- •5В012300 – «Әлeyмeттiк пeдaгогикa жәнe өзiн-өзi тaнy»
- •Мазмұны
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың теориялық негіздері --------
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың педагогикалық – тәжірибе жұмысыНЫң мазмұны----------------------------------------
- •1. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың теориялық негіздері
- •«Жауапкершілік», «әлеуметтік жауапкершілік» ұғымдарының ғылыми әдебиеттерде зерделену жәйі
- •Кесте «Жауапкершілік» ұғымына берілген отандық, ресейлік және әлемдік ғалымдардың анықтамасы
- •1.2 Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамыту жолдары
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі
- •Әлеуметтік педагог
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың педагогикалық – тәжірибе жұмысыНЫң мазмұны
- •Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың мaзмұны мeн әдiстeмeсi
- •2.2 Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамыту мақсатындағы педагогикалық тәжірибе жұмысының кезеңдері
- •2.3 Педагогикалық – тәжірибе жұмысының нәтижелері
- •7 Сауал бойынша диаграмма
- •Қорытынды
Кесте «Жауапкершілік» ұғымына берілген отандық, ресейлік және әлемдік ғалымдардың анықтамасы
Жауапкершілік біріншіден, адамның міндетті ісін орындап шығу үшін сол жұмыстың мән-жайын жете түсініп, үнемі мезгілінде атқарудың әдіс-тәсілін қарастырады. Екіншіден, орындаған ісінің өзі мен өзгелерге нендей нәтиже беретінін айқын аңғарып, көпшілікке, қауымға тигізетін пайдасын ойластырып, азаматтық борышын орындайды. Үшіншіден, жеке басы мен қоғам алдында атқарған еңбегінің жемісті екеніне көзі жетіп, барлық қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізі еңбек екендігін терең ұғынатын болады. Сөйтіп, қоғам алдында азаматтық борышын атқаруымен бірге, өз басына жүктелген жауапкершілікті орындап шығу кісілік беделді қалыптастырып, іскерлікті шыңдайды.
Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері, өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез - құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.
Заң ғылымдарын зерттеуші ғалым Б.Т. Базылев азаматтық құқық жауапкершілік принциптерін төмендегідей бөледі:
- негізгі заңдылықтары;
- сөзсіз баталуы;
- еселеуіне жол бермеу;
- жариялау;
- реттеу[8] деп қарастырады.
В.А. Тархов азаматтық құқық жауапкершілік принциптерін:
- заңдылық принциптері;
- нақтылық принциптері;
- теңдік принципі;
- қоғамдық және жеке қызығушылық принциптері- деп бөлген болатын[9].
Жауапкершілік - еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың қызығушылықтарына сәйкес өзін өзі ұстай білудегі адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін әлеуметтік мінез құлқын жан - жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің потенциалын аша алады.
Әлеуметтік жауапкершілік- адамдардың алдында сенім білдірген мәселесіне жауакершілігінің жоғары екендігін түсіну және жауапкершілікке алу. Әлеуметтік жауапкершілік ол өзінің қарызы мен борышын сезінуі. Жұмыста адам жасалатын істі жауапкершілікке танытса сол іс-әрекетті аяғына дейін аяқтауы қажет.
Отандық ғалым Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз келеді[10]- деген болатын.
П.А. Варул мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік тұрғысынан келгенде жауапкершілікті арттыру қажеттігі «өз міндеттерін түбегейлі орындамаған немесе орындамаған кінәлі адамдарды қатаң жазалау қажеттігін білдіреді. Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс.
«Әлеуметтік жауапкершілік» түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана. Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады.
В.А. Тархованың пікірі бойынша: «өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы - юридистикалық жауапкершілік», - дейді. Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан айырады. Қоғамдық өмірде «рухани жауапкершілік» категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты қоғамдық айыптау түрімен ерекшеленеді [11].
Г.Спенсер «Бостандық дегеніміз – барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен, жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Бостандықтың алғы шарты – адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі» дейді, яғни адамда бостандық, еркіндік болса өз іс-әрекетіне жауапкершілігі де арта түседі деп түсіндіреді[12].
Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның өмір сүруінің шарттары, адамдар өз әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті иеленеді. Еркіндік те, жауапкершілік те абсолютті үғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итерме-лейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы ете алады, сондықтан оған адам ғана таңдау жасайды. Еркіндік пен жауапкершілік мәселесі өздерінің әлеуметтік мәнінде қоғамдық өмірде, саясатта, заң, басқа да заңды актілерде, өнерде, көркем әдебиетте кең тарағандықтан антропо-логия, саясаттану, заң ғылымдары, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, этика, қоғамтану пәндерінің орталық мәселесі ретінде көреміз[13].
Философиялық сөздікте де жауапкершілік пен еркіндік өзінше анықталып жүр. Анықтамасы бойынша: «Жауапкершілік – этика және құқық саласымен байланысқан, ерекше, әлеуметтік және моралді, құқықтық тұлғаның қоғамға, адамзатқа қатынасын білдіреді, ол өнегелік парыз атқарумен сипатталына-ды». Анықтамада көрсетілгендей, шындығында, қазіргі кезде жауапкершілік этика мен құқық саласында ең көп қолданыс тапқан, өнегелік парыз сезімімен байланысқан. Дегенмен, бұл анықтаманы толық, жан-жақты деп айту қиын, себебі, адам онтологиясының осы мәселеге қатысты келесі маңызды көрінісі - еркіндікпен байланыссыз қарастырған. Жауапкершілік - еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол еркіндікпен үздіксіз байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады[14].
Жауапкершілік - негізінде адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет оларға;
- Тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік міндеттері,
- Өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне бағыну,
- Борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.
- Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты болып есептеледі. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс екені айқын. Ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін алып баланы да жауапкершілікке тәрбиелеу қажет.
Әрбір адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына, санасы мен ойына қарай Жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады және жүктейді. Адамның мақсатықа жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып саналады.
