Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

Емтихандық билет № 3

1. Өсімдік шаруашылығы ғылым ретінде (міндеттері, зерттеу әдістері).

Өсімдік шаруашылығы өсімдіктің нақты мүмкін өнімділігін зерттеп және агротехникалық кешендік әдістерін, сонымен бірге оларды зиянкестерден, аурулардан және арамшөптен қорғауды құрастырады.

Міндеттері:

  1. Шаруашылықта кеңінен қолдану және еңдіру үшін өсімдіктердің жаңа формаларын және түрлерін анықтау.

  2. Осы дақылдардың өнімділігін және сапасын жүйелі түрде артыру әдістерін құрастыру.

Агрономиялық әдістер:

  1. Лабораториялық -өсімдіктер тіршілігінің факторлары ылғал, қоректік зат, жылу, жарық, ауаның әсерлерін анықтауды кәдімгі ыңғайлы дайындалған бөлмелерде жасанды жағдайларда тәжірибе жүргізу арқылы орындалады.

  2. Вегетациялық – арнаулы вегетативті жағдайда әртүрлі агрохимиялық немесе физиологиялық мәселелерді шешу үшін өсімдіктерді арнаулы ыдыстарда егіп өсіру, бірақта дайындалған жағдайында агрономилық талаптарға сай жүргізіледі.Белгілі бір фактордың өсімдікке тигізетін әсерін өсімдіктің өнімін есептеу, анатомиялық өзгерісін, биохимиялық динамикасын зерттеу арқылы анықтайды.

  3. Лизиметриялық - табиғи жағдайда ылғал мен қоректік заттардың жылжуы мен балансын, тепе-теңдігін есептеуге мүмкіндік беретін өсімдіктің өмірі мен топырақ процесіндегі өзгеріс динамикасын арнайы мизиметриялық зерттеуді айтады. Мизиметрлік тәжірибелері егіншілікте, мелиорацияда, топырақтану ғылымында, агрометеорологияда, физиологияда, агрохимияда және селекцияда, дақылдардың су қорын, тепе-теңдікті, жауын суы немесе суармалы су арқылы қоректік заттардың жылжуын, шайылуын және табиғи жағдайда ТК анықтауға кеңінен пайдаланады.

Егіс тәжірибесі – арнаулы учаскіде егіс жағдайында орындалатын зерттеу жұмысы. Егіс тәжірибесінің негізгі мақсаты – зерттеудегі варианттардың айырмашылығын анықтау, өсімдіктің өніміне және оның сапасына немесе өісп-өну тәсілдеріне факторлардың әсерін бағалауға көмектеседі. Егіс тәжірибесінің негізгі мақсаты экспериментті ұқыпты қойып, нәтижесіне дұрыс баға беру.

2. Солтүстік Қазақстанда азжылдық арамшөптермен агротехникалық күресу шаралары..

Арамшөптерді агротехникалық шаралар арқыллы жою. Ежелгі заманнан топырақты өңдеу арамшөптермен күресудің тиімді жолы болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезенде Қазақстанның солтүстік облыстарында топырақты сыдыра жыртып өндеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз паясын сактауға, соның әсерінен қыста қар тоқтатуға, ал терең қопсыту қар суын сіңіруге жағдай жасайды. Топырақты негізгі өндеу ең алдымен алғы дақылға байланысты. Сүрі танаптарда топырақ өндеуді қарастырайық алғы дақыл жиналганнан кейін топырақ жазық тілгіш қопсытқьшпен (КПШ-9, ПГ-3-5) 12-14 см терендікте өнделеді. Қара сұлымен қатты ластанган танаптарды күзде жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 имек тісті тырмалармен 4-6 см тереңдікке қосымша қопсытылады. Көктемгі жұмыс сүрі танапта қара сұлы жаппай көктегеннен кейін КПШ-9, КТС-10-01, ОП-8 қопсыткыштарымен өңдеуден басталады. Сүрі танабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы арамшөптер күйіне байланысты, олардың сабақтанып кетуіне жол бермеген жөн.

Сүрі танапта тамыр сабақты арамшөптерді тиімді жою үшін КПЭ-3,8 қопсытқышын қолданған бәрінен де тиімді. Танаптар жатаған бидайықпен ластанғанда, тамыр-сабақтар орналасқан тереңдікте (14-16 см) 4-5 рет осы қопсытқыштармен өңдеу барынша тиімді. Бұтақты бидайықпен күрес біршама қиын, себебі оның тамыр сабақтары жатаған бидайыққа қарағанда терең орналасқан. (Оңтүстік Қазақстан жағдайында бұтақты бидайықтың тамырсабақтары қара және қоңыр топырақтарда 28-30 см, коңыр және ашық қоңыр топырақтарда 24-26 см, сортаң жерлерде 16-18 см тереңдікте орналасады.

Солтүстiк Қазақстан жағдайында қара сұлымен күрестiң ең сенiмдi жолы – себу алдындағы культивация, ол жаздық бидайды таза сүрi танаптарда мамырдың төртiншi-бесiншi бескүндiгiнде сепкенде де тиiмдi.. Қара сұлымен күрестiң осындай шаралары Канадада кең қолданылады . Солтүстік Қазақстан жағдайында химиялық қорғау шараларын әрбір шаршы метр алаңында 2 және одан да көп қалуен, 15 қара сұлы, 75 итқонақ және 20-30 басқа азжылдық арамшөп өсімдіктері болғанда қолданады. Қара сұлыға қарсы жаздық бидайды себуге дейін ерте көктемгі топырақ өңдеу кезінде триаллат (авадекс БВ) қолданылады да, міндетті түрде 3-5 см тереңдікке 2,5-3.5 кг/га мөлшерінде енгізіледі.