жеңгемде көзім, күдіктің бұлтын серпемін, Белгісіз маған, көңілім бір күй шертеді.

Ж е ң г е: Тентек, сен отыр, атыңды тұса, аттанба,

Тас жуа теріп келейін ана шатқалдан.

Бала: Демалсаң етті, несіне сонша желіктің,

Ж е ң г е: Тентегім менің... түсінесің бе... жерікпін.

Бала (жеңгесі кеткен соң): Түсіне алмағам,

Жерікті қашан көріппін,

Біздің Ш-мен келіспеуіміз осы жерден басталды.

Бала жүрегі әлденені сезгендей сабырсыздана бастады. Орнынан тұрып, жеңгесі кеткен шатқалға бет алды. Жүгіргісі келеді, бірақ алға басқан аяғы кері кетеді. Бір кезде жеңгесін көреді.

Жоқ, апай, бала сабырсызданып отырғанда, оның қүлағына Дариғаның катты күлгені келеді, Дариғаның күлгені үдей түседі, тау да, тас та жаңғырып күліп жатады.

Бала шыңның басынан: „Қош бол, тентек”, — деп, күліп тұрған жеңгесін көреді. Бір кезде ақ орамалы қалқып ұшып бара жатады,.,

Ш.: Апай, тағдырдың қаталдығьна, сұм соғыстың зардабына Дариғаның жылап, шыдамай өлгені көрермен үшін ешқандай да әсерсіз болар еді, Дариғаның күлгені жылағанынан әлдеқайда әсерлі.

Шынымен солай болды. Дариға рөлін ойнаған Ш, сұм тағдырға, қатыгез адамдарға сақ-сақ күлді де, қүз шыңынаң ұшып жүре берді.

Бала а қ ы н: Дариға жүрек....

ұшты да кетті аулаққа...

Біздер оның табысына шын қуандық...

Драма үйірмесі — үлкен достықтың, бірін-бірі түсінісетін, бірінің қуанышы бәріне ортак, болатын топтық үйым. Үйірмеге 5-11 –сыныптар оқушылары қатысады, кейде бастауыш сыныптан да оқушылар қатыса алады. Үйірме арқылы балалардың бір-біріне бауырмалдык, сезімі, камқорлығы, адамгершілік карым-қатынастары ерекше қалыптасады. Балалар бір-бірінің қуанышына, жеңісіне шаттанып, жеңілістеріне де бірге қиналып үйренеді. Бүтін дүние шығару үшін, бәрінің жауапты екенін сезінеді. Сол үшін аянбай еңбек етеді. Бір рет тапсырманы оқуға ерінетін бала енді ұзақ-үзак, шығарманы қайта-қайта оқып жаттайды.

Ал сахна құдіреті ерекше. Оның қасиеті адам жаның сиқырға бөлеп тәрбиелейді. Олай дейтініміз, бір қойылымды әзірлеп сахнаға шығарған соң, сонда ойнаған бала актерлер рухани жағынан білім тәрбие көш ілгері кетеді. Әр сынып оқушыларының арасында достық, сыйластық, қарым –қатынас орнайды. Үлкенге –қүрмет, кішіге-ізет тәрбиесінің негізі осында қалыптасады. Үлкендері кішкентайларын еркелетіп, аяп, қамқорлық жасағаның көргенде жүрегініз елжірейді. [2.]