- •5В012300 – «Әлeyмeттiк пeдaгогикa жәнe өзiн-өзi тaнy»
- •Мазмұны
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың теориялық негіздері --------
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың педагогикалық – тәжірибе жұмысыНЫң мазмұны----------------------------------------
- •1. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың теориялық негіздері
- •«Жауапкершілік», «әлеуметтік жауапкершілік» ұғымдарының ғылыми әдебиеттерде зерделену жәйі
- •Кесте «Жауапкершілік» ұғымына берілген отандық, ресейлік және әлемдік ғалымдардың анықтамасы
- •1.2 Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамыту жолдары
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі
- •Әлеуметтік педагог
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың педагогикалық – тәжірибе жұмысыНЫң мазмұны
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың мaзмұны мeн әдiстeмeсi
- •2.2 Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамыту мақсатындағы педагогикалық тәжірибе жұмысының кезеңдері
- •2.3 Педагогикалық – тәжірибе жұмысының нәтижелері
- •7 Сауал бойынша диаграмма
- •Қорытынды
Отбасы
1.
мойындауға, істі аяғына дейін орындауға
үйретеді; 2.
еңбек етуге бейімдейді; 3.
Айтқанын
орындауға, өзіңнің де өзгенің де мүлкіне
қиянат жасамауға тәрбиелейді.
1.
жауапкершілік, әлеуметтік жауапкершілік
ұғымдары туралы түсінік беру; 2.
жауапкершілік қабілеттерін қалыптастырады; 3.
тәрбиелік
іс-шаралар
жүргізеді.
оқушылардың
әлеуметтік жауапкершілігін дамытушы
субъектілері
Әлеуметтік педагог
оқушы
Мақсаты:
оқушылардың
әлеуметтік жауапкершілік деңгейін
дамыту
Іс-әрекеті
компоненті
тұғыры
Ұстанымы
Іс-әрекеттік-рефлексивтік,
эмоционалды-еріктік,
құндылықтық-мотивациялық
Іс-әрекеттік,
аксиологиялық.
Серіктестік;
гуманизация, рефлексия.
Тәрбие
сағаттары арқылы іс-шаралар жүргізу
(аптасына 1 рет)
Әлеуметтік
жауапкершілігін дамытуда «Жауапкершілік-
басты қасиет»
атты арнайы курсы
10-сынып
1.
Адамгершілік айнасы-жауапкершілік» 2.
«Жауакершілік – саналы әрекет» 3.
«Үлкенге ізет, кішіге көиек»
4.
«Белсенділік танытып, жауапты іс-әрекет
атқар» 5.
«Әлеуметтік ортада өзіңді ұстай білесіз
бе?»
9-сынып
«Жауапкершілік
– адамшылық белгісі» дөңгелек үстел;
«Өзіңізді
қаншалықты жауапкершілікті адаммын
деп ойлайсыз»
психологиялық тест; Біреу
үшін жауапкершілікті мойныңызға ала
аласыз ба? Сұхбат;
«Жауапкершілік
- абырой арттырады, жауапсыздық
ұятқа
қалдырады»
пікір-талас.
Сабақтың
формасы
Сынып
сағаты, семинар- тренинг, іскерлік
ойындар, дөңгелек үстелі, әлеуметтік
бейне роликтер.
Сабақтың
әдістері
әңгімелесу
, сахналау, түсіндіру,
пікірлесу, талдау,
ассоциациялау
Оқушылардың
әлеуметтік жапаукершілігін дамытуда
тесттер, жаттығулар, ойындар,
әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушылардың
әлеуметтік жауапкершілігін анықтау
Сабақтың
мазмұны
Нәтижесі
әлеуметтік
жауапкершілігі жоғары оқушы
Сызба 1- Оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Адамның жауапкершіл болуы оның еркіне де байланысты, ерікті адам жауакершілігі мол болып келеді. Сонымен қатар ерікті адамның өз алдына қойған мақсаттары болады. Сол мақсаттарын жүзеге асыру барысында өзіне жауапкерлік қасиетін жүктейді.
Негізі ерiк дегеніміз - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезiккен сыртқы жəне iшкi кедергiлердi жеңуiмен байланысты өз қылық əрекеттерiн қолдап, реттей бiлу қасиетi. Ерiк өмiрдiң ауыртпалық түскен жағдайларында белсендiлiк көтерiп, өзiн-өзi реттеудiң көзi болумен түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз əрекет-қылығын реттестiре алу қабiлетiнiң негiзiнде жүйке жүйесiнiң өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерiк саналы өзiндiк басқарумен бiрге белсендiлiк арттыру, немесе ынталандыру, жауапкершілік жəне реттеу қызметтерiн де атқарады. Кейбiр ерiктiк əрекеттер күрделi сипатта болуынан, оның орындалуы ұзақ мерзiмге созылуы мүмкiн, мысалы, тау шыңын ерттеп мiнем деген альпинист, көрмеге дайындалған оқушы т.с. өз ойларын ақтауы үшiн талай жұмыстарға маңдай терiн төге, ерiк күшiн сарп етуi керек. Психиологиялық қорғаныс механизмдерiн пайдаланып, кейбiр ұнамсыз қылықтар төркiнiн басқаларға бiлдiрмеу мақсатымен адам өзiнiң iшкi кедергiлерiн сырт, объектив етiп көрсетуге тырысады. Мысалы, сабаққа кешiккенiн оқушы ұйқысырап қалғаны жауапкерсiздiктен емес, мыңсан жалған объектив кедергiлермен байланыстыра салуы мүмкiн: əжем ауырып қалды, дəрiгер шақырдым; автобус уақытында келмей қалды, асығудан жығылып, үстiмдi бүлдiрiп, үйге барып, қайта киiндiм т.с.с.
Қандай да ерiктiк əрекетке араласа отырып, адам оның iзгi нəтижесiне байланысты өзiне жауапкерлiк жүктейдi. Iс-əрекеттiң əлеуметтiк мəндi нəтижесi алғашқы ниет шеңберi-нен толастап қоғамдық iс сипатын алады. Субъекттiң осы iске болған жеке жауапкерлiгi өз əрекеттерiнiң салдарын қоғамдық-тарихи талаптар тұрғысынан сараптай бiлу қабiлетiнен көрiнедi. Əлеумет ортасында қалыптасқан заң, мораль, əдет-ғұрып пен дəстүрлерге орай iс жақсылық не жамандық болып бағаланады. Адамдар өзара атқаратын бiрдей iсiнiң көп түрлi орындалу дəрежесiмен ғана емес, өз iсiнiң жауапкерлiгiн кiмге артатынына да байланысты. Əдетте, iс нəтижесi сəтсiз келсе, адам жауапкерлiктi бiреуге не сыртқы жағдайларға ысыра салуға бейiм келедi, ал жұмыс нəтижесi мақтауға тұрарлық болса, ол нəтижеге өзiнен басқа бiрде бiреудi жолатқысы жоқ.
Психология ғылымында Д. Роттер енгізген бақылау локусы деген ұғым бар. Осыған орай өз қылықтары мен iстерiнiң себебiн тыстан iздеушiлер сыртқы бақылаулы ал себеп-салдардың көзiн өзiнен табуға тырысатындар iшкi бақылаулы болып бөлiнедi.
Сыртқы себептерге жүгiнетiндер əрдайым өз қабiлеттерiне сенiмсiздiкпен қарайды, тұрақсыздық көрсетедi, мегзегенiн кейiнге қалдыруға бейiм, жауапкерлiгi кем, төңiрегiндегi-лердiң бəрi оны қобалжытады, осыдан ол күмəншiл, шамданғыш, ызақор.
Ал интерналды адамдар өз қылықтары мен iстерiнiң жауапкершiлiгiн өздерi көтеруге қабiлеттi. Мұндай тұлғалардың өзiне деген сенiмi мол, мақсатқа жету жолында бұлар бiр iздiлiк пен табандылық танытады, өз iсiне талдау жасай алады, мiнезi байсалды, қайырымды, қауымшыл əрi тəуелсiз келедi.
Психологияда жауапкершілікті мінездің қасиеттерінің бірі деп те есептейді.
Адам мінезінің құрылымы əртүрлі қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тəуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай əр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылым дейді. Мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі факторлар деп аталады. Психикалық ғылымда мінез қасиеттерін 4 топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайлылық;
2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайрымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік;
3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тəкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік т.б;
4. Заттарға қатысты: ұқыптылық, ұқыпсыздық, салдыр – салақтық қасиеттер арқылы да адамның жауапкершілігі байқалады [37].
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамг ершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Өмірде жауабсыз адам болмайды. Кей кезде жауапсыздық жалқаулық артында көрініс табады. Педагогикалық процесте Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар. Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.
Жауапкершілік адам бойында жас кезінен бастауыш сыныпқа барғанда қалыптаса бастайды. Одан алдын бала ата – анасына үй шаруаларында қызыға отырып көмектесіп жауапкершіл адам болуға алғашқы қадамдарды тастайды. Бастауыш сынып мұғалімі оқушыға білім, тәрбие бере отырып жауапкершіл адам болуға да тәрбиелейді. Оқушыны жауапкершілікке тәрбиелеуде еңбек тәрбиесі арқылы, яғни оқушы бойына бір істі арту арқылы қалыптастыру ең тиімді тәсілдердің бірі деп ойлаймын.
Жауапкершілікке тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы еңбектің мүмкіндігі зор. Қоғамдық еңбек процесінде оқушылар ыждағаттылыққа, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға, еңбекті сүюге, өмір жолындағы қиындықтар мен бөгеттерді жеңуге деген табандылық пен шеберлікке тәрбиеленеді. Мектеп ауласын көгалдандыруға қатыса отырып олар ұйымшылдық, орындағыштық тәжірибесін алады, өз қолдарымен отырғызған ағаштар мен бұталарды күтіп, баптап сақтайтын болады. Соның нәтижесінде оларда тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімі тәрбиеленеді. Жақсы ұйымдастырылған еңбекте мектеп оқушылары дұрыс мінез-құлық, педагогтар мен оқушылар ұжымы органдарының дәл орындау дағдыларына ие болады, әрі нығайтады, өзара жауапкершілікке, тыңғылықтыққа үйренеді. Еңбек және қоғамдық пайдалы іс-әрекет тек қана дағдылар мен әдептерді емес, сонымен бірге оқушы өзін тәртіп талаптарына сай ұстауға бағыттайтын ізгілікті мотивтерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық процесте мұғалімдер мектепте я болмаса ЖОО оқитын оқушылар мен студенттерді үнемі салыстыра отырады. Кейбір топтар жауапкершілігі өте жоғары болып келеді, ал кейбір топтар жауапкершілігі жоқ топтар болып көзге көрінеді. Жауабсыз топтың оқушыларын жауапкершілікке тәрбиелеуге не кедергі келтіреді. Негізі бұл кедергі емес, жай ғана мұғалімнің топқа сенім білдірмеуі. Егер мұғалім оқушыларға бір рет мүмкіндік беріп оларға сенім артса, оқушылар бұл сенімділікке өз жауапкершілігін көрсете жауап қайтарады. Осылайша оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелей алады.
Тағы да бір мысал, мұғалімдер үздік оқитын оқушыларды жақсы көреді. Олардың жауапкершілігі мол, әрдайым сенім артуға болады. Алайда екілік немесе үштік бағаға оқитын оқушылар секілді бұзық қылықтарымен «тосын сый» жасамайтындықтан, адамды жалықтырып жіберуі мүмкін. Мұнымен қатар, олар сөзге шорқақ болып келеді деп санайды. Жаман оқийтын оқушының жалқаулық қасиетіне көңіл бөлмейді. Жаман оқийтын оқушыға сенім артпайды. Мұғалімдер бір рет жаман бағаға оқийтын оқушыға бір жұмысын сеніп бұйырып көрсін, сол кез өзі сенбей жүрген оқушысы жұмысын жоғары дәрежеде орындағанына көз жеткізер еді. Артынша оқушыны жауапкершілікке тәрбиелеуге қол жеткізер еді.
Осылайша адам бойындағы жауапкершілікті қалай білуге болады деген сұраққа мен былай жауап бергім келеді, әрине оған берілген белгілі бір істі орындау арқылы дегім келеді.
Бұл өмірде жауабсыз адам болмайды дегім келеді. Сіздер ол жауапсыз адам деп ойлаған адамынызға өзіңіздің бір жұмысыңызды орындап беруін сенімділікпен, яғни сіз оған сенім артып жатқаныңызды айтып орындатып көріңіз сонда сіз ол адамның жауабсыз адам емес екеніне көз жеткізесіз. Сырттай көрінген бұл қасиет кейбір адамдарда іште жасырынып жатады. Кей кезде ол адамның өзіде өзінің қаншалықты жауапты адам екенін кеш байқайды.
Сонымен әлеуметтік жауапкершілік әсер ететін факторлар төмендегідей бөлінеді:
Әлеуметтік жауапкершілік |
|
Ішкі әлеуметтік жауапкершілік әсер ететін факторлар |
Сыртқы әлеуметтік жауапкершілік әсер ететін факторлар |
|
-еңбектегі қауіпсіздік; - тұрақты жалақыны жоспарлау; - қосымша медициналық және әлеуметтік сақтандыру орындарымен ынтымақтастық; - білім жетілдіру, жаңаша бағдарламалармен таныс болу; - қиын жағдайда қалған адамдарға көмек беруге дайын болу.
|
Кесте 2 Әлеуметтік жауапкершілік әсер ететін факторлар
Оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуда біріншіден біз олардың белсенділігін арттыруымыз қажет. Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістілігін айқындайды және тапқырлығының мәнін құрайды. Сондықтан оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру- әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып есептеледі.
Көптеген авторлар оқушылардың сабақтағы белсенділігі «саналылық және белсенділік», саналылық, белсенділік, дербестілік» «саналы белсенділік және дербестік» деген сияқты сөз тіркестерімен беріп дидактиканың принциптері ретінде қарастырады .
Т. Шамова белсенділіктің маңызды рөлін ескере отырып, оны жекеше дидактикалық категория категорияға бөліп қарастырады [38;5]. Шын мәнінде саналылық пен белсенділік принциптері арақатынастарын алсақ, онда мақсатты белсенділік толық ұғынған жағдайда болады, сондай-ақ белсенділіксіз саналылық нәтижесіз болатынын көреміз. Оқушылар белсенділігі болмас оқу үрдісіне толық қатыса алмайды. Ендеше белсенділік білім мақсатарына жетуге деген жауапкершілікті арттыратын негізгі шарттардың бірі.
Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамыту үшін біріншіден қоғамдық тәрбие деген ұғымның мағынасын ашып көрсетейік. Қоғамдық тәрбие - көп деңгейлі жүйе. Ол қоғамдық деңгейде тұтас мемлекеттік тәрбие жүйесі ретінде қызмет атқарады. Аймақтық жүйе ретінде оның аймағына кіретіндер шекарасында, өз бетінше тәрбиелік жүйесі ретінде жекелеген тәрбие беру институты шеңберінде, қоғамдық тәрбие жүйесінің осындай деңгейлерінің әрқайсысына тоқтала отырып, олардың қызметтерінің мақсаты қоғам арқылы еріксіз қабылданған материалдық база да қоғам арқылы қамтамасыздандырылады, ал бірлестіктерде оку-тәрбие процестеріне қалың бұқара қатысады.
«Қоғамдық тәрбие» түсінігіне кең мағынада тәрбиенің барлық деңгейі мен түрін, соның ішінде жанұялық - ұйымдастырылған және тәрбиенің қоғамдық институты болып табылмайтын даралық тәрбие кіреді. Бұл термин тар мағынада жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық ұйымдастырылған педагогикалық процестердін жиынтығын білдіреді.
Қоғамдық тәрбиенің екі формасын (шартты) көрсетуге болады. Жас ұрпақа бұл жөнінен еліміздің бүкіл азаматтары арқылы іске асырылатын жанама түрдегі қоғамдық тәрбие, мемлекет тарапынан арнайы құрылған тәрбие институттары арқылы жүзеге асырылатын және елдегі әрі аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайдың деңгейін көрсететін тура нәтижелі қоғамдық тәрбие. Оқушының шығармашылык тұлғасын жан-жақты үйлесімді дамыту үшін онын өз мүддесіне қарай ұжымдарға балалардың, жастардың ұйымдарына, еңбек ұжымына белсенді қатысуы үлкен мәнге ие. Сонымен бірге әрбір осы ұжымдардың тәрбиелік тиімділігі егер оқушылардың әрекеті неғұрлым қанығырақ болса, шығармашылыққа, ынтасы мен өз әрекеттілігіне бейімделген болса, соғұрлым жоғары болады.
Жоғары сынып оқушысының бойында әлеуметтік жауапкершілік «орта» арқылы қалыптастады.
С.И. Ожегов сөздігінде «Орта - қоршаған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардың ортақтығын байланыстыратын адамдар тобы» деп анықталады[39].
