Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

3. Құрама азық өндірудін негіздері.

Технологиялық процесстерді ұйымдастыру және құру негіздері

Құрама жем заводтарында технолгиялық процесстерді жетілдіру, дайын өнім сапасын жоғарылату, сондай-ақ шикізаттар мен құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану және алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылым жетістіктерін кең тарату үшін құрама жем, нәруызыд витаминді қосымшалар, премикстер мен карбамидті концентрат өндірістік технологиялық прцесстерін ұйымдастыру мен жүргізу ережелері атты құжат қолданылады. Бұл ереже мынадай негізгі шарттарды сақтауды талап етеді.

  1. Шикізаттарды сапа көрсеткішіне байланысты қамбаларға орналастыру.

  2. Сапалығы өзгеше шикізат партияларын тиімді пайдалану.

  3. Технологиялық құрал-жабдықтарды аса тиімді пайдалануды қарастыратын технологиялық процесстің нобайын құру.

  4. Үздіксіз ағын жұмысының ырғақтылығын ұйымдастыру.

  5. Өңделген шикізаттардың технологиялық қасиеттерін еске ала отырып машиналардың жұмысының дұрыс режимдерін орнату.

  6. Технологиялық процессті жетілдіру арқылы құрама жем сапасын жақсарту.

  7. Рецептерді қатаң түрде сақтауды қамтамасыз ететін өндірісті технологиялық және технохимиялық бақылау.

  8. Санитариялы гигиеналық режимдерді қатаң сақтау.

  9. Шикізаттарды және дайын өнімді уақытымен есепке алу.

  10. Құрал-жабдықтардың талапқа сай техникалық жағдайын қадағалау.

4. Топырақты және ауылшаруашылығы жерлерін қорғау. Топырақ эрозиясы және дефляциясы. Топырақты ластанудан қорғау шаралары.

Қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан жердің негізсіз алынып қойылуын болғызбауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа іс-шаралар жүйесін қамтитын іс-әрекеттер жерді қорғау жұмыстары болып саналады.

Қазақстан Республикасының жер Кодексінде жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері айқын көрсетілген. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес жерді қорғаудың мақсаттары келесідей:

1) өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру, орман мелиорациясы мен мелиорация жұмыстарын және басқа іс-шараларды жүргізу арқылы жердің азып-тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болғызбау;

2) азып-тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

Жер Кодекснің 140-бабында жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғау үшін келесідей міндеттер жүктелетіні көрсетілген:

1) жерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталуынан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, өзге де бүліну процестерінен қорғау шараларын іске асыруға;

2) ауыл шаруашылық жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға;

3) жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратын жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған шараларды жүргізуге міндетті.

Топырақтың бұзылып, жойылуына басты ықпал етуші факторына байланысты топырақ эрозиясы екі түрге бөлінеді. Олар жел эрозиясы (дефляция) және су эрозиясы.

Жел эрозиясы дегеніміз топырақтың жел әсерінен бұзылып, ыдырап, шаң болып ұшып, бүлінуі. Ол екі түрге бөлінеді:

1) шаңды боран (қара дауыл)

2) күнделікті (жергілікті).

Шаңды боран желдің шапшаңдығы 10-20 м/сек дәрежеге жеткенде байқалып үлкен ауданды қамтиды.

Күнделікті жел эрозиясы шамалы ауданды қамтиды. Топырақ бетінде майда бөлшектерден құралған сырғыма шаңды боран байқалады. Осы эрозияға әсіресе қыраттар, жел өтіндігі беткейлер жиі шалдығады.

Су эрозиясы дегеніміз бетінен аққан су әсерінен топырақтың бұзылып, шайылып бүлінуі.

Топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

Табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;

Қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;

Топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу

Тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;

Зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;

Қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір

Түрлерінің қолданылуын шектеу;

Ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен

Күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.