Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жастар физиологиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать

3. Ауыз қуысындағы ас қорыту оның жас ерекшеліктері.

1.Ас қорытудың маңызы. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде пайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады

2.Ас қорыту мүшелері қызметін зерттеу әдістері. Ас қорыту мүшелерінің қызметтерін орыс физиологы И.П. Павлов мұқият зерттеген. Арнайы фисталдық әдісті қолданып И.П.Павлов ас қорыту мүшелерінің негізгі тектерін анықтап, осы кезге дейін маңызын жоймаған құны мәліметтер алды, ал ғалым 1904 жылы дүниежүзілік Нобель сыйлығымен марапатталды. И.П Павлов пен оның шәкірттері жануарлардың ас қорыту мүшелеріне фистула деп аталатын түтікше орнату арқылы ас долындағы тамақтын барлық өзгерістерін зерттеді.

3.Ауыздағы ас қорыту оның жас ерекшіліктері. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады.

4.Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшіліктері. Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөлінің құрамында 0,35-0,5% -дық тұз қышқылы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады. Қарын сөлінің 98,5-99%-су, 0,2-0,3% органикалық заттар, қалғандары- тұздар. Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы- қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56%, сүт ішкенде 1,48-0,50% болады.

5.Ішектегі ас қорыту. 12 елі ішектегі астың қорытылуы. Лайықты мөлшерде қорытылған ас қоймалжыңы қарынның ет қабатының және арнайы қарын сфинктерінің босап ашылуымен қарын қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке жылжытылады.

6.Ащы ішектегі ас қорыту. Ащы ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3м, Асты қорытатын ферменттер ащы және мықын ішектердің кілегейлі қабатының либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа, аминопетидаза, дипептидаза, белсенділігі аз протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза және инвертаза ферменттері бар. Ас қорыту органдарының құрылысы.Ас қорыту жолы бірнеше бөлімге бөлінеді: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш және тоқ ішек.

------

1. Аш ішектегі астың қорытылуы.

Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі - улта-бар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін от қабының өзегі және үйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық әскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады.