Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

3.Сақтау кезінде астық массасында жүретін физиологиялық процесстер. Сақтау кезіндегі астық пен тұқымың ұзақ өміршеңдігі (тыныс алу, егін жинағаннан кейінгі дәннің пісіп-жетілуі).

Сақтаудағы астық массасында жүретін физиологиялық процесстер. Астық массасы- күрделі биологиялық жүйе, биоценоз, басқаша айтқанда, белгілі бір тіршілік жағдайлары бар тірі организмдердің жиынтығы. Астық массасында оған кіретін тірі компоненттердің (астық, тұқым, арамшөптер тұқымдары, микроорганизмдер, жәндіктер т.б.) Тіршілік әрекетінің нәтижесінде жүретін процестерді физиологиялық деп атайды. Сақтаудағы астық массасының тіршілік әрекеті тыныс алу, егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі, өну түрінде байқалады. Бұл процестердің практикалық маңызы зор, өйткені олардың жүрісін реттей білу астықты сақтап, сақтау кезіндегі құрғақ заттардың шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Дәннің болашақ тіршілігіне әсер ететін қоймада сақталатын топты дән массасы дейміз. Ауаның астыққа енуі, ол сақтаудағы астық массасындағы тыныс алудың қарқындылығы мен сипатына айтарлықтай әсер етеді. Күшейтілген желдету астық массасында тыныс алу қарқынын арттырады. Желдетусіз сақтағандағы астықтың дәнаралық кеңістіктегі ауада көміртегі диоксиді артады, ал ол астық микрофлорасына зиянды әсер етеді, соның салдарынан жасушалар мен тканьдер анаэробты тыныс алуға көшеді, астық массасының тыныс алу қарқыны төмендейді. Астық массасының сақталуы тыныс алу қарқындылығына қарай өзгереді. Ол жоғарылаған сайын астық массасын сақтау қиындай түседі және ның массасының шығыны артады. Тыныс алу қарқындылығы бірқатар факторларға – астық массасының ылғалдығына, температурасына, аэрация деңгейіне, газдың құрамына, сақтау ұзақтығына, сонымен қатар оның кейбір сапа ерекшеліктері мен күйіне байланысты өзгереді.

4.Топырақтың құрылымы. Құрылымның агрономиялық маңызы. Топырақ құрылымының түзілуі, жойылуы және қалпына келтіру жолдары.

Топырақтың құрылымы – топырақтың әртүрлі шамадағы, түрдегі және сапалық құрамында ыдыраған агрегаттар жиынтығы. Топырақ құрылымының бірнеше типтерін ажыратады, олардың негізгілері:

  • Кубтәрізді - топырақтың құрылымдық бөлшектері үш өзара перпендикулярлы остерде біркелкі дамыған - қара топырақтар және орманды дала аймағы топырақтары (шаңды, кесекті, дәнді, жаңғақты, тоң кесекті);

  • Призматәрізді - құрылымдық бөлшектері көбінесе вертикалды остерде дамыған - құрғақ дала топырақтары мен сортаңдар (призматәрізді, бағаналы және бағаналы тәрізді);

  • Плитатәрізді - құрылымдық бөлшектері көбінесе екі горизонталды остерде дамыған және вертикалды бағытта қысқарған - күлгін топырақтардың В горизонты және сортаңдардың А горизонты (плиталы, пластинкалы, жапырақты).

Топырақ агрегаттарының мөлшері байланысты келесі топтарға бөлінеді:

  • Микроқұрылымды <0,25 мм

  • Мезоқұрылымды 0,25-10 мм

  • Макроқұрылымды > 10 мм.

Топырақ құрылымының қалыптасуында екі негізгі процесті ажырата білу керек: топырақтың агрегаттарға механикалық бөлінуі су берікті агрегаттар құру.

Топырақ массасының кесектерге ұсақталуы оның құрғау және ылғалдану, ондағы судың мұздану және еру процестері, өсімдіктер тамырларының қысымы, жерді қазатын жануарлар мен қопсытатын топырақ өңдеу құралдарының әсері нәтижесінде болады. Топырақ су беріктігін (способность агрегатов не распадаться под действием воды) коллоидты заттармен механикалық элементтер мен микроагрегаттардың бекітілуі нәтижесінде иеленеді (кальций, магний, темір және алюминий катиондары арқылы). Ең мықты бекітетін заттар болып органикалық коллоидтар саналады, оның ішінде кальций гуматтары, ал жоғары дисперсті минаралдар ішінде балшықты минералдар мен темір және алюминий гидроокистерінің минералдары. Ең су берікті құрылым гумин қышқылдары монтмориллонитті топтар минералдары және гидрослюдтармен өзара әрекеттестігі барысында қалыптасады. Жауын құрттары кесектерді - капролиттер құрастырады, олар жоғары су беріктілікпен сипатталады. Микроорганизмдердің коллоидты өнімдері топырақтағы толтырушы, біріктіруші (цементирование) заттар болып саналады және олар құрылым құрайды. Құрылымды топырақтардың құрылымсыздардан артықшылықтары:

· ылғалды аз буландырады, су өткізгіштік және су көтеру қабілеттері жоғары, ылғалды көп жинайды және тиымды пайдаланады;

· оларда микробиологиялық процестер мен қоректік заттардың қолайсыз түрлерден тиімді түрлерге айналуына оңтайлы жағдайлар жасалады;

· су және жел эрозиясына қарсы тұра алады;

· механикалық өңдеуге еңбек және құрал шығындарын аз талап етеді;

· тұқымның және дақылдың өсіп-өнуіне оңтаулы жағдайлар жасалады.