- •1. Сыртқа шығару жүйесі және оның ерекшеліктері.
- •2. Гипофиз, Эпифиз қызметтері және оның ерекшеліктері.
- •Гипофиз
- •3. Ұйқы безі, оның ерекшеліктері.
- •1. Бауыр безінің қызметі және жас ерекшелігі.
- •2. Асқазандағы астың қорытылуы, оның жас ерекшелігі.
- •3. Зат және қуат алмасуының ерекшелігі.
- •1. Анализаторлар туралы и.П.Павловтың оқуы. Анализаторлардың мәні. Олардың қасиеттері.
- •2. Ұйқы мен жайдары болудың нейрофизикалық механизмдері. Ұйқы гигиенасы.
- •3. Иммунитет туралы тусінік. Жасуша гуморальдық иммунитет.
- •1. Жүріс тұрыс бірліктері туралы түсінік. Бұлшықеттің динамикалық және статикалық жұмысы. Бұлшықеттің шаруасы.
- •2. Жүрек, оның құрылысы, функциясы мен дамуы. Жүрек циклі және гемодинамика.
- •3. Шартты рефлекторлары істің жүйелі ұйымдастырылуы. П.К.Анохин оқуы. Функционалды жүйе туралы түсінік.
- •1. Әртүрлі жастағы шартты рефлекстер уақыты. Оқушының күн тәртібі. Күн тәртібінің физиология гигиеналық негізі.
- •2. Ас қорыту мүшелерінің жас ерекшелігі.
- •3. Тірек - қимылдың жас бойынша ерекшелігі.
- •1. Жоғары жүйкенің түрлері. Олардың пластикалығы.
- •2. Гипофиздің құрылым- қызметі, оның жас ерекшелігі.
- •3. Рефракцияның бұзылуы: алыстан көрмеу, жақыннан көрмеу, астигматизм. Көздің көруі.
- •1. Қанның мәні, құрамы, қасиеттері.
- •2. Жоғары жүйке қызметтінің бұзылуы. Невроздар
- •3. Тоқ ішектің маңызы.
- •1. Жүрек бүлшықеттерінің морфофизикалық қасиеттері. Жүрек анатомиясы. Жүректің өткізу үйесі,
- •2. Тыныс алу жүйесі оның ерекшелігі.
- •3. Орталық жүйке жүйесіне сипатттама.
- •1. Зәр шығару жүйесінің жасқа сай ерекшелігі.
- •2. Жоғары жүйке жүйке қызметі туралы түсінік .
- •3. Қимыл – қозғалыс аппаратттарының мәні. Скелеттің жасқа сай ерекшелігі.
- •1. Вегатативті жүйке жүйесі.
- •2. Шартты рефлекстардың пайда болу механизмін және сақталу ұзақтығын түсіндіру.
- •3. Денені тік үстау оны анықтау формалары.
- •1. Үлкен ми шарының дамуы.
- •2. Терінің жасқа сай құрылу ерекшеліктері. Шаш және тырнақ гигиенасы.
- •3. Су және тұздардың организмдегі рөлі.
- •1. Шартты рефлекс тежелуі және олардың түрлері.
- •2. Есту және вестибулярлы анализаторлар.
- •3. Ауыз қуысындағы ас қорыту оның жас ерекшеліктері.
- •1. Аш ішектегі астың қорытылуы.
- •2. Дәрумендер. Олардың жетіспеушілік кезіндегі аурулар.
- •3. Энурез және оның белгілері.
- •1. Үлкен жарты шар миының құрылымдық функционалдық ұйымдастырылуы.
- •2. Эмоция, мотивация, олардың организмнің өзін – өзі ұстау реакцияларындағы рөлі. Балалар мен жасөспірімдердегі эмоционалдық реакциялардың жасқа сай ерекшеліктері.
- •3. Терінің д дәруменін синтездеудегі рөлі. Рахит белгілері.
- •1. Мектеп жасындағы балалардың физикалық даму жағдайы. Оның анықтау әдістері.
- •2. Шарттты рефлекс туралы и.П. Павловтың оқуы.
- •3. Оқу орнындағы құрал саймандарға қойылатын талаптар .
- •1. Жүйке орталығы туралы түсінік.
- •2. Тағам құрамы, энергиялық құндылығы. Тамақтың нормалары.
- •3. Көру анализаторларының жасқа сай ерекшелігі.
- •1. Бала организмінің дамуы мен өсуі туралы түсінік.
- •2. Рефлекс негізгі жүйелік іс реттінде . Рефлекстің жіктелуі.
- •3. Жыныстық бездер, олардың жыныстық өсуіндегі рөлі.
- •1. Гомеостаз, оның биологиялық маңызы. Реттелу өзіндік реттелу туралы тусінік.
- •2. Нейрон: құрылысы, функциясы. Нейронның түрлері. Нейронның дамуы.
- •3. Қан айналым туралы түсінік. Қан айналым шеңбері.
- •1. Адам организмі біріккен жүйе ретінде.
- •2. Онтогенездің периодизациясы, оның принціптері. Онтогенездің сатылары.
- •3. Шартты рефлекторлы істің жасқа байланыты ерекшеліктері.
- •1. Жүйке талшықтарының құрылысы мен қызметі.
- •2. Көру анализаторлары. Фоторецепция механизмі.
- •3. Балалар денсаулығының жағдайларының көрсеткіштері.
- •1. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар.
- •2. Тағамдық зерттеушілік және ойындық іс қимылдардың шартты қатнастардың құрылуына әсері.
- •3. Мидың интегративті ісі- әр түрлі жүйе орталықтарының динамикалық әсерлесуі нәтижесінде реттелуі.
- •1. Тірі организмдегі биоэлектрлік жағдай.
- •2. Организмнің функцияларының координациясы.
- •3. Есту анализаторының жасқа сай ерекшелігі.
- •1. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясымен гигиена курстарының пәні мен міндеттері.
- •2. Қозу туындауларының негізгі физиологиялық түсініктері.
- •3. Мектептік режим, оның негізгі компоненттері.
- •2. Эндокриндік бездертуралы түсінік. Гормонда, әсер ету механизмі.
- •3. Сабақты ұйымдастыру мен гигиеналық талаптар.
- •1. Тежелу, тежелу механизмдері туралы жаңашыл көзқарастар.
- •2. Организм және орта. Тұқым қуалаушылықпен ортаның организм дамуындағы рөлі.
- •3. Мектеп оқулықтары, оқулықтар, мектепке керек жарақтарға қойылатын гигиеналық талаптары.
2. Ұйқы мен жайдары болудың нейрофизикалық механизмдері. Ұйқы гигиенасы.
Ұйқы механизмін, оның физиологиялық мәнін тұңғыш рет академик И. П. Павлов ашып берді. Ол ұйқы – мидың барлық орталықтарын қамтитын кең тараған тежеу екенін анықтады. Ұйықтаған кезде бұлшық еттер босаңсиды, тыныс алу сиреп, жүрек соғуы бәсеңдейді, дене температурасы, қан қысымы, зат алмасу төмендейді, қысқасы организмнің бүкіл қызметін реттейтін нерв орталықтарының белсенділігі құлдырайды. Адамның сергек кезінде нерв клеткалары үздіксіз істейді, мұның өзінде олардың химиялық құрамы елеулі түрде өзгереді, энергетикалық қорлар сарқылады. Біздің организміміздің ұлы сақшысы, тыным беріп, күш-қуатымызды қалпына келтірушісі – ұйқы болмаса, жүйке клеткалары тез құрып, қатардан шығар еді.
Терең, алаңсыз ұйқының негізі – нерв жүйесінің сабырлы күйде болуында, оны шаршау мен тынығудың дұрыс кезектесуі, басқаша айтқанда, тұрмыстың дұрыс режимі қамтамасыз етеді. Ұйықтауға үнемі белгіленген бір уақытта жатуға дағдылану – ұйқының берік болуының сенімді құралы. Сағат 10-да жатасыз ба, жоқ болмаса 11-де жатасыз ба, мұның пәлендей маңызы жоқ. Ең бастысы бұл мерзімнің тұрақты болуында, ағза алдын ала тынығуға «икемделеді», сондықтан қандай жағдайда да, тіпті жанұя мүшелерінің бәрі бір мезгілде жатпаса да, кейбіреулерінің істейтін шаруасы болса да, сіз ұйықтай бересіз. Ұйқы бұзылуының алғашқы белгісі – ерте ояну, ешбір себепсіз, таңертеңгі сағат 4 – 5-те оянып, көпке дейін ұйықтамай жатасыз. Әрине, бұған қатты уайымдасаңыз, немесе одан да бекер берекеңізді кетіретін өмірлік мәселелерді ой елегінен өткізсеңіз, бірдеңе оқысаңыз немесе бөлмеде арлы-берлі жүріп алыңыз, таң атпай ояну дағдыға айналып, соған машықтанып кетесіз. Бұл дағдыдан ертерек құтылуға тырысыңыз. Оянысымен жамылғыны ашып, денеңіз аздап салқындай бастаса – бұл көбінесе қайта ұйықтап қалуға көмектеседі. Немесе ұйықтап жатқан адамның тыныс алғанындай терең ырғақты тыныстаңыз – нерв клеткаларын тежейтін сыннан өткен әдіс. Ең бастысы, өз ойыңызды жанға жайлы тиетін, көңілді жұбататын бірдемеге аударыңыз. Мұның айтарлықтай көмегі бар.
Ұйқы адаммен жануарлар организмінің қалыпты физиологиялық қызметі. Адам немесе жануарлар ұзақ уақыт ұйқтамаса, онда жоғары нерв әрекетіне едәуір зиян әкеледі, ал кейде тіршілігі де жойылуы мүмкін. Ұйқысы қашқан адамдардың нерв клеткаларының құрлымында тосын өзгерістердің болатыны анықталған. Ми қыртыстарының нерв клеткаларына қозу ұзақ әсер еткен кезде организмде шаршау және әлсіреу процесі байқалады.Ондай жағдайда организм тынығуды талап етеді. Ұйқы организмнің нерв системасын әлсіреуден сақтайды да,жұмсалған энергияны қалыпқа келтіреді.Ұйқы кезінде организмнің сергектік жағдайында қабылданған сигналдары жөнге салынып отырады және ұзақ мерзімді ес қалыптасады.Ұйқы организмнің қалыпты физиологиялық жағдайын сақтайды.Ұйқы кезінде тыныс алу мен жүректің соғуы,өкпе,вентиляциясы,қан қысымы,зат алмасу,дене температурасы,несеп бөлу,рецепторлардың барлық тонусы төмендейді.
Ұйқының түрлері. Ұйқы әр түрлі болады: 1.Тәуліктік. 2.Маусымдық. 3.Гипноздық 4.Наркотикалық. 5.Патологиялық.
Тәуліктік ұйқы барлық жануарларға тән.Маусымдық ұйқы кейбір сүт қоректі жануарларға және құстарға тән.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына байланысты қыс айларында олар терең ұйқыға кетеді.Наркотикалық ұйқы химиялық заттарға байланысты болады.Гипноздық ұйқы адамды сөзбен сөндіру арқылы пайда болады.Патологиялық ұйқы мидың әр түрлі жағдайларына байланысты өзгерістерінің нәтижесінде байқалады.
Ұйқы гигиенасы. Балалардың ұйқы гигиеналық жағынан алғанда оның ұзақталық мөлшерінің маңызы зор.Ұйқының ұзақталығы жас шамасына тәуелді болады: 6-7жас - 11,5 -12 сағат, 8-9 жас-10,5-10-11жас ـ12жас -11; 13-15жас-9,5;16-18жас -8,5сағат. Ұйқының ұзақтығы азаятын болса, орталық нерв системасының функциялық жағдай зиянды әсер етеді де, организмде көптеген физиологиялық өзгерісер туғызады. Ұйқы қанбаған кезде жұмыс қабілеті кенет төмендейді.Мәселен, жоғары класс оқушыларының ұйқы ұзақтылығы 7,5-8,0 сағатқа дейін азайған кезде, жұмыс қабілеті 30/-кемиді. Ұйқы ұзақтығының қалыптан төмен болуы оқушылардың мінез құлығына және басқа да психикалық әрекеттері нашарлайды. Оқушылардың ұйқыны қажетсіңуі тек жас шамаларына ғана емес, сонымен бірге денсаулық жағдайларына да тәуелді. Әлсіз және тез шаршайтын балалар көбірек ұйқтауға бейім келеді. Ондай балаларды түскі тамақтан кейін 1-1,5 сағат мөлшерінде ұйқтаған жөн
