Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

5. Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері. Құрғақшылыққа және қысқа төзімділігін бағалау.Өнімнің сапасын бағалау.

Селекциялық материалды әр түрлі белгілері және қолайсыз жағдайларға төзімділік дәрежесі бойынша бағалағанда, әдетте бес баллдың көрсеткішті қолданады.Қысқа төзімділігін бағалаукүздік дақылдардың қысқа төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Республиканың барлық жерінде күздік дақылдарды егу барысында қыстың кейбір қолайсыз жыдларында бұл дақылдардың жиі шығынға ұшырайтыны байқалады. Кейбір жылдары өнімнің болмауы да мүмкін.Қыстап шығу кезінде өсімдіктің өлуі әр түрлі жағдайға байланысты болады. Өсімдік қыстың алғашқы кезеңінде қар қалыңдығының аздығынан немесе жетіспеуі салдарынан үсіп кетуі мүмкін. Қазіргі кездегі түсінік бойынша өсімдік клеткасының ішінде және сыртында мұз пайда болу арқылы клетка мембранасына әсер етіп, оның құрылысын бұзады да өсімдіктің өлуіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар ерте көктемдегі төмен температура да әсер етеді. Күздік бидай күннің қыстағы кенеттен жылуы мен суып кетуі өте қауіпті.Сонымен өсімдіктің қыстап шығу қасиеті немесе қысқа төзімділігі биологиялық қасиеттерге байланысты өте күрделі белгі.

Қысқа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдерді ұзақ әрі тұрақты түрде пайдаланғанда жақсы көрсеткіштер алуға болады. Егістік тәсіл негізгі әдіс болып есептеледі. Өйткені, бұл әдіс бойынша, сорттардың шынығу немесе оның әр түрлі жағдайда өліп кету себептері жөнінде білуге болады. Кей-бір селекциялық орталықтарда кез келген жылда (соның ішінде қолайлы жылдары да) сорттарды бағалау үшін әдейі дайындалған қатар аралығы 15 см. Болып келетін бөлшектерде сынайды. Қысты күні мүндай егістікте қолдан әр түрлі қолайсыз жағдайлар, мысалы: бөлшекке қарды жинау немесе қардан тазалау, бетінде мұз қату үшін су құю сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Қыстап шығуды көз жобасымен анықтау. Ол үшін көктемде, яғни өсімдіктер өсіп жетілгенде әр қайсысын қарастыру арқылы бес баллдық жағдайда бағалайды. Егер бөлшекте өлген өсімдік байқалмаса, онда қыстап шығу бес баллга тең болады, ал шығын азғантай болса — төрт балл. Бөлшектегі өсімдіктің жартысына жуығы өлсе онда үш баллға тең де, ал жартысынан көп болса 2 балл қойылады. Тек өсімдіктер толық өлгенде немесе жекелеген өсімдіктірі қалғанда қыстап шығу 1 баллға тең болады. Бұл жағдайда барлық селекциялық материалдарды бір адам бағалағаны дұрыс.Күздік бидайдың қысқа төзімділігін 9 баллмен бағалайды:1 — өте төмен (30 процент): 3 — төмен (30—45 процент); 5 орташа (45—60 процент); 7 — орташадан жоғары (60— 85 процент); 9 — жоғары (85 процент).

Емтихандық билет № 18

  1. Қант қызылшасының маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Қызылша – 2 жылдық өсімдік. Тұқымы 4-5ºс жылылықта өне бастайды, алайда қаулап көктеуі 3-4 күнде +20 t-да болады. Егін көгі «қосқұлақ» кезеңінде бозқырауға сезімтал және -3-4 ºс аязға төтеп бере алмай өліп қалады, алғашқы қос жапырақтар пайда болған кезеңде -8 ºс-қа дейінгі аязды көтереді.Күз өсімдіктер-5 ºс аязға, қазылып алынған тамыр жемістер -2 ºс бозқырауға шыдайды. Өсіп-дамуға қолайлы температура 15-23ºс. Ылғал сүйгіш дақыл, т.к. 240-400, ал қызылшаның жоғары өнімін өсіп-даму кезеңінде 300 мм жауын-шашын түскенде алуға болады. Тұқым өну үшін 150-170 % ылғал құрғақ тұқым массасынан керек. Ылғалға барынша көп қажетсінуі қарқынды өскен кезеңде – шілде-тамыз айларында. Солтүстік Қазақстан жағдайында осы айларда мол ылғал түскенде жоғары қызылша өнімі жиналады, көптеген аудандарда жоғары және тұрақты өнім суармалы жағдайларда ғана алынады. Қызылша – тұзға төзімді өсімдіктердің бірі, реакциясы рн 7-8 шамасындағы топырақтарда жақсы өседі. Қант қызылшасының сорттары мал азықтық қызылшаға қарағанда тұзға төзімдірек. Борпылдақ жеңілш және орташа саздақ, құмдақ, қуатты жырту қабаты бар құнарлы қара және қоңыр топырақтарда қызылшаның мол өнімін жинауға болады. Құнарлылығы төмен топырақтарда оны органикалық тыңайтқыштардың жоғары нормасын (50-100т/га) еңгізгенде ғана алады. Сорттары: (Сахарная округлая 0143, Тимирязевская 56, Эккендорфская желтая, Обрушинская желтая, Тимирязевская односеменная) мал азықтық қызылша сорттары; Ялтушовская однороставская). Морфологиясы.Қызылша алабұталар тұқымдасына жататын Веta туысына жатады және қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша түрінде тараған. Қызылша – 2 жылдық шөптесін өсімдік. Бірінші жылы себілген тұқымнан жуандалған шырынды тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі дамиды. Қолайлы жағдайда тұқым себілгеннен кейін 7-10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8-10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі. Бірінші қос жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңді «қосқұлақ» кезеңі деп атайды. Жақсы дамыған «қосқұлақ» кезеңінде және алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде қатардағы қызылшаны сиретеді. Бұл кезеңдегі өсімдік жиілігі жапырақтар мен сабақтардың ұзаруына және қызылшаның сарғаюына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өнім төмендейді. Бесінші қосарланған жапырақтар түзілгенше олар қос-қостан, ал соңынан бір-бірден пайда болады. Өсіп даму кезеңінде 50-70 тіпті 90-100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25-тен 70 күнге дейін созылады. Екінші жылы топыраққа көктемде отырғызылған тамырдан өсімдік дегелеңі және кейінірек тұқым беретін гүлді бүршіктер дамып шығады. Тамыр жүйесі 2,5 м тереңдікке және 1,0-1,2 м-ге дейін жан-жағына тарайды. Мал азықтық қызылшаның көптеген сорттарында тамыр жеміс тіршілігінің бірінші жылында тамыр мойынан және бір бөлігі сабақтан қалыптасады