Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жастар физиологиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.28 Кб
Скачать

2. Терінің жасқа сай құрылу ерекшеліктері. Шаш және тырнақ гигиенасы.

Терінің құрылысы мен қызметі. Тері мен денесінің сыртқы жамылғысы болып табылады. Микроскопиялық құрылысы күрделі және әртүрлі қызмет атқарады. Тері екі қабаттан тұрады: эпители және дәнекер тканьдерінен. Онда болатын сезімтал денешіктер нерв талшықтары, қан тамырлары, тері және май бездері. Ересек адам терісінің жалпы көлемі орташа есеппен алғанда 1,5 м2 -қа тең. Терінің қалыңдығы І- ден 4 мм аралық мөлшерінде. Терінің ең жұқа жері қабақтың терісі, ең қалыңы – табандікі. Терінің түсі ондағы пигментке тәуелді. Әр адам терісінің ерекшелігі пигменттің мөлшеріне байланысты. Ультракүлгін сәуленің әсерінен /күн сәулесінің түсуі, сынап-кварц лампасының сәулесі/ тері пигменттерінің синтезделуі тездейді. Тері қорғаныштық қызмет атқарады: сыртқы ортаның кейбір зиянды әсерлерінен организмді сақтайды. Тиісті органдарды механикалық зақымдалудан қорғайды. Таза теріден әр түрлі аурулардың қоздырғыштары өтпейді - микробтар және әр түрлі зиянды заттар және т.т. Терінің зақымдалған жерінен микробтардың етуінің нәтижесінде әр түрлі қабыну процестері пайда болады. Тері бөлу қызметін атқарады: ол арқылы термен бірге әр түрлі ыдырау өнімдері шығып отырады /мочевина, тұздар және бас./ Терінің май бездері, тері мен шаш түктерін майлап тұратын секроттері майы/ бөледі.

Киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелік жағдайы киімге үлкен талап қояды. Баланың жасы неғұрлым төмен болған сайын, киімге қойылатын талап та соғұрлым жоғары. Күн санап өсетін бала организмінің орталық нерв системасы қызметінің толық өз дәрежесінде жетілуіне байланысты, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары көбірек әсер етеді. Мәселен, температураның төмендеуі, радиацияның қалыптан жоғары болуы, метерологиялық, жауын-шашындар, шаң-тозаңдар және т.б. Сондықтан организмді әр түрлі факторлардан қорғау үшін киімнің маңызы ерекше. Киім белгілі тәрбиелік қызмет атқарады, яғни балалар мен жас өспірімдердің эстетикалық талғамдарын қалыптастырады. Сондықтан балалар киімін тігуде және оған гигиеналық жағынан баға беруде матаның ерекшелік қасиеті мен пішілуін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар бала организмінің функциялық ерекшеліктерін, нақты айтқанда, жылу бөлудің реттелуін ескерген жөн. Киімге жататындар: іш киім, көйлек, сырт киім, бас киім, аяқ киім т.б. Бұлар жыл мезгілдері мен климат жағдайларына тәуелді пайдаланылады. Жыл мезгілдерінің суық күндерінде киім жылуды сыртқа көп шығармауды, ал ыстық күндерінде жылуды бөлуге кедергі жасамауды қамтамасыз етеді.

3. Су және тұздардың организмдегі рөлі.

Судың алмасуы. Адам организміндегі процестердің бәрі де судың қатысуымен жүзеге асады. Су организмге баратын тамақ заттарын ерітеді. Денедегі клеткаларда болып жататын көптеген биохимиялық реакцияларға қатысады. Сонымен бірге дене температурасын реттеуге қатысады; ол булану арқылы, денені қызып кетуден сақтайды; еріген заттарды тасымалдауға қатысады. Сондықтан ада организміндегі су көп болады. Қалыпты жағдайда бір тәуліктің ішінде организм қабылдайтын судың мөлшері оның жұмсалу мөлшеріне тең болады. Мұндай жағдайды қалыпты су балансы дейді. Ал оның шамасы түрліше болуы мүмкін. Мәселен, организм ауа райының ыстық кездерінде суды көп қабылдап, оның едәуір мөлшерін термен бірге шығарады. Жұқпалы аурулармен ауырған кезде осындай жағдай байқалады: адам суды көп ішіп, оны көп мөлшерде несеппен бірге, ал дене температурасы төмендеген кезде термен бірге шығады. Организмнен суды бөліп тұратын негіззгі органдар – бүйректер, тер бездері, өкпе және ішектер. Бүйрек арқылы бір тәулік ішінде организмнен несеп түрінде 1,2-1,5 л су бөлінеді. Тер бездері терлеу арқылы бір тәулік ішінде тер түрінде 500-700 см3 су бөледі. Ауаның температурасы мен ылғалдығы қалыпты жағдайда тері қабатының 1 см3 -нен әр 10 минутте 1 мг-ға жуық су бөлінеді.

Минералдық тұздардың алмасуы. Тамақ заттардың құрамында органикалық қосылыстармен бірге, кальций, фосфор,темір, иод және басқа минералдық заттар болады. Сүйектердің, нерв элементерінің - бұлшық еттердің өсу мен даму минералдық заттардың болуына байланысты.Бұлар жүрек пен нерв системасының қалыпты қызметін қамтамасыз етуге себепкер.Қандағы гемоглобиннің және қарын сөлі тұз қышқылының жасалуына қатысады. Минералдық тұздар клеткалардың тіршілік әрекеті үшін өте қажет. Организм үшін кейбір тұздардың қандай маңызы бар екенін қарастырайық. Кальций тұздары сүйек тканінің клетка аралық заттарының түзілуіне қатысады, қанның ұюында және организмде басқада маңызды қызметтер атқарады. Бала неғұрлым жас болса, оның тіршілік әрекеті үшін кальций тұздары соғұрлым көп қажет. Жас өспірімдердің жыныстық жетілу кезеңінде де кальций тұздарына мұқтаждық артады. Оқушылар организмнің кальцийге қажеттілігі тәулігіне І г-ға де. Өсіп турған организм үшін фосфордың маңызы зор, олсүйек тканының түзілуіне, ферментативтік процестерге, бедердің жұмырына, нерв системасының қызыметі қатысады, қанның белсенді реакциясының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бала организмі неғұрлым жас болса, фосфор соғұрлым көп қажет. Фосфор тұздарыөсімдік тектес, сондай –ақ жануар тектес /жаңғақ, нан, жарма, сүт, бауыр, балық, жұмыртқа, сүзбе/ азық- түліктерінде болады. Оқушылардың фосфорға қажеттілігі тәулігіне -1,5-4,0 г. Темір қанның жасалуына қажет, себебі ол қан гемоглобинның құрам бөлігі және тотығу процестеріне қатысады. Темір өсімдіктерде, етте және жұмыртқаның сарысында болады. Натрий тыныс алу /газ алмасу/, ас қорыту процесі нерв системасы қызметі үшін қажет. Натрий ас тұзының құрамында болады. Оқушылардың темірге тәулігіне қажеттілігі - 15-20 мг, натрийге 4-5 г-ға дейін. Ал калий тұзы жүрек – қан тамыр системасының қалыпты жұмысы үшін қажет.Калий асқабақта, қарбызда, алмада, кептірілген өрікте жүзімде, капустада болады.

------