- •Емтихандық билет № 1
- •1. Астық дақылдарының өсуі және дамуы (өсу сатылары, органогенез кезеңдері, өнімділік элементтері)..
- •2. Ауыл шаруашылық дақылдардының тіршілігіне қажетті факторлары.
- •3. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы пәні, міндеттері.
- •4. Топырақтану ғылымының қалыптасуы, топырақтың табиғи ерекшеліктері. Топырақтанудың негізгі бөлімдері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу тәсілдері.
- •Емтихандық билет № 2
- •1. Өнім сапасына сорттың және өсіру жағдайларының әсері..
- •2. Арамшөптерді сыныптау және олардың биологиялық ерекшеліктері..
- •3. Өсімдік шаруашылық өнімдерін сақтау және өсіру кезінде өнімнің сапасына әсер ететін факторлар..
- •4. Топырақтану ғылымының даму тарихы. Топырақтанудың Қазақстанда дамуы..
- •5. Солтүстік қазакстанда селекция және тұқым шаруашылық ғылымының қысқаша даму тарихы. Отандық селекцияның негізін қалаушылар.
- •Емтихандық билет № 3
- •1. Өсімдік шаруашылығы ғылым ретінде (міндеттері, зерттеу әдістері).
- •2. Солтүстік Қазақстанда азжылдық арамшөптермен агротехникалық күресу шаралары..
- •3. Ауылшаруашылық өнімінің сапасы туралы ұғым. Өсімдік шаруашылық өнімдеріне қойылатын талаптар. Базистік және шектеулі нормалар..
- •4. Топырақ құралу процесінің жалпы жобасы. Топырақтың табиғи түзіліс ретіндегі жалпы ерекшеліктері, зат айналымдары...
- •5. Картоп тұқымшаруашылығы. Элитті картоп өсіру нұсқасы.
- •Емтихандық билет № 4
- •1.Жаздық жұмсақ бидайдың маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Солтүстік Қазақстанда көпжылдық арамшөптермен күресу шаралары.
- •3.Астықтың сапа көрсеткіштерін жіктеу. Астықтың жаңалығы және оны анықтау тәсілдері.
- •4.Топырақ құралуының кезеңділігі. Топырақ құралуы және эволюциясы..
- •Емтихандық билет № 5
- •1. Топырақ-климаттық аймақтарын ескере отырып жаздық жұмсақ бидай өсіру технологиясының негізгі элементтерін негіздеу.
- •2. Арамшөптерді химиялық әдіспен құрту шаралары (қолданатын гербициттердің түрлерін атау және бүрку мөлшерін анықтау, есептеу).
- •3. Астық массасынан үлгі алу тәртібі. Астықтың ластылығы және оны анықтау тәсілдері.
- •4. Топырақтың морфологиялық белгілері. Топырақ жаратылысының факторлары. .
- •5. Будандастыру. Оның принциптері, түрлері және тәсілдері.
- •Емтихандық билет № 6
- •2. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері (мысалы-ерте пісетін және кеш пісетін жаздықтар).
- •3. Астықтың ылғалдылығы және оны анықтау тәсілдері.
- •4. Топырақтың қатты фазасының минералды бөлігі. Топырақтардың гранулометриялық құрамының маңызы.
- •Емтихандық билет 7
- •1.Күздік дәнді дақылдарының маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Ауыспалы егіс және олардың құрастырушы элементтері
- •3.Астық партиясының сапа көрсеткіштері. Типтік құрамы және шынылығы.
- •5.Селекциялық процестегі жалғыз айырмашылық принципі және будандары, дәлдігі, типтігі.
- •Емтихандық билет №8
- •1.Солтүстік Қазақстанда күздік дақылдарды өсіру технологиясының ерекшеліктері.
- •2.Ауыл шаруашылығы дақылдарын және сүрі жерлерді ауыспалы егісте орналастыру
- •3.Дәннің ірілігі мен біркелкілігіне әсер ететін факторлар. Астықтың көлемдік салмағы (натура), қауыздылығы, дәннің толықтылығы және оны анықтау тәсілдері.
- •4.Топырақ құрамындағы химиялық заттар. Топырақтардың радиоактивтілігі, табиғи және жасанды радиоактивтілік.
- •5.Мутация және мутагенез, оның селекция тәжірибесіндегі маңызы.
- •Емтихандық билет №9
- •Астық жемдік дақылдарының маңызы, олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •Ауыспалы егістерді сыныптау, құрастыру принциптері және оларды қолдану аудандары
- •3. Астықтың наубайханалық сапа көрсеткіштері. Бидай дәніндегі желімшенің сапасы мен мөлшерін анықтау. Күшті және қатты бидайлар.
- •5.Картоп дақылының сорттық белгілері және Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған сорттары.
- •Емтихан билет №10
- •1.Солтүстік Қазақстанда жемдік астық дақылдарының өнімділігін арттыру жолдары.
- •2.Алқаптық ауыспалы егіс: сыныптау, құрастыру ерекшеліктері
- •3.Я.Я. Никитинский бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың жалпы қағидалары, тәжірибедегі мәні.
- •5.Сорт туралы түсінік. Өндірісте сортқа қойылатын талаптар.
- •Емтихан билет №11
- •1.Дәнді дақылдардың тіркелген сорттарының сипаттамасы.
- •2.Солтүстік Қазақстанда астықты-сүрі жерлі ауыспалы егісті игеру
- •3.Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері (астық массасының сусымалылығы, өздігінен сұрыпталуы, қуыстылығы, сорбциялық қасиеттері).
- •2.Топырақты күзде өңдеу:түрлері, құралдары, тереңдігі
- •3.Сақтау кезінде астық массасында жүретін физиологиялық процесстер. Сақтау кезіндегі астық пен тұқымың ұзақ өміршеңдігі (тыныс алу, егін жинағаннан кейінгі дәннің пісіп-жетілуі).
- •5.Сұрыптау және оның тәсілдері. Сұрыптау жүргізу кезінде туындайтын қиыншылықтар мен кедергілер.
- •Емтихандық билет № 13
- •Солтүстік Қазақстанда қарақұмықтың өсіру технологиясының ерекшеліктері.
- •2. Топырақты көктемде алғашқы өңдеу – ылғал жабу немесе тырмалау: мерзімі және орындау ерекшеліктері, құралдар, тереңдігі.
- •3. Сақтау кезінде астық массасының өздігінен қызуы (ұялы, қабаттық, жаппай өздігінен қызудың түрі). Күресу жолдары.
- •4. Топырақтың физикалық және физико -механикалық қасиеттері.
- •5. Полиплоидия және оны селекциалық тәжірибеде пайдалану. Полиплоидия түрлері және алу жолдары.
- •Емтихандық билет № 14
- •Жүгерінің маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •Топырақты себу алдында және аралықты өңдеу: мерзімі және орындау ерекшеліктері, тереңдігі, құралдары, ерекшеліктері.
- •Астық массасын сақтау кезінде зиянкестермен зақымдануы және оны анықтау тәсілдері.
- •Топырақтағы ылғал түрлері. Топырақтың негізгі су қасиеттері: су ұстау қасиеттері, су өткізгіш қасиеті, су көтергіш қасиеті. Топырақтың су құбылымы..
- •Мәдени дақылдардың эколого-географиялық жүйеленуі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығы және қалыптасуы (н.И.Вавилов;п.М.Жуковский).
- •Емтихандық билет № 15
- •Емтихандық билет № 16
- •1.Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемге өсірудің астықты технологиясы..
- •2.Топырақтың құнарлығы және мәдени түрлері.
- •3.Дән массасын қоймада сақтау режимі мен тәсілдері. Сақтау тәсілдерінің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі.
- •Емтихандық билет № 17
- •Қазақстанда қант қызылшасын өсірудің индустриалдық технологиясы.
- •Ауыспалы егіс туралы ілімінің дамуы.
- •3. Құрама азық өндірудін негіздері.
- •4. Топырақты және ауылшаруашылығы жерлерін қорғау. Топырақ эрозиясы және дефляциясы. Топырақты ластанудан қорғау шаралары.
- •5. Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері. Құрғақшылыққа және қысқа төзімділігін бағалау.Өнімнің сапасын бағалау.
- •Емтихандық билет № 18
- •Қант қызылшасының маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •Минималдық, нөлдік топырақ өндеу әдістері олардың айырмашылықта
- •3. Көкөніс, жеміс жидекті өндеу негіздері. Ашытқан қырыққабатты даярлау
- •4. Таулық аймақтар топырақтары және жайылма топырақтары классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.
- •Біржылдық көкөніс дақылдарының тұқымшаруашылығы. Шалғам және қияр тұқымшаруашылығы..
- •Қолданылуы
- •Өсімдік туралы
- •Емтихандық билет № 19
- •Солтүстік Қазақстанда картопты суарылмайтын жағдайда өсіру технологиясы.
- •Дақылдарды алғы егіс ретінде бағалау.
- •3. Өсімдік майының сапасы және оны анықтау жолдары.
- •4. Таулық аймақтар топырақтары және жайылма топырақтары классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.
- •5. Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері. Зиянкестерге қарсы төзімділік бағасы. Қолайсыз топырақ – климаттық жағдайларға төзімділік бағасы. Егіс жинауға және механизацияға берілген бағасы.
- •Емтихандық билет № 20
- •Картоп дақылын қатарлап жал үстіне өсіру технологиясының ерекшеліктері.
- •2. Егіншіліктің негізгі заңдары жеке олардың дақылдар өнімін арттырудағы маңызы.
- •3. Жарма өндіру тәсілдері және технологиялық үрдістердің сұлбасы, сапасын анықтау көрсеткіштері.
- •4. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтары классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.
- •5. Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері. Зиянкестерге қарсы төзімділік бағасы. Қолайсыз топырақ – климаттық жағдайларға төзімділік бағасы. Егіс жинауға және механизацияға берілген бағасы.
- •Емтихандық билет № 21
- •1.Картоптың маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •2.Топырақтың су,ауа,жылу режимдері және оларды реттеу әдістері.
- •3.Нан пісіру негіздері. Піскен нанның сапасын анықтау: сыртқы түрі, жұмсақтығы, нанның ылғалдылығы, саңылаулығы, қышқылдылығы.
- •4.Шөлейт және шөлді аймақ топырақтары классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.
- •5. Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдары. Биотехнология және селекция.
- •Емтихандық билет № 22
- •Солтүстік Қазақстанда майлы зығырдың өсіру технологиясының негізгі элементтері.
- •2. Топырақтың жарық және қоректік режимдері және оларды реттеу әдістері.
- •3. Картопты сақтау тәсілдері. Картоп және көкеніс сақтау қоймаларының сипаттамасы, дайындық жұмыстары.
- •4. Кебірлердің классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.
- •Мутация классификациясы. Химиялық және физикалық мутагендер. Экспериментальды және спонтанды мутагенез негізінде алынған құнды шаруашылық формалары мен сорттары.
- •Емтихандық билет № 23
- •Майлы зығыр маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
- •Топырақтың негізгі агрофизикалық қасиеттері, егіншіліктегі мәні және оларды реттеу әдістері.
- •5. Элита тұқымдарының өндірісі. Элитті тұқымдардың толық өсіру схемасы.
- •Емтихандық билет № 24
- •1.Солтүстік Қазақстанда жаздық рапсты тұқымға өсіру технологиясының ерекшеліктері.
- •2.Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру.
- •3. Қоймаларды жаңа өнімді қабылдауға дайындау. Дезинсекция.
- •4. Қара-қоңыр және шалғынды қара-қоңыр топырақтар классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.
- •5. Селекциялық процестердің ұйымы және техникасы. Сортсынау.
- •Емтихандық билет № 25
- •4. Шалғынды және шалғынды-далалы ландшафттың автоморфты топырақтары қара топырақтар деп аталады.
- •Емтихандық билет № 26
- •Емтихандық билет № 27
- •Емтихандық билет № 28
- •Емтихандық билет № 29
- •Емтихандық билет № 30
- •5. Мемлекеттік сорт сынауды ұйымдастыру. Мемлекеттік сорт сынау учаскелерінде сорттарды өндірістік сынаудан өткізу.
Емтихандық билет № 30
Маңызы. Құрамындағы ақуыз мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас өсімдіктерге пара-пар келетін дақыл жоқ. Олардың тұқымдарында дәнді дақылдарға қарағанда ақуыз 1,5-3 есе артық – асбұршақта 20,4-35,7 %, ноқатта - 22-31 %, сиыржоңышқада - 22,3-37,8 %, майбұрщақта - 27-30 %. Бұршақ өсімдіктерінің ақуызы толық бағалы және жоғары сапалы, өйткені олардың құрамына амин қышқылдарының жеңіл еритін фракциялары – тирозин, триптофан, лизин ж.б. Кіреді. Морфологиялық ерекш.:жапырақтардың құрылысы бойынша 3 топқа бөлінеді:1-қауырсын тәрізді(асбұршақ, жасымық, ноғатық, ноқат, атбас бұршақ)2- үштік жапырақты(бадана, майбұршақ),3- саусақ-салалы жапырақты(бөрібұршақ). Тамыр жүйесі кіндікті, топырақта 2 м тереңдікке дейін бойлайды. Сабақтары әртүрлі механикалық беріктілікте және себу тәсілі осыған тәуелді. Атбас бұршақта, бөрі бұршақта, бадананың бұталы түрлерінде, ноқат және майбұршақта сабақтары тік өседі(жиі түрде кең қатарлы тәсіл пайдаланылады). Асбұршақ, сиыржоңышқа, ноғатық, жасымық пен баданада пісу кезінде жапырылады(тек жаппай қатардағы себу тәсілі қолданылады). Гүлдері бұрыс пішінді. Күлтеше жапырақтары әртүрлі мөлшерлі және пішіні де әртүрлі (қайықша, желкен және қанатты). Жемісі әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі бұршаққап. Тұқымдары әртүрлі пішінді, мөлшерлі және түсті болып келеді. Дәнді бұршақ дақылдары өсіп жетілу кезеніне байланысты 2 топқа: 1-қысқа(асбұршақ, жасымық, ноғатық) және 2-ұзақ( атбас бұршақ, ноқат, бадана, майбұршақ). Биологиялық ерекш.Температураға қоятын талаптарына қарай 3 топқа бөлінеді:шамалы талапты, егін көгін 3-40С қалыптастырады(асбұршақ, жасымық, ноғатық),орташа талапты, егін көгі 5-60С қалыптастырады(жіңішке жапырақты бөрі бұршақ, атбас бұршақ, ноқат), жоғары талапты, егін көгі 10-130С қалыптастырады(майбұршақ, бадана).Асбұршақ пен жасымық көктеу кезінде 80С бозқырауды көтереді, бөрібұршақ пен атбас бұршақ 60С дейін, ал майбұршақ 3-40С дейін аязды көтереді. Бозқырауға барынша сезімтал дақыл бадана, оның егін көгі -10С температурада үсіп кетеді. Ылғалға талаптары жоғары. Тұқым бөртуі үшін 110-140
Кеш жаздықтар. Олардың тұқымдары топырақ қабаты жеткілікті қызған кездері өнеді. Кеш жаздық арамшөптер астықтарды орып болған кездері өнім береді. Олардың өте қауіптілеріне қызыл құйрық (Amaranthus retroflexus L), күрмек (Echіnochloa crus-gallі L Rokcmet Schuіt) және басқалары жатады. Ерте және кеш жаздықтармен негізгі күресу тәсілдері – агротехникалық және химиялық. Азжылдық арамшөптерге қарсы қолданылатын агротехникалық шаралардың ішінде күзде жерді сүдігерге жырту жақсы нәтиже береді, өйткені көптеген азжылдық арамшөптердің, әсіресе ерте пісетін түрлерінің, тұқымдары шашылып, топырақтың беткі қабатында (0-5см) қалады, содан көктемде қаулап өсіп танапты ластайды. Сондықтан, сүдігер өңдеу арқылы оларды топырақтың беткі қабатынан оның астыңғы қабатына тереңге (22-25см) сіңіргеннен кейін жер бетіне көктеп шықпайды.
Азжылдық арамшөптер тұқымдарын жоюда өршіту әдісінің маңызы зор. Ол үшін топырақтағы тұқымдардың көктеп шығуына қолайлы жағдай жасап (топырақты қопсыту, ептеп ылғалдандыру), арамшөптер көктеп шыққаннан кейін оларды егін себер алдында тырмалау, культивациялау, дискілеу арқылы қырқып жою керек. Бұл тәсілді Қазақстанның күзі ұзақ әрі жылы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сүдігер жыртқанға дейін, ал республиканың күзі ерте түсетін және салқын солтүстік өңірлерінде ерте көктемде қар кеткеннен егін сепкенге дейінгі топырақ өңдеу жүйесінде жүргізуге болады. Аталған әдісті пар өңдеу жүйесінде Қазақстанның барлық аймағында жүзеге асыруға болады.
Азжылдық арамшөптерді жою үшін оларға қарсы гербицидтер қолдану жақсы нәтиже береді. Әсіресе, дәнді дақылдар егісін ластап, оларға көп зиян келтіретін қарасұлыны жою үшін иллоксан гербицидін қарасұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде жаздық және күздік бидай егістерінде әр гектарға 2,5-3.0 әсер етуші заты бойынша 5 литр шамасында бүріккен дұрыс, ал триаллатты егін себер алдында әр гектарға 1,7-3,4 литр шамасында бүрке шашып, топыраққа тез арада сіңіру керек, кері жағдайда ол ұшып кетіп, ешқандай әсер бермейді.
Астықты массасын кептіру ережелері мен тәсілдері. Астықты кептіру тәсілі олардың сорбциялық қасиетіне негізделген. Дәннің ылғал бөлу мүмкіндігі оның анатомиялық ерекшелігі мен ірілігіне байланысты болады. Кептірудің барлық тәсілдерін келесідей екі топқа бөледі: арнайы жылуды қолданбай кептіру; арнайы жылуды қолданып кептіру. Кептірудің алғашқы тәсілі бойына ылғалды сіңіру қасиеті жоғары заттарды пайдалану арқылы негізгі өнімнің ылғалдылығын төмендетуге бағытталған. Астық пен тұқымды кептірудің барлық тәсілдері олардың сорбциялық қасиеттеріне негізделген. Егер бу түрінде ылғалдың берілуі жүретін ортаға астық массасын немесе жекелеген дәндер мен тұқымды орналастырса, басқаша айтқанда десорбцияға жағдайлар жасалса, онда кебу процесін байқауға болады. Астық кептіру тәсілдерін 3 топқа бөлуге болады: Химиялық кептіру.Ауа мен күн көзінде кептіру. Астық массасын әртүрлі астық кептіргіштердің көмегімен кептіру. Астық немесе тұқымды химиялық кептіру негізінен натрий сульфатының көмегімен /бұршақ дақылдарының тұқымдарын/ жүргізіледі. Шаруашылық жағдайында осы мақсатта құрғатылған жаңқа, активтендірілген көмір, натрий сульфаты, хлорлы кальций, т.б қолданылады. Астықты күн көзінде кептіру ауа райы қолайлы өңірлерде, көлемі аз астықтың ылғалдылығын азайтуда қолданылатын тиімді тәсіл. Бұл кезде ылғал жайманың беткі қабатынан бөлінеді де төменгі қабаттағы ылғал мөлшері өзгеріссіз қалады. Жайманың қалыңдығы неғұрлым жұқа болса, астық соғұрлым жақсы кебеді. Ол үшін оңтүстікке қарай шамамен 60-қа көлбеу, асфальтталған тегіс жерге дәнді ұсынылған қалыңдықта жаяды. Ол қалыңдық астық дақылдарында 15-20 см, бұршақ тұқымдастарында 10-15 см, тарыда 4-5 см аралығына. Жайманы араға 2-3 сағат уақыт салып араластырып тұру қажет. Астық пен тұқымды астық кептіргіштерде кептіру. Астық пен тұқымды астық кептіргіштерде жылу арқылы кептіру негізгі барынша жоғары өнімді тәсіл. Астық пен тұқымды кептіруді тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей негізгі қағидаларды білген және ескерген жөн: Қыздыру температурасының рұқсат етілген шекті мөлшері қарастырылып отырған астық немесе тұқым тобын қандай температураға дейін қыздыру қажет. Бұл көрсеткіш дақылға, оның пайдалану бағытына, бастапқы ылғалдылыққа /кептіруге дейінгі/ байланысты өзгереді
4. Топырақтың құрамында оның сұйық бөлігі бар. Ол топырақ ерітіндісі. Топыраққа түскен ылғал оның қатты және газ бөліктерімен әрекеттеседі. Олардың құрамындағы заттардың бір бөлігін ерітеді. Сөйтіп, топырақ ылғалы ерітіндіге айналады. Тотығу үрдісіне оттегін қосып алу, сутегін немесе электронды беру, ал тотықсыздану үрдісіне, керісінше, оттегін беру, сутегін немесе электронды қосып алу жатады. Әдетте электронды беру-тотығу, ал электронды қосып алу-тотықсыздану үрдісі деп есептеледі. Әдетте электронды беру-тотығу, ал электронды қосып алу-тотықсыздану үрдісі деп есептеледі. Топырақтың тотығу-тотықсыздану үрдісі жағдайының дәрежесін сипаттау үшін тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтайды. Топырақтың тотығу-тотықсыздану потенциалы (ТТП) дегеніміз топырақтағы бір мезгілдегі барлық тотығу-тотықсыздану құбылыстарының жиынтық көрсеткіші. Тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтау үшін салыстырмалы электродтарды пайдаланады және ол Eh көрсеткіші арқылы белгіленіп, оның дәрежесін милливольт (мв) өлшемін өлшейді. Топырақтың тотығу-тотықсыздану режимі дегеніміз топырақ түзілуінің жылдық мерзімі ішінде топырақ кескінінде қалыптасқан тотығу-тотықсыздану құбылыстары қарқының салыстырмалы сипаттамасы. Бұл режимінің төрт типі бар. Олар келесідей:
Тотығу үрдісінің басым сипаты бар топырақтар - автоморфты дала, шөл - дала және шөл аймақтары топырақтары (қара топырақ, қара - қоңыр, қоңыр, сұр - қоңыр, боз топырақтар);
Тотығу үрдісінің басым сипаты бар, бірақ ылғалды жылдары немесе ылғалды мезгілде тотықсыздану үрдісі байқалуы мүмкіншілігі бар топырақтар (тайгалы - орман аймағының, ылғалды субтропикалық, жалпақ жапырақты орман аймақтарының автоморфты топырақтары);
Күрт өзгермелі тотығу-тотықсыздану режимі бар топырақтар (әр түрлі аймақтардағы жартылай гидроморфты топырақтар);
Тотықсыздану үрдісінің басым сипаты бар топырақтар (батпақты топырақтар, гидроморфты сортаң топырақтар).
