Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

Емтихандық билет № 28

  1. Тұқымдары мен жемістерінің құрамында өсімдік майы болатын өсімдіктерді майлы дақылдарға жатқызады. Майлы дақылдар ботаникалық көптүрлілігімен ерекшеленеді, әртүрлі тұқымдастарға жатады: - астра тұқымдасынан – күнбағыс, мақсары; - қырыққабат тұқымдасынан – ақ және көкшіл сұр қыша, рапс, қышабас, крамбе; - бұршақ тұқымдасынан – майбұршақ, жер жаңғағы; - сүттіген тұқымдасынан – майкене; - күнжіт тұқымдасынан – күнжіт; - ерінгүлділер тұқымдасынан – ляллеманция, перилла; - көкнәр тұқымдасынан – майлы көкнәр.Олар сыр, сабын, тері, тігін, парфюмерия, медицина ж.б. Өндірістерде кеңінен пайдаланылады. Олиф, стеарин, линолеум дайындауда да қолданылады.Майлы дақылдардың тұқымдарындағы майдың мөлшері мен сапасы

    Дақыл

    Абсолют құрғақ тұқымдағы майдың мөлшері, %

    Йодтық сан

    Сабындану саны

    Қышқылдық сан

    Күнбағыс

    29,0-56,9

    119-144

    183-196

    0,1-2,4

    Мақсары

    25,0-32,0

    115-155

    194-203

    0,8-5,7

    Жер жаңғағы

    41,2-56,5

    83-103

    182-207

    0,03-2,24

    Майбұршақ

    15,5-24,5

    107-137

    190-212

    0,0-5,7

    Көкшіл сұр қыша

    35,2-47,0

    92-119

    182-183

    0,0-3,0

    Ақ қыша

    30,2-39,8

    -

    -

    -

    Күздік рапс

    45,0-49,6

    94-112

    167-185

    0,1-11,0

    Жаздық арыш

    25,6-46,0

    132-153

    181-188

    0,2-13,2

    Майкене

    47,2-58,6

    81-86

    182-187

    0,9-6,8

    Күнжіт

    48,0-63,0

    103-112

    186-195

    -

    Ляллеманция

    23,3-37,3

    162-203

    181-185

    0,8-4,4

    Перилла

    26,1-56,0

    181-206

    189-197

    -

    Майлы көкнәр

    46,0-56,0

    131-143

    192-198

    -

    Майлы зығыр

    30,0-47,8

    165-192

    186-195

    0,5-3,5

  2. Кезкелген жылдары, метеорологиялық жағдайлардың ерекшеліктеріне қарамай, сүрі жердің жаздық бидайға өте жақсы алғы дақыл екендігін өндірістік деректер де көрсетті. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облыстарының 97 шаруашылығында 285 мың га сүрі жердегі жаздық бидайдың орташа өнімі 14,1 ц/га болды, жүгеріден кейін 87 мың га егістіктен - 15,9 ц/га және 2-3 жылғы дәнді дақылдан кейін себілген жаздық бидайдың 780 мың гектарынан - 10,4 ц/га өнім жиналды.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының қоңыржай қуаңшылық аймағында механикалық құрамы ауыр, бірақ ылғал қабілеті жақсы қаратопырақтарын 14 см асырмай қопсытса жеткілікті.

Эрозияға қауіпті топырақтарда жолақты сүрі танабы дайындалады. Жазда сүрі жолағы эрозиядан жолақпен себілген жаздық бидай өсімдігінің қыртысымен, ал күзде және көктемде - егін жинағаннан кейін қалдырылған аңыз паясымен қорғалады. Механикалық құрамы ауыр топырақтарда жолақтардың ені 50 м асырылмайды. Мұндай жағдайда танаптар сүрі жер арқылы екі жылда өтеді. Таза сүрі танабында ылғал жинақтайтын арнаулы шаралар жүргізіледі. 2-3 рет қар тоқтатудың нәтижесінде сүрі танабында 40-50 см қар қабатын жасауға болады, мұның өзі бір метр топырақ қабатын ылғалмен төменгі ылғалсиымдылық дәрежесіне дейін қанықтырады.

Солтүстік Қазақстан аймағында, жоғарыда көрсетілгендей далалық ауыспалы егістерде жаздық бидайды оңтайлы технологиямен өсіргенде сүрі емес алғы дақыл ретінде сүріден кейінгі бірінші бидайды, отамалы дақылдарды (сүрлемдік жүгері т.б.) Пішенге, немесе жалқы азыққа біржылдық шөптерді, көпжылдық шөптерді т.б. Пайдалануға болады. Топырақты негізгі өңдеу алғы дақылға, топырақ құрамы, тығыздығы, ылғалдылығы және рельефіне байланысты ерекше жүргізіледі.

Екінші бидай үшін алғы дақыл жиналғаннан кейін топырақ жазық тілгіш құралдармен (КПШ-9, КТС-10-1, КПЭ-3,8 ж.б) өңделеді. Алдындағы сүрі танабы 25-27 см қопсытылған болса, онда карбонатты Оңтүстік қара топырағы мен қара-қоңыр топырақтарда екінші бидайға негізгі өңдеу 10-12 см тереңдікке жүргізіледі. Өңдеу кезінде бұл топырақтардың ылғалдылығы 22%-дан жоғары болса күзгі өңдеуді 20-22 см дейін жеткізеді. Құмдақ, жеңіл және орташа саздақ топырақтарда 10-14 см жеткілікті. Сортаңдау топырақты рельефіне, сүрідегі тереңдігіне қарамай сүдігер 20-22 см тереңдікке өңделеді.

Тез тығыздалатын ауыр топырақтарда сүдігер 27-30 см терең жүргізеді. Соңғы жылдарда Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында сүрі танабының қалай өңделгеніне қарамай күзде топырақ 20-22 см қопсытылып жүр. Мұның өзі жаздық жұмсақ бидайды интенсивті өсіргенде екі рет қар тоқтатылып, оның қалыңдығы 40-45 см жеткізуге байланысты және көктемде мұндай танаптарға ылғал жақсы сіңіріледі.

Солтүстік Қазақстан облыстарында нақты топырақ – климат жағдайында жаздық бидайға көпжылдық шөптен (еркекшөп) босаған танапты негізгі өңдеу мына технология бойынша жүргізіледі.

- құрғақ далада шөп жинап алынғаннан кейін оның қыртысы КПШ-5 немесе КПШ-9 жазық тілгішімен тілінеді, соңынан шымды бірнеше рет өңдеп терең қопсытылады (ПГ-3-5, КПГ-2-150 ж.б.);

- қуаңшылықты далада шөп қыртысын әуелі ауыр тырмалармен (БДТ-7) үгітеді, содан соң соқамен ( ПН-8-3,5, ПН-3-35) жыртылады және соңынан қажеттігіне қарай танап сыдыра жыртқыштармен өңделеді. Сондықтан қыста ылғал жинақтау шараларының маңызы өте зор. Солтүстік Қазақстанда қар түрінде түсетін ылғал мөлшері 60-80мм, алайда қысқы қатты желдің әсерінен қар танаптардан жыраларға, сайларға т.б. Үйіледі. Осыған байланысты – қар тоқтату сүрі жер алғы дақылдарда жаздық бидайды оңтайлы өсіру жүйесіндегі қажетті шара.

  1. Көкөністің, жемістің және картоптың сақтау кезіндегі массалары мен сапасының шығындары әртүрлі болады, жемістер мен көкөністердің әрбір түрлерінде тыныс алуға құрғақ заттардың жұмсалуынан болған шығынның олардың массасының жиынтық шығыныныа қатынасы біркелкі бола бермейді. Табиғи шығынның 70-90 пайызы су шығынымен және 10-30 пайызы құрғақ заттар шығынымен түсіндіріледі. Көкөністің, жемістердің және картоптың табиғи шығыны деп сақтау процесінде тыныс алуға жұмсалған құрғақ заттар мен ылғалдың бір бөлігінің булануынан олардың массасының төмендеуін атайды. Табиғи шығын мөлшеріне ыдыстардың бүлінуінен, сонымен қатар сақтағанда және тауарды өңдегенде пайда болатын қалдықтары да жатқызады. Табиғи шығындардың мөлшерін стандартты жас көкөністерді, жемістерді және картопты ыдыстарда және ыдыссыз сақтағанда есепейді. Оларды өнімнің түріне, қойма типіне, сақтау мерзіміне, сақтауға қойылатын өнімдердің /көкөніс, жеміс, картоп/ физиологиялық күйіне байланысты дифференциялайды.

Материалдық жауапты адамнан табиғи шығынды нақты мөлшері бойынша, мемлекеттік стандарт нормаларынан аспайтын мөлшерде шығарады. Табиғи шығынды өнімге инвентаризация жасалғаннан кейін ғана есептеп шығарады, ал ол белгіленген тәртіпке сәйкес жасалады және бекітіледі. Нақты табиғи шығынды мөлшерін әрбір өнім тобы бойынша жеке анықтайды, мұның өзін инвентаризациядан кейін анықталған шаманы бухгалтерлік есептегі көрсеткішпен салыстыра жасайды. Табиғи шығынды алдын ала есептен шығаруға болмайды. Көкөністер, жемістер және картоптың сақтау кезіндегі табиғи шығынын өнімнің ай сайынға орташа қалдығына есептейді. Орташа айлық қалдықты өткен айдың 1-не және үстіміздегі айдың 1, 11, 21-ші жұлдыздарына анықтайды. Қарастырылып отырған айдың 1-не қалдықтың 0,5 бөлігі алынады, ІІ-дегі қалдық І-жұлдызына есептеледі. Табылған жиынтық көрсеткішті 3-ке бөледі. Пайыз мөлшеріндегі шығынды орташа айлық көрсеткішке есептейді, әрбір өнімнің түпкілікті табиғи шығыны инвентаризация кезеңіндегі ай сайынғы есептелген шығынның жиынтығы болып табылады. Нақты және табиғи шығындарды тексерудің нәтижелері актімен хатталынады. Егер сақтауға қойылғанөнімнің шығын мөлшерін ай сайын білу қажеттігі туындаса, онда үлгілер ай сайын өлшенеді. Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі –топырақ географиясы. Бұл Сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші Факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың Жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әртүрлі. Жер бетінің топырақ жамылғысын топырақ географиясы салыстырмалы - географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды. 1899 жылы В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде әлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада бес әлемдік: 1) бореалды немесе арктикалық; 2) орманды; 3) далалық қара топырақты; 4) аэралды (олар тасты, құмды сорланған және лессті шөлдерге бөлінеді) 5) латеритті аймақтар көрсетілді. Бұл картада аймақтар Солтүстік жарты шар материктерінде ендіктерге сәйкес Орналасқан болып келеді. Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер анықталған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері ескеріледі. Осындай Белдеулерге полярлық, бореалдық, суббореалдық, субтропикалық және Тропикалық белдеулер жатады. Бұл белдеулерде оларға тән, басқа белдеулерде Жоқ топырақ типтері кездеседі. Ол типтердің түзілуінің термоэнергетикалық Режимі ұқсас болып келеді. Топырақ-климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыстарына бөлінеді. Олардың атмосфералық ылғалдануының және өсімдік дүниесінің ерекшеліктері Болады. Топырақ-биоклиматтық облыстары: Орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар ылғалды облыс; Далалық, ксерофитты-орманды немесе саванналы өсімдік жамылғысы бар далалық облыс; Шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ облыс болып бөлінеді. Топырақтар табиғи әрі тарихи дене болғандықтан, оларды біліп, түсіну, Тиімді пайдалану үшін бір ретке келтіріп жүйелеу қажет. Мұны топырақты Классификациялау деп атайды. Топырақты классификациялаудағы негізгі таксономиялық өлшеміне топырақ типін қабылдап, жалпы барлық топырақтарды ол 3 топқа бөлді: 1-топ. Қалыпты зоналық топырақтар: А – құрғақ шөпті топырақтар, оларға төмендегідей 5 топырақ типтері кіреді: А) терістік ашық сұр күлгін; Ә) орманның сұр топырақтары; Б) қара топырақтар; В) қара қоңыр топырақтар; Г) құба сортаңдау топырақтар, әрі қарай әр тип механикалық құрамдарына қарай Бөлінді. Ә – құрғақ-батпақты топырақтар, су жайылмаған шалғындардың қышқыл топырақтары, Б – батпақты топырақтар, шымтезектер, тундра топырақтары. 2-топ. Өтпелі топырақтар: А – шайылған топырақтар, Ә – жер бетіне төселінген топырақтар. 3-топ. Қалыпсыз топырақтар: төселінген, өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері. Докучаевтың топырақ типі топырақтарды классификациялаудағы негізгі өлшем болып қалды. Алайда, олардың сандары әр заманда әртүрлі өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі кезде топырақ классификациясын құру кезінде келесідей принциптер колданылады: - классификация топырақтың негізгі қасиеттеріне және режимдеріне сүйеніп, топырақ түзілуін қамтамасыз ететін құбылыстарды ескеруі керек. Яғни ол топырақтың пайда болу тегін ескеріп және сонымен бірге экологиялық, морфологиялық және эволюциялық бағыттарды да қамтуы қажет;

  • -классификация ғылыми таксономиялық бірліктер жүйесіне негізделіп құрылуы керек;

  • -адамдардың әрекетінен болған топырақ құрамындағы өзгерістер, қасиеттер классификацияда ескерілуі шарт;

  • - классификация топырақтың өндірістік ерекшеліктерін айқындап, оны ауыл және орман шаруашылығында тиімді қолдануға мүмкіндік беруі керек.

Табиғатта кездесетін топырақтарды дұрыс жүйелеп оған толық атау беру үшін таксономиялық бірліктер жүйесі қолданылады. Топырақтану ғылымындағы таксономиялық бірліктер: топырақ типі, типшесі (подтип), тегі(род), түрі (вид), түршесі (разновидность), қатаршасы (разряды). Топырақ классификациясындағы таксономиялық негізгі өлшем топырақ типі болып есептеледі. Топырақ типі – біртектес биологиялық, климаттық, гидрологиялық жағдайда дамыған және негізгі топырақ түзілу процесінің айқын сипат алуымен бірге басқада процестердің қосарлануы мүмкіндігі бар топырақтардың тобы.

Топырақ типтері типшелерге бөлінеді. Олар топырақ типі ішіндегі негізгі топырақ түзілу процесіне қосымша айрықша белгілері байқалатын топырақ топтары. Мысалы, дала аймағындағы қара топырақ екі типшеге бөлінеді: кәдімгі қара топырақ және оңтүстік қара топырақ.

Топырақ типшелері топырақ тегіне бөлінеді. Ол топырақтың генетикалық сапалық көрсеткішінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Осы ерекшеліктер аналық тау жынысының, ыза судың химиялық құрамына, немесе топырақ түзілуінің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілерге байланысты.

Топырақтың тегі түрлерге бөлінеді. Түрлерді анықтаушы белгілер негізінен топырақ түзуші процестердің даму қарқынымен және оның ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, қара топырақтың түрін анықтауға оның құрамындағы қарашірінді мөлшері және қарашірінді қабатының қалыңдығы қолданылады.

Түрден кейінгі таксономикалық бірлік - түрше. Түршені анықтаушы белгі топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамы.

Топырақ разряды таксономиялық бірліктің ең кішісі. Ол аналық тау жынысының генетикалық қасиеттеріне байланысты анықталады.

Топырақты қазақ тілінде осы таксономиялық бірліктерге сәйкес келтіріп атағанда бірінші кіші таксонометрялық бірліктер аталып, соңында негізгі таксономиялық бірлік – тип аталады. Мысалы, төрттік дәуірдің карбонатты балшығында түзілген, (қатаршасы) ауыр саздақты (түршесі), аз қарашірінділі (түрі), орташа қабатты (түрі), карбонатты (тегі), оңтүстік (типшесі), қара топырағы (типі).

  1. Элита, репродукция, класстар, категориялар туралы түсінік. Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, е.гістік сапасы 1 кластан темен болмауы керек, тұқым жақсы толыкқан бірыңғай, сонымен қатар 1000 тұқымдың салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.