Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать
  1. Астық массасын сақтау кезінде зиянкестермен зақымдануы және оны анықтау тәсілдері.

Астық қорының зиянкестері бұрыннан белгілі және өте көп тараған. Қоймалардың пайда болуынан жәндіктер мен кеміргіштердің сонда паналауы басталады. Біртіндеп олар астық қорының зиянкестері болып топ құрады. Кейбіреулері қоймаларда өмір сүргендіктен , олар табиғаттан да алшақтайды. Біреулері табиғатта да, қоймаларда да бейімделген. Ал кейбіреулері табиғатта өмір сүріп, дақылдармен қоймаларға келеді.

Зиянкестер астық қорында өсіп-өнгендіктен, олар тағамдық, тауар және дақылдық сапасын төмендетеді. Кейбірі дәннің түйіршіктері мен қоректенгеннен кейін, оның өнуін төмендетеді. Қазіргі кезде 1 млн.-ға дейін жәндіктердің түрлері белгілі, бір класқа біріктірілген – Insekta. Қоңыздар. (Жуки) Қоңыздардың топтары жүздеген мың түрлерінен тұрады. Қоймалар мен тағамдар өнімінде аздаған ғана түрлері бейімделген. Тағамдар қоймасына, ең көп қатер тигізетіндері: ұзынтұмсықтар. Осылай аталуы, олардың басының ұзын және трубкалары созылған болғандықтан. Бұлардың тұқымдастары күріш пен қойма ұзынтұмсықтары. Қойма ұзынтұмсықтар Амбарный долгоносик (Sitophilus granaribs). Денесінің ұзындығы 3...5 мм, жылтыр және қоңыр түске боялған. Астыңғы қанаттары жансыздандырылған, сондықтан олар ұша алмайды. Қолайлы жағдайда олардың ұрпақтары (270С және дәннің ылғалдылығы 14%) 28...30 күнде жетіледі. Бар өмірінде ұрғашысы 250-ге дейін жұмыртқалай алады. Жылы қоймада олар бір жыл бойы жетіле береді және бес ұрпаққа дейін бере алады. Олар жарықтан қашады, жемге төзбейді, аяздарда өледі. Ұзынтұмсықтар көбінесе бидай, қара бидай, арпа және күріш, сирек –сұлыда, жүгері мен қарақұмықта кездеседі. Ұзын тұмсықтардың макарон мен ұнда да кездесетін кездері болады. Олар тары дақылында, бұршақ дәнді мен майлы дақылдар тұқымында жетілмейді.

Күріш ұзынтұмсықтары Рисовый долгоносик (Sitophilus oryzae). Қанатының үстінде 4 күлгін сары дақтар симметриялы орналасқан. Олар жақсы ұшады. Қоймаларда және астық сабағында да көбейе береді. Қойма ұзынтұмсығына қарағанда олар тез көбейеді және жылуды жақсы көреді. Ұзынтұмсықтардың барлық түрлерімен күресудің қиыншылығы, олардың дәндердің ішінде жетілуіне байланысты. Қоңыздардың астық тағамдарын өңдеудегі үлкен зиян келтіретіні- қара қоңыз тұқымдастары. (Чернотелок). Тектес тұқымдастарға – кіші және үлкен (хрущак мучной) нанның қара қоңызы жатады.

Нанның кіші қара қоңызы Малый мучной хрущак ( Tribolium confusum) . Денесіні қоңыр-сарғыш түсті. Ұзындығы 3,0...3,5 мм. Ол ұшпайды. 1000 жұмыртқаға дейін жұмыртқа салады және жылына 4 ұрпаққа дейін өсіреді. Қолайлы жағдайда барлық өсу циклы 27... 35 күнге жетеді. Қоңыздар мен олардың құрттары ұн, астық, жарма, нан мен басқа да өнімдермен қоректенеді. Бүлінген өнімдерден жағымсыз дән мен иіс шығады, ұндар түйіршіктеніп, асқа жарамсыз болып қалады.

Нанның үлкен қара қоңызы Большой мучной хрущак (Tenebrio molitor). Астық қорының барлық зиянкес қоңыздарының ішіндегі ең ірісі. Денесінің ұзындығы 12...16 мм-ге дейін жетеді. Ұрғашысы 600 жұмыртқаға дейін жұмыртқалайды.

Асбұршақты қоңыз Гороховая зерновка (Bruchus pisorum). Денесі қоңыр түсті ақ сызықшалармен, ұзындығы -4...5 мм. Қоңыздармен зақымдалған бұршақтар салмағының 35 % -інен айырылады және толық дерлік өсу қабілетін жоғалтады. Қоңыз өз өмірін егістікте бастап, қоймада аяқтайды. Құрттар бұршақтардың қабырғасын кеміріп, ішіне кіріп, сонда қоректенеді, өседі де қуыршақтанады. Бірақта қоңыздар дәннен күзде шықпайды, көктемге дейін ішінде қалады. Асбұршақты Монофаг қоңыздары тек қана егістік және жемшөптік дақылдардың тұқымдарымен қоректенеді.

Үрме бұршақты қоңыздар Жук фасолевой зерновки (Acanthoscelides obtectus). Ол асбұршақ қоңыздарына ұқсайды. Зиянкес көбінесе үрмебұршақты зақымдайды, бірақ та асбұршақ, сиыржоңышқа және асбұршақ тұқымдастарының тұқымдарынан да бас тартпайды. Бір үрме бұршақ тұқымдарында бірнеше құрттар жетіле алады. Бұл зиянкестер тұқымдарды тек егістікте ғана емес, сол сияқты қоймада да ауруға шалдықтырады.

Көбелектер. (Бабочки) 80 мыңға жуық көбелектердің түрлері астық және астық тағамдарына зиянды болып келеді. Бұл жәндіктер де жетілу кезеңінде қоңыздардікі сияқты – жұмыртқа, құрт, қуыршақ, үлкен жәндік болып жетіледі.

Көбелектердің өзгешелігі – олардың ауыз аппараттарының сорғыш тегі, сондықтан да көбелектер қатты тағамдардың кеміре алмайтындығы.

Тышқан тәріздес кеміргіштер. (Мышевидные грызуны). Бұл топқа егеуқұйрық, тышқан, аламан (хомяк), сұртышқан (полевок) – қауіпті зиянкестер, барлық елдерде астық қорына көптеген күйзеліс тигізеді. Олар азық-түліктердің көбін жояды, ластайды, жұқпалы аурулар тасымалдаушылар, тараларды жабдықтар мен қоймаларды бұзады.

Кеміргіштер өте төлдегіш: бір қос егеуқұйрық 800-ге дейін түрлерін өмірге әкеледі. Бір үлкен егеуқұйрық 12 кг –ға шейін астық өнімін құртады.

Кеміргіштер ұяларын астық қоймаларында, екі қабырға арасында, сондай-ақ қоқыстарда, арамшөп басқан бөліктердің астында орналастырады.

Құстар. (Птицы). Оларда астықтың көбін жояды және оны өздерінің қиларымен (экстрементами) қоқыстайды. Мысалы, бір торғай күніне 8...10 г. Дән жейді. Құстар кенелер мен микроорганизмдерді тасымалдаушылар. Астық қорының басты шарасы ол құстарды қоймаларға кіруге жол бермеу болып табылады.