Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Жанаар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.97 Кб
Скачать

1.2 Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамыту жолдары

Жауапкершілік - өз өміріңді өзгертуге деген талпынысың, мақсатқа жетуге деген ұмтылысың. Жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады[15].

Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды. «Жауапкершілік» термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.

«Әлеуметтік жауапкершілік» түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі болып есептеледі. Әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік - жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай жауапкершілікті әрқалай сезінеді, ол сана сезімнің ерекше бір түрі. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған - туыстары, жора - жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.

Жауапкершілік - белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс пен іс - әрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне байланысты.

Қарапайым күнделікті өмірде белсенділік адамның мінез - құлқы мен іс - әрекетін сипаттайтын негізгі белгілердің бірі де жауапкершілік болып табылады.

Жауапкешілік ол тұлға белсенділігі - адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі, қоғамдағы, қарым - катынастағы тегеуріңділігі. Бұл адамның әлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқататын қасиет.

Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптіліп мен өз көзқарасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірліпнен көрінетін адамның белсенді өмірлік позициясы ретіңде сипатталады; ситуацияға үстем белсенділік - субъектінің ситуациялық алаптардьін деңгейінен биік болу қабілеті. Ситуацияға үстем белсенділік арқылы субъект іс-әрекеттің ішкі және сыртқы кедергілерін (мысалы, енжарлық самарқаулық селқостық, т.б.) жеңеді белсенділіктің бұл түрі шығармашылық жағдайларда, танымдық белсенділікте риясыз бас тігуде және шекген аскан белсенділікте көрінеді; іздену белсенділігі болашағы беймәлім ситуацияны өзгертуге бағытталатын мінез. іздену белсенділігі - міңез-құлықтың көп типтерінің бірі болып табылады Оның психикалық көріністері - жоспарлау, киялдау, т.б.; шектен асқан белсенділік нәтижелі іс-әрекетті сипаттайтын, істің жоғары нәтижелігінің маңызды көрсеткіштерінін бірі. Жалпы алғанда жауапкершілік өмірдің кепілі[16].

Егер қазіргі нарықтық жағдай болсын немесе әлемдік саясаттағы көрініс болсын өркениеттің дамуында, тіпті плпнетамыздың сақталып қалуында жауапкершіліктің ойып алар орны бар. Сондықтан әр адам өз бойында сана сезімнің жоғарғы табиғи денгейі жауапкершілікті тәрбиелеп, дамытып, ерікті түрде күшейтіп отыру керек.

Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады[17].

Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:

борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;

  • борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;

  • борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

  • белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);

  • борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.

Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан (мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.

Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.

Сонымен жауапкершілік адамға не береді:

  • Жауакершілік – өзіңе, өзіндік күшіңе деген сенімділік ұялатады;

  • Жауапкершілік - сыртқы ортаны және өзіңді құрметтеуге үйретеді;

  • Жауапкершілік - ішкі жағдайыңа және өзіңді бақылауыңа мүмкіндік береді;

  • Жауапкершілік - атадан қалған мұраны сақтауға, дәріптеуге үйретеді;

  • Жауакершілік - өзіңді ғана емес, саған қатысты адамдарды қорғауға көмектеседі;

  • Жауапкершілік - сенімділікке, уәдеңді, міндеттеріңді орындауға итермелейді;

  • Жауапкершілік - адамның жетістікке жетіп, сапалы өмір сүруге үйретеді.

Жаңашыл психолог Лиз Бурбо «Ответственность, обязательство, чувствовины» атты еңбегінде жауапкершілік дегеніміз өз шешіміне, істеген ісіне, сөзіне және реакциясына сеніммен жауап беру. Мен әдейі өзімдікін айтамын, біреудің ісін, сөзін және реакциясын емес. Біз басқалар үшін жауап бермейміз, сыртқы орта не айтсада не істеседе, біз өзіміз үшін жауап береміз. Жауапты болу бұл сенің барлық ойларың, сенің сезімдерің, сенің көңіл күйің, сенің бақытты болуың, бақытсыздығың, немесе сенің ішкі дүниеңде болып жатқан жағдайларды үнемі саналы тұрғыда түсінуіңіз. Бұлардың барлығы тек саған тәуелді тек сенікі, басқа ешкімдікі де емес. Сенің іс-әрекетің - бұл сенің жеке ісің, сенің жауапкершілігің, сенің таңдауың, сенің жетістігің. Ешкім бұған жауап бере алмайды және жауап бермейді де тек сен өзің ғана жауап бересің[18; 31]-деп пікірін білдірген болатын.

Немістің әлеуметтік психологі Э.Фромм «Жауапкершілік- адамның негізгі өсу мен даму жағдайы. Ол - адам бас тарта алмайтын ұлы сый  және ауыртпалық. Еркіндік - адамның өзінің іс әрекетіне жауапкершілік таныта отырып таңдаған альтернативті саналы ұғынуымен  байланысты» деп түсіндіреді [19; 22].

Олай болса жауапкершілік - еркіндіктің басқа бір жағы болып көрінеді. Ол саналы ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс- әрекеттерінің себептері мен  өзінің ойлары мен әрекеттеріннен, іс қимылдарынан көрінеді.

Әлеуметтік жауапкершілік - өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына ғана емес, сыртқы қоғам мен басқа адамдардың  қызығушылықтарына  байланыст өзін - өзі ұстай білудегі  адамның ынтасы мен бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға ғана өзін әлеуметтік мінез құлқын жан - жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің  жетістігін аша алады. Сонымен, жоғарыда тұлға жайында айтылғандардың барлығын қоса келе,  оның қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторларды бөліп көрсетемізге болады.

Оларға:

- Әрадамның өзінің қабілеттіліктері мен нышандарын қоғамға көрсете білуге мүмкіндік жасайтын іс әрекеті ұйымдастыру;

- Адамның басқа адамдармен ауызба - ауыз сөйлесуі кезінде ғана емес, адамзаттың адами қасиеттерін, салт дәстүрлері, тілі мен дінін әлеуметтік нормалар мен ережелерді меңгеруі арқылы көрінетін, қарым - қатынасы орнату;

- Жеке және әлеуметтік мінез құлық жауапкершілік әдістері мен формаларын болып жатқан жағдайларға байланысты таңдап алуда көрінетін адамның жек шығармашылығы,

Заңдық жауапкершілік дегеніміз мемлекеттік нақты заңға және нормаларға бағытталған, қоғамдық реттеуді анықтайтын жауапкершілік. Занды жауапкершілік мелекет нені істейді, нені істемейді осыны анықтайды. Әрбір сұраққа мемлекеттің мыңдаған жауаптары мен зандары, нормалары бар. Мысалы: қандай тауар түрлері өзге елге сатылымға шығаруға болады; тауардын қауіпсіздігі мен құнарлығы; жұмыстағы кейбір келенсіз жағдайлар. Мемлекет осы сұрақтардың барлығына занды жауап береді, ол әлеуметтік жауапкершілік емес мемлекеттік жауапкершілік болып есептеледі. Заңды жауапкершілік әрбір жеке адамның, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір мемлекеттік саяси жол болып табылады. Ол құкықтық нормалардың жазылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен аяқталады, Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы нормалары қолданылады яғни жазаланады. Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - мемлекеттік құқық бұзушылық жатады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмейтін болса онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды босатылады. Әлеуметтік жауапкершілік пен Занды жауапкершіліктің айырмашылығы, әлеуметтік жауапкершілік еркін стилде болады[20; 22].

Жауaпкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жaуапкершілік сезімі адамгеpшілік санаты (категориясы) болып табылады. Алaйда, жауапкеpшіліктің мұндай қaсиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық pеттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбіp жағдайлаpдa міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмaу жөніндегі жауапкеpшілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынaн алып қарастыpғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды. «Жaуапкершілік» термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтaтын болсақ: әлеуметтік, pухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.

«Әлеуметтік жaуапкершілік» түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкеpшіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.

Алaйда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады.

Жауапкеpшілік - адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тaпсырылған iміндетті орындап, жүзеге aсыруынан байқалатын aдамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қaбылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық ноpмалар мен ережелеpіне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан aдамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жaуапкершілік болғаны дұрыс. Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік - жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай жауапкершілікті әрқалай сезінеді, ол сана сезімнің ерекше бір түрі. Жүктелген міндетіне жaуапкершілікпен қарайтын адам туған - туыстары, жора - жолдастаpы, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адaмның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкеpшілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.

Жaуапкершілік - белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштаpлық. Тіpшіліктің негізі - қозғалыс пен іс - әрекет болсa, оның не қарқынды, не бaяу жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне бaйланысты.

Қaрапайым күнделікті өмірде белсенділік aдамның мінез - құлқы мен іс - әрекетін сипаттайтын негізгі белгілердің бірі де жaуапкершілік болып табылады.

Жaуапкешілік ол тұлғa белсенділігі - адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі, қоғамдағы, қарым - катынастағы тегеуріңділігі. Бұл aдамның әлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқататын қасиет.

Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптіліп мен өз көзқаpасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірліпнен көрінетін адамның белсенді өмірлік позициясы pетіңде сипатталады; ситуацияға үстем белсенділік - субъектінің жағдаяттарға деңгейінен биік болу қабілеті. Жағдаятқа үстем белсенділік арқылы субъект іс-әрекеттің ішкі және сыртқы кедергілерін (мысалы, енжарлық самарқаулық селқостық және т.б.) жеңеді белсенділіктің бұл түрі шығармашылық жағдайларда, танымдық белсенділікте риясыз бас тігуде және шекген аскан белсенділікте көрінеді; іздену белсенділігі болашағы беймәлім жағдаятты өзгертуге бағытталатын мінез. Ал іздену белсенділігі - мінез-құлықтың көп типтерінің бірі болып табылады. Оның психикалық көріністері - жоспарлау, қиялдау, т.б.; шектен асқан белсенділік нәтижелі іс-әрекетті сипаттайтын, істің жоғары нәтижелігінің маңызды көрсеткіштерінін бірі. Жaлпы алғанда жауaпкершілік өмірдің кепілі. Жaуапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айыруға болaды. Негіздері бойыншa жауапкершілік шартты және шарттaн тыс боп бөлінеді, яғни ол шаpт арқылы немесе онсыз да жүзеге aсады. Бірінші жaғдайда әр жақтың өзара шартынан, сондaй-ақ бaсқа әректтерінен туындайтын құқықтық қатынастарға байланысты көрінеді. Жaқтардың мaқсаты қоғамдық пайдалы нәтижелерге қол жеткізуі болып тaбылады. Жaуапкершіліктің мөлшері жaуапкершіліктің түріне және бaсқа да жaғдайларға байланысты әрқалaй болады.

Жауапкершілік – белгіленген ереже бойынша іс – әрекетті орындауды бақылаудын түрлі формасында өз көрінісін табады. Бақылаудың екі формасы бар: ішкі және сыртқы бақылау. Сыртқы бақылау формалары субьектіні әрекеттің нәтижесіне деген жауапкершілігін қамтамасыз етеді, ал ішкі бақылау формалары әрекетті өзара реттейді. Жауапкершілік тұлғаны белгілі бір ережелерге бағынуға, саналы түрде оларды сақтауға, моральдық қағидаларды, құқықтық нормаларды сақтауға бағыттайды. Жауапкершілік тұлғаның жағымды құлықтық сапаларын біріктіреді, қоғам талабына сай оның мінез - құлқын іс - әрекетін реттейді. Өмірдің кез - келген жағдайында адамның жағымды құлықтық сапаларының орын алуына ықпал жасайды. Кері жағдайда адам жауапкерсіздікті білдіру деңгейіне қарай қоғамның жазалау шараларына ұшырайды.

Тұлғаның жауапкершілігі адам белсенділігінің алғышарты және белсенділіктің нақты көрсеткіші болып табылады. Жауапкершілікке ие болған адам дамуы бір деңгейде өзгеріссіз бола алмайды, бір сатыдан басқа сатыға ауысуына оның жауапкершілігі ықпал етеді. Жауакершілік тұлғаның жағымды сапаларына айқындық бере тұрып, олардың тұрақтылығын және көрінуін білдіреді. Жауапкершілік болмаса тұлғаның басқа сапалары мысалы, мейірімділік, өжеттілік, адалдық, ізгілік т.б сапалар толық көріне алмауы мүмкін. Жауапкершілік, әр қадамында адамнан жағымды өнегелі мінездіталап етеді жәнесоған итериелейді.

С.О.Ожеговтың сөздігінде, жауапкершілік – тұлғаның өз әрекеттеріне жауап беруді міндеттейтін қажеттілік, сол әрекеттерге жауапты болуды негіздейді. Біреуге деген сенім, ол сіздің оған жауапкершілік артуыңыз белгісі ретінде көзге түседі[21].

Психологиялық әдебиеттерде: « жауапкершілік - тұлғаның моральдық құндылық бағдарына байланысты ерік сапасы », - деген анықтамаберілген. Жауапкершілікке тән негізгі қасиеттер деп мыналарды атап көрсеткен: дәлдік, шынайылылық, өз әрекетін орындауға деген шынайы көзқарас, өз іс – әрекетіне жауап беруге дайындығы. Сонымен қатар жауапкершілікті табандылықпен, шыдамдылықпен, төзімділікпен байланыстырады.

Кеңес психологтары тұлғаның жауапкершілік сезіміне бірден бір әсер ететін негізгі фактор – сәттілік пен сәтсіздік деп есептеген.

Егер адам өз өмірінде болып жатқан түрліше оқиғалар мен əр алуан жағдайға көбінесе өзін жауаптымын деп санап, мұндай жайттың орын алуын өз мінез - құлығымен, болмысымен, қабілетінің деңгейімен түсіндірсе, онда бұл факт, бұл адамда ішкі бақылау бар екендігін көрсетеді. Керісінше, ол жауапкершілікті сыртқы факторларға жатқызып, болған оқиғаның себептерін басқа адамдардан, сыртқы ортадан, тағдырдан, не болмаса, кездейсоқтықтан көрсе, онда бұл адамда бақылау басым екендігі айқындала бастайды

А.А.Реаның «жеке адамның акмеологиясы» атты мақаласында жауапкершілік мәселесін адамның кемелденуіне байланыстыра зерттеген. Ол бойынша кемелденген жеке адам «кемелденген жеке адам» деген атауға ие болу үшін адамның бойында жауапкершілік, шыдамдылық, өзін - өзі реттеу элементтерінің жиынтығы болуы керек[22].

Л.С.Славина, Л.И. Божович, К.А. Климов ерік сапасы ретінде қарастырып, субьектінің тұрақты қасиеті ретінде қарастырады. Ал кіші мектеп жасындағы балаларда бұл қасиеттер қалыптасу кезеңінде жүреді. Ол оқушылардың əрекетінің күрделігіне және даму ерекшелігіне байланысты. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысы бойындағы жауапкершілік қасиеті тұрақты болмайды, ол табандылық пен байланыста болады.

М.В.Матюхина, С.Г.Яркова пікірлерінше бастауыш сынып оқушысы бойындағы жауапкершілік оқу əрекеті барысында көрініп, мұғалімнің қойған талабына, жоспарлауына, оқушы əрекетін ұйымдастыруына тәуелді байланыста дамиды. Оқушының жауапкершілігі үй тапсырманы орындауынан, қиындықтарды жеңе білуіне, оқу тапсырмаларын орындауы арқылы көрініс табады және де қалыптасады. Жауапты оқушы оқудың əлеуметтік мəнін, маңызын дұрыс түсінеді, оған деген қатынасына сыни көзқарас, өзіндік бағалауы, өзінің тұлғалық қасиеттерін бағалайды, қателерін көріп, саналы түрде түсініп, оны дұрыстай біледі.

С.Я.Лайзане өз зерттеулерінде ерік сапалары оның ішінде жауапкершілік, кіші мектеп жасында ойын əрекетінде көрініп, əрі қарай еңбек əрекетінде қалыптасады деп көрсетеді[23].

Ж.Пиаже балалардың жауапкершілік мәселесін баланың моральдық дамуы шеңберінде қарастырады. Оның айтуынша мораль - бұл тәртіп пен ережелер жүйесі, сол ережелерді, тəртіпті құрметтеу керек деп есептеді. Бала моральдық ережелерді үлкендерден меңгереді. Бірінші бала əлеуметтік тәртіпті ойын əрекеті барысында меңгерсе, кейіннен оқу əрекетінде дами түседі[24].

К.А.Климова «Ата - аналарға дәріс» деген еңбегінде жауапкершілік мәселесін қарастырды.Ол ата - ана мен баланың жауапкершілігіне тоқталды. [25].

А.С.Макаренко: «Әр уақытта бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тырыс. Дұрыс шешім қабылдауға, ол шешімді қабылдауда қандай жауапкершілікті мойныңа алып жатқаныңа сыни қара» - деген пікір айтқан[26].

Л.И.Божович еріктің онтогенезде дамуын зерттей отырып, былай деген: «бала белгілі бір ережеге бағынуы шарт». Бала өзіне қажетті ережені тандай отырып, оның рөлін түсінеді, өзін сол ережеге бағындыруға тырысады. Бірақ та бұл ережелерге балаларды ықтиярсыз, зорлап, күштеп көндіруге болмайды. Бала сол ережелерге бағыну керектігін өзі саналы түрде түсініп, сезінуі керек. Ойындағы жауапкершілікті, міндетті саналы түрде қабылдап, түсінуі баланың алдағы уақытта сапалық қасиеттеріне айналады.

Жауапкершілік мәселесін С.Р. Рубинштейн жалпы философиялық тұжырымдамасында кездестіруге болады. Ғалымның жауапкершілікті талқылауының

негізгі ерекшелігі, адамның нені жүзеге асыру керектігі немесе жағдайдың талабына сай жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар, субьектінің жауапкершілігінің потенциалды аспектіде де қарастырды [27].С.Л.Рубинштейнмен қатар, жауапкершілікті жеке адамның қылығы мәселесіне байланыстыра зерттеу керектігін Б.Ф.Ломов ұсынған.

Б.Ф.Ломов бойынша жауапкершілік көп өлшемді жоғары жеке адамның құрылым және субьектінің сыртқы ортаға деген белсенді жауабы деп есептеді[28].

Л.И.Божович «тұлғалық қасиеттер əдеттерді тұрақты бекітуді нәтижесінде байланыстырады». Адам бір нәрсені екі жағдайда орындайды, біріншісі, қалыптасқан əдет бойынша, екіншісі, белгілі міндетті сезіну бойынша. Сондықтан да жауапкершілікті дамытуда күн тəртібі, күнделікті əрекеттін жоспарлауы да маңызды рөл атқарады[29].

Л.С.Славина еңбектерінде «жауапкершілік баланың өз əрекетін дұрыс жоспарлауына байланысты. Жоспарлау дегеніміз бұл ойлаған ісіңді, əрекетіңді жүзеге асыру» деді. Сөйтіп, жауапкершілікті қалыптастырудың əдістері мен тәсілдерін төрт негізгі топқа бөледі:

Бірінші топқа адамның санасына бағытталған жұмыстарды қарастырса, бұл бағыттағы жұмыстар əңгімелесу, түсіндіру,ұжымдық талқылау формалары, т.б.

Екінші топқа адамға тәжірибеде өзін жетілдіруге бағытталған жұмыс түрлері қарастырылады. Бұл бағытта адамның санасына жауапкершілік тәртібін меңгертуге бағытталады. Бұл жаттығу жұмыстары.

Үшінші топқа еріктік қасиеттерін талпындыратын көптеген əдістер жатады. Бұларға мадақтау, талап ету, күштеу, жазалау, талап ету секілді əдістерді айтуға болады

Төртінші топқа өзін - өзі тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жатады. Өзін - өзі тәрбиелеу[30]- деп қарастырды.

С.М.Богданова бойынша жауапкершіліктің негізгі құраушы бұл ісіне тұрақты өзін - өзі қадағалау, өзінің əрекетіне деген критикалық қатынас, өзіне есеп берумен өзіндік бағалауды жатқызады.

К.Мұздыбаев өзінің «Психология ответственность» деген еңбегінде жауапкершіліктің негізгі көрсеткіші ретінде келесі қасиеттерді ұсынады дəлдік, нақтылық, жеке адамның қандай да бір істі атқарудағы адамдығы мен өз əрекетінің нәтижесіне жауап беруге деген дайындық; aл эмоциялық белгілерге: эмпатияға деген қабілеттілік, басқа адамның қуанышына, қайғысына деген сезімталдық; eріктік қасиеттерге: тұрақтылық, батылдық, жоғары талпыныс.

К.Мұздыбаев əлеуметтік жауапкершілікті бір жағынан жеке адамның жалпыланған психологиялық сипаттамасы ретінде қарастырды.

Осымен байланысты адамның танымдық əлеуметтік белсенділігі, оның эмоционалдық реакциялары, өмірлік жетістіктері мен сəтсіздіктері осы сапаның көріну деңгейіне байланысты талқыланды. Екінші жағынан, əлеуметтік жауапкершілікті тәуелді айнымалы ретінде де қарастырды. К.Мұздыбаевтың пайымдауынша жауапкершілік жеке адамның жалпыланған психологиялық сипаттамасы ретінде қарастырды.

Осымен байланысты адамның танымдық əлеуметтік белсенділігі, оның эмоционалдық реакциялары, өмірлік жетістіктері мен сəтсіздіктері осы сапаның көріну деңгейіне байланысты талқыланды. Екінші жағынан, əлеуметтік жауапкершілікті тәуелді айнымалы ретінде де қарастырды. К.Мұздыбаевтың пайымдауынша жауапкершілік жеке адамның өз өмірінің мəнін сезінумен қатар жүреді. Ал өмірдің мәні - бұл субьект болмысының рухани байлығын сипаттаушы көрсеткіш. Жеке адамның өз өмірінің мəнін сезінуі субьектінің өмірлік іс - əрекетін ұйымдастырып, бағыттап отырады. Бұл адамның өзіне жауапкершілік алуға дайындығын айқындайды. Нәтижесінде субьект үшін өз мəнін неғұрлым түсінсе, соғұрлым оның мінез - құлқы моральдық нормаларға сәйкес келеді[31].

Басқалар үшін жауапкершілік. Көбіне өзгелер үшін жауапкершілік, өзіне деген жауапкершіліктің жоғары болуымен негізделеді. Бұл үшінші көрсеткіштегі жауапкершілігі дамыған адамдар жақсы ұйымдастырушы және топта лидерлікке бейімділікпен сипатталады. Балалардың жауапкершілігін қалыптастыруда ата - ана маңызды рөл атқарады. Ол ата - ананың өз айтқандарын орындатқызуына, баланың пікірімен санасуына, баланың айтқанын тыңдай білуіне, балға берген үделерінде тұра білуіне байланысты. Егер ата - ана балаға тапсырған тапсырманың қандай нəтиже бергенін қадағалайтын болса оқушы бойында бірте - бірте өз əрекетіне, басқаның тапсырған тапсырмасына деген жауапкершілік сезімдері қалыптаса бастайды.

Бұл мектептегі мұғалімнің берген тапсырмасын уақыты орындауы, күнделікті белгіленген уақытта уақтылы тапсырманы орындауына тікелей байланысты. Жауапкершілік сезімі қалыптасқан балада сабақ үлгерімі жоғары болады. Себебі бала тапсырманы орындау керек екенін борышы деп есептейді.

Жауапкершілікті бала бойында қалыптастыруда мынадай мəселелерді ұдайы есте сақтауы шарт:

- ненің жақсы, ненің жаман екенін, əділеттілікті, əділетсіздікті түсінуі, жақсылық жасауға, əділетті болуға ұмтылысы;

- өзінің туған үйіне, туған - туыстарына, Отан қорғаушыларына, басқа ұлт өкілдеріне достық қарым - қатынаста болуы;

- шындықты айтуға қажеттілігінің болуы, шыншыл болуға ұмтылуы;

- ұжымда тату өмір сүруге ұмтылуы, оқуда, еңбекте,ойындажолдастарына жолдастық қарым - қатынаста болуы;

- басқа адамдарға қамқорлық пен қарау, үлкенге құрмет,кішіге ізеттілік

көрсету;

- қоршаған ортаға, адамдарға, достарына, таныстарына, туғандарына көмек көрсетуге ұмтылуы, еңбекқор болу;

- мəдениетті ұстай білуі;

- табиғатты, жан - жануарларды қорғауға ұмтылысы ;

- басқа адамдар алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінуі;

- өзін дұрыс ұстай білуі.

Жинақталған теориялық материалдар негізінде оқушылардың жауапкершілігін қалыптастыру тұлға бойына қажетті, маңызды қасиеттердің бірі екендігі анықталды.

Жауапкершілікті психологиялық əдеттерде ерік сапасының бірі ретінде қарастырса, педагогикалық əдеттерде адамгершіліктің қасиеті ретінде қарастырады. Демек жауапкершілік сезімі қалыптасып өскен бала, ертеңгі күні үздік, білімді маман болады. Себебі ол кез - келген өз іс - əрекетіндегі жауапкершілікті сезіне алады. Жауапкершілікті сезінген ғана кез - келген əрекетін оң нәтижелер береді.

Әлемдік ғалымдар жауапкершіліктің әрбір бағытын бөліп қарастырды мотивациялық-жүріс тұрысты (К. Муздыбаев, В.Н. Мясищев Г. Олпорт, А.Адлер, Б.Ф.Ломов А.И. Крупнов және т.б.), моралдық-ерік-жігерлі (В.И. Селиванов, Е.П. Ильин, В.К. Калин, В.А. Иванников, Е.В. Эйдмани және басқалар), интеллектуалдылықты (А.И. Крупнов, К.А. Климова, Ж.Е. Завадская және басқа.),эмоционалдық-сезімділікті (А.И. Крупнов, К.А. Климова және басқалар.) қарастырған болатын.

В. М. Русалов мектеп жасындағы балалардың жауапкершілігін темпераментті арқылы бөлуге болады деп екіге бөлді:

- «нақты іс-әрекет»;

- «коммуникативтік» және жоғарыдағы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып темпераменті 8 параметрге бөлді.

1. Нақты эргичность- ой еңбегі мен қол еңбегі іс-әрекетіне талпынысы жоғары, жасаған еңбегінен ләззат алу, қаблеттілігі мен қажеттілігі жоғары болуы.

2. Әлеуметтік эргичность – әлеуметтік іс-әрекет барысында қарым-қатынаста епті, басқарушылық ұмтылысы жоғары, әлеуметтік байланыста болуы.

3. Икемділік- тез арада қарым-қатынас жасаушы адамның ойынан шығу, нақты іс-әрекеттің орындалуының әртүрлі жолдарын білу.

4. Әлеуметтік икемділік- қарым-қатынас барысында бір адамның басқа адамдармен әлеуметтік байланысы.

5. Қарқынды –нақты іс-әрекетті орындауда белсенді қозғалыс.

6. Әлеуметтік қарқындылық – сөзбен қатынастың шапшаң орындалуы, белсенді қатынас үдерісінің жүзеге асуы.

7. Сезімділік- ойлаған ойыңның ойдағыдай болмауы: жоспарлап, күтіп жүрген ісіңнің нәтижесіз болуы дұрыс қабылдау.

8. Әлеуметтік сезімділік – байланыс аймағында сезімді сезіну: сәтсіздік қанынастарды сезіну, ортасындағы адамдарды бағалау. [32].

Нақтыланатын белгілері:

1.Қиындыққа қатынасы;

2. Іс-әрекетте көздейтін нәтижесі;

3. Өз ойын іске асыру немесе бас тарту;

4. Жаңа міндеттерді орындауға қатынасы;

5. Уәдеде тұру;

6. Өзінің дұрыс орындамаған әрекетін түсіну;

7. Жауапкершілігін сезіну;

8. Үнемі жауапкершілікті ұстану.

Сурет 1- жоғары сынып оқушыларының темперамент арқылы жауапкершіліктерін білу сызбысы