- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі а.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
- •4 Курс студенті
- •5В020500- Филология
- •1.Әдебиет сабағының қолдану ерекшеліктері
- •1.1Шәкіртті әдебиет әлеміне әкелу
- •1.2 Әдебиет сабағының тәрбиелік мәні
- •1.3 Ақын-жазушылардың табғатқа арнап жазған туындылары
- •2. Қазақ әдебиетін оқытудың педагогикалық технологиясы
- •2.1 Оқыту технологиясы
- •2.2Жаңа инновациялық технология
- •2.3Көркем шығарманы оқыту
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі а.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
« Қорғауға жеберілсің»
Тіл және әдебиет теориясы
кафедрасының менгерушісі
Ахметова
Б.З.
2017
ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Қазақ әдебиетін оқыту бойынша педагогикалық технологиялардың қолданылу ерекшеліктері»
5В020500- Филология мамандығы бойынша
Орындаған: Тасбулатова С. Қ.,
күндізгі оқу нысанының
4 Курс студенті
Ғылыми жетекші: Оразбаева А. С., филология
ғылымдарының кандидаты
аға оқытушы
Қостанай, 2017
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тасбулатова С. Қ
Қазақ әдебиетін оқыту бойынша педагогикалық технологиялардың қолданылу ерекшеліктер
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В020500- Филология
Қостанай, 2017
Мазмұны.
Кіріспе..................................................................................................................3
1.Әдебиетті оқыту бойынша педагогикалық ерешеліктері
1.1 Шәкіртті әдебиет әлеміне әкелу...............................................................5
1.2 Әдебиет сабағының тәрбиелік мәні.........................................................8
1.3Ақын- жазушылардың табиғатқа арнап жазған туындылары...............12
2. Қазақ әдебиетін оқытудың педагогикалық технологиясы
2.1 Оқыту технологиясы................................................................................ 19
2.2 Жаңа инновациялық технология...............................................................38
2.3 Көркем шығарманы оқыту...................................................................... 45
Қорытынды............................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................59
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мектепте өтілетін көптеген пәндердің ішінде оқушыларға терен білім жан-жақты тәрбие беруде әдебиеттің алар орны өлшеусіз Әдебиет адамды рухани биіктетеді, жан сұлулығына тәрбиелейді, ізгілікке адамгершілікке баулиды. Адамды асыл армандарға бастайды Онда адамзаттың ілгері жарық сәулеге, жақсы өмірге ұмтылған ұшқыр қиялы, сол жолдағы күрес тартысы ел басынан кешірген қилы оқиғалар, халқымыздың ерлік, елдік қасиеті, бүгінгі жазира өмір бейнеленген. Көркем ідебиетте адамдар тағдыры бар тіршілік болмысымен көрінеді Оқырманның көз алдынан талай тағдырлар өтіп жатады
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өз алдына дербес ғылым болып табылатын қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы. Осы әдістемені мектеп оқушыларына сәйкес топтастырылған әдістер мен тәсілдерін тиімді пайдалану мұғалім мен оқушының міндеті болып табылады Мұғалім әдебиетті қалай қабылдаса оқушы да соған қарай бейімделеді. Яғни мұғалімнің әдебиетке деген ынтазары болуы керек. Сондықтан мұғалім сабақ үстінде оқушыны әдебиетке құштарлығын ояту үшін әдіс-тәсілдерді жаңа технологияларды пайдалануы керек.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жаңа оқыту технологияларын пайдалану жолдары қарастырылған. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің басты нысны-ол әдебиетті жай ғана оқыту емес, әдебиетті оқи отыра оқушыны адамгершілікке мейрімділкке салт-дәстүрдің құндылықтарын қастерлеуге баулу болып табылады. Яғни әдебиетті оқытқан кезде мұғалім өз алдына мақсат-бағдар қою білу керек. Сонда ғана мұғалім өз мақсатына жетеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жан-жақты зерттеу,оның теориялық негізін құру бүгінде орындалып жатқан іс. Десек те, зерттеуді қажет ететін мәселелер де жоқ емес. Зерттеудің негізгі мақсаты – шәкірттерге әдеби пәндер жүйесінде тен білім іскерлік дағдыларды меңгерту, сондай-ақ салт дәстүрді сқұрметтейтін рухаги кемелді, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу. Әдебиетті оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технологияларды пайдалану.
Ұсынылған материалдар негізінде әдеби даму зандылықтарын ашуға бағдар ұстану, соған орай қоғамдық әлеуметтік өмірдегі жаңа құбылыстардың мәнің түсіне білу
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеу жұмысында Т.Ақшолақовтың Көркем шығармаға талдау жасау Алматы Мектеп 1983, Т. Т.Құрманбаев С.Дүйсенов Әдебиет мабақтарының үлгілері Алматы Білім 1999, Қ. О Бітібаева Қазақ әдебиетін терендетіп оқытудықң инновациялық әдістемесі Дәуір баспасы 2012, Әдебиетті оқыту әдістемесі Алматы атамұра 2005 Әдебиет сабағында оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу Алматы Мектеп 1980, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Қ. М Байтанасова С. Ш Айтуғанова Фалиант Астана 2008
Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында қазақ әдебиеті әдістемесінің мектепте дәстүрлі оқыту әдістемесі мен жаңа технологияларды пайдалана отырып салыстыру, тиімді әдісті қолдану.
Зерттеу жұмысының әдістанымдық негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында ТАқшолақовтың Қ Бітіваеваның Дүйсеновтың Т. Құрманбаевның Қ. М Байтанасованың С. Ш Айтуғанованың жұмыстарына қаралды
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу осы сала бойынша жүргізілетін әдістемелік негізде мектеп бағдарламасына қатысты салаларда теориялық негізде қызмет етеді.
Зерттеу нәтижелерін оқыту әдістемесіне сай әдіс-тәсілдерді әдебиет саласында пайдалануға болады. Яғни қазақ әдебиеті пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің мағлұматтарына сүйенеді.
Зерттеудің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
