Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

4.Шөлейт және шөлді аймақ топырақтары классификациясы мен морфологиялық сипаттамалары.

Шөлейттік аймақтың негізгі топырақ түріне шөлейттік қоңыр топырақ жатады. Шөлейттік қоңыр топырақ негізінен Каспий мен Арал теңіздері солтүстік жағалауында және Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде тараған.

Шөлейттік аймақ климаты ерекшелігіне - ыстық жазы, суық қысы, және құрғақшылығы жатады. Жыл бойындағы жауын-шашын түсімі мөлшері 125-250 мм тең. Аймақтың қысы қысқа, суық, қары аз, күшті желді келеді. Қардың қалыңдығы 20 см аспайды. Мұнда қысқа, шамалы ылғалды, жазы ұзақ, ыстық және құрғақ күйде қалыптасқан. Ең жылы айдың (шілде) орташа температурасы +20,5 +26,5 °С, ал суық айда (қаңтар) – 10 -15 °С-қа тең. Шөлейттік аймақтың өсімдік жамылғысын құрайтын түрлер көп емес және ол өте сирек - топырақ бетін 30-40 % жабады. Шөлейттік қоңыр топырақ бетін көбінесе қыналар мен көгілдір балдырлар, көтеріңкі учаскелерді қоңырбас пен жусандар басқан. Қарашірінді аздығы және гумус жиегі жұқалығы шөлейттік қоңыр топыраққа тән қасиеттер. В.Докучаев қара қоңыр және қоңыр топырақтарды әуелі бөлек көрсетсе, кейін оларды "қара қоңыр және қоңыр топырақтар" деп бір типке біріктірген. Бұл тип 3 типшеге бөлінеді:

Кәдімгі коңыр топырақ (Солтүстік Каспий ойпаты)

Ашық қоңыр (Қазақстан)

Ғанышсыз қоңыр (Орталық Азия)

Шөлейттік қоңыр топырақтарды тектерге бөлу олардың кебірлік, сортаңдылық және карбонаттық қасиеттеріне негізделген. Төменде соларға сипаттама берілген.

А) Карбонатты қоңыр топырақ карбонатты жыныстарда қалыптасқан. Кебірленген қоңыр топырақтың В1 жиекшесінде негіздер сіңіру сиымдылығындағы натрий үлесі 3-тен 15 % дейін ауытқиды; түйіртпектілігі кесек-призма бейнелі немесе тоң кесек түрлі келеді.

Б) Кермектенген қалдық кебірлі қоңыр топырақтың қарашірінді жиегі үстіңгі жағы, кремний тотығы шоғырлануына байланысты, кермектенген, сондықтан реңі ақшыл, түйіртпегі жапырақсымақ. Сіңірілген натрий мөлшері аз.

В) Сортаңданған қоңыр топырақ тұзды жыныстарда қалыптасады, сондықтан жеңіл еритін тұздар, көбінесе кескінінің үстіңгі 1 метрінде байқалады.

Шөлді аймақтың гидроморфты топырақсымақ жарандыларына сортаңдар жатады. Сортаң деп, жоғарғы қабатында 1%- тен астам суда жеңіл еритін тұздары бар топырақты айтады. Сортаңдар құралуы - құрлықтағы сыртқы бұзылу нәтижесі, яғни тұз шоғырының біp түpі.

Сортаңдар өсімдігі ерекше - ол тұзы көп топырақтарға бейімді және тұзға төзімді келеді..

Шөлді аймақтың сутекті топырақсымақ ғажап жарандысына тақырлар жатады. Олар белгілі топыраққұраушы борпылдақ жыныстар үстінде жан-жақтағы көтеріңкі құрлықтан мезгілді ағын суларымен әкелінген шаң-тозаңды түйірлер шоғырлануы нәтижесінде қалыптасады. Тақырлар көбінесе таулар етегіндегі ойпаң тегістіктерде, шамалы аумақты ойжайлар мен барханаралық шұқырларда дамыған. Тақырлар жиі сортаң, кейде тұзы шайылған, тұщы түрлері де болады.

Шөлді аймақ топырақтарын халық шаруашылығында пайдалану қиынға соғады.

5. Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдары. Биотехнология және селекция.

Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдар. Гетерозис - күрделі генетикалық қүбылыс, бірінші жылғы ұрпақтардың тіршілік ету қабілеттілігін, дамуының күштілігін, өнімділігінің көптілігін білдіретін құбылыс. Ол будандардың түрлерімен пайда болуы тегіне (линия аралық, сорт аралық, жекеленген) байланысты түрлі екпінділігінен айқындалады. Гетерозистің жоғары түрде көрінуі үде байқалып, кейіннен төмендейді. И.Кельрейтердің будандық күштер туралы алғашқы мәліметтері, содан кейін Ч.Дарвиннің гетерозистің себептерін түсіндіру туралы талпыныстары осы құбылыстың ғылыми зертгеулеріне жол ашты. Гетерозис - белгілі бір белгілерімен касиетгерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының ата-ана формасының әрқайсысынан ерекше басым болуы. Гетерозис түр аралық будандастыруда бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады. Жүгереде түрлі таза немесе инцухт-линияларды будандастырғанда гетерозис қүбылысы күшті көрініс береді. Бұл кезде будаңдардың өнімділігі кейде (ең тәуір) ата-ана формасымен салыстыргаңда 20-50% артады. Әсіресе Г.Шелл, Е.Иста, Х.Хэйстердің жүмыстарында айқын көріне бастады. Ғылыми Әдебиеттерде "гетерозис" термині 1914 жыддан болатын. Гетерозистің себептері мен генетикалық негіздерін түсіндіру үшін бірнеше пікірлер айтылды да, онда негізінен өзара әсер етуші түрлерінің қайсысына және қандай жағдайларға басты көңіл бөлінетіні айқындалады. Гетерозисті баяндауға бірнеше болжамдар айтылды. Айкас тозанданатьш организмдердің популяцияларында гендердің зиянды рецессивті аллельдері аутобридинг нәтижесіңде доминанты аллельдермен қалкаланады, әрі сақгалады. Еріксіз инбридинг нәтижесінде айқаспалы ұрықтанатын организмдер популяциясының генофондысына кіретін зиянды рецессивті гендер гомозиготалы түрде ауысады, фенотиптік керініс береді және инбридті азғындауды туғызады. Ұрпак сайын көп қайтара еріксіз инбридингті іске асырғанда жаңа зиянды мутациялардың барлығы гомозиготалы күйде ауысады да, соның нәтижесінде толық гомозиготалылық басталғанда барлық зиянды гендер көрініс беріп, инбредті минимум пайда болады