Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

Механикалық сынықтармен пісіру құрылғыларының қандай қасиеттерін анықтайды?

Меxаникалық сынақтар.Механикалық сынақтар. Механикалық сынақтар пісіру құрылғысының беріктігі мен жұмыс сенімділігін анықтайды. Пісіру жалғастары мен оның бөлек аумақтарында механикалық қасиетін анықтаудың негізгі тәсілдері МЕСТ 6996-66-да қарастырылған. Бұл МЕСТ мөлшерлі, кейбір жағдайларда төмен немесе жоғары температурада статикалық және соққы сынақтарын қарастырады. Жоғарыберіктікті материалдардан жасалған жауапты құрылғылардың пісіру жалғастары үшін немесе төмен температура жағдайында және дірілді жүктемелерге арналған пісіру жалғастарына, морт қирауға қарсы шыдамдылығына және қажу беріктігіне косымша сынақ жүргізеді.

Жауапты бұйымдарды пісіргенде, сынақ нәтижесі пісіру сапасының көрсеткіші болып табылатын, бақылау үлгілерін жасайды. Үлгілерді механикалық сынау сипаты пісіру жалғастарын пайдаланғанда ол қандай жүктемемен істейтініне байланысты. Механикалық сынақтар статикалық (жүкте тұрақты немесе оны баяу өсірумен), динамикалық (соққы жүктемемен) және діріл сынактары болып бөлінеді.

ӨӨӨӨӨӨӨ

Өндірістік радиаграфия

Өндірістік радиография. Радиография дегеніміз – иондаушы сәуле шығарумен бұйымның ішкі статикалық көрініс бейнесін қабылдағышта алу тәсілі. Іс жүзінде бұл тәсіл, өзінің қарапайымдылығымен және нәтижесі құжат түрінде алынатындықтан, көбірек таралды. Пайдаланылатын қабылдағыштарға байланысты үлпекті радиография және ксерорадиография (электрорадиография) деп бөлінеді.

Өнеркәсіптік радиография тәжрибесінде тіркеу әдістері мен қабылдағыштың түріне байланысты екі негізгі тәсілге бөледі:

  1. тура экспозициялау;

  2. бейнені ауыстыру.

Тура экспозициялау тәсілі – іс жүзінде барлық иондаушы сәуле шығару көздері пайдаланылатын өндірістік радиографияның негізгі және көбірек таралған тәсілі. Бұйымнан сәуле өткізіп, фотоөңдеуден кейін көрінетін, радиографиялық үлпекшеге түсіреді.

Бейнені ауыстыру тәсілі нейтронды радиографияда қолданыс тапты. Мұнда нейтрон ағынында орнатылған бұйымның артында орналасқан, аралық активті металл экранында, көрінбейтін бейне алады. Бұдан кейін, көрінбейтін бейнені, радиографиялық үлпекті металл экранына басу арқылы, оған ауыстырады.

Өндірістік радиоскопия.

Өнеркәсіптік радиоскопия. Радиоскопия (радиациялық интроскопия) бұйымға иондаушы сәуле түсіріп , нысананың көрінбейтін радиация бейнесін жарық – көлеңке немесе электронды бейнеге өзгертіп және бұл бейнелерді күшейтіп тура операторға немесе оптикалық және теледидар жүйесімен көріп, талдау үшін, шығыс экранына беруге негізілдеген. Осыған сай, радиоскопия тәжрибесінде нысананың көрінбейтін радиациялық бейнесін жарық-көлеңке бейнесіне тура өзгерту тәсілі және каскадты өзгерту тәсілі (мұнда бейнені операторға немесе арақашықтықтағы экранға теледидар жүйесі арқылы беру) болып бөлінеді. Барлық аталған тәсілдерде үш негізгі физикалық құбылыс қолданылады:

  1. иондаушы сәуле шығару әсерінен кристалды заттардың люминисценциясы (жарқырауы);

  2. фотоэффект - ол иондаушы сәуле шығару немесе олардан болған люминисценция әсерінен – заттың бетіндегі осы бетке түскен сәулелерден болған электрондар шашырауы (эмиссия);

  3. екінші электрондар шашырауы - ол электрондық бейненің электр дабылы өзгергенде және одан кейінгі теледидар жүйесінде, ол бейнені қайта көрсеткенде болатын электрондар шашырауы.

Радиоскопияда иондаушы сәуле шығару көзі есебінде рентген аппараттары қолданыс тапты. Біршама шектеулермен сызықты және циклді үдеткіштер, соңдай-ақ радиоизотоп шығару көздері қолданылады.

Өндіріс кезеңіне байланысты бақылаулар. Кіріс бақылауы.  

Кіріс бақылау - келіп түсетін материалдарды, бұйымдарды, құрылымдарды, топырақты және т.с, техникалық құжаттамаларды сапалы бақылау. Бақылау көбінесе тіркеу әдісімен (сертификаттар, косымшалар, паспорттар бойынша) жүзеге асырылады, ал қажет болғанда - өлшеу әдісімен.

Өндірісті технологиялық дайындауды бақылау

Пісіру өндірісіндегі бақылау қызметі мен жүйесі негізгі технологиялық факторларды – бастапқы материалдарды, жабдықтарды, оператор дәрежесін, технологиялык процестерді, т.б. бақылауды қарастырады. Барлық осы тексеру кешенін өндірісті технологиялық дайындауды бақылау деуге болады.

Бақылаудың бұл сатысының мәні ерекше манызды, бірақ оны іс жүзінде, көпшілігінде бағаламайды. Атап өту керек, жалғастардың жоғары сапасы, бірінші ретте, өндірістік технологиялық процестің жағдайы мен деңгейіне байланысты. Сондықтан ақауларды анықтау, өнімді жарамсыз деп қана дабыл қағу үшін емес, технологияны жедел жақсартуға бағытталады. Бақылау негізгі ықпалын өнім, жарамсыздығы мен ақаудың алдын алудың кері байланыстарын қамтамасыз ету ретінде, өндіріс технологиясына жасауы керек.

Пісіру өндірісіндегі бақылаудың тиімді сұлбасы (2.2. сұлба) төменде көрсетілген, онда бақылаудың келесі сатылары қамтылған:

1) Жобалау сатысында құжаттарды бақылау:

- құрылғылар мен құрастыру – пісіру технологиясын таңдауы;

- негізгі металды таңдауы;

- бақылау жоспары мен ақаудың шекті мөлшерінің негізделуі;

- бақылау тәсілдерін таңдау және құрылғылардың ақаукөргіштігін қамтамасыз ету;

2) Өндірісті технологиялық дайындауды бақылау:

- дайындау –құрастыру сапасы мен шарттарын тексеру;

- бастапқы материалдардың сақталуы мен дайындалуын тексеру;

- пісірушілердің тәртіптері мен құжаттарын тексеру т.б.;

3) Дайын өнімді бақылау:

- бақылау құралдары мен қолданылып жүрген тәсілдерді тиімді пайдалану;

4) Бакылау операцияларының сапасын тексеру:

- ақаукөргіштің сезімталдығы мен ережелерді сақтауды тексеру;

- ақаукөргіштік материалдарды бақылау;

- операторлардың жағдайлары мен дәрежесін бақылау, т.с.с.

ПППП

Пісіру кернеулері мен деформациялары.

Пісіру кернеулері мен деформациялары. Пісіру құрылғыларын дайындау процесінде, оларда пісіру кернеулері мен деформациялары пайда болады. Пісіру кернеулері металдың аққыштық шегінен асқанда, оның илемділік деформациясын болдырады. Бұл, бұйымның пішіні мен мөлшерінің өзгеруне, яғни оның шалыстауына алып келеді. Егер пісіру кернеулері мен деформациялары беріктік шегінен асса, онда пісіру жігінің немесе жалғастың бірыңгайлығы бұзылады, яғни сызаттар пайда болады.

Пісіру кернеулері мен деформацияларының пайда болу себептері ол, негізгі металды бірқалыпты қыздырмаудан және жік металында, оның салқындау процесінде, құрылымдық өзгерістердің өтуі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]