Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
390 Кб
Скачать

2.Ауыл шаруашылығы дақылдарын және сүрі жерлерді ауыспалы егісте орналастыру

Дақылдарды және сүрі жерді бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егісте орналастыру

Тақ жолақтар

Жұп жолақтар

Сүрі жер

Үшінші жылғы көп жылдық шөптер

Жаздық бидай

Төртінші жылғы көп жылдық шөптер

Жаздық бидай, күзде көп жылдық шөптер орылған егістің үстінен себу

Бесінші жылғы көп жылдық шөптер шөпке шабылғаннан кейін жартылай сүрі жер бойынша өндеу

Бірінші жылғы көп жылдық

Шөптер

Көп жылдық шөптер қыртысының үстінен жазық бидайды себу

Екінші жылғы көп жылдық шөптер

Қыртыстың үстінен жаздық бидайды себу

3.Дәннің ірілігі мен біркелкілігіне әсер ететін факторлар. Астықтың көлемдік салмағы (натура), қауыздылығы, дәннің толықтылығы және оны анықтау тәсілдері.

Дәннін ірілігі оның көлеміне тура байланысты. Ол сол астықтын құрамындағы көлемі әр түрлі дәндердің қатынасы арқылы беріледі және негізгіі Фракцияның ірілігіие тура байланысты болады.

Дәннің біркелкілігі дегеніміз-астық массасындағы дәндердің бір-біріне ұқсас, бірдей болуы. Егер астық құрамындағы дәндері негізінен түсі, ірілігі ылғалдылығы, жекелеген дәндердің салмағы, мөлдірлігі және басқа да белгілері бойынша бір шамада болса, онда мұндай астық массасы біркелкі болып келеді. Тәжірибеде дәннің ірілігі (көлемі) бойынша біркелкі болуына көп көңіл бөлінеді.

Дәннің ірілігі мен біркелкілігін келесі тәсілдің бірімен анықтайды:

  • Әрбір жеке дәннің ұзындығы, енін және жуандығын өлшеу арқылы;

  • Тесігінің диаметрі әр түрлі елегіштерден өткізу арқылы.

Астықтың көлемдік салмағы, әдетте дәннің толық пісіп жетілгендігін білдіреді. Дән неғұрлым толық пісіп жетілсе, одан алынатын өнімнің (мысалы, бидай дәнінен ұнның) көөлемі де жоғары болады. Сонымен қатар, көлемдік салмаққа дәннің формасы мен көлемі, дән сыртының тегіс-бұдырлығы әсер етеді.

Дәннің көлемдік салмағы астық құрамындағы қоспаның түрі мен көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Егер астық құрамында ауыр және ұсақ қоспалар (ылғалдылығы жоғары арам шөп дәндері, тас, кесек, т.б.) Болса, көлемдік салмақ ауырлайды да, ал жеңіл әрі ірі қоспалар (кепкен жапырақ, сабан, дәндер, т.б.) Болса керісінше – төмендейді.Бидай дәнін көлемдік салмағы бойынша келесідей 4 категорияға бөледі:

  1. Жоғары -785 г/л-ден жоғары;

  2. Орташадан жоғары -765-784 г/л.

  3. Орташа -725 -764 г/л.

  4. Төмен -724 г/л-ден төмен.

Мемлекеттік стандарт бойынша астықтың көлемдік салмағын ыдысының көлемі 1 литр болатын ПХ-1 пуркасының көмегімен анықтайды.

4.Топырақ құрамындағы химиялық заттар. Топырақтардың радиоактивтілігі, табиғи және жасанды радиоактивтілік.

Топырақ құрамына кіретін элементтер химиялық қосылыстар түрінде болады.

Оттегі бастапқы және туынды минералдар құрамында және органикалық заттар мен судың құрамында болады.

Топырақтағы кремний элементінің мөлшері кварцтың мөлшеріне тікелей байланысты. Балшықты топырақта sіо2 мөлшері 40-70 %, ал құмды топырақта 90–98 % дейін болады.

Алюминий топырақтағы бастапқы және туынды минералдардың, органикалық минералды комплекстердің құрамында және топырақтың қатты бөлігімен сіңірілген ион күйінде болады.

Темір топырақ минералдары құрамында, гидрототықтар, тотықтар, тұздар күйінде, органикалық, минералды қосылыстар құрамында және сіңірілген ион күйінде кездеседі. Темір өсімдіктер тіршілігіне қажет, темірсіз хлорофилл түзілмейді.

Азоттың басты бөлігі топырақтың органикалық заттары қарашірінді құрамында болады. Өсімдіктерге тиімді азот қосылыстары нитрат, аммоний, нитрит иондары топырақтың органикалық заттары ыдырауы кезінде түзіледі. Ол өсімдік тіршілігіне қажет басты элемент.

Фосфор топырақта органикалық және минералды қосылыстар құрамында болады. Олар органикалық заттар - фитин, нуклеин қышқылы, нуклеопротеидтер, фосфатидтер де және минералды қосылыстар – ортофосфор қышқылының кальцийлі, магнийлі, темірлі, алюминийлі тұздары құрамында болады. Фосфор өсімдіктердің өніп- өсуіне қажетті негізгі элементтердің бірі.

Калийдің топырақтағы жалпы қоры мол болып келеді. Ауыр гранулометриялық құрамды топырақта калийдің мөлшері 2 % және одан жоғары болады.

Топырақта кальций мен магний минералдардың құрамында, оның қатты бөлігі алмаспалы сіңірген иондар және қарапайым тұздар күйінде кездеседі.

Топырақтың радиоактивтігі топыраққа табиғи немесе антропогендік жолмен келген радиоактивті элементтерден пайда болады. СИ жүйесінде радиоактивтік өлшем беккерельмен өлшенеді (1 Бк = 1с/ бөлшек) немесе белсенділіктің тағы бір өлшемі - кюри (1 Ки = 3,7.1010 Бк).

Топырақтағы табиғи радиоактивтік изотоптар.

Уран - көптеген тау жыныстарының ішінде кездеседі, ал топырақтарда тұрақты болады. Оның мөлшері, әсіресе фосфаттарда көп.

Радий - ол химиялық элементтердің ішінде сілтілі - жер элементтеріне жатады, яғни биофильді кальций, магний элементтердің аналогы. Радийдің ядросы сәулелермен бөлініп, басқа типке айналғанда көп мөлшерде жылу бөліп шығарады.

Торийдің тау жыныстарындағы мөлшері едәуір. Торий топырақта және топырақ - өсімдік арасында жылжуы жағынан баяу химиялық элементтерге жатады.

Калий - 40 және рубидий - 87 - топырақтың радиоактивтігіне үлкен (50 %- дейін) үлес қосатын және ұзақ уақыт өмір сүретін изотоптар.

Көмір - 14 және тритий - космогендік радиоизотоптар. Табиғи радиоизотоптардың ішінде топыраққа маңыздысы көмір-14 және сутегінің өте ауыр изотопы тритий.

Топырақтағы антропогендік радиоактивтік изотоптар. Антропогендік жағдайдан пайда болған радиоактивтік ядролық жарылыс, атом өндірістерінің қалдықтары т.б. Себептермен топыраққа радиоактивтік изотоптарды әкеледі. Атом жарылыстарынан пайда болған радиоактивтік заттар ауамен таралып, жауын-шашынмен жерге түсіп, топырақты және табиғи суларды радиоактивтік заттармен ластайды. Ең қауіптісі стронцийдің изотопы (90 Sr), цезийдің (137 Cs), өйткені олардың жартылай ыдырау уақыты өте ұзақ (90 Sr - 28 жыл, 137 Cs - 33 жыл) және олардың сәуле шығару күші үлкен болғандықтан, биологиялық айналымға белсенді қатысады.