Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

3. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы пәні, міндеттері.

Адамзат өсімдік өнімдерін, тіпті жабайы өсімдік дәндерін азық ретінде пайдаланғаннан бастап, оны сақтаумен айналысып келеді. Өнім сапасы көп жағдайда, сақтау барысында төмендейді. Себебі жаңа жиналған астықтың құрамында ылғалдың мөлшері көп әрі олар қоспадан толық тазаланбаған. Сонымен қатар, мұндай астықта микроорганизмдер қарқында түрде көбейеді. Сол себепті астықта өздігінен қызу процесі жиі жүреді. Қоймадағы астықты бақылап, қажетті шараларды дер кезінде қолданып отырған орынды. Астық өнімдерінің сақтаудағы айтарлықтай қиындығы оларға микроорганизмдер мен жәндіктер /насекомдар/ әлемінің ықпалынан туындайды және өнімдердің сапасы төмендеп, массасының шығыны артады. Сақтау нашар ұйымдастырылғанда кеміргішер /егеуқұйрық, тышқан/ мен құстар да астық өнімдерінің ластануы мен шығынына ұрындырады. Сақтау кезінде ұн мен жармалар тұтыну қасиеттерін өзгертеді. Сонымен, сақтаудағы өнімдердің табиғаты мен мүмкін шығындарды ескере отырып, оларды биотикалық орта факторларының белсенді әсерінен қорғау, әрі дән жасушаларындағы қарқынды зат алмасуды тежейтін жағдайлар жасау қажеттігі туындайды. Бұл міндетті ойдағыдай шешу үшін астық өнімдерін сақтауға қойғанға дейін тиісті дайындау тәсілдерін қолдана отырып, белгілі бір сақтау жағдайларымен қамамасыз еткен абзал. Дүниежүзілік шаруашылықта сақтаудағы астық өнімдерінің сандық және сапалық шығындары әлі ұшан-теңіз. Жыл сайын жиналған өнімнің 8-10 пайызы тұтынушыға жетпейді. Астықты жинағаннан кейінгі өңдеу мен сақтаудың ғылыми негізделген ережелерін сақтау бақылауды тыңғылықты ұйымдастыру, әрі оны ұқыптылықпен қарау, сақтау кезеңінде астық шығындарын болдырмаудың қажетті шарттары.

4. Топырақтану ғылымының қалыптасуы, топырақтың табиғи ерекшеліктері. Топырақтанудың негізгі бөлімдері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу тәсілдері.

Топырақтану - топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым. Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В.В.Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. Генетикалық топырақтану ХХ ғасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік "генезис", яғни топырақтың пайда болуы, дамуы деген ұғымды білдіреді.

Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі - қоректік элементтердің топырақтың жоғары тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді. Топырақтың тағы бір функциясы - ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер көмір қышқыл газын сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді.

Қазіргі топырақтану геология ғылымынан дамып, бөлініп шыққан және әлі де геологиямен тығыз байланысты болып келеді. Топырақтың шығу тегін, дамуын, топырақ жамылғысының жер шарында таралу ерекшеліктерін, оның минералдық құрамын зерттеуде геология ғылымының үлкен маңызы барарнайы топырақтану бағытында осы ғылымның салалары–ауыл шаруашылық топырақтануы, орман шаруашылығы топырақтануы, инженерлік топырақтану, мелиорациялық топырақтану, экологиялық топырақтану болып келеді.Топырақтануда қолданылатын зерттеу әдістері:

  • Географиялық салыстырмалы әдіс топырақты пайда болу жағдайлармен қатар зерттеп, оның қасиеттерімен құрамының топырақ түзуші факторлармен корреряциялық байланысын анықтау;

  • Аналитикалық (талдау) салыстырмалы топырақтың құрамы және қасиеттерін оны химиялық, физико-химиялық, физикалық және басқада әдістер жүйелері арқылы талдау жүргізіп анықтау;

  • Далалық орнықты немесе тұрақты тәжірибелер жүргізу әдісі топырақтың қасиеттерін, режимдерін зерттеу;

  • Модель жасау әдісі топырақтағы процестер мен режимдерді зерттеу.

5. Селекция және тұқымшаруашылығы туралы ұғым. Селекцияның негізгі әдістері. Қазақстан Республикасында селекция және тұқым шаруашылық ғылымының даму тарихындагы негізгі кезеңдері.

Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық дақылдар селекциясымен тұқым шаруашылығының дамуы. Өсімдіктер селекциясы егіншілік ісімен бір мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Н.И.Вавилов атап көрсеткендей, егіншілік және өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен катар дамыды. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің даму тарихыңда төрт кезең бөліп көрсетуге болады: қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция. Ертедегі адамдар өсімдіктерді егіп, өсіруді үйренгеннен бастап оларды сұрыптап, тұкымын көбейте бастаудың кажетгігі туды. Неолит дәуірінің өзіңдеақ адам мәдени өсімдіктер мен үй жануарларын өсіруде сұрыптау тәсілін пайдаланғаны мәлім. Мәселен, егіншілік мәдениеті пайда болған алғашқы кезде-ақ жұпыны, қарапайым селекция түрлерін пайдаланған. Оның тарихы мындаган жылдармен есептеледі. Халықтық селекция. Егіншіліктің дамуы мен мәдениеттің өсуіне байланысты қолдан сұрыптау әдістері бірте-бірте жетілдіріле тусті. Сорттардың көпшілігі қолдан және жасаңды сұрыптау әдістерімен шығарылғандықтан, ауа райының қолайсыз жағдайларына жаксы бейімделген. Өнеркәсіптік селекция. Селекцияның даму кезендері қоғамдағы ендірістік күштердің дамуымен тікелей байланысты. XVIII-ғасырдың аяғы мен ХIХ-ғасырдың басында капитализмнің даму кезеңі басталуына байланысты селекциялық тәжірибе үлкен қарқын алды. Еуропада және Америкада өнеркәсіптік тұқымдық фирмалар және ірі селекциялық-тұқымдық кәсіпорыңдар құрыла бастады. Ғылыми селекция. Селекцияның ғылым ретіңдегі дамуына XVIII-ғасырмен ХIХ-ғасыр арасындағы ғалымдар: Кельрейтер, Найт, Бербанк, Мендель, Римпау және бәрінен бұрын Дарвин еңбектерінің маңызы зор болды. Ч.Дарвиннің ілімі ғылыми селекцияның дамуына шешуші рөл аткарды, ол ұсынған органикалық дүниенін эволюциясы туралы ілім, селекцияның ғылыми базасы және оның алғашқы негізі болып каланды. Селекция туралы ғылым эволюциялық ілімге негізделген Н.И.Вавилов жазып кеткендей, селекция дегеніміз, өсімдіктер мен жануарларды калыптастыруға адамның араласуы болып табылады.