- •Ақаулардың типтері
- •Ағыс іздеу сынақтарын жүргізгендегі қауіпсіздік техникасы.
- •Ақаулардың негізгі өлшенетін сипаттамалары, жаңғырық-сигналдың амплитудасы.
- •Бақылаудың қылтүтікті тәсілдерінің жіктелуі және негізгі түсініктері.
- •Бақылаудың қылтүтікті тәсілдерінің аппаратурасы.
- •Бақылаудың қылтүтікті тәсілдерін жүргізгендегі қауіпсіздік техникасы.
- •Бақылау қызметтерінің алдындағы мәселелері қандай?
- •Қажуға сынағанда металдың қандай көрсеткішін анықтайды. Пісіру жалғастары үшін сынау циклы қанша болады?
- •Металдардың пісіру икемділігін бағалау.
- •Механикалық сынықтармен пісіру құрылғыларының қандай қасиеттерін анықтайды?
- •Өндірістік радиоскопия.
- •Пісіру процесінің мәні.
- •Пісіру жалғастарының сапа көрсеткіштері.
- •Пісіру сапасын бақылау тәсілдері
- •Пісіру материалдарын бақылау.
- •Пісірушілердің кәсіптік деңгейін бақылау.
- •Пісіру жалғастарының ағыс іздеу тәсілдерінің жіктелуі және физикалық негіздері.
- •Пісіру жалғастарының сапасын бақылау кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары.
- •Пісіру жалғастарының сапасына әсер ететін факторлар.
- •Пісіру жалғастарын қиратпайтын тәсілдермен бақылау.
- •Радиациялық бақылаудың негізгі параметрлері .
- •Радиометриялық ақаукөрсеткіштік.
- •Радиациялық ақаукөргішпен істегендегі қауіпсіздік талаптары.
- •Радиография түралы түсінік берініз.
- •Радиациялық ақаукөргіштік тәсілдерін және жабдықтарын пайдаланғанда адам организміне қандай зиянды әсерлер болады?
- •Ультрадыбыспен бақылау технологиясы және аппарттары.
- •Ультрадыбыспен тексеру механикаландыру мен автоматтандыру.
- •Ультрадыбысты ақаукөргішпен бақылау кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
- •Электр қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
АААА
Ақауларды айқындауда бақылаудың әртүрлі тәсілдерінің ролі.
Жалғастардың жоғары сапасы, бірінші ретте, өндірістік технологиялық процестің жағдайы мен деңгейіне байланысты. Сондықтан ақауларды анықтау, өнімді жарамсыз деп қана дабыл қағу үшін емес, технологияны жедел жақсартуға бағытталады. Бақылау негізгі ықпалын өнім, жарамсыздығы мен ақаудың алдын алудың кері байланыстарын қамтамасыз ету ретінде, өндіріс технологиясына жасауы керек.
Ақаулардың типтері мен түрлері.
Ақаулардың түрлері мен типтері. Мемлекеттік стандарт бойынша (МЕСТ 17102-71) «жарамсыз» деген термин, жеке өнімдердің нормативті құжаттарда белгіленгендей, талаптарға сай еместігімен аңыкталады. Пісіру өндірісінде бұйымдарды пісіру үшін құрастыру мен дайындау ақаулары және пісіру ақаулары деп бөлу қабылданған. Соңғысы, сыртқы (жік пішінінің ақауы) немесе беттік және ішкі ақаулар болады. Ішкі ақаулар өз ретінде тұтас еместік (макроскопиялық ақаулар), немесе құрылым ақаулары болуы мүмкін. Ескеретін жай, құрастыру мен дайындау ақаулары пісіру ақауларының пайда болуына жиірек себеп болады. Соңдықтан бұйымды пісіруге дайындауды ұқыпты бақылау қажет.
Дайындау және құрастыру ақаулары. Балқытып пісіргенде ақаулардың бұл түріне тән көбірек кездесетіндері:
жіктердің V, U және X тәріздес қырларының қиғаш кесілу бұрыштарының дұрыс еместігі;
түйістіретін қырлардың ұзындық бойында үшталуы (топастануы) тым үлкен немесе аз;
қырлардың арасындағы саңылаулардың тұрақсыздығы;
қырлардың бетіндегі кірлер т.б
Ақаулардың типтері
Орналасуымен------ Ішкі, сыртқы, (беттік), өте шығатын
Пішіні және үшқірліғімен----- Шағын,Созыңқы,Жалпақ,Көлемді, Үшкір(кескінімен), дөңгелек(кескінсіз)
Мөлшерімен----------- Майда,Орташа,Ірі
Жаппайлығымен-------- Жалғыз-жарым,Топтап (тізбекті, шоғырл.),Таралған
Пісірудің әртүрлі тәсілдеріне қатысты, ақаулардың пайда болу табиғатына байланысты жіктеуде манызды. Балқытып пісірумен орындаған түйіспе болат жалғастары ақауларының әдетте, алты түрін белгілеген;
А – тобы (кеуек –газ қосындылары) – Аа, Ав, Ас, Аd, Ae;
В – тобы (қатты қосындылар) – Ва, Вd, Вс;
С – тобы (шалабалқымалар) (С);
D – тобы – (шалапісірімдер) – Dа, Dв, Dс;
E - тобы – (сызаттар) – Eа, Ев, Ес;
F – тобы – (пішіні дұрыс еместік және басқа ақаулар) - Fа, Fв, Fс.
Бұлардың жіктелуі және белгіленуі РС-2192-72 және МЕСТ 7512-69 стандартары бойынша алынған. Осы ұсынысқа сай радиографиялық сынақтар көмегімен анықталған ақауларды екі әріппен белгілейді. Стандартта қарастырылғандай бірінші әріп ақаулардың түрін, екіншісі – ақаудың пайда болу табиғатын белгілейді. Ақауларды осылай белгілеу Халықаралық пісіру институтының (МИС) құжаттарында қабылданған.
Ақаулардың негізгі өлшенетін сипаттары.
. Ультрадыбысты бақылауда ақауды тапқандықтың белгісі, металл жігінде орналасқан шағылдырғыштан шыққан, берілген деңгейден амплитудасы асатын жаңғырық-сигнал. Анықталған ақаулар туралы ақпарат алу үшін келесі өлшенетін ақаудың сипаттамаларын қолданады:
ақаудан қайткан жаңғырық-сигналдың ең көп амплитудасы;
ақаулардың жікте орналасқан координаттары;
ақаудың шартты өлшемдері;
жіктің белгілі ұзындығындағы ақау саны.
Ағыс іздеумен сынағандағы қауіпсіздік талаптары.
Тығыздыққа сынағанда бақылайтын нысананың ішіне артық қысым жасаумен байланысты тәсілдердің ерекше маңызы бар. Мұндай тәсілдерге пневматикалық және гидравлиқалық сынақтар жатады.
Сынақтарды жүргізгенде Қазақстан Республикасының «Госгортехнадзоры» бекіткен «Қысыммен істейтін ыдыстардың құрылымдары және қауіпсіз пайдалану ережелерің» басшылықа алу қажет. Осы ережелерге сай сынақтардың төменгі міндетті реті қарастырылған:
- пісіру жалғастарын ақаукөргіштікпен бақылау;
- гидравликалық немесе пневматикалық сынақтар;
- сынақтардың басқа түрлері. (мысалы тығыздыққа сынау)
Тығыздыққа қысылған газ қолданып бақылау процесінде және гидравликалық немесе пневматикалық сынақтарда бұйымды соққылауға тыйым салынады.
Ағыс іздеу тәсілдерімен бақылау жүргізгенде, бақылау орнынан 5 м жақындықта пісіру жұмыстары рұқсат етілмейді. Бірден, сынақ аяқталғаннан кейін, газды баллонның кранын жабу қажет.
Ағыс іздеу сынақтарын жүргізгендегі қауіпсіздік техникасы.
Ағыс іздеумен бақылау тәсілін таңдау жобалаушы белгілеген тығыздық дәрежесіне байланысты. Қазіргі кезде қаталдау талап атом энергетикасында бар, мұнда жауапты жалғастарда шекті ағыс мөлшері 10-7- 10-9 л.мкм/с немесе 4· 10-4 см3· ат/жылына дейінгі көрсеткіштен аспауы керек. Бақылаудың осындай сезімталдығын қазіргі кездегі гелийлі ағыс іздегіштер ПТИ-6, ПТИ-7 қамтамасыз етеді. Ағыс іздегіштердің сезімталдығын тексеру және ағыс іздеу сұлбасын баламалау үшін, бақылау ағыстарын пайдаланады. Бұйымның тығызсыздығын бағалаудың негізгі көрсеткіші ретінде, бақыланатын жалғастың тығыз еместігінен және бақылау ағысынан байқалатын газ өтуінен алынған нәтижелердің салыстырмалы түрдегі талдауы болып табылады. Бақыланатын ағыс диффузиялы және қылтүтікті болады. Диффузиялық бақылау ағысының жұмысы кеуек материалдардан өткенде гелийдің диффузиялануына негізделген. Олардың жұмыс көлемі таза гелиймен толтырылады. Қылтүтікті бақылау ағысының жұмысы бақылау газының қылтүтік (жарық, сызат т.б.) арқылы өтуіне негізделген.
