Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

4. Топырақтың физикалық және физико -механикалық қасиеттері.

Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы , қатты бөлігінің тығыздылығы және кеуектілігі жатады.

Топырақтың тығыздылығы дегеніміз - табиғи құрылымы бұзылмаған құрғақ топырақтың м3 көлемінің салмағы. Оны г/см3-мен өлшейді. Өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы топырақ тығыздылығы 1-1,2 г/см3.

Көптеген топырақтардың қатты бөлігінің тығыздылығы 2,4-2,65 г/смболып келеді.

Топырақтың кеуектілігі - оның қатты бөлігі арасындағы қуыстардың қосындысымен есептеледі.

Н. А. Качинскийдің сипаттауы бойынша егер топырақтың кеуектілігі 55-65 % болса, оған өте жақсы баға беріледі.

Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері оны өңдеуге және өсімдік тамырлары дамуына тікелей әсерін тигізеді. Оларға топырақтың қаттылығы, байланыстылығы, иілгіштігі, жабысқақтығы, ісінуі және отыруы, меншікті кедергісі көрсеткіштері жатады.

Топырақтың қаттылығы - оның қабаттарына бойлата енгізген құрал білікке көрсететін кедергісі. Оны кг/см2 мөлшерімен сипаттайды. Топырақ ылғалдылығына, механикалық құрамына байланысты оның мөлшері 5-45 кг/см2 дейін болуы мүмкін.

Топырақтың байланыстылығы оның бөлшектерін бір-бірінен айыруға бағытталған күшке қарсыласу қабілетін көрсетеді. Саз балшық, саздақ топырақтардың байланыстылығы құм, құмдақ топырақтардың осы көрсеткішінен жоғары болады.

Топырақтың иілгіштігі оның ылғалды күйінде икемдеп пішін беруге көнуін және оны сақтау қабілетімен сипатталады.

Құрғақ және өте ылғалды топырақтың басқа денелерге жабысу қабілеті - топырақтың жабысқақтылығын көрсетеді. Механикалық құрамы балшық, құрамында натрий иондары мол топырақтың жабысқақтығы жоғары болады.

Топырақ ылғалданғанда оның ісінуі, ал құрғағанда - отыруы байқалады. Сондықтан осындай топырақтар ылғалданғанда қатты ісініп, ал құрғағанда көп отырып, топырақта үлкен жарықтар пайда болады. Сондықтан өсімдік тамырларына зақым келтіреді және ылғалдың артық булануына әсер етіп қолайсыз жағдай жасайды.

5. Полиплоидия және оны селекциалық тәжірибеде пайдалану. Полиплоидия түрлері және алу жолдары.

Полиплоидия және оны селекциалық тәжрибеде пайдалану. Ағза жасушаларында хромосомалар санының еселеніп көбейю құбылысы полиплоидиядеп , ал ағзалардың өзі – полиплоидтар деп аталады. Полиплоидия құбылысы эволюциалық өзгергіштіктің ең маңызды көздерінің бірі болып таблады және ол табиғатта кең таралған. Эволюция процесі көбінесе полиплоидизация негізінде хромосома жиынтықтарының еселі көбеюімен байланысты екенін көп өсімдіктерде анықталған. Оны туыс, жақын топтар немесе түр ауқымында жақын(расалар) түршелер топтары( хромосомалары негізі санға еселі) болып табылатын полиплоидты қатарлардың табиғатта болуы дәлелдейді.Полиплоидияны қолдан индукциялау үшін әр алуан факторлар пайдаланылады:Физикалық ,( температура, иондаушы сәулелер);механиқалық зақымдаулар(ценрофугалар) және химиалық заттар (колхицин, аценафтен, ауренция, фенилуретан , хлорлы сангуйнарин, гамексан, вератин, линдан, хлоралгидрат, азот тотығы ,хлороформ). «Полиплоидия» терминін 1910 жылы Е. Страсбургер енгізді. Полиплоидты мутантардың жалпы көлемі, гүлдері,тұқымдары, жемістері үлкейеді. Биохимиялық ерекшеліктері де өзгереді, мысалы , полиплоидты томаттардың жемісінде С витамині көп болады.Бидай, картоп, мақта, темекі көптеген жеміс ағаштары, т.б. Ауылшаруашылық және техникалық дақылдар полиплоидтарға жатады. Полиплоид алудың түрлі әдістері бар. Ең тиімдісі – колхицин. Колхицин- С22Н26О6 жасуша орталығының( цетросома) қызметін тежейтін әсері бар алкалоид, соның салдарынан жас хромосомалардың плюстерге ажырауы тоқталып, олар жасушада қалады, яғни хромосомаларда саны екі еселенген жасуша түзіледі. Ол үшін мына шарттарды сақтау керек:1.Хромосомалардың санын екі еселеу үшін , бөлінетін жасушалары көп меристақырыпұлпаларына колхицинмен әсер ету керек.2.Турлі өсімдіктердің колхицинге сезім талдығы әркелкі екенін есепке алу керек.3.Тәжірибе жасалған өсімдітердің өніп - өсуіне өндеу кезінде де ,сондай-ақ одан кейін де қолайлы жағдай жасау керек.Осы айтылғандарды есепке ала отырып колхицинді пайдаланудың бірқатар әдістері жасалады.