Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.4 Кб
Скачать

Радиография түралы түсінік берініз.

Радиография дегеніміз – иондаушы сәуле шығарумен бұйымның ішкі статикалық көрініс бейнесін қабылдағышта алу тәсілі. Іс жүзінде бұл тәсіл, өзінің қарапайымдылығымен және нәтижесі құжат түрінде алынатындықтан, көбірек таралды. Пайдаланылатын қабылдағыштарға байланысты үлпекті радиография және ксерорадиография (электрорадиография) деп бөлінеді.

Өнеркәсіптік радиография тәжрибесінде тіркеу әдістері мен қабылдағыштың түріне байланысты екі негізгі тәсілге бөледі:

  1. тура экспозициялау;

  2. бейнені ауыстыру.

Тура экспозициялау тәсілі – іс жүзінде барлық иондаушы сәуле шығару көздері пайдаланылатын өндірістік радиографияның негізгі және көбірек таралған тәсілі. Бұйымнан сәуле өткізіп, фотоөңдеуден кейін көрінетін, радиографиялық үлпекшеге түсіреді.

Бейнені ауыстыру тәсілі нейтронды радиографияда қолданыс тапты. Мұнда нейтрон ағынында орнатылған бұйымның артында орналасқан, аралық активті металл экранында, көрінбейтін бейне алады. Бұдан кейін, көрінбейтін бейнені, радиографиялық үлпекті металл экранына басу арқылы, оған ауыстырады.

Радиациялық ақаукөргіштік тәсілдерін және жабдықтарын пайдаланғанда адам организміне қандай зиянды әсерлер болады?

Қауіпсіздік техникасы және дозиметрия. Өнеркәсіпте радиациялық ақаукөргіштіктің тәсілдері мен жабдықтарын пайдалану, адам организміне зиянды әсер ететін әртүрлі иондаушы сәуле шығару көздерін қолданумен байланысты. Денеге сіңген энергия заттың атомдары мен молекулаларын иондандырады, ал ол клеткалардың бұзылуына алып келеді.

Сәуле шығарумен болған өзгерістер қайтарымды (аз мөлшермен сіңгенде) және қайтарымсыз (үлкен мөлшерде) болады. Бұл өзгірістер жеке органдарда және барлық организмде өтуі мүмкін. Бір есе сәулеленгенде адамның бүкіл денесіне сіңген мөлшердің қосындысына байланысты келесі өзгірістер болады:

  • <0,025 Дж/кг (0 – 25 рад) – көрінетін өзгірістер жөқ;

  • 0,025 – 0,05 Дж/кг (25 – 50 рад) – қанда өзгерістер болады;

  • 0,05 – 0,1 Дж/кг (50 – 100 рад) – жұмыс қабілеттілігінің қалыпты жағдайы бұзылады;

  • 0,1 – 0,2 Дж/кг (100 – 200 рад) – жұмыс қабілеттілігінен айырылады;

  • > 0,2 Дж/кг (> 200 рад) – өліп кетуі мүмкін.

Сәуле әсеріне көбірек сезімтал мына органдар:

- без құрылымдары мен түйіндері;

- кежек (селезенка), зоб бездері, сүйек миы және ұрық клеткалары.

Сәуленің организмге ықпал ету уақыты денеде өтетін процесстерге елеулі әсер етеді. Сәуленің әсері адамға бірдей білінбейді, мұнда организмге сіңген мөлшер қосыла береді де, біршама уақыттан кейін ғана біліне бастайды.

Барлық айтылған факторлар радиациялық қауіпсіздіктің нормаларын белгілеуді және иондаушы сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу ережелерін міндетті түрде дозиметриялауды, олардың әсерінен жұмыс атқарушылар мен басқа адамдарды қорғау ережелерін қатал орындауын қажет етеді.

ССССССССС

Сыртқы ақаулар және оның түрлері

Сыртқы ақаулар. Әдетте, жіктің мөлшері мен пішіні пісіретін материалдың қалындығына (t) байланысты. Олар техникалық шарттарда беріледі және сызбаларда көрсетіледі. Балқытып пісіргенде, әдетте, жіктің енін в, жіктің күшейтілгенін h және балқымасын h1 (сурет) шектейді.

Жіктердің пішінің дұрыс еместігі, яғни шамадан тыс күшейтілуі, жіктің негізгі металға кенеттен ауысуы т.б.жалғастардың жұмыс қабілеттілігін елеулі төмендетеді, әсіресе динамикалық немесе дірілді жүктемелерде және морт материалдарда.

Кейбір сыртқы ақауларды жік бетінің түтас еместігі деп қарайды. Оларға кескіндер, пісірілмеген кратерлер, күйдірмелер, өзекті ақаулар, т.б.жатады.

Кратерлер – доға үзілгенде пайда болып, ойық күйінде қалып кояды. Олар жіктің жұмыс қимасын азайтып, оның беріктігін және тотануға қарсы шыдамдылығын төмендетеді. Пісірілмеген кратер жікте сызат қалыптасуының ошағы болып табылады.

Сырғанақ бақылауы туралы түсінігіңіз. Ол қандай жағдайда қолданылады?

Сырғанақ бақылау – бұл бақылау орнына жетілкізілген арнайы жабдықпен (ақаукөргішпен) өнімді қабылдау немесе операциялық бақылау. Бұндай бақылау, бақылау орнына тасымалдау киын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда өте ірі құрылғылар (реакторлар, кемелер, т.б.) үшін қолданылады;

Сапаның технологиялық және құрылғылық факторлары.

Сапаның технологиялық және құрылғылық факторлары. Пісіру сапасын басқару, өнімнің сапасына байланысты, бақылаудың барлық фактораларын қарастырады. Жалғастарды пісіргенде олардың сапасына көп факторлар әсер етеді. Олардың негізгілерін технологиялық және құрылғылық деп шартты топталарға біріктіруге болады.

Пісіру жалғастарының сапасына әсер ететін факторлар

Технологиялық Құрылғылық- эксплуатациялық

-Пісіру материалдары -Негізгі металл

-Жабдықтар -Жалғас құрылымы

-Дайындау және құрастыру -Пайдалану шарттары

-Пісіру процесі -Бақылау тәсілдері мен жүйесі

-Оператор (пісіруші) -Сапа нормалары

ТТТТТТТТТ

Технологияны бақылау.

Технологияны бақылау. Пісіру бұйымдарын дайындаудың технологиясын бақылау – дайындамаларды әзірлеуді, пісіру айлабұйымдарының жөнділігін, түйіндерді пісіруге құрастыруын, пісіру материалдарының күйін, пісіру жабдықтарының жарамдылығын және пісіргенде бекітілген ережені сақтауын бақылауды қамтиды. Пісірілетін дайындамаларды, олардың жалпы пішіне мен өлшемінің және қырларын әзірлеу геометриясының дұрыстығын тексереді. Соңғыларын тағыда ластану, тотану және бу-суйықтық ылғалдың болуын бақылайды. Пісіру айлабұйымдарында қыспа қондырғыларының жөнділігін, орңықтыру беттерінің жарамдығын, сондай-ақ флюс, мыс немесе көмір төсімелерін және жылу тартатын элементтерді тексереді.

Құрастырылған түіндерде негізгі габаритті өлшемін, түйістердің саңылауларының шамасы мен пісіру жиектерінің ығысуын, ұстатпалардың сапасын және шығаруға арналған тілікшелердің болуын тексереді. Термоқыздырғыштармен алдын-ала қыздыруды қолданғанда, пісіру процесінің алдында және пісіру кезінде берілген (жоспарлы) температураны бақылайды.

Пісіру материалдарында дайындау ережесінің дұрыстығын (электродтары – қыздыру, кептіру, бұл операциялардан кейінгі сақтау уақыты, сақтау жағдайларын) тексереді. Пісіру машиналары мен аппараттарда реттеу механизмдерінің жарамдығын, аспаптардың болуын, тоқ өткізетін мүштіктердің ұзындығы мен сапасын тексереді. Түйіспелі пісіру машиналарында электродтардың беттерінің пішіні мен қалпын бақылайды. Қорғаушы газдар атмосферасында пісіруге арналған қондырғыларда газ бәсеңдеткіштерді, шығын өлшеуіштері, шлангтарды, жанағылардың мүштіктерін және газ қорғаушы құрылғыларды, т.б. тексереді.

Пісіру параметрлерін сақтау мақсатында , ең алдымен, пісіру ережелерін (тоқ, кернеу және бекітілген аралықтағы пісіру жылдамдығын) аспаптар арқылы байқап және пісіру жігінің қалыптасуын сырттай қадағалап, бақылайды. Пісіру бұйымдарын дайындаудың әрбір технологиялық варианттарының өзіне тән ерекшеліктері болады, олар тиісті технологиялық пәндерде қаралады.

Тоттануға сынау.

Қажу беріктігіне сынаумен металдың айнымалы жүктемелер әсіріне иілісте, созылуда және бұралудағы қарсыласу қабілеттігін анықтайды.

Айнымалы жүктемелер кернеулердің өзгеру амплитудасымен сипатталады және осыған байланысты симметриялы, асимметриялы және лүпілді циклдарымен болуы мүмкін.

Сынағанда шыдамдылық шегін анықтайды, яғни сынақтың берілген цикл санында үлгі қирамай көтерітін ең көп кернеуі. Пісіру жалғастары үшін сынау циклы (2÷10)·106 циклды құрайды.

Техникалық бақылау қызметінің міндеттері мен құрылымы.

Бақылау қызметтерінің алдындағы мәселелерде, оны орындағанда жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік жасайтындай болуы керек:

  1. кіретін шикізат, материалдар, жартылай өнім, жинақтау бұйымдарына кіріс бақылау жүргізу; жеткізуші өндіріс мекемелерінің өнім сапасының тұрақтылығы туралы ақпарат жинау; өндірушілерге тиісті шағым ресімдеу;

  2. қабылдау бақылауын, оның барлық түрлерінде жүргізу - дайын бұйымның конструкторлық құжаттамаларға және стандарттарға сай сапасын бақылау, таңбалау және тиісті құжаттарды ресімдеу;

  3. бұйымды бақылау үрдісін тұрақты бақылау;

  4. бірқатар арнайы бақылау операцияларын орындау (шикізат сақталуын инспекциялық бақылау, орау және консервациясын бақылау, таңбалаудың барлығын бақылау);

  5. нормативті –техникалық құжаттамалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

жұмысқа шын ықыласымен қарауды дамытуды қолдау.

Тәсілдердің жіктелуі және физикалық негіздері.

Тәсілдердің жіктелуі және физикалық негіздері. Бітеу көлемді ыдыстар мен басқа бұйымдардың пісіру жалғастарына қойылатын пайдалану талаптарының ең маңыздысы, өтпестікті немесе тығыздықты сақтау болып табылады. Тығыздық – бұл пісіру жалғасының жұмыс жағдайында бұйымдағы заттың бастапқы мөлшерін сақтау қабілеттілігі. Тығыздық дәрежесін әдетте бірлік уақыттағы ағыстың (ағудың) шамасымен өлшейді. Пісіру жалғастарының тығыздықты жағалтуының кеңірек тараған себебі - өтпелі ақаулар. Олар әдетте кеуек каналдары, сызаттар, шалапісірім және басқа ақаулар түрінде болады.

УУУУУУУ

Ультрадыбыс тәсілдерінің жіктелуі және физикалық негіздері.

Ультрадыбыспен бақылау тәсілдері бақыланатың бүйымда 0,5- 0,25 МГц жиілігімен серіппелі тербелістердің таралу процесін зерттеуге негізделген. Пісіруді ультрадыбыспен бақылаудың жалпы сұлбасына сай акустикалық көздің өрісі (сәуле шығарғыш) бақыланатын бұйымның материалы көлемінде таралады. Бұйымда ақау болғанда акустикалық өріс өзінің құрылымын өзгертеді. Ақаудың артында «көленке» болады және ақаудың беті ультрадыбыс тербелестерін шағылыстырады. Акустикалық толқынның әлсіреуін қабылдағыш көмегімен немесе акустикалық толқынның шағылысуының пайда болуын қабылдағыш көмегімен тіркеп, ақаудың барлығы туралы айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]