- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі а.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
- •4 Курс студенті
- •5В020500- Филология
- •1.Әдебиет сабағының қолдану ерекшеліктері
- •1.1Шәкіртті әдебиет әлеміне әкелу
- •1.2 Әдебиет сабағының тәрбиелік мәні
- •1.3 Ақын-жазушылардың табғатқа арнап жазған туындылары
- •2. Қазақ әдебиетін оқытудың педагогикалық технологиясы
- •2.1 Оқыту технологиясы
- •2.2Жаңа инновациялық технология
- •2.3Көркем шығарманы оқыту
1.2 Әдебиет сабағының тәрбиелік мәні
Әдебиет оқу сабақтарында окушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары алуан түрлі. Соның бірі - шығармалардағы кейіпкерлердің жағымды касиеттерін жан-жақты талдау.
Көркем шығармалардағы өнегелі адамдардың өмірі мен қызметі, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері бала қиялын қозғап, еліктіреді, коммунистік мінез-құлықтарын қалыптастыруға көмектеседі.
VI класта С. Мұқановтың «Алтын аймақ» әңгімесін өткенде, жоғарыда сөз етіп отырған талаптарымыз Алтынсары образына сай қарастырылады.
Алтынсары - тұлғалы, еңбек сүйгіш, бала жастан жаны қалайтын ісіне шын берілген, қанау, зорлық дүниесіне карсы еңбек адамы. Ол - ешбір озбырлық, қиянатқа бармайтын, басқаның озбырлығы мен сұғанақтығына көнбейтін, оған жол бермейтін, өзінің жеке басының мүддесінен қоғам мүддесін жоғары санайтын абзал жан. Алтынсары өзіне теңдік әперген, жер, мал берген, әл-ауқатын көтеруге көмектескен жас совет өкіметін шын сүйе біледі. Сондықтан да ол патша өкіметінен жасырған алтының совет өкіметіне береді.
Жансүгіровтің «Баласынан анасына хат» өлеңінде анаға деген ыстық сағыныш сезімі, оның үмітін ақтау жолындағы ынтасы айтылады. Бұларды талдау арқылы оқушылардың анаға деген махаббаты күшейе түседі. Бұл - ананы сүюге баулудың бір жолы. Ал ананы сүйе білу -эстетикалық тәрбиенің ең өзекті нәрі.
Эстетикалық тәрбие беруде шығарманың мазмұның көркем тілмен қызықты ете баяндап берудің де мәні аса зор. Көркем етіп мазмұндауда бұрынғы мен бүгінгіні салыстырарлықтай сурет-эпизодтарды пайдаланып, тақырыпқа байланысты суреттерді газет-журналдар мен кітаптардан жинақтап, монтаж жасауға, оны класта көрнекті жерге іліп қоюға болады. Мәселен, біз VI класта Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» лирикасын төмендегіше талдап, түсіндірдік.
Бай, кедей сөздерінің лирикадағы антитезалық мәні.
Ұлы Октябрь революциясынан бұрынғы кедей аулының көрінісін бейнелейтін картина бойынша қысқа әңгіме.
Кедейдің аянышты тұрмысын өлең үзіндісі бойынша пайымдау.
Шығармадағы пейзаждың кедейлер тұрмысымен байланыстырыла берілетіні.
Бұл жоспар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай темендегіше түсіндіріледі.
Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» лирикасында бір-біріне карама-қарсы алынған «бай, кедей» сөздері жеке адамдарды ғана емес, сол кездегі казак, аулы ішінде болған әлеуметтік топтарды да бейнелейді.
Лириканың мазмұнына лайықтала салынған ескі ауыл бейнесі суретте былайша бейнеленеді, ауыл шетіндегі жел өтпейтін қалың киізді абажадай қоңыр үй басқасынан сәл оқшау тұр; одан кейін бір-біріне сығылыса тізілген алым-жұлым қырық шоқпыт, «мың торғай камаса, бір торғай тұрмайтын» 7-8 қара-құрым үйлер. Шұрқ-шұрқ тесіктен соққан суық жел іштен кеулеп, қара-құрымды желп-желп еткізеді; бұл үйлердің етек жағынан жел соғып, маза бсрмеген соң, керегенің азаттығына дейін іргелете шым ойып, топырақпен көміп қойған: жел мен тамшыдан қорғану үшін, дөдегеліктен бастап шаңыракқа дейін малдың тулағын жауып қалқалаған жел ұшырып әкетпеу үшін, оны қырық үзік жіппен құрмалап қойған.
Мал сүйкеніп жұлып кеткен қазан жақ босағаның ескі тоқымның көлеміндей үлкен тесігінен үйдің іші түгел көрініп тұр. Басына суықтан қорына қаптың бұрышын келтіре киген жалшы әйелі жел гулеген тесікке ес- кі күпінің өңірін жапсырмақшы болып, шуда жіппен бүрмелеп жатыр. Кұс-кұс, жарық-жарық тоңған қолы икемге келмейді.
Босаға жақтағы жыртық шекпен күпі жамылған кемпір қаудырлап қатып қалған қой терісіне іркіт жарып, илеп отыр.
Үйлердің ық жақ сыртында өн бойын кұс басқан, етектері қаусырынуға келмейтін, делдиген қаудырлақ тон киген 5—6 бала өздерінше күбірлеседі. Шеттегі үлкен абажадай бай үйінен бұрқырап шыққан жас ет иісі мен маздай жанған отқа жақындауға батылдары жетпей армандай қарап телміреді.
Байдың отын жағып, асын істеп жүрген жалшы әйелдің баласы жан-жағына жалтақтай қарап, жасқаншақтанып, бірер басып бай үйіне жақындай түседі. Оның соңындағы 4-5 жолдастары да сыртқа тастайтын сүйек-саяқ, жіліншік болса, бұрын бас салуға әзір. Олар от лебі мен ас буына кұмарлана босағадан сығалайды.
Балалар дыбысын үйден сезген бәйбішенің ымдауымен сыртқа шікірейе киініп шыққан 12-13 жас шамасындағы бай баласы жалаң аяқ жалшы балаларын балағаттап, таяқ жіберіп, құрым үйлеріне карай қуып жібереді.
Оқушылар революциядан бұрынғы кедейлердің ауыр тұрмысы мен аянышты халін сурет аркылы көз алдарына елестетеді. Ал бүгінгі советтік өмір шындығы сабақ соңында, немесе келесіде дәйекті мысалдар аркылы өткен заманмен салыстырылады.
Осыдан кейін өлеңнің тексі оқылады. Ондағы жеке сөздерге түсінік беріледі. Әсіресе, мәнерлеп, сазына келтіре оқу жағына көп көңіл бөлінеді. Өлеңнің мазмұнын енді окушылардың өздері айтатын болады. Бұл ретте ілулі тұрған жаңағы сурет көп көмек көрсетеді.
Ең соңында лирикада кедейдің ауыр тұрмысы күз айларының қара дауылымен, табиғаттың катал көрініс терімен сыбайлас берілгені сөз болады. «Мұнсыз автор кедей үйінің хал-жайын толық көрсете алмаған болар еді»—деген корытынды жасалады. Сондай-ақ табиғат көрінісінің сюжеттік мәнде көрінуі Абайдың «Күз», «Қыс», С. Торайғыровтың «Кедей поэмасында, С. Мұқановтың «Колхозды ауыл осындай», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» повесінің үзінділерінде кездеседі. Осы мысалдар негізінде шығармаларда табиғат көрінісінің берілуі әлдеқалай емес, автордың айтайын дегеи ойымен, кейіпкерлердің іс-әрекетімен, шығарманың идеялық мазмұнымен тікелей байланысты болатындығына оқушылардың назарын аудару қажет.
IV—VII кластардың оқулықтарына программа бойынша әні бар, көлемі шағын лирикалық өлеңдер де енгізілген. Мысалы: С. Сейфуллиннің «Жас қазақ мар- еельезасы», Ә. Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда», Ж. Саиннің «Лагерь жыры», Ж. Жабаевтың «Алатау», Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» т. б. өлеңдері. Міне, осыларды өткенде, ән сазының текст мазмұнына сай екені түсіндіріледі. Және бұл әндерді оқушылардың біліп алуын қарастырған жөн. Өйткені, әнді білу текстің мазмұнын терең ашуға, сол сиякты оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға үлкен әсер етеді.
М. Әуезовтің «Абай» романынан алынған «Татьянаның сахарадағы әні» тақырыбына программа бойынша төрт сағат берілген. Бұл үзіндіге үш сағат бойында жалпы мазмұны өтіледі де, соңғы төртінші сағатта Татьяна әнінің туу себебі, ақын шабыты, идеялык-көркемдік мазмұны өтіледі. Сабақ төмендегіше түсіндіріледі:
Бұл - Абайдың елдегі аткамінер, болыс, би, әкімдерден бүтіндей қол үзіп, акындық жолға берілген уакыты.
Ағаш үйдің терезесінен кар басқан Ақшокы адырынан көз алмай, онымен сырласқандай болады. Ақшокы адыры да ашық жылы жаз шуағын көрсеткендей.
«Татьянаның әнін» оқушыларға түсімдіре келіп, әннің ерекшелігін көрсететін мына жолдар оқылып беріледі.
«Аздан соң бүл әннің өзгеше бір қоңыр мүңы бар, шер толқынын шығарған салмақты, терең ән екендігі байқалды. Осымен қатар жүртты үйыта бастаған өлеңі мен әні... Таң-тамаша қалдырған ғажап сөз және сон- іиалық нәзік бүралып, ырғалған таза сезіммен сондайлық бір ыстық жүрек тіл қатып, үн салғандай. Қөзінің жасын іркіп түрып айтқан, көз алдында дірілдеп, тыныс алып түрған шыншыл көңіл».
Әдебиет сабағында эстетикалық тәрбие берудің бір жолы -қанатты, өткір сөздерді орынды пайдалануға үйрету. Бұл жұмыс IV кластан басталады. V-VII кластарда одан әрі дамытылады.
Енді пікіріміз дәлелді болу үшін өзіміз сабақ берген оқушылардың «Көркем шешендік сөздігінен» мысалдар келтірейік.
Бұл сияқты «Көркем, шешендік сөздік» жасатқанда оқушылардың тек оқулықпен шектеліп, тар көлемде қалмауын мұғалімнің әр кез қадағалағаны жөн. Өздігіиен оқыған әңгіме, роман, повесть, өлең, поэмаларынан жоғарыдағы сияқты көркем, шешендік цитата, нақыл сөздермен толықтырып отыруға тиіс.
Әдеби шығармаларды оқушылардың өздігінен оқуын, ізденімпаздығын дамыту мақсатында әдеби викториналар ұйымдастыру да тиімді. Таңдаулыларын оқушылар алдында мадақтап отырған да дұрыс.
Қорыта айтқанда, әдебиет оқу сабақтары біртұтас педагогикалық процесс. Бұл процесті құратын ірілі-кішілі элементтер көп. Оларды сабақта шеберлікпен колдана білу мұғалімнің біліміне, әдіс қойлығына байланысты.[4.]
