Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Жанаар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.97 Кб
Скачать
  1. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың педагогикалық – тәжірибе жұмысыНЫң мазмұны

    1. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың мaзмұны мeн әдiстeмeсi

Оқушылардың жауапкершілігін анықтауда М.В.Матюхин, С.Г.Ярикова өңдеген әдістемесінде төмендегідей сұрақтар қарастырылады:

  1. Мен өте жауапты оқушымын;

  2. Мен өте жауаптымын, бірақ барлық уақытта емес;

  3. Мен өзімнің жауапкершілігімді жоғары деп санамаймын;

  4. Менің жауапкершілігім төмен. [40; 41].

Оқушылармен тапсырма орындау барысында төмендегідей кесте беріледі. Кестені қосу, алу белгілерімен белгілеп шығады.

5

4

Жоғары

3

Орташадан жоғары

2

орташа

1

Орташадан төмен

Төмен

Кесте 2- Жауапкершілік баспалдағы

Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін ерікті іс-әрекетін қалыптастыруда әлеуметтік театр технологияларын Дж.Мореноның психодрама әдісін қолдануға болады. Драматерапияның негізін салушы ғалымдардың бірі ретінде Венадағы «Стихиялы театр», Нью-Йорктегі «Терапевтикалық театрдың» негізін қалаған Дж.Мореноның есімі айтылады. Аталған психодраманы жүргізу кезінде келесі әдістемелер қолданылады:

  1. Өз - өзін көрсету (самопрезентаця);

  2. Монолог;

  3. Дублирлеу;

  4. Рөлдермен ауысу;

  5. «Бос» орындық және «биік» орындық;

  6. «Айна»;

  7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік ситуацияларды ойнау;

  8. «Артыңда»;

  9. Идеалды басқа адам;

  10. Сиқырлы магазин.

1. Өз-өзін көрсету (самопрезентация). Бұл ең қарапайым техникалардың бірі. Ол қысқа рөлдік әрекеттер сериясынан тұрады. Протагонист өз- өзін немесе өзіне маңызды адамды бейнелейді. Бұл әрекеттерде протагонист жалғыз қатысушы болып табылады және көрсетілім субъективті болып шығады.

2. Монолог. Бұл техника өзінің әрекеттерін сахна ортасында түсіндіру сияқты көрінеді. Монолог проблема авторының репликалары. Бұнда ол проблеманың мәнін ашады, өзінің ойлары мен сезімдерін айтып жеткізеді. Актердің көрсететін персонажы басқа адамдарға емес, өзіне арналады. Бұл тиімді әдіс протагонистке өз эмоцияларына сырттан қарауға мүмкіндік береді және жағдайға өзінің реакциясын анализдейді.

3. Дублирлеу. Психодрамада дублирлеу проблема авторының рөлін алатын екінші біреудің көмегімен жүзеге асырады. Ол адам автордың «ішкі дауысы» рөлінде болуы мүмкін.

Двойник немесе екінші «мен»- протагонисті кез- келген уақытта алмастыра алатын қатысушы. Егер протагонист өз әрекеттерін жалғастыра алмаса, двойник оған көмектеседі. Кейбір топтарда топ қатысушылары әрекетіне біресе протагонист, біресе двойник болып кіріседі. Двойник тура сондай күйді қабылдайды, тура солай әрекет етеді, осылайша ол протагонистке өз рөлін ойнауға көмектеседі. Ол нейтралды, ирониялы, құмаршыл және оппозиционер бола алады.

Нейтралды двойник- протагонистің сезімдерін қолдайды немесе біраз күшейтеді.

Ирониялы двойник- протагонистің рөлін ирониялы, юмористік түрде орындайды және проблеманы тереңірек зерттеуге итермелейді.

Құмаршыл двойник- протагонистің сезімдерін күшейтеді, оларды ашығырақ, нақтырақ қылады.

Двойник- оппозиционер- протагонист позициясына қарсы позицияны ұстауға тырысады. Ол оның зейінін альтернативті қылық- әрекет түріне аударуға тырысады.

4.Рөлдермен ауысу. Рөлдермен ауысу кезінде протагонист психодрамада қандай да бір фигура рөлін ойнайды, ал көмекші «мен» протагонист рөлін алады. Рөлдермен ауысудың мақсаты- көмекші «мен» ретінде ойнайтын адам протагонистің орындауына қарап өзінің рөлін анық ұғыну болып табылады.

Бұл әдістеме, бір жағынан протагонистің қиындықтарын түсіну, өзінің ойларын нақты білдіруге көмектесу болса, екінші жағынан- көмекші «менге» жағдайды өзіндік түсіну мен оған өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мысалы, жұбайылар арасындағы ұрсысты ойнағанда, протагонист рөлінде әйел, ал көмекші «мен» күйеуі болғанда, оларды рөлдерімен ауысуды сұрайды. Бұндай жағдайда психодрамалық әрекет мүлде басқа бағыт алады: конфликтіні шешуге көмектесу немесе қандай да бір жағдайда әрекет- қылықтың адекватты формасын табу.

Рөлдермен ауысу кіші және орта жастағы балалармен жұмыста эффективті қолданылады. Балалар ата- ана мен үлкендер рөлін қызыға таңдайды, осылайша жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгереді.

Үлкендерде рөлдермен ауысу- инсайтқа жетудегі эффективті және тез әдіс болып табылады.

5.«Бос» орындық және «биік» орындық. «Бос» орындық техникасын қолданғанда, клиент сахнадағы бос орындықта отырған өзінің антагонистін елестете отырып, өз проблемаларына әсер етеді. Клиент бұл фантоммен өзара әрекеттеседі, тіпті рөлдерімен ауысады. Басқа сөзбен айтқанда, клиент жоқ индивид позициясынан фантомды индивидпен әрекеттеседі.

«Биік» орындық техникасын қолданғанда қарапайым орындықтың астына бірдеңе қояды, яғни басқалардан биігірек болуы керек (ол басқалардан биік болуы үшін орындыққа шығуы мүмкін). Бұл клиент- протагонистке күш беруі үшін жасалады.

«Биік» орындық тәжірибесі клиентке қауіпті шындықпен тиімді күресуге көмектеседі.

6.«Айна». «Айна» жаттығуы мазмұны бойынша «Рөлдермен ауысу» жаттығуына жақын келеді. Айна протагонистке оны басқалары қалай қабылдайтынын ұғуға мүмкіндік береді. Режиссер дәл осы әдісті қолдануға кез жеткенін сезгенде, ол клиентке шетке тұрып, оны қосымша «мені» қалай бейнелейтінін бақылағанды ұсынады. «Айна» өздерінің іс- әрекетіне сырттан қарауға мүмкіндік береді және өзінің әрекеттеріне жаңа көзқарасты қалыптастырады.

Бұл әдіс топта қолданылады. Мұнда өзін жағдайға байланысты ұстауына басты назар аударылады. «Айна» клиент пен өзінің қосымша «менінің» арасындағы визуальді және вербалды байланысты тудырады.

«Айна» техникасы «Рөлдермен ауысу» сияқты, клиентке оны басқалары қалай көреді және оған қалай әсерленетінін түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Режиссер бұл техниканы қолдану дұрыс деп санағанда, протагонист шетке тұрады немес басқа да көрермендермен бірге отырады. Ол қосымша «мен» актері оның рөлін ойнағанын бақылайды, яғни протагонистің өзін бейнелейді және протагонист жағдайының немес әрекет- қылықтың психодрамалық көрінісіндегі басқа көмекші «мендермен» әрекеттеседі. Олар клиенттің қылық- әрекетін өздері қалай көреді, солай бейнелейді. Осылайша, клиент өзінің бір бөлшегін басқалардың көзқарасымен көре алады. Бұл әдіс регрессивті және аутентифті клиенттермен жұмыста эффективті болып табылады.

7.Мүмкін болатын болашақ өмірлік жағдайларды ойнау. Қатысушылар, егер драматизделген проблемалық жағдай басқалай болғанда немесе басқа жолмен шешілген болса не істейтіндерін елестетулері керек. Мүмкін болатын жағдайлар ойналады. Бұл әдіс протагонисті болашақта мүмкін болатын жағдайға дайындау.

8. «Артыңда». «Артыңда» техникасының мәні мынада, яғни клиент сахнада орындыққа көрермендерге артпен отырады, ал режиссер көрермендерді клиентті талқылауға шақырады.

9.Идеалды басқа адам. «Идеалды басқа адам» техникасын қолдану клиенттің психодрамалық әрекеттің соңында қысымдылықты төмендетуге көмектеседі, сонымен қатар өзіне деген қатынасты сезінуге мүмкіндік береді. Психодрамада бейнеленетін «басқа адам» жұбайылардың, ата- ананың, достардың біреуі болуы мүмкін. «Идеалды басқа адам»- көмекші «менді» бейнелеуші болып табылады.

10.Сиқырлы магазин. Психодрамада кең түрде қолданылатын жаттығулардың бірі «сиқырлы магазин» ойыны болып табылады. Бұл техника клиентке өмірдегі өзінің шынайы мақсаттары мен армандарын түсінуіне көмектеседі: клиент «сиқырлы магазин» сатушысымен әрекеттеседі, оны көбінесе көмекші «мен» немесе режиссер бейнелейді. Режиссер қатысушылардан сахнада дүкен ашылғанын және онда керемет заттар: махаббат, ерлік, ақыл, дарындылық және т.б. сатылатынын елестетуді сұрайды. Магазин сатушысы клиентке қалаған нәрсенің барлығын ұсынады: байлық, бақыт, генийдің интеллектісі. Мысалы, біреу «сыйласымды» сұрайды. Дүкен қожасының рөліндегі режиссер нақтылайды: «қанша сыйласымдық керек», «кімнен», «немінеге байланысты» және т.б.

Магазин сатушысы клиенттен төлем сұрайды, пациентке қымбат бір нәрсе. Мысалы: денсаулық, махаббат, тәуелсіздік, абырой. Бұл клиентті дилемма алдына қояды және әдетте тез арада өзінің ішкі дүниесіне үңілуге итермелейді.

Психодраманың қасиеті болып белсенді жұмысқа барлық топ мүшелерінің қатысуы табылады. Әсіресе көмекші «мен» рөліне таңдалғандар. Психодрамаға топтық нормалар, ортақ топтық тақырыптар сияқты топтық динамиканың аспектілері маңызды.

Тәжірибелі режиссер түрлі таңдаулы әдістемелерді қолданады, олардың көмегімен психодрамалық әрекеттің дамуын басқарады, катарсис пен инсайтты тереңдетіп, күшейтеді.

Жоғары сынып оқушыларының жауапкершілігін төмендегідей психологиялық тесттер ұсынылады.

Тест 1. «Жауапкершілікті қалай сезінесіз?»

1. Маған біреу үшін жауапкершілікті өз мойыныма алған ұнайды:

А. Бұл мен үшін табиғи жағдай (2 балл)

Б. Тек ол адам менің пікіріммен санасатын болса (1 балл)

В. Тек қана қиын жағдайларда ғана(0 балл)

2.Егерде мен үшін бір адам тікелей немесе жанама түрде жәбірленер болса, мен жауапкершіліктен қашпаймын:

А. Менің ойымша бұл жағдай менің беделіме әсер етпейді (2 балл)

Б. Жағдай тым қиындап кетсе, одан басқа амалым жоқ (1 балл)

В. Мен ондай жағдайларға бас ауыртқым келмейді (0 балл)

3. Маған оте жоғарғы деңгедегі жауапкершілікті талап ететін, мерекелік кештердегі лауазымдар ұнайды:

А. Мұндай міндеттемелерді тек қана өздері сенетін адамдарға ғана жүктейді (2 балл)

Б. Мен ондай жұмыстарды аса жоғарғы жауапкершілікпен және қызығушылықпен орындаймын (1 балл)

В. Жоқ бұл жағдай мен үшін емес (0 балл)

4. Менің туыстарым менің жеке басыма байланысты көп сұрақтар коюы мүмкін:

А. Ол дәлелдеуді қадет етпейтін аксиома (2 балл)

Б. Мұндай жағдай әр кезде ғана болады

В. Менің жеке басыма басқалардың араласқанын қаламаймын

5. Менің ойымша досым үшін маңызды жағдайда жауакершілікті өз мойыныма алу – бұл дұрыс:

А. Өйткені мен оның жақын досымын (2 балл)

Б. Тек қана ол менің пікірімді басшылыққа алса ( 1 балл )

В. Ол көңіл күйіме байланысты( 0 балл )

6. Егерде менің жұмыстағы шаруаларға мүмкіншіліктерім жетпейтін болса, мен жауапкершілікті басқа адамдардың мойнына артар едім:

А. Мен басқа біредің арқасына тығылуға үйренбегенмін ( 2 балл )

Б. Кейде ондай жағдайлар менің басымд болып тұрады ( 1 балл )

В. Менің жұмыстағы сәтсіздіктерім басқа адамдардың кесірінен болады деп ойлаймын ( 0 балл )

7. Маған адамдардың жауапкершіліктен қашу үшін өтірік айтып, екіжүзділік танытқандары ұнамайды:

А. Өйткені мен ешқашан жауапкершіліктен қашпаймын ( 2 балл).

Б. Менің ойымша кейде жауапкершіліктен қашуда олжа әкелуі мүмкін (1балл).

В. Өмірде болатын жағдайлар мен қиындықтар ешқашан алдын ала ескерілмейді, сондықтар әр нәрсеге өзіңді кінәлі деп санау – бұл ақымақтық (0 балл)

8. Мен бір жұмысты бастар алдында көп ойланып қана бір шешімге келемін:

А. Бұл менің әдетіме айналған ( 2 балл).

Б. Мен бұлай тек кейде ғана жасаймын (1 балл).

В. Мен мүлдем олай жасамаймын ( 0 балл)

9. Егерде маған маңызды тапсырма жүктелсе, мен өз кызығушылықтарымнан бас тартып, сол жұмысқа кірісер едім:

А. Мен әрдайым солай жасаймын (2 балл)

Б. Кейде ғана осылай болады (1 балл)

В. Мен үшін өз қызығушылықтарым алғашқы орында (0 балл)

10. Мен жауапкершілігі жоқ адамдармен достасқым келмейді:

А. Өйткені олар менен қиын жағдайда теріс айналып кетуі мүмкін (2 балл)

Б. Ондай адамдар менің достарымның арасының арасында бар(1 балл)

В. Мен тіпті ондай адамдармен араласқым да келмейді (0 балл)

11. Мен менен жасы кішілердің қасында жауапкершілікті өз мойныма алғанда жөн көремін:

А. Мен өзімнен кішілерге қорғаныш болуды жақсы көремін (2 балл)

Б. Йа болуы мүмкін, алайда мен жұиысты жоғарғы қарқынмен орындағым келмейді (1 балл)

В. Әр адам өз жауакершілікті сезінгендері дұрыс деп ойлаймын(0 балл)

12. Мен жауапты жұмысты орындау барысында, өз қол астындағы адамдарға өте қаталдық танытамын:

А. Йа мүмкін, алайда оңашада мен адамдармен жақсы қарым-қатынаста боламын (2 балл)

Б. Кейде осылай болады (1 балл)

В. Мен мүлдем олай жасай алмаймын (0 балл)

13. Мен өзгелердің қателіктерін сөз қылғаннан гөрі, жеке басымның шаруасымен айналысқанды жөн санаймын:

А. Мен бұл әрекетті саналылық деп білемін (2 балл)

Б. Өзгелердің жеке басына араласу, дұрыс емес( 1 балл)

В. Кейде олай менде болады (0 балл)

14. Егерде мен үшін де, досым үшін қиын жағдай орын алса, мен досымды қолдап, оған көмек жасар едім:

А. Өйткені ол менің жан досым (2 юалл)

Б. Ол менің абыройым үшін жасалынатын дүние (1 балл)

В. Жоқ мен үшін өз міселелерім алғашқы орында (0 балл)

15. Мен ата-аналардың өтініштерін бұлжытпай орындауды жөн санаймын:

А. Әйтпесе, мен өзімді кінәләймін (2 балл)

Б. Әрқашан да олй емес, кей кезде ғана (1 балл)

В. Жоқ, менің оған төзімім жете қоймайды(0 балл)

16. Менің өзімнің туыстарымды және жақындарымды ренжітіп алмауға үнемі тырысып жүремін:

А. Өйткені мені біреу ренжіткендегі сезімнің жаман болатынын жақсы білемін ( 2 балл)

Б. Олардың маған жасаған қарым-қатынасына байланысты(1 балл)

В. Ол мүмкін емес жағдай (0 балл)

17. Мен өз денаулығыма қатты көңіл бөлемін:

А. Өйткені, ол менің байлығым деп білемін (2 балл)

Б. Мен оған тырысамын(1 балл)

В. Менің оған үнемі мүмкіншілігім бола бермейді(0 балл)

18. Егер де, менің туыстарымның бірі қатты аурып қалар болса, мен ол үшін үй шаруасындағы барша жауапкершілігін өз мойныма аламын:

А. Солай жасасам, мен ауырып қалғанда да ол маған көмектеседі деп ойлаймын (2 балл)

Б. Йа кейде солай жасаймын, алайда ол көңіл-күйіме байланысты (1 балл)

В. Егерде ол менен өтініп сұрар болса ғана (0 балл)

19. Мен жеңіл ойлы адамдарға құрмет көрсеткім келмейді:

А. Өйткені, ондай адамдар сен үшін өте қауіпті болуы мүмкін (2 балл)

Б. Мен ондайларға көп көңіл аудармаймын (1 балл)

В. Менің ойымша ол кемшілік емес (0 балл)

Тест нәтижесі: 34-40 балл, Сіз жауакершілігі өте мықты жансыз. Сізге көп адамдар өз сенімін арта алады. Алайда, сіз өз қызығушылықтарыңызбен көп санаспайсыз. 27-30. Сіздің жауакершілігіңіз орта деңгейде. 20-26, сізге көп жауапкершілік артуға болмайды, өйткені сіз үшін өзіңіздің қызығушыдықтарыңыз алғашқы орында. 20-дан төмен, сіздің жауапкершілігіңіз мүлдем төмен. Сіз өз ортаңыздағы адамдарға көп көңіл аударып, оларға көмектесуге тырысқаныңыз абзал.

Тест 2 «Өзіңізді қаншалықты жауапкершілігі жоғары адаммын деп ойлайсыз».

1.Мектепте бір іс-шарадан апайыңыз сізге бір тапсырма берді сіз оны қай дәрежеде орындайтын едіңіз

А. Маған сенімін артты мен жоғары дәрежеде орындайтын едім-2

Б. Маған қызық емес, орта дәрежеде-1

В. Сол уақыт апайға орындайды қаламайтвнвм айтар едім-0

2.Мектепті аяқтаған сөң сіз болашақ мамандығынызды тандауды қалай шештіңіз

А. Өзім, өз қалауыммен тандадым, әр қашан өзіме ғана жауапкершілікті артамын - 2

Б. Ата-анам, туыстарым кеңесіне жүгінемін - 1

В. Тек қана жан – жақтан кеңес тындай отырып шешім қабылдаймын –0

3.Жоғары оқу орнына түскенде сіз кімге сенім арттыңыз

А. Өз күшім және біліміме-2

Б. Өз бағыма,әрқашан маған бап шабады-1

В. Тек қана жан жақты таныстарыма-0

4.Жұмысқа қалай орналастыңыз

А. Оқу орнының бөлуы бойынша-2

Б. Жұмыс іздедім таныстармнан, достарымннан-1

В. Ата – анам таныстары арқылы-0

5.Болашақ жарыңызбен некеге тұруда кім шешім қабылдады

А. Болашақ жарым екеуміз шешім қабылдадық-2

Б. Достарым кеңесіне жүгіндім-1

В. Ата-анам кеңесіне орай шешім қабылдадым-0

6.Сіздің жарыңыз шетелде,сіз мысалы қымбат бағалы мебель алуға шешім қабылдай аласыз ба?

А. Ия-2

Б. Жарым екеуміз шешім қабылдағанымыз жөн деп ойлаймын-1

В. Жоқ-0

7.Сіздің достарыңыздың кемшіліктері барма,бар болса

А. Достарымның ол кемшіліктерінен арылуын айтар едім-2

Б. Оларға ол кемшіліктерінен қалай құтылу керек жолдарын кеңес берер едім-1

В. Өздеріне қойып берер едім-0

Жауабы: 9-14 балл. Өте жауапкершілігі мол адам.Сіз арқашан өзіңіз шешім қабылдай аласыз.Өз проблемаларыңызды өзіңіз ешқандай кеңессіз шешіп үйренген адамсыз. 6-8 балл.Жауапкершілігі орташа. Сіз кішкене жалқау адамсыз.Арқашанда өз проблемаларыңызды шеше бермейсіз,жалқаулығыңыз артынан басқа адамдарға артып шешім қабылдайсыз. 3-5 балл. Жауапкершілік не екенін білмейтін адам. Сіз басқалар кеңесіне жүгінеберіп өз бетінше шешім қабылдай алмайтын адамсыз.

Тест -3. «Өзіңізді қаншалықты жауапкершіл адаммын деп ойлайсыз»

1. Мектепте бір іс-шарадан апайыңыз сізге бір тапсырма берді сіз оны қай дәрежеде орындайтын едіңіз

а) маған сенімін артты мен жоғары дәрежеде орындайтын едім-2

b) Маған қызық емес, орта дәрежеде-1

c) Сол уақыт апайға орындайды қаламайтвнвм айтар едім-0

2. Мектепті аяқтаған сөң сіз болашақ мамандығынызды тандауды қалай шештіңіз

a) Өзім, өз қалауыммен тандадым, әр қашан өзіме ғана жауапкершілікті артамын - 2

b) Ата-анам,туыстарым кеңесіне жүгінемін - 1

c) Тек қана жан – жақтан кеңес тындай отырып шешім қабылдаймын –0

3. Жоғары оқу орнына түскенде сіз кімге сенім арттыңыз

a) Өз күшім және біліміме-2

b) Өз бағыма,әрқашан маған бап шабады-1

c) Тек қана жан жақты таныстарыма-0

4.Жұмысқа қалай орналастыңыз

a) Оқу орнының бөлуы бойынша-2

b) Жұмыс іздедім таныстармнан, достарымннан-1

c) Ата – анам таныстары арқылы - 0

5.Болашақ жарыңызбен некеге тұруда кім шешім қабылдады.

a) Болашақ жарым екеуміз шешім қабылдадық-2

b) Достарым кеңесіне жүгіндім-1

c) Ата-анам кеңесіне орай шешім қабылдадым-0

6.Сіздің жарыңыз шетелде, сіз мысалы қымбат бағалы мебель алуға шешім қабылдай алатынбедіз

a) Ия-2

b) Жарым екеуміз шешім қабылдағанымыз жөн деп ойлаймын-1

c) Жоқ-0

7.Сіздің достарыңыздың кемшіліктері барма,бар болса

a) Достарымның ол кемшіліктерінен арылуын айтар едім-2

b) Оларға ол кемшіліктерінен қалай құтылу керек жолдарын кеңес берер едім-1

c) Өздеріне қойып берер едім-0

Жауабы: 9-14 балл. Өте жауапкершілігі мол адам.Сіз арқашан өзіңіз шешім қабылдай аласыз.Өз проблемаларыңызды өзіңіз ешқандай кеңессіз шешіп үйренген адамсыз. 6-8 балл. Жауапкершілігі орташа. Сіз кішкене жалқау адамсыз.Арқашанда өз проблемаларыңызды шеше бермейсіз, жалқаулығыңыз артынан басқа адамдарға артып шешім қабылдайсыз. 3-5 балл. Жауапкершілік не екенін білмейтін адам. Сіз басқалар кеңесіне жүгінеберіп өз бетінше шешім қабылдай алмайтын адамсыз.

Сонымен қатар «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» тақырыбында аутотренинг ұйымдастырылды.

Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтіру.

Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыз-дар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет! Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашыл-ған есігінен әсем әуен естіледі.

Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де кере-мет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсызда, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетесіз... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін. Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, осы бөмеде ҰБТ-ға байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсер-лерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.

Сіздер көңілді қайратты, қажырлысыздар.

Ешқашан жүректілік пен оптимизімді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар!

Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндердеде үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін... Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз-сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.!

Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз.

Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз.

Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі де болады!

Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан... Ораламыз.

Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтаға-ныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.

Сонымен әркім қашан көзін ашқысы келсе, сол кезде көзін ашады.

  • Толыспаған айды көрген тұлғалар, тапсырылған жұмысқа толық жауапты емес. Басталған жұмыста қиындықтар туған мезетте, жартылай тастап кету қауіпі бар. Жанында белсенді тұлғалар бар болса ғана сол істі аяғына дейін жеткізуге тырысады.

  • Ақ бейне - жұмыстағы жеңіл жақтақты ,өзіне тиімді әрі ұнамды жұмысты атқарғанды ұнатады.Көпшілікпен жұмыс жасау барысында белсенді ат салыспайды.Бірақ, ұнатқан ісін аяғына дейін жеткізгенді ұнатады.

  • Қара бейне - Сабырлы, барлық жұмыстарды ұқыптылықпен, тиянақтылықпен ұнатқанды жақсы көреді. Сол себепті де кейбір тұлғалар көп жұмысты осы ұқыпты жандарға ысырып қойғанды ұнатады.

Сынып сағаты: Жауапкершілік-адамгершілік сипаты

Мақсаты:«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

- жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;

- балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;

- өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Баспалдаққа көтеріліп бара жатқан баланың суреті салынған плакат және әрекетті білдіретін сөздер жазылған қатты қағаздар, Ақботаның қоржыны.  Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды:

                                    Атқарамыз әр істі,

                                    Жақсыға біз лайық.

                                    Жауаптылық сезініп,

                                    Уәдеде тұрайық!

             «Өкініш» әңгімесі оқылады. Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді.

- Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нөлмен  қатырмасақ па?

- Әттеген-ай-а!- деп Қайырбек басын шайқады. – Атам фермадағы бір танысынан есектің  қамытын алған екен. «Соны апарып тастарсың»? деп еді.

- Өй, бар болғаны сол ма? Жақып көңілдене күліп қойды.

- Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің... Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр. Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады.

Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да:

- Мейлі ендеше, - деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті.

- Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе?

Қайырбек не дерін білмей абдырап:

- Иә, ата, апарып тастадым, - деді.

- Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым!- Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды.

      Үй іші кешкі асқа отырды. Ас үйде әжесімен амандасқан біреу дабырлап кіріп келді.

- Кеш жарық!

- Оу, Келденбісің. Жоғары шық!?деп атасы көңілдене дауыстап, кешкі қонақты төрге шақырды.  Шығамыз ғой. Айтпақшы, құрдас, қартайғанда өтірік айтатын болғанбы- сың. Бүгін аласың деген қамыт қайда? Үйдегілер «қамыт әкелген пендені көрмедік» деп ант-су ішеді.                                                                                                  

- Апармағаны қалай? Қайырбек шырағым... – Атасы түсін суытып, немересіне қарады. Қайырбек ұяттан кірерге тесік таппай, көзімен жер шұқыған қалпы үнсіз отырып қалды.

  • Балалар, Қайырбекті ұятқа қалдырған қай әрекет?

  • Қайырбектің атасы не үшін ұялды?

  • Қайырбектің орнында болсаңдар, не істер едіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз: Мұғалім тақтаға «Уәде берсең - орында» деп жазып қояды және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

- Әңгімеде айтылғандай, адам өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындамаса, өзін ғана емес, өзгені де ұятқа қалдырады екен.

- Сендер «Уәде берсең - орында» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

- Сендердің уәде беріп, орындай алмай қалған кездерің болды ма? Болса естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

   Балалардың жауаптары тыңдалып, өздері қорытындылауға мүмкіндік беріледі:

- Берген уәдені уақытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді. Ата-бабамыз балаларының жауапкершілікті болып өсуін армандаған, сол үшін де «Уәдені – берсең орында» мақалы ұрпақтан ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

   Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады.

 Ойын-жаттығу

  «Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деп аталатын ойын-жатты-ғуда балалар өз білім-біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады.

   Плакатта баспалдақтармен көтерілгелі тұрған баланың суреті берілген. Мұғалім жеке-жеке іс-әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған қатты қағаздарды(үлкен әріптермен) Ақботаның қоржынына салады. Балалар кезегімен тақтаға шығып, қоржыннан қағазды алып, онда жазылған іс-әрекеттерді оқиды, бала осы іс-әрекетті жауапкершілікті болуға қатысты деп тапса, оған «Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деген сөзді қосып айтады. Мысалы:«Мен жауапкершілікті баламын, өйткені уәдемде тұрамын». Мұғалім осы қағазды суреттегі баспалдаққа жапсырады. Егер қоржыннан шыққан қағазда жазылған іс-әрекет жауапсыздықты білдірсе, онда бала оны не үшін жауапсыздыққа жатқызатынын түсіндіріп айтып береді.

     Қағазға жазуға ұсынылатын іс-әрекет үлгілері: уәдемде тұрамын; өзіме сенімді боламын; өзімді басқара білемін; жұмысты қызығып атқарамын; сабақтан кешікпеймін; аулада ұзақ ойнаймын; үлкендердің тапсырмасын ұмытып кетемін; айтқан сөзімді орындаймын және т.б.    Мұғалім іс-әрекеттердің санын өз қалауына қарай көбейтуі мүмкін.     Жаттығу соңында балалар мұғаліммен бірге суреттегі баспалдаққа жапсырылған қағаздағы іс-әрекеттерді бірге оқып шығады.

Қорытындылау. Қорытындылау кезінде мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендіктерін өздеріне қорытынды жасату арқылы тексере алады.

Шығармашылық жұмыс

Мұғалім дәптерде берілген екі тапсырманы түсіндіреді:

Дәптердегі суреттерге қарап, олардың мазмұны бойынша жауапкершілік, жауапсыздық сөздерін қатыстырып әңгіме құрандар.

1-суретте: Екі бала әкесімен бірге екі ағаш көшетін отырғызды. Әкесі балаларына ағаштың күтімі туралы кеңес беріп тұр.

2-суретте: Бірінші бала ағашқа су құйып жатыр. Оның ағашы тіп-тік болып, жапырағы жайқалып өсіп тұр.

3-суретте: Екінші баланың ағашы қурап тұр. Ал баланың өзі алаңсыз доппен ойнап жүр. «Мен – жауапкершілікті баламын, өйткені...» айдарымен берілген бос жолдарға жауапкершілікті білдіретін іс-әрекеттерді естеріңе түсіріп жазыңдар.Мысалы: Мен – жауапкершілікті баламын, өйткені тапсырманы орындаймын.