Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Жанаар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.97 Кб
Скачать

1. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамытудың теориялық негіздері

    1. «Жауапкершілік», «әлеуметтік жауапкершілік» ұғымдарының ғылыми әдебиеттерде зерделену жәйі

Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандарттары азаматтың жауапкершілігін қалыптастыру мектеп бітірушінің ең маңызды құзереттілігі болып орнатылады. Адамның жауапкершілігі өзінің ар-ұяты алдында оның қоғамдағы жауапкершілігі алдында көрінеді. Тұлғаның азаматтық қасиеті оның орындауы, бұл адамның жауапкершілігі және міндет сезімінің деңгейі орындауына байланысты. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасайды.

Жауапкершілік – бұл қоғамда немесе ұжымда қабылданған жеке тұлғаның алға қойған мақсатын және нормасын іске асыру нәтижесіндегі іс-әрекеті.Жеке жауапкершілік адамның ортақ жұмысқа деген ортақтық сезімін оның істелінбеген міндетінің жоқ болуын туғызады. Ол белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жағдай іс жүзінде кездеспейтіндіктен, жеке адамның әр түрлі топтарға қатысты жағдайын, сондай-ақ оның әрбір топқа қатысты функционалдық мүмкіндіктерін талдау үшін әлеуметтануда әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдары пайдаланылады.

Жауапкершілік төмендегідей түрлерге бөлінеді: азаматтық құқықтық жауапкершілік, этникалық жауапкершілік, әкімшілік жауапкершілік, экономикалық жауапкершілік, экологиялық жауапкершілік, материалдық жауапкершілік, шектеулі жауапкершілік, шектеусіз жауапкершілік, заңды жауапкершілік және т.б. болып бөлінеді[1].

«Жауапкершілік» ұғымы әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.

Адамдардың мінез-құлқын, әлеуметтік топтарды реттеу әлеуметтік нормалар негізінде және әлеуметтік бақылау арқылы жүзеге асады.

Әлеуметтік норма жалпы мақұлданған формадағы жарлық, әлеуметтік мәнді жағдайлардағы мінез-құлық тәсілі. Әлеуметтік нормалар микро - және макротоптарда және қоғамда толық қалыптасады. қоғамдық және макротоптық нормалар қоғамдық-тарихи жағдайлармен қамтамасыз етілген, олар адамды қоғамның әлеуметтік құрылымына енгізу болып табылады. әлеуметтік нормалардың негізінде сол әлеуметтік қауымдастықтағы адамдардың өзара әрекет типі қалыптасады, қолдайды және суреттейді. Әлеуметтік топтардың нормалары - топ мүшелерінің мінез-құлқына жалпыланған талаптары жатады[2].

Әлеуметтік нормаларды меңгеру, оларды тұлғаның ішкі дүниесіне енгізу бұл сыртқы үлгілермен ұқсастыру процесі емес, тұлға санасының құрылу процесі деп аталады. Әлеуметтік нормалар жеке сананы қалыптастыра отырып, оның құрылымын ұйымдастырады. Интернационализмді әлеуметтік нормалар тұлға мінез-құлқының реттеушісі болады. Бірақ олар мінез-құлықты тікелей емес, сананың сәйкес ұйымдасуы, тұлғалық мәндер мен бағалар жүйесінің қалыптасуы арқылы реттейді. Тұлға қабылдаған нормалық жүйелер мінез-құлық сферасының барлық мотивациялылығын, мағыналылығын анықтайды. Әлеуметтік норма тұлғаның құндылықтық жүйесін ескермеген кезде адамның мінез-құлқы асоциалды мінезге айналады.

А.Адлер теориясының басты мақсаты - адамның барлық жүріс-тұрысы әлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дәлелдеу.

З.Фрейдке қарағанда, А.Адлер тұлғаның әлеуметтік қызығушылығын қалыптастырды. Оларды жеті бөлікке бөледі:

  • толымсыз сезім және компенсация;

  • жетілуге құштарлық;

  • өмірлік стилі;

  • әлеуметтік қызығушылық;

  • «мен» шығармашылығы;

  • туылу тәртібі;

  • фикционды финализм [3; 33].

Адам психикасы өте күрделі және оның мінез-құлығының негізінде жатқан адамды ынталандырудың толық теориялары әлі жеткілікті түрде құрылмаған. Ынталандыру өмір сүру ортасының әлеуметтік факторлар мен өлшемдер ықпалында болатын, саналы және санасыз, сезімтал, интеллектуалдық, сондай-ақ мәдени және физиологиялық қажеттіліктердің күрделі кешенінің үнемі өзара әсер етуінің нәтижелері болып табылады. Дегенмен, қазір адамдардың мінез-құлық түрлерін суреттейтін бірқатар теориялар бар, солардың негізінде қызметкер едәуір сенімді әрекет жасап, жақсы тәжірибелі нәтижелерге жете алады.

Осындай теориялардың бірі А. Маслоу теориясы болып табылады, ол қазіргі адамның екі базалық психологиялық нұсқасын қарастырады:

Манипуляторлар – бұл негізгі мақсаты (саналы және санасыз) жағдайды бақылау болып табылатын адамдар; манипулятор үшін өзінің айналысып отырған қызметі екінші деңгейлі рөл атқарады, бастысы - бұл осы қызметте атқаратын рөлі; манипулятор өзін тұлға ретінде қабылдамайды, өзін бағаламайды және тек қана өзінің айналасындағы «заттарды», яғни манипуляция объектілерін ғана көреді;

Актуализаторлар - бұл өз-өзіне қайталанбас тұлға ретінде қарайтын индивидтер, сондықтан басқа адамдарды да қайталанбас тұлға ретінде сезінеді; олар үшін қызмет бірінші болып табылады, ал олардың осы қызметте атқаратын рөлі екінші болып табылады.

Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының кейбір белгілері төмендегідей бөлінеді:

Манипуляторлар:

  • Өтірік (жалған, алаяқтық). Манипуляторлар тәсілдерді, әдістерді, амалдарды пайдаланады. Олар әсер қалдыратын комедияны және рөлдерді ойнайды. Олардың көрсететін сезімдері жағдайға байланысты таңдалады;

  • Жете түсінбеушілік (апатия, зерігу). Манипулятор өмірдің шын мәнін жете түсінбейді. Ол көргісі, не істегісі келгенін көреді, не істейді;

  • Бақылау (тұйықтық, қасақаналық). Манипулятор үшін өмір шахмат тақтасы секілді. Ол байсалды көрінеді, алайда өзін (басқалардан өз мотивтерін жасыра отырып, оларды да) үнемі бақылауда ұстайды

  • Арсыздық (сенбеушілік). Манипулятор өзіне де, өзгелерге де сенбейді, ол адам табиғатына үлкен сенімсіздікпен қарайды. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынаста тек қана екі мүмкіндік - басқару немесе бағыну болады деп санайды.

Актуализаторлар:

  • Өділеттілік (айқындық, шынайылық, ұялшақтық). Актуализатор қандай да болмасын өз сезімдерін әділетті білдіруге бейім. Оған адал ниеттілік, мәнерлілік тән, ол нағыз өзімен-өзі бола алады;

  • Жете түсіну (өмірге толы, қызығушылық). Актуализатор өзін және басқа адамдарды жақсы көреді және естиді. Ол өнерге, музыкаға және өмірдің басқа көрсетілімдеріне бейім;

  • Еркіндік (спонтандық, ашықтық). Актуализатор спонтанды келеді. Ол өзіне тән мүмкіндіктерді еркін көрсетуге қабілетті. Ол - өз өмірінің қожайыны, объект емес, субъект- деп қарастырды[4].

Жауапкершілік адамның іс-әрекетіне, сөзіне, өмірір сүру дағдыларына байланысты байқалады.

Жалпы жауапкершілік:

  • Адами жауапкершілік;

  • Заң алдындағы жауапкершілік;

  • Бизнестік жауапкершілік;

  • Кәсіби жауапкершілік;

  • Материалдық жауапкершілік;

  • Діни жауапкершілік;

  • Отбасына жауапкершілік;

  • Махаббатқа жауапкершілік;

  • Әлеуметтік жауапкершілік және т.б. болып бөлінеді.

Д.А. Леонтьев «Жауапкершілік – тұлғалық еріктік сапа, адамның өзіндік іс-әрекетіне бақылау, өзіндік парызын өтеу» -деген болатын[5].

Адамның өз тағдырына деген жауапкершілігін Сартр жалпыадамзаттық дәрежеге дейін көтереді, адам өзін ғана емес, жалпы адам атаулыны тандайды, «біздің жауапкершілігіміз біз ойлағаннан әлдеқайда үлкен, себебі ол бүкіл адамзатқа қатысты», -деген ой айтады [6].

«Үрей», «күйзеліс», «жатсыну» секілді сезімдердің пайда болуын да Сартр осы адам тандауы мен жауапкершілігінің қиындығымен түсіндіреді. Тандау жасауға, белгілі бір шешімге келуге тиісті адамның жауапкершілік сезімінен қүтыла алмай, мазасыз күйге түсетіні анық.

Адамның осы күйін белгілі қазақ философы Ғарифолла Есім «жар жағасы» ұғымы арқылы өте дәл жеткізеді. Тағдыр, тандау мәселесі жақсы адамға ғана тән, жаман адам бүл сүрақтармен басын ауыртпайды, жанын қинамай, өмір ағымына ілесіп өмір сүре береді. Ал жақсы адам тек ізгілік іске, адамгершілігіне кір келтірмейтіндей өмірге үмтылады. Жақсының өмірі өте күрделі, себебі адам қателік жасамай түрмайды, жамандыққа бой үру оп-оңай. Жамандық жасамақ түгілі ол туралы ойдың санадан орын алуы жақсы адам үшін адамгершілік жолынан ауытқумен бірдей, сондықган да «жақсы адам үнемі жар жағасында, аяғынды сәл шалыс бассаң, астында меңіреу күз жатыр. Сонымен, жақсылық деген жауапкершілік деп бір түйін жасауға әбден болады» [7].

Осы жауапкершіліктен туған жар жағалап өмір сүруден жақсы адам қашып күтылмақ емес, ол оның алдынан үнемі шығып отырады.

Менің ойымша, одан қашып қүтыламын деп әуреленудің де қажеті жоқ, себебі жар жағасында өмір кешу - адам атына сай болып өмір сүрудің ішкі рухани діңгегі секілді. Жақсы адам пендешілікке салынып, жамандыққа қадам жасаған сәтте осы жар жағасы оны тоқгатады, жаман істен қайтарып отырады. Жар жағалап немесе жар басында өмір сүру қаншама қиын десек те, осылай өмір кешудің өзі бір ғанибет десек, артық болмас. Жамандықган қашып, азап шегіп жеткен жақсылық өмір ғана мәнді болмақ, сондықтан да адам ғүмыры - жар жағалау, жақсылық пен жамандықгың аддында тандау жасау оның мандайына жазылған нәрсе.

Ғылыми еңбектің атауы

«Жауапкершілік» ұғымына анықтамасы

Отандық ғалымдар

1

Ахтаева Н.С., Әбдіғапбарова А.І., Бекбаева З.Н. Әлеуметтік психология: Оқу құралы. - Алматы: қазақ университеті, 2007. - 243б.

Жауапкершілік - тұлғаның мінез-құлқы әлеуметтік-нормалы талаптарға, парызына, міндеттеріне сәйкес әлеуметтік бақылауға тұлғаның мінез-құлқы бағынышты. Бақылау түрлері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Жауапкершілік – ол тұлғаның қоғамға, қоғамның тұлғаға қойылған обúективті талаптарын бұжытпай орындауы. Индивидтің неғұрлым реалды мүмкіндігі және құқықтары кең болса, соғұрлым жауапкершілігі жоғарылайды. Тұлғаның әлеуметтік міндеті - өзінің мінез-құлығын белгілі стандартқа бағындыруы.

2

Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006. - 384 бет

Жауапкершілік – адамның белгілі бір іске, тапсырылған міндетке жауапкершілікпен қарап, оны қалай да орындап, жүзеге асырып отыратын адамгершілік қасиеттің көрінісі.

Ресейлік ғалымдар

1

А.П. Черменина Проблема ответственности в этике: Автореферат дис. на соискание ученой степени кандидата философских наук/ Ленингр. гос. ун-т им. А. А. Жданова. - Ленинград :[б. и.], 1965. - 21 с.

Жауапкершілікті екі концепцияға жіктейді: біріншісі – абсолютті жауапкершілік концепциясы, екіншісі – жауапкершіліктің мүмкінсіздігі концепциясы. Егер экзистенциализмде индивидтің айналасында өтетіндерге абсолютті моралды жауапкершілігін нақтыласа, психоанализ теориясы моралдік жауапкершіліктің жоқтығын айтады. Еркіндік адамның өлшем масштабы болып табылады, ол саналы таңдау арқылы шектеледі. Батыс философиясында, заң әдебиет-терінде «жауапкершілік» пен «себептілік» ұғымдарын теңестіретінін байқауға болады.

Е. А. Суханов как зеркало отечественной цивилистики /Ю. К. Толстой.//Правоведение. -2008. - № 1. - С. 4-10.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.

Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез - құлқын қалыптастыру құралы болып табылады.

Тархов В. А. О коллективной (корпоративной) форме собственности // Юрист. −2006. - № 12. - С. 27-29.

«Өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы - юридистикалық жауапкершілік » - дейді.

Әлемдік ғалымдар

1

Кассирер Э. Техника современных политических мифов //Вестн. МГУ. Сер. 7, Философия. 1990. № 2. С. 58- 65.

«Техника современных политических мифов» еңбегінде «еркіндік» сөзін саясатта да, философияда да тұманды, екі мағыналы ұғым деп бағалайды. Ол былай сипаттайды: «Философияда еркіндік – «қажеттілікке», этикада – «жауапкершілікке», саясатта – «тәртіпке» қарсы тұрады.

2

Сартр Ж. П. Тошнота. М., 1998. С. 219.

Еркіндік дегеніміз - адамның арқаланатын жауапкершілік жүгі». Яғни сен еріктісің, бірақ өз ісіңе толығынан басқалардың алдында жауап бер.

Адам, бір жағынан, өзі үшін (эгоизм), я болмаса басқалар үшін ғана (альтруизм) емес, өз мүддесін басқалармен бірге ұштастырып өмір сүруі керек.

3

Франкл В. Сказать жизни «Да!»: психолог в концлагере Москва. Электронный издательство. 2012 г. С. 150

Жауапкершілік адами болмыстың негізі.

«Далай Лама о Дзогчене. Учения Пути великого совершенства, переданные на Западе Его Святейшеством Далай Ламой»: Цасум Линг - Институт Общегуманитарных Исследований; Москва; 2002

«Егер адамның ішетін тамағы және жататын жері болса, ол өзін бақыттымын деп санауға толық себептер бар, ал қалғаны - оның таңдауы»-дейді.