Хламидиоз
Хламидия–жұқпалы хламидиоз ауруын тудыратын бактерия. Хламидияның қауіптілігі-ағзада ешбір белгі білдірмейтіндігі жатыр. Індеттің бар-жоғын анықтау үшін арнайы медициналық тексерулерден өту қажет. Егер жұқпалы ауруды уақытылы ауыздықтамасаң оның зиянды салдарына душар болады. Хламидия жатыр түтікшелерінің қызметін бұзып, оның салдары бедеулік пен жатырдан тыс жүктілікке әкеп соқтырады. Инфекцияның алғы белгісі іштің төмен жағына ауырлық түсіретіндігінде. Ол басқа мүшелердің ауруын қоздырады. Хламидиядан қорлық көріп жүрген еркектердің жұмыртқасына суық тиіп, қуық жолары ісініп, кей жағдайда қызарып, дәрет сындыра алмайтындай жағдайға түседі.
Хламидиоздың алғы белгілері. Сұйықтық түсінің өзгеріске ұшырауы, іштің төмен жағының бүріп ауыруы әйелдер ағзасындағы асқынған хламидияның көрсеткіші болып табылады. Еркектерде де сұйықтық мөлшерден көп бөлінеді. Хамидия әрқашан жаныстық қатынас арқылы жұғады. Берекетсіз жыныстық қатынасқа түсетіндерде бұл қауіпті індетке шалдығу мүмкіншілігі зор. Әсіресе 20 мен 30 жас аралығындағы ер азаматтар көп емделеді. Емделу процесі ұзақ инфекциядан сақтанудың бірден бір жолы-сауатты сақтану, әрі медициналық жолмен тексеріліп тұру. Ауруды жұқтырған адам міндетті түрде екі тарап та емделу керек. Бірі емделіп, екіншісі ем қабылдаудан бас тартса уақыттың зая кеткені. Сонымен қатар инфекцияның қайталануына жол бермеу керек, болмаса оның ауыртпалы көп болады.
Трихомоноз
Трихомониаз – бұлда жыныстық жолмен жұғады. Тұрмыстық: анальді-тік ішек, оральді-ауыз, ванигальды-күнделікті. Бедеулік, белсіздік, түсік, жарым-жартылай, өліп қалуы. Қоздырушысы қынап трихомонадасы, латынша “Trichomonas varinalis” деп аталады (1-сурет). Трихомоноз мерез және соз аурулары сияқты көп тарайтын аурулардың қатарына кіреді. Сулу ортада жыныстық қатынасқа түскенде жұқтыру қауіпі бар. Теориялық жағынан қарағанда ылғалды сүлгі мен дене ысқыштар қолданған кезде жұқтыруға болады, өйткені ондай ылғалды өмір сүру қабілеті бар трихомоноз қоздырғыштары сақталады. Дегенмен, тұрмыстық жолмен жұқтыру сирек кездеседі. Алғашқы белгілері 1-2 аптадан соң байқала бастайды. Ал еркектерде трихомоноз белгілері жасырын болуы мүмкін.
1-сурет. Трихомоноздың үлкейтілген көрінісі
Трихомоноздың еркектердегі алғашқы белгілері:
Ақшыл сұйықтықтың бөлінуі;
Зәр шығару кезіндегі қиналулар мен аурулар;
Простатит белгілерінің пайда болуы.
Трихомоноздың әйелдердегі алғашқы белгілері:
Қынап түтігінен көп молшерде көпіршікті сұрлау-сары сұйықтықтың бөлінуі;
Қышу мен жыныс мүшесінің сыртқы қабатының қызаруы;
Зәр шығару кезіндегі аурулар;
Жыныстық қатынасқа түскен кездегі аурулар.
Трихомоноздың қауіпті екенін алдын мамандар біле қоймады, бірақ қазіргі таңда трихомоноздың ВИЧ қоздырғышын жыныстық қатынас кезінде жұқтыру қауіпіннің ықтималдығын және уақытынан бұрынғы босанулардың болуын арттыратыны анықталып жатыр. Ал еркектерде аурудың соңы простатитпен аяқталуы мүмкін.
C Гепатиті
С Гепатиті вирусының ең басты қасиеті – оның генетикалық өзгергіштігі, өзгеріске өзгеше бейімділігі. С Гепатитінің вирусының 6 негізгі генотиптері белгілі. Дегенмен, вирустың өзгергіштік белсенділігі жоғары болғандықтан, адам организмінде бір генотиптің ішінде ішінара түрлері кездеседі. Бұл ең маңызды факторлардың бірі, өйткені бұл С Гепатитінің вирусының созылмалы түрінің тіршілік ету ұзақтығының жоғары жиілікте екенін көрсетеді. Адамның иммундық жүйесі антиденелерді уақытылы өңдей алмайды, өйткені вирусқа қарсы антиденелер өңделіп жатқан кезде тағы ол өзгеріске ұшырап, оның жаңа ішкі түрлері пайда бола бастайды. С Гепатиті вирусын жұқтыру үшін, яғни вирусы бар қанның келесі бір адам қанына енсе болғаны. Осы жолмен вирус қанмен бірге бауырға жетіп, бауырдың ішкі жасушаларына еніп, көбее бастайды. Бауыр жасушаларының зақымдануы вирустардың (жұмысына байланысты) адам организмінің иммундық реакциясына қарсы жұмыс істеуіне байланысты. Келесі суретте С Гепатиті вирусының көрінісі көрсетілген(2-сурет).
2-сурет. С Гепатитінің үлкейтілген көрінісі
Инфекция көзі ретінде ауру адам және тасымалдаушылар болып табылады. Қан арқылы жұғатын болғандықтан тіс дәрігерінде болғанда, жалпы медициналық өызмет көрсету кезінде және шаштараздағы қызмет көрсетулер мен жыныстық қатынас кезінде жұқтыруға болады. Зақымдалғаннан күннен бастап клиникалық белгілер байқалғанынша 2-26 апталарға дейін созылуы мүмкін. Көпшілік жағдайда клиникалық белгілер байқалмағандықтан адам ұзақ жылдар бойы өзінің ауру жұқтырғанын білмейді де және онымен қоса ол зақымдаушы көзі болып табылады. С және В Гепатиттері вирустары өміршең келеді: 60 градус температурада жарты сағатқа дейін өлмейді. Жетерліктей қан бөлігінде басқа да биологиялық сұйықтықтарда өмір сүре алады. Құралдардың кейбір бөліктері мұндай жоғары температураны көтере алмайды, оларды химиялық заттармен өлтіруге болады. Бұған қоса тек дұрыс дезинфекция жасау ғана емес, сонымен қатар құралдардың дұрыс жуылуы да маңызды рөл атқарады. Шет елдерде бұндай жұмыстарды арнайы автоматтар орындаса, біздің елде олар санаулы болғандықтан, көбінесе қолмен жуады. Ең жаманы бұл вирустардың спирттен де жойылмайтыны қорқынышты.
