Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

Электр қауіпсіздігінің негізгі ережелері.

Электр қауіпсіздігінің ережелері. Қиратпай бақылаудың құралдары (ақаукөргіштер, қондырғылар, аспаптар, механикаландыру мен автоматтандыру құралдары) жұмыс процесінде көпшілігінде толық немесе бөлшектері кернеу жағдайында болады. Сондықтан оларды пайдаланғанда Госгортехнадзор бекіткен «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері», «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдаланғандағы қауіпсіздік техникасының ережелері» қатаң сақталуы қажет. 1000 В-тан жоғары кернеу қолданылатын жабдықтармен жұмыс істегенде ол ең қауіпті жұмыстар тобына жатқызылады. Бұл, ең алдымен рентген түтікшесіне 10-400 кВ кернеу берілетін, рентген аппараттарын баптау. Бұл қондырылғыларды баптаумен айналысатын жұмыскерлер, олармен жұмыс істеу жөнінде, бекітілген тәртіп бойынша, өндірістік дайындықтан өтулері қажет және емтиханды ойдағыдай тапсырғаннан кейін, белгілі дәрежесі көрсетілген құжат алады. Барлық шығарылатын ақаукөргіштік қондырғылар мен аспаптарда кез-келген кернеуде, абайсызда тиіп кетпес үшін, оқшауланбаған тоқ өткізетін бөлшектер қоршалуы тиіс. Қондырығылар мен аспаптардың тұрқылары міндетті түрде жермен қосылуы керек. Рентген аппараттарының басқару пульті алдында резиналы оқшаулаушы кілемше төселеді.

Электр қондырғыларының ақаулығынан және тоқ өткізгіш бөлшектердің оқшаулама-ларының зақымдануынан, өткізгіштер қатты қызып, үшкын шығады, ол өрт шығудың себебі болуы мүмкін. Электр қондырғыларын өрттен сөндіру алдында, оларды электр торабынан ажырату қажет. Кіші-гірім жанулар көмірқышқыл газды өрт сөндіргіш көмегімен өшірілуі мүмкін. Мұндай өрт сөндіргіштермен кернеуде тұрған электр қондырғыларын да сөндіруге болады, өйткені көмірқышқыл газы электр тоғын өткізбейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]