- •1. Сыртқа шығару жүйесі және оның ерекшеліктері.
- •2. Гипофиз, Эпифиз қызметтері және оның ерекшеліктері.
- •Гипофиз
- •3. Ұйқы безі, оның ерекшеліктері.
- •1. Бауыр безінің қызметі және жас ерекшелігі.
- •2. Асқазандағы астың қорытылуы, оның жас ерекшелігі.
- •3. Зат және қуат алмасуының ерекшелігі.
- •1. Анализаторлар туралы и.П.Павловтың оқуы. Анализаторлардың мәні. Олардың қасиеттері.
- •2. Ұйқы мен жайдары болудың нейрофизикалық механизмдері. Ұйқы гигиенасы.
- •3. Иммунитет туралы тусінік. Жасуша гуморальдық иммунитет.
- •1. Жүріс тұрыс бірліктері туралы түсінік. Бұлшықеттің динамикалық және статикалық жұмысы. Бұлшықеттің шаруасы.
- •2. Жүрек, оның құрылысы, функциясы мен дамуы. Жүрек циклі және гемодинамика.
- •3. Шартты рефлекторлары істің жүйелі ұйымдастырылуы. П.К.Анохин оқуы. Функционалды жүйе туралы түсінік.
- •1. Әртүрлі жастағы шартты рефлекстер уақыты. Оқушының күн тәртібі. Күн тәртібінің физиология гигиеналық негізі.
- •2. Ас қорыту мүшелерінің жас ерекшелігі.
- •3. Тірек - қимылдың жас бойынша ерекшелігі.
- •1. Жоғары жүйкенің түрлері. Олардың пластикалығы.
- •2. Гипофиздің құрылым- қызметі, оның жас ерекшелігі.
- •3. Рефракцияның бұзылуы: алыстан көрмеу, жақыннан көрмеу, астигматизм. Көздің көруі.
- •1. Қанның мәні, құрамы, қасиеттері.
- •2. Жоғары жүйке қызметтінің бұзылуы. Невроздар
- •3. Тоқ ішектің маңызы.
- •1. Жүрек бүлшықеттерінің морфофизикалық қасиеттері. Жүрек анатомиясы. Жүректің өткізу үйесі,
- •2. Тыныс алу жүйесі оның ерекшелігі.
- •3. Орталық жүйке жүйесіне сипатттама.
- •1. Зәр шығару жүйесінің жасқа сай ерекшелігі.
- •2. Жоғары жүйке жүйке қызметі туралы түсінік .
- •3. Қимыл – қозғалыс аппаратттарының мәні. Скелеттің жасқа сай ерекшелігі.
- •1. Вегатативті жүйке жүйесі.
- •2. Шартты рефлекстардың пайда болу механизмін және сақталу ұзақтығын түсіндіру.
- •3. Денені тік үстау оны анықтау формалары.
- •1. Үлкен ми шарының дамуы.
- •2. Терінің жасқа сай құрылу ерекшеліктері. Шаш және тырнақ гигиенасы.
- •3. Су және тұздардың организмдегі рөлі.
- •1. Шартты рефлекс тежелуі және олардың түрлері.
- •2. Есту және вестибулярлы анализаторлар.
- •3. Ауыз қуысындағы ас қорыту оның жас ерекшеліктері.
- •1. Аш ішектегі астың қорытылуы.
- •2. Дәрумендер. Олардың жетіспеушілік кезіндегі аурулар.
- •3. Энурез және оның белгілері.
- •1. Үлкен жарты шар миының құрылымдық функционалдық ұйымдастырылуы.
- •2. Эмоция, мотивация, олардың организмнің өзін – өзі ұстау реакцияларындағы рөлі. Балалар мен жасөспірімдердегі эмоционалдық реакциялардың жасқа сай ерекшеліктері.
- •3. Терінің д дәруменін синтездеудегі рөлі. Рахит белгілері.
- •1. Мектеп жасындағы балалардың физикалық даму жағдайы. Оның анықтау әдістері.
- •2. Шарттты рефлекс туралы и.П. Павловтың оқуы.
- •3. Оқу орнындағы құрал саймандарға қойылатын талаптар .
- •1. Жүйке орталығы туралы түсінік.
- •2. Тағам құрамы, энергиялық құндылығы. Тамақтың нормалары.
- •3. Көру анализаторларының жасқа сай ерекшелігі.
- •1. Бала организмінің дамуы мен өсуі туралы түсінік.
- •2. Рефлекс негізгі жүйелік іс реттінде . Рефлекстің жіктелуі.
- •3. Жыныстық бездер, олардың жыныстық өсуіндегі рөлі.
- •1. Гомеостаз, оның биологиялық маңызы. Реттелу өзіндік реттелу туралы тусінік.
- •2. Нейрон: құрылысы, функциясы. Нейронның түрлері. Нейронның дамуы.
- •3. Қан айналым туралы түсінік. Қан айналым шеңбері.
- •1. Адам организмі біріккен жүйе ретінде.
- •2. Онтогенездің периодизациясы, оның принціптері. Онтогенездің сатылары.
- •3. Шартты рефлекторлы істің жасқа байланыты ерекшеліктері.
- •1. Жүйке талшықтарының құрылысы мен қызметі.
- •2. Көру анализаторлары. Фоторецепция механизмі.
- •3. Балалар денсаулығының жағдайларының көрсеткіштері.
- •1. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар.
- •2. Тағамдық зерттеушілік және ойындық іс қимылдардың шартты қатнастардың құрылуына әсері.
- •3. Мидың интегративті ісі- әр түрлі жүйе орталықтарының динамикалық әсерлесуі нәтижесінде реттелуі.
- •1. Тірі организмдегі биоэлектрлік жағдай.
- •2. Организмнің функцияларының координациясы.
- •3. Есту анализаторының жасқа сай ерекшелігі.
- •1. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясымен гигиена курстарының пәні мен міндеттері.
- •2. Қозу туындауларының негізгі физиологиялық түсініктері.
- •3. Мектептік режим, оның негізгі компоненттері.
- •2. Эндокриндік бездертуралы түсінік. Гормонда, әсер ету механизмі.
- •3. Сабақты ұйымдастыру мен гигиеналық талаптар.
- •1. Тежелу, тежелу механизмдері туралы жаңашыл көзқарастар.
- •2. Организм және орта. Тұқым қуалаушылықпен ортаның организм дамуындағы рөлі.
- •3. Мектеп оқулықтары, оқулықтар, мектепке керек жарақтарға қойылатын гигиеналық талаптары.
3. Көру анализаторларының жасқа сай ерекшелігі.
Көз және көру заттың пішінін, түсін, мөлшерін, орналасу қашықтығын және бағытын анықтайды. Затты айқын көру үшін оның бөлшектерін жақсы көру керек. Заттың ұсақ бөлшектерін көру қабілетін көздің өткірлігі дейді. Заттың бейнесі сары даққа түскенде ол өте анық көрінеді, ал сары дақтан торлы қабықтың шетіне қарай жылжыған сайын бұл қабілет азаяды. Ол адамның жасына, жағдайына байланысты, мысалы, нәрестенің көзінің өткірлігі – 0,004-0,02,3 айда – 0,05-01,1 жаста -0,3-0,6, 4-5 жаста – 0,7-1,0, 10-15 жаста – 1,0 шартты бірлік өлшеміне тең. Адам қос көзбен көру, яғни бинокулярлық қабілеті бар организмге жатады. Қос көзбен көру арқылы қоршаған ортаның заттарын, оның тереңдігін, қашықтығын, пішінін дұрыс анықтай алады. Балалардың көз алмасының көлденең диаметрі ұзарғанда немесе жарық сәулелерін сындыру қабілеті күшейгенде жақыннан көру қабілеті пайда болады. Ондай адам тек жақын жердегі заттың бейнесін анық көріп, көзден алыстау орналасқан затты бұлдыр көреді. Жас жоғарылаған сайын анық көру нүктесінің қашықтығы өзгереді. Мәселен, 10 жаста көзден 7 см қашықтықта, 20 жаста – 8,3 см, 35 жаста – 17см, 60 – 70 жаста 80- 100 см қашықтықта болады. Көру өткірлігі жасқа тәуелді өзгереді. Бала өмірінің алғашқы жылдарында өте төмен болады. Көру өткірлігі 5 жасқа дейін біртіндеп жақсара түседі. Келешекте оның өріс алу шегі 2–15 жас аралығында байқалады. Жақыннан көретін балалардың көру өткірлігі әп уақытта қалыптан төмен болады.
Жас жоғарылаған сайын түстер мен реңдерді ажырату жақсара түседі. 1ші класпен салыстырғанда 3 класта түсті ажырата білі қабілеті 45 процентке жоғарыласа 4 класс оқушыларында -60 процентке дейін барады. Түстерді ажырата білу қабілеті ұл балаларға қарағанда қыз балаларда жақсырақ. Ұл балалардың арасында дальтонизм яғни заттардың түстерін ажырату қабілетінің бұзылуы жиі кездеседі. Түстерді сезу 30 жасқа дейін жақсы дамып, содан кейін бірте – бірте төмендейді.
Көру гигиенасының талаптары: - кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см; - баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық көздерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс. - үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек. - жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды. - теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м қашықтықта
-----
1. Бала организмінің дамуы мен өсуі туралы түсінік.
Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы
Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.
Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.
Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:
Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.
Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.
Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.
Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.
