Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

Бақылаудың қылтүтікті тәсілдерінің жіктелуі және негізгі түсініктері.

Қылтүтікті (пенетрациялық) ақаукөргіштіктің алдындағы мәселесі – ақау участкелердің жарық қайтаруын өзгертуге мүмкіншілік беретін жабдықты пайдаланып, сыртқы ақауларды айқындау. Осылайша ақау және зақымдалмаған жерлердің айқындылық айырмашылығын қолдан өзгертеді. Қылтүтікті ақаукөргіштік тәсілін, негізінде ферромагнитті емес, ыстыққа берік қорытпалардан жасалған жалғастарды, сондай-ақ энергетикалық, көліктік және арнайы машина жасауда бөлшектерді дайындағанда пайдаланылатын металл емес материалдарды, радиоэлектрондық құрылымдардың, қышбұйымды және металл- қышбұйымды бөлшектерін бақылау үшін қолданады. Қылтүтікті ақаукөргіштік көпшілігінде мына құбылыстарға негізділеді: қылтүтікті өтулік, сорбция мен диффузия, жарық және түстік айқындылық айырмашылығы.

Жіктеулуі. Ақаулардың индикаторлық іздерінің жарық-колористік ерекшеліктеріне байланысты қылтүтікті ақаукөргіштік үш тәсілге бөлінеді:

  • люминисценттік (Л);

  • түрлі-түсті (Ц);

  • люминисцентті-түсті (Л-Ц).

Бақылаудың қылтүтікті тәсілдерінің аппаратурасы.

Тұрақты орында пайдаланатын ақаукөргіштер ішінде пайдалануға ұсынылатындары – шағын ақаукөргіш ЛД-4 және үлкен ақаукөргіш ЛДА-3, түрлі-түсті ақаукөргіштікке арналған, алып жүретін жиынтықтың ішінде – ДМК-4 құрамасы. Пісіру жіктерін қылтүтікті ақаукөргіштікпен бақылаудың ең қарапайым әдістемесі төмендегідей.

Бақылаудың люминисценттік тәсілінде бұйымның бетіне, ультракүлгін сәулесі әсерінен жарқырайтын, сүйықтық (жиірек 15 % трансформатор майы мен 85 % керосиннен тұратын қоспа) жағады. Содан кейін, бұйымның бетіне тальк немесе көмірқышқыл магний ұнтақ-анықтағышының жұқа қабатын жағады. Біршама уақыт өткеннен кейін, ұнтақты кептіріп, ПРК-2, ПРК-4 т.б. кварц шамдарының ультра күлгін жарығымен пісіру жігіне жарық түсіреді. Ақаулар олардың сары-жасыл жарқырауынан көрінетін болады.

Бақылаудың қылтүтікті тәсілдерін жүргізгендегі қауіпсіздік техникасы.

Бақылаушылар қылтүтікті ақаукөргішпен жұмыс атқарғанда, дем алу жолдарымен және тері арқылы адам организміне түсетін және онда теріс, келеңсіз жағдайлар тудыратын, улы заттармен араласады.

Мұндай жағдайларды болдырмас үшін, бұйымдарды түсті тәсілмен бақылағанда, барлық жұмыстарды арнайы киіммен (халат, бас киім, медициналық резеңке қолған) жүргізеді.

Қылтүтікті тәсілдермен бақылауға арналған жұмыс орындарында ауа алмасуы үш еседен кем болмайтындай, жергілікті және жалпы желдеткіштермен жабдықталады.

Құрылғылардың жабық түрінің ішкі бетін бақылағанда, бу мен ертінділердің көп жинақталмауы үшін, бақылау нысанасының ішіне тұрақты түрде таза ауа беріліп тұруы қажет. Люминисценттік ақаукөргіште, адамның терісіне сіңгенде, сонда биохимиялық және биофизикалық өзгерістер енгізетін, қосымша зиянды әсер, ультракүлгін түсті сәуле шығару көзі болып саналады. Бұдан басқа, ультракүлгін сәулесі оператордың денсаулығына зиян келтіретін, көз ортасының флоуресценциясын болдырады.

Қылтүтікті ақаукөрғіштік жүргізгенде өрт қауіпсіздігі шараларын қарастырады. Бұл, көп ақаукөргіштік материалдардың жанғыштығына байланысты, олардың ұшқыннан, кездейсоқ оттан жануын болдырмауды қажет етеді. Осы мақсатта барлық жанғыш заттарды арнайы темір шкафтарда немесе жәшіктерде сақтайды, ал жұмыс орындарында өрт сөндіру құралдары, оның ішінде қөмірқышқылды өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етіледі.Бақылау өткізетін орындардың жанында тамақ ішуге қатаң тиім салынады. Қол жуу үшін жылы сумен сабын қолдану қажет, бұл мақсатта керосин, бензин және басқа ерітінділермен жууға тиім салынады. Қылтүтікті ақаукөргішпен жұмыс жүргізіп жатқан бөлмелерде электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]