Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

Емтихандық билет № 29

  1. Асбұршақ және ноқат

Бұршақ дақылдарын азық-түлік және мал азық ретінде қолданылады.Бұршақ дақылдардың негізгі алғы егіс дақылдары жаздық бидай, күздік қара бидай, жүгері, картоптар. Жасымықтың тыңайтқыш қолдану, негізгі және тұқым себу алдындағы топырақ өңдеу жүйесі асбұршаққа ұқсас. Жасымықты ерте мерзімде жаппай қатардағы немесе тарқатарлы тәсілдермен себеді. Ірі тұқымды жасымықтың 1 га себу мөлшері 2-2,5 млн (120-130 кг), ұсақ тұқымдарда -2,5-3,0 млн (80-100 кг) өнгіш тұқым.Тұқым сіңіру тереңдігі- жеңіл топырақта- 4-5 см, ол топырақтың жоғарғы қабатында ылғал жеткіліксіз жағдайда 7 см-ге дейін жеткізіледі.Өнімді жинау. Жасымықты екі кезеңді тәсілмен бөлектеп жинайды. Дестелеп ору- өсімдіктің төменгі жағындағы бұршаққаптың тез піскенде өнім ысырабы көп болмау және тұқымдары қарайып, тауарлық сапасы төмендемеу үшін дестені тездетіп бастыру керек. Тұқымды сақтауға қоймас бұрын оны тазалайды және қажет болса кептіреді.

Майбұршақ себу мерзімі топырақтың тұқым сіңіретін тереңдігінде жылудың +10-120-қа дейін жетуімен анықталады. Республиканың оңтүстік аудандарында календарлық себу мерзімі сәуірдің 25-нен 15-ші мамырға дейінгі аралық. Оны кең қатарлап себеді – бір немесе 2 жолақты әдіспен және қатар аралықтың ені 60 см етіп егіледі, жолақтардың аралығы – 15 см. Егінді тікелей комбайндау әдіспен аласа кесуге реттелген комбайндармен жинайды, барабанның айналу жылдамдығын минутіне 500-600 айналымға дейін төмендетеді. Тұқымды тазалап 12-14 пайыз ылғалдылыққа дейін кептіреді.

Асбұршақ сорттары:Ромонский 77.Сорт Бүкіл Ресейлік ҒЗИ-да шығарылған. Вульгатум түршесіне жатады. Сабағының ұзындығы 60-80 см, түйін аралық саны 12-18. 1000 тұқымның массасы 220-230г, белок мөлшері 22-25%. Гүлдері ақ, тұқымдары ақшыл-қызғылт.

Сорт орташа мерзімде піседі. Аурулар мен зиянкестерге төзімділігі орташа.Неосыпающийся 1. Сорт Ворошилов мемлекеттік ауылшаруашылық тәжірибе станциясында шығарылған. Эвадекум түршесіне жатады. Сабағының ұзындығы 67-83см, түйін аралығының саны 14-22. Гүлдері ақ, тұқымдары қызғылт түсті. 1000 тұқымның массасы 180-240г, белок мөлшері 23-25%. Сорт орташа мерзімде піседі. Аурулар мен зиянкестерге төзімділігі орташа. Шашылып қалмауға өте төзімді.

Ноқат сорттары:Волгоградский 10. Сорт Волгоград АШИ-да шығарылған. Транскауказика кардеум түршесіне жатады. Өсімдігі бұталы, биіктігі 45-50см. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімді, жылуға сұранысты. Өсу мерзімі 78-86 күн. 1000 дәннің масасы 227-268г.Юбилейный. Сорт Краснодар МСС-да шығарылған. Транскауказика карнеум түршесіне жатады. Бұтасы жинақты, тік өседі, өсімдік биіктігі 40-48 см, төменгі бұршағының беку биіктігі 24-27см, сорт орташа мерзімде піседі, қуаңшылыққа төзімді,көктемгі бозқырауды жақсы көтереді. Өсу мерзімі 78-95 күн. Аскохитозға төзімді, фузариозбен аздап залалданады.Краснокутский 123. Сорт Краснокут АСС-да шығарылған. Бруннеум түршесіне жатады. Өсімдігінің пішіні бұталы, сабағының биіктігі 26-30см. 1000 тұқымының массасы 256-333г, белоктығы 17,3-23,3%, бұршағының жарылып кетпеуіне төзімді- лігі жоғары. Сорт орташа мерзімде піседі, қуаңшылыққа өте төзімді. Өсу мерзімі 82-107 күн. Ауруларға төзімділігі орташа.

Жасымық сорттары:Веховская, Красная.

Асбұршақ және ноқат өсірудің технологиялық схемасы

Технологиялық

Іс шаралар

А/ш машиналар

Және құралдар

Жүргізу мерзімі

Сапалық көрсеткіштер

Шарқы

1

Топырақты күзде

Өңдеу

«Flexicoil-820»

Егінді жинағасын

Тереңдігі 25-27см.

2

Қар тоқтату

СВШ-10,СВУ-2,6

Желтоқсан-

Ақпан

Қар үйінділері орталығы ның арақашықтығы 4-5м, биіктігі12-15см.

Желдің негізгі бағыты-

На көлденең.

3

Топырақты ерте

Көктемде өңдеу

«Morris Field

PRO»

Өңделуге көлде- нең. Топырақтың

Физикалық піскен кезінде

Тереңдігі 3-5см.

4

Тұқымды

Дәрілеу

ПС-10,

ПСУ-10,СТ

Себуге дейін, 3-4

Жұма бұрын

ТМТД 80% т.п.

-3-4 кг/т.

5

Тұқымдарды

Биопрепараттар-

Мен өңдеу

(инокуляция)

ПС-10,

ПСУ-10, СТ

Себетін күні

Ризотрорфин 250-270 г/га

Және1% молибденді- ащщы аммонимен 25г/ц.

6

Себу, минерал-

Дық тыңайтқыш-

Тарды қоса

Себу кешендері:

«Morris Concept-2000»

«fiexicoil»

«John Deer-1895»

«Horsch-Агро-

Союз»

Асбұршақ –

20-27мамыр,

Ноқат-15-20 мамыр.

Тыңайтқыш сіңіру-

10кг. N, 20кг Р2О5.

Себу тереңдігі 6-8см.,

Ауыр топырақтарда 4-5см.

Себу мөлшері:асбұршақ-

0,9-1,1 млн.өңгіш тұқым 1га; ноқат-0,4-0,5млн.(кең-

Қатарлы). 0,7-0,8 млн.

Өңгіш тұқым1 га.(қатарлап себу).

Егістіктерді баптап-күту

7

Көктемей тұрып

Тырмалау

БЗСС-1,0

Сепкеннен кейін

4-5 күн аралығында.

Агрегаттың қозғалу жыл-

Дамдылығы 6-8 км/с.

8

Егістіктер

Көктеген кезде

Тырмалау

БЗСС-1,0

3-5 жапырақ

Кезеңінде

Агрегаттың қозғалу жыл-

Дамдылығы 5 км/с, себу бағытына көлденең немесе

Көлбеу бағытта.

9

Қатараралық

Өңдеу(ноқатты

Кеңқатарлы сеп-

Кенде 2 рет).

КРН-4,2

3-6 жапырақ

Кезеңінде

Тереңдігі 6-8см, қорғаыш

Аймағы 10-12см.Екінші

Өңдеу, тереңдігі 8-10см.

10

Егісті,түйнектік -бізтұмсық қоңыз

Дарға қарсы өңдеу

«John Deer-4720»

«fiexicoil» 67.

Көктеу

Кезеңінде.

Каратэ 5% к.э. -0,2 л/га.

11

Егісті, битке, ас-

Бұршақтық дән-

Екке қарсы өңдеу

«John Deer-4720»

«fiexicoil» 67.

Бүрлену

Кезеңінде.

Децис 2,5% к.э. -0,2 л/га.

Егінді жинау

12

Тікелей ору

(ноқатты)

«John Deer»

Мега 350/360,

Медион 310-330

Толық піскенде,

Дәннің ылғалды-

Лығы 14-16%.

Ору биіктігі 4-6 см.

Дестеге жығу

СК-5+ЖРБ-4,2

Бұршаққындар

Қоңырлана

Бастағанда

Ору биіктігі 5-6 см.

Дестелерді жинап, астықты бастыру

Мега 350/360,

Медион 310-330

«John Deer»

Дәннің ылғалды-

Лығы 14-16%

Болғанда.

Агрегаттың қозғалу жыл-

Дамдылығы 5 км/с.

Барабанның айналымы

400-500 а/мин. Дейін.

2. Жаздықтар, ерте жаздықтар вегетатциялық кезеңінде бір ұрпақ береді. Тұқымы ерте көктемде өніп шығады, ерте дәнді дақылдарды оруға дейін немесе олармен бірге тұқым береді. Бұл топқа кәдімгі қара сұлы (Avena fatua L), жабайы шалқан (Raphanus raphanіstrum L), ақ алабұта (Chenopodіum album L), тырнашөп (Galeopsіs specіosa Mіll), дәрілік аран (Fumarіa offіcіnalіs L), қызыл таспа таран (Polugonum avіculare L), кәдімгі егістік майда шөп (Spergula arvensіs L ), тағы басқалары жатады. Азжылдық арамшөптерге қарсы қолданылатын агротехникалық шаралардың ішінде күзде жерді сүдігерге жырту жақсы нәтиже береді, өйткені көптеген азжылдық арамшөптердің, әсіресе ерте пісетін түрлерінің, тұқымдары шашылып, топырақтың беткі қабатында (0-5см) қалады, содан көктемде қаулап өсіп танапты ластайды. Сондықтан, сүдігер өңдеу арқылы оларды топырақтың беткі қабатынан оның астыңғы қабатына тереңге (22-25см) сіңіргеннен кейін жер бетіне көктеп шықпайды.

Азжылдық арамшөптер тұқымдарын жоюда өршіту әдісінің маңызы зор. Ол үшін топырақтағы тұқымдардың көктеп шығуына қолайлы жағдай жасап (топырақты қопсыту, ептеп ылғалдандыру), арамшөптер көктеп шыққаннан кейін оларды егін себер алдында тырмалау, культивациялау, дискілеу арқылы қырқып жою керек. Бұл тәсілді Қазақстанның күзі ұзақ әрі жылы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сүдігер жыртқанға дейін, ал республиканың күзі ерте түсетін және салқын солтүстік өңірлерінде ерте көктемде қар кеткеннен егін сепкенге дейінгі топырақ өңдеу жүйесінде жүргізуге болады. Аталған әдісті пар өңдеу жүйесінде Қазақстанның барлық аймағында жүзеге асыруға болады.

Азжылдық арамшөптерді жою үшін оларға қарсы гербицидтер қолдану жақсы нәтиже береді. Әсіресе, дәнді дақылдар егісін ластап, оларға көп зиян келтіретін қарасұлыны жою үшін иллоксан гербицидін қарасұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде жаздық және күздік бидай егістерінде әр гектарға 2,5-3.0 әсер етуші заты бойынша 5 литр шамасында бүріккен дұрыс, ал триаллатты егін себер алдында әр гектарға 1,7-3,4 литр шамасында бүрке шашып, топыраққа тез арада сіңіру керек, кері жағдайда ол ұшып кетіп, ешқандай әсер бермейді.

3. Астық қабылдау, орналастыру және сақтауды ұйымдастырудың технологиялық негіздері. Кәсіпорындар тәжірибесінде астық қабылдаудың екі түрі ажыратылады: әртүрлі шаруашылықтардан /шаруа қожалықтары, фермер, ұжымдық шаруашылықтар т.б./ және астық өнімдерін дайындау жүйесіндегі кәсіпорындардан түсетін астық. Дйындаудың соңғы түрі жыл бойы іке асыратылындықтан, әдетте кәсіпорындар жұмысында айтарлықтай қиындық туғызбайды. Дақылдың түрі, сорты, сорттық тазалығы, стандарт бойынша тұқымдық класы, ылғалдылығы, қоспаның (әсіресе ажыратуы қиын қоспалар) түрі мен көлемі ескеріле отырып, тұқымдық материалдарды орналастыру жоспарын жасау. Бұндай мақсаттағы астыққа арнайы тұқымдық қоймалар бөлінуі тиіс. Қоймаға қабылданған партия астыққа толтырылатын сорттық құжаттардың бөлгіш қалқаншалар, қаптар, сақтау барысында астық сапасын бақылап тұруға арналған құрал-жабдықтар (термометрлер, ұя алғыштар, электр ылғал өлшегіштер, психрометрлер, т.б.) Дайындалады. Астықты сақтауға арналған қоймалар мүмкіндігінше механикаландырылуы желдеткіш қондырғылар орнатылуы, уақытында жөнделуі, дезинсекция жүргізілуі және барлық техникалық-санитарлық талаптарға сай болуы тиіс. Қоймаларда астықты орналастыруқоймаға тұқымдық материалдарды қабылдауда тиісті сорттық құжаттар толтырылады. Құжаттардың барлық графалары астықтан алынған үлгі арқылы сапасын анықтай отырып толтырылуы тиіс. Элиталы және бірінші репродукциялы тұқымдар міндетті түрде қаппен тасымалданып, қапта сақталады. Қойманы тиімді пайалану мақсатында бір түрге, сортқа, жататын, сорттық тазалығы, ылғалдылығы, ластығы біркелкі дәндерді біріктіре отырып, ірі партия құрайды. Ұсақ партияларды біріктіру кезінде құжатқа сорттық тазалық көрсеткіші еғң төменгі нәтиже бойынша жазылады.элиталы, супер элиталы және бірінші репродукциялы ұсақ партия дәндерін ірі партия құрау мақсатында бір-біріне қосып араластыруға қатаң тиым салынады. Сондай-ақ, басқа өңірден алып келінген астық пен жергілікті астықты, жаңа жиналған астық пен өткен жылдар астығын араластыруға болмайды.

4. Топырақтардың физикалық қасиеттеріне оның суға төзгіш құрылымы, ауа өткізгіш кеуектілігі, ылғалды жақсы сіңіріп, оны ұстап тұруы, оңай өңдеуге болатын жақсы физикалық-механикалық қасиеттері жатады. Топырақтардың химиялық және физикалық-химиялық қасиеттеріне: топырақта қара шіріндінің молдығы, өсімдіктерге сіңімді азот, фосфор, калий және микроэлементтердің неғұрлым жеткілікті болуы, топырақ сіңіру кешенінің кальций катионына қанық болуы, топырақтың ауамен қамтамасыз етіліп, оның тотығу-тотықсыздану мүмкіндігінің мол болуы, зиянды, суға еритін тұздардың неғұрлым аз болуы немесе болмауы жатады. Топырақтың биологиялық қасиеттеріне: микробиологиялық белсенділіктің жоғарылығы негізінен бактериялардың басым, сонымен қатар ауадан азот жинаушы микроорганизмдердің, биологиялық белсенді ферменттерді шығаратын микроорганизмдердің, топырақ құрылымына және оны қопсытуға әсер ететін төменгі сатылы жәндіктердің болуы кіреді. Бүкіл өсімдіктердің өсіп-өнуі мезгілінде гидротермикалық режимнің, яғни өсімдіктерді кажетті ылғал мен жылумен қамтамасыз етудің болуы. Осы көрсеткіштерінің қосындысы топырақтың құнарлығын анықтайды. Топырақтың құнарлылығының түрлері болып оның табиғи, жасанды және тиімді құнарлылығы саналады.

Табиғи құнарлылық тың жер топырағына тән және ол адам әсері тимеген, табиғи жағдайда қалыптасып дамиды. Оның мәнін жабайы өсімдіктердің өнімділігі сипаттайды.

Топырақтың жасанды құнарлылығы адамдардың өндірістік әсері тиген, өңделіп, бапталған, тыңайтылған топырақтарға тән. Жасанды құнарлылық дәрежесі ғылым мен техниканың дамуының деңгейіне, топырақтың табиғи құнарлылығын толық пайдалану мүмкіндігін адамдардың қолдана алуына байланысты.

Тиімді құнарлылық - топырақты ауыл шаруашылығында қолданғанда оның табиғи және жасанды құнарлылығының бірлесе әсер етуі нәтижесінде ауа райы мен агротехникалық жағдайға байланысты өсімдіктердің өнімділігінің белгілі бір дәрежесін қалыптастыруымен сипатталады.

Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның солтүстік аймағының топырақтарының құнарлылығын сақтап, оны арттырудың басты жолдары келесідей:

  • Егіншіліктің топырақты қорғау жүйесін қолданып, оның басты буыны-топырақты жазықтілгіш құралдармен өңдеп, топырақ бетінде өсімдік қалдықтарын сақтау;

  • Жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді дақылдарды, парды және көпжылдық шөптерді топырақ қорғау ауыспалы егісінде жолақтап орналастыру;

  • Органикалық тыңайтқыштарды (көңді, жасыл тыңайтқыштарды, сабанды) және минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде қолдану;

  • Көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді түрде ауыспалы егістікке қосып отыру.

5. Қазақстан Республикасында селекция және тұқым шаруашылығы жұмыстарын зерттеулер: дәнді, дәнді бұршақты, мал азықтық, майлы, жармалық және техникальгқ дақылдар бойынша екі селекциялық орталықта; Солтүстік Қазақстанда, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтыңда, Оңтүстік Шығыста, В.Р.Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институтында, картоп және көкөніс дақылдары бойынша мал-азықтық дақылдары қазақ мал-азықтық және жайылым шаруашылыгы ғылыми-зерттеу институтында және шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жүргізіледі.

Өсімдік селекциясы тұқым шаруашылығымен өте тығыз байланысты.

Селекция мен тұқым шаруашылығының басты мақсаты — ауыл шаруашылыгы дақылдарының жоғары өнім беретін жаңа сорттарын шығарумен қатар, себіліп журген сорттарды да онан әрі жетілдіру, жаңсарту және шаруашылықтарды жоғарғы сапалы түңымдармен қамтамасыз ету.

Селекция мен тұқым шаруашылығы жұмыстарын түбірімен жақсарту үшін селекциялық орталықтар құрылып: экономикалық өзара байланыс еддерінде ұзақ мерзімді ғылыми-техникальіқ қызмет бағдарламасы жасалған.

Осы заманғы селекцияның басты сипаты - ірі ғылыми-зерттеу мекемелеріне бірыңғай селекциялық бағдарлама бойынша бірлесе жұмыс жүргізу үшін мамандандыру және ұжымдарды топтастыру болып табылады. Мәселен, Мексикада жүгері және бидай сорттарын жақсарту жөніндегі халыкаралық орталық, ал Филиппинде күріш жөніндегі Халықаралық селекциялық орталык жұмыс істейді. Нидерландыда картоп селекциясы және тұқым шаруашылығы жөніндегі үлкен орталық ұйымдастырылған.