Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет 2016 Гульдария.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.98 Mб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп

5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы

(мерзімі: 30.05.2016 ж. - 02.07.2016 ж.)

Орындаған: 2 курс студенті Құрбанова Г.С.

Қабылдаған: г.ғ.к., доцент Сағымбай Ө.Ж.

2016 ж.

Мазмұны

I.КІРІСПЕ..................................................................................................................3

IІ. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ...............................................................................................4

2.1.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» департаменті туралы жалпы мәлімет....................................................................................................................4-8

2.1.1.Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына шолу...............................9

2.2.Топырақтың морфологиялық белгілері.....................................................10-13

2.2.1.Валовый фосфор дайындау............................................................13-14

2.2.2.Реактив Б дайындау..............................................................................15

2.2.3.Реактив А дайындау........................................................................15-19

2.2.4.Механикалық анализ.......................................................................19-21

2.3.Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтау..................................22-23

2.3.1.Гумус қышқылдарының қасиеттері...............................................24-25

2.4.Топырақтың сіңіру қасиеті..........................................................................26-28

2.4.1.Топырақтағы құмның мөлшерін анықтау.....................................28-29

2.5.Өндірістік практиканың күнделігі..............................................................30-35

2.6.Өндірістік практика барысында «Жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» департаментінің тарапынан берілген мінездеме...............................36

III.ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................37

IV. ҚОСЫМША................................................................................................38-40

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................41

КІРІСПЕ

Өндірістік практика - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» департаментінің зертхана бөлімінде өтті. Өндірістік практика мерзімі 30 маусым мен 2 шілде аралығын қамтыды. Осы өндірістік практика барысында департаменттің зертхана бөлімінің жай – күйімен таныса отырып, онда атқарылатын жұмыстар легін толық меңгеруге тырыстым. Еңбегім еш кетпеді десемде болады, себебі зертхана бөлімінде білікті мамандардың меңзеуімен онда атқарылатын жұмыстардың жай – жапсарын ұғына білдім. Дегенмен, бұл мекеменің жұмысын мен бір-екі сөзбен айта алмаймын.Себебі ондағы жұмыстар өте мұқияттылық пен қырағылықты талап етеді. Осы «Өндірістік іс – тәжірибе бойынша есепті» жазу барысында мекемеде маған берілген уақытты ұтымды пайдала отырып атқарған жұмыстар легін қамтып, мамандардың әрқайсысымен кеңесіп, алған білімімді қамтып, жаздым.

Өндірістік іс – тәжірибе таң ертеңгі 9:00 мен 13:00 аралығында болды. Осы аралықта зертханадағы мамандардың нұсқауымен топыраққа қатысты анализдерді жүргіздім. Әрбір жүргізген анализдерімді есеп жазу ведомосіне тіркеп отырдым. Сондай – ақ осы анализдерді жасауда зертхана ережелерін қатаң сақтай отырып, жұмыс жасадым. Топырақтардан апта сайын анализдер алып отырдық. Бұл анализдер топырақтың әртүрлі қасиеттеріне байланысты жіктелді. Осы анализдерді алу арқылы мекеме топыраққа қатысты статистика бағамын шығарып, жылма – жыл тексеріп, сараптап, бағамдап отырады.

Өндірістік тәжірибе кезінде «практика барысында атқарылған жұмыстарды» жазып отырдым. Түрлі приборлармен, өлшеуіш таразылармен, кислоталармен жұмыс жасап, олардың қалай және қай кезде қолданытынын айқындадым. Кислота қолдану барысында зертхана мамандарының көмегіне жүгіндім. Сонымен, қысқа мерзімді қамтыған өндірістік тәжірибе менің білімімді одан әрі арттыруға өз септігін тигізді.

2.1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» департаменті туралы жалпы мәлімет

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы  № 39 қаулысына сәйкес құрылды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қосу және қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылды.

 

Ұйымдастыру құрылымы:

 

«ЖерҒӨО» дирекциясы - ұзақ жылдар бойы көп функционалды бейімделген және барлық талаптарға жауап беретін құрылым: Астана қаласында ғылыми-өндірістік орталығы және республикалық маңыздағы барлық облыстар мен қалаларда 19 департаменті (Алматы, Астана қ.қ.), еліміздің барлық аудандық (қалалық) орталықтарында 191 жер кадастры бөлімшелері бар.

«ЖерҒӨО» дирекциясының құрамында «Электрондық үкімет» базалық компонентін дамытуға қатысатын мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің республикалық орталығы (МЖК ААЖ РО) жұмыс істейді. «Электрондық үкімет» базалық компонентін дамыту үшін МЖК ААЖ екі кіші жүйесі құрылған:

  • «пайдаланушымен жұмыс» - деректерді басқа мемлекеттік мекемелерге МЖК ААЖ деректер қорынан тікелей немесе МЖК ААЖ республикалық орталығының интернет сайты (www.aisgzk.kz) арқылы беруге арналған ақпараттық кіші жүйе.

  • МЖК ААЖ республикалық орталығының интернет сайты арқылы халыққа электрондық қызмет көрсетуге арналған ақпараттық-анықтамалық кіші жүйе[1].

1-сурет. МЖК ААЖ республикалық орталығының интернет сайты (www.aisgzk.kz)

Интерактивті функциялар МЖА ААЖ республикалық орталығының сайтында орналастырылған: мүдделі мекемелер үшін жер учаскелерінің нақты меншік иелері (пайдаланушылар) жөнінде ақпараттар беру бойынша. «ЖерҒӨО» дирекциясы, оның департаменттері мен бөлімшелері бүгінде – даярланған мамандары, сондай-ақ ақпараттық деректер қоры, электрондық картографиялық негізі бар, деректерді жинаудың, толтырудың және оны еліміздің мемлекеттік ақпараттық қорына беретін қалыптастырылған автоматты жүйесі бар, заманауи геодезиялық жабдықтармен жарақталған өндіріс.

Бұл еліміздің жер учаскелері туралы деректер банкін автоматты түрде құра отырып, өзінің қызметі саласынан кез-келген тапсырысты сапалы әрі қысқа мерізмде орындауға мүмкіндік береді [2].

Геоақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жобаларды әзірлеу және енгізу келесі дипомдар мен мақтау қағаздарымен бағаланды[2].