Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жастар физиологиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.28 Кб
Скачать

1. Шартты рефлекс тежелуі және олардың түрлері.

Шартты рефлекстердің тежелуі. Тежелу процесі.Ми қыртыстарында болып жататын процестердің бірі қозу болса, екіншісі тежелу . Осмы екі процесс өзара әрекеттесулерінің нәтижесінде организм сыртқы орта жағдайларының әсерлеріне өте нәзік бейімделеді. Тежелу процесінің нәтижесінде шартты рефлекстер жақсарып жетіле түседі. Шартты рефлекстердің тежелуін зерттеп, И. П. Павлов оны екі түрге бөлген шартсыз / сыртқы/ және шартты / ішкі/ тежелу деп. Тежелудің екі түрінің де үлкен педагогикалық маңызы бар екені жөнінде К. Д.Ушинский айтып кеткен. Ол үйреншікті әдет, өзіне қарама- қарсы қасиетіне сай әдетке байланысты жойылып немесе тоқталып отырады деп есептеген

Шартты/ішкі/ тежелу. Жас жоғарылап,өмір тәжірибесі молайған сайын, жоғары дәрежелі нерв әрекеті, бәрінен бұрын, әрі күрделі, әрі көп түрлі ішкі тежелудің бірте-бірте дамуының нәтижесінде жетіле түседі. Тежелудің бұл түрінің ішкідеп аталуысондықтан, себебі тежелу реакциясы рефлекторлық доғаның ішінде пайда болады. Ал шартты деп аталу себебі, шартты рефлекстің жасалуы тек нерв системасының жоғарғы бөліміне байланысты болуы. Шартты рефлекторлық /ішкі/ тежелу білім және тәрбие берудің маңызы физиологиялық негізі болып есептеледі. Шартты тежелудің төрт түрі болады: сөну, кешігу, диференциялық /жіктеу/, шартты .

2. Есту және вестибулярлы анализаторлар.

Есту анализаторы. Есту анализаторы адам өмірінде үлкен маңызды орын алады. Есту мүшесінің сөздің қалыптасуы мен оның жүзеге асуында сонымен қатар еңбек әрекеттерінің ырғағын және қозғалыс жылдамдықтарын, әрі дене жаттығуларын анықтауда ерекше маңызы бар. Есту мүшелері дыбыс толқындарын қабылдап, талдайды. Соның нәтижесінде дыбыстардың күшін жоғары немесе төмендігін, сүйкімділігін және оның бағытын анықтайды. Есту жолдары арқылы баратын информациялардың мөлшері көру мүшесімен салыстырғанда, едәуір аз, сөйтсе де оқушылардың оқу материалын дұрыс қабылдау нәтижесі есту анализаторының қалыпты қызметіне тәуелді болып, баланың психикасының дамуына нәтижелі әсер етеді. Сөз арқылы болмаса, балаға қандайда болмасын оқу пәндері бойынша білім беру мүмкін емес. Сондықтан педагог баланың есту мүшесінің құрылысы мен қызметі жөніндегі кейбір мәліметтер ді білген дұрыс.

Есту анализаторының жасқа тәуелділігі. Адам дүниеге келгеннен кейін есту анализаторының даму процесінде өте үлкен мән берерліктей өзгерістерге ұшырамайды. Бала құрсақта даму кезінің 8-9 айларында 20-5000 Гц мөлшерінде дыбыстарды қабылдап, оған қозғалыстар арқылы белгі береді деген мәліметтер бар. Балада дыбысқа анық реакция дүниеге келгеннен кейін 7-8 жұмада байқалады, ал емшектегі бала 6-айлығынан бастап, нәзік дыбыстарға мән береді. Балалар сөзге қарағанда, дыбыс үндерін жақсы естиді, ересек адамдардан айырмашылықтары да осында. Есту мүшелерінің морфологиялық-функциялық жағынан толық қалыптасуы 12 жастарда аяқталады. Осы жаста есту қабілеті едәуір жоғарылап, 14-19 жастарда максимальды жағдайда жетеді, 20 жастан кейін төмендей бастайды. Жас жоғарылаған сайын есту дәрежесі өзгеріп, есту жиілігі төмендейді. Балаларда бұл дәреже 30000 Гц болса, ал 35 жаста тек 15000Гц ғана болады.