В Гепатиті
В Гепатиті – бауырды зақымдайтын вирустық ауру. Ауру жыныстық қатынасқа түскенде және қан немесе биологиялық сұйықтықтар арқылы ауру адамнан немесе вирусты тасымалдаушыдан жұқтыруға болады. Ауруды аз мөлшердегі қан арқылы да жұқтырып алуға болады. В Гепатиті вирусы СПИД вирусына қарағанда 100 есе қауіпті болып саналады. Өйткені оның таралу жолдары көп. Ауру жұқтырудың көп бөлігі құралдық аспаптардан жұғады, мысалыға, шприц, ине, тісдәрігерінің аспаптары және басқада құралдардан. Сонымен қатар анадан балаға тығыз байланыстар кезінде берілуі мүмкін. Жыныстық қатынас кезінде және тұрмыстық жолмен, тері жаралары арқылы да берілуі мүмкін. Егер жанұяда вирусты тасушы болса, онда ол жанұя түгелімен 5-10 жылда ішінде ауруды жұқтырады.
Ауру жұқтыру қауіпі қан құю кезінде, және арнайы әлеуметтік топтар гомосексуальды- еректертертер, жалпы еркек жыныстылар, нашақорлар мен жүзекшелер арасында көп болады. Сонымен қатар аурулар медицина саласының мамандары арасында көп болады, өйткені олар үнемі қан мен байланыста болады. Егер жүкті әйел В Гепатиті вирусын тасушы болса, онда инфекцияны орамал арқылы тасымалдау қаупі 5%-ды құрайды. Ал босану кезінде бұл көрсеткіш жоғарылайды, яғни ананың қаны арқылы баласына жұғуы мүмкін. В Гепатиті ауруын зиянды, бірақ қауіптілігі аз А Гепатиті аурумен шатастыруға болмайды. А Гепатиті ауруы тамақ пен су арқылы беріледі. Ол сирек созылмалы болады және жазылып кетуде сирек кездеседі.
Герпес
Герпес – жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық инфекция. « Герпес» атауы көне грек сөзі «герпейн», янғи жорғалау деген сөзден шыққан. Бұл ауруға тән характеристикалық қасиеті бір кішкентай көпіршіктен бүкіл денеге таралады. Генитальды герпестің бір-біріне ұқсамайтын, бірақ туысқан түрлері бар, бірінші типі көбінесе ерінде көрініс табады және екінші типі. Көбіне қауіпті болып саналатыны екінші типтісі болып табылады. Дегенмен бірінші тип бойынша пайда болған еріндегі жара көз бен жыныс мүшелеріне жұғуы мүмкін. Ауру вируспен зақымданған адаммен жыныстық қатынасқа түскен кезде және унитазды ортақ пайдаланған кезде де жұғу қауіпі бар. Генитальды герпестің алғашқы белгісі ретінде жыныс мүшелеріндегі ақ көпіршіктердің көрініс табуы мүмкін. Уақыт өте олар жарылып, орны жараға айналады. Әйелдерде өз-өзінен түсіктің болуы немесе уақытынан бұрын босанудың болуы мүмкін. Босану кезінде бала зақымданса, онда оның басы мен көзі ауруларымен ауруы мүмкін. Мұндай түрдегі жұқтыру 50% құрайды. Екінші типті қарапайым герпес қауіпті болып табылады, өйткені бұл аурудың соңы қынап пен аналық жатыр басының рагіне айналуы мүмкін. Герпеспен ауыратын адамдар СПИД-ті шақыратын ВИЧ-инфекцияларын қабылдағыш келеді. Герпеспен ауырғанда қышулар, терінің қызуы, кейде қалтыраулар мен ауыр тартулар болуы байқалады.
Алдын алу жолдары:
Мүшеқапты қолдану. Осының өзі 100% ауру жұқтырмауға кепілдік бере алмайды, толығымен жабылмаған жыныс мүшесінің жарасы арқылы да берілуі мүмкін;
Антисептикалық заттар. Вирус қонуы мүмкін жерлерге қолданылады, мысалыға, мирамистин және осыған ұқсас заттар.
