Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

3.Астық партиясының сапа көрсеткіштері. Типтік құрамы және шынылығы.

Сапасына байланысты астықтың салмағы мен құнына кеміту немесе үстеме жасау Астық қабылдау орындарына алып келінген барлық астық ылғалдылығы, ластылығы, зияңкестермен зақымдануы және басқа да сапалық белгілері бойынша әр түрлі болады. Егер, партия астықтың сапасы базистік кондиция талабына сай болмаса, мұндай астықтың салмағын немесе құнын кемітіп қабылдайды. 1-3 сыныпты қатты бидай мен арпаның сыра қайнататын сорттары мемелекеттік стандарт («Сыра қайнатуға арналған арпа») талабына сай болса, онда оларға көлемдік салмағы бойынша үстеме қарастырылмайды. Елімізде күшті сортты бидай өсіруді ұлғайту мақсатында тиісті үстемелер қарастырылған. Астықтың салмағы бойынша кеміту не үстеме жасау оның ылғалдылығы мен ластылығы көрсеткіштеріне жасалады. Егер, астықтың бұл көрсеткіштері базистік кондиция талабына сай болмай, төмен (ылғал мен қоспаның мөлшері жоғары) болса, ондай астықтың физикалық салмағына кеміту (шегеру) жасалынады да, ал жақсы болған жағдайда, керсінше – үстеме жасап (арттырып) қабылданады. Сапалық белгілері арқылы астықтың салмағы мен құнын есептеу үшін арнайы кеміту мен үстеме жасау кестесі қолданылады. Базистіккондициядан ауытқкуы 0,1 пайыз дәлдіке дейін жуықтап есептейді. Жалпы, табиғи салмағынан немесе құнынан кемітуді келесідей тәртіппен жүргізеді. Мысалы, ылғалдылық бойынша кеміту 2,6%, ал лас қоспа бойынша 1,4 % болды делік. Бұл жағдайда жалпы кеміту екі көрсеткіштің қоысндысына , яғни 4,0%-ға (2,6+1,4=4,0) тең болады.

4.Топырақтың органикалық заттары. Топырақтағы органикалық қалдықтардың трансформациясы. Қарашірікті заттардың маңызы.

Топырақтың органикалық бөлігін үш компонент құрайды:

Тірі организмдер (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер), органикалық қалдықтар (калий, магний, кремний, фосфор, күкірт, темір) және олардың ыдырау өнімдері, сонымен қатар топырақ түзілу кезінде пайда болған ерекше зат - гумус. Гумустың көзі болып жоғары сатыдағы өсімдіктер мен топырақты мекендейтін микроорганизмдер мен жануарлардың органикалық қалдықтары саналады. Жыртылатын топырақтарда гумустың көзі болып мәдени өсімдіктердің аңыздық және тамырлар қалдықтары, сонымен қатар органикалық тыңайтқыштар (көң, компостар және тағы с.с.) Саналады.

Жер үстіне немесе топыраққа түсетін жасыл өсімдіктер қалдықтарын микроорганизмдер ыдыратады, өнімдерін олар қоректену, энергия көзі реті қолданады. Ыдырау процесінде бұл қалдықтар анатомиялық құрылысынан айырылады, оларды құрайтын заттар жылжымалы көбірек және қарапайым қосылыстарға айналады. Бұл қосылыстардың бір бөлігі микроорганизмдермен толық минералданады, ал ыдырау өнімдері жасыл өсімдіктермен сіңіріледі, ыдырау өнімдерінің бір бөлігін гететрофтық микроорганизмдер қайтара пайда болған белоктар, майлар, көмірсулар және басқа да қосылыстарды синтездеуде пайдаланады. Ақыр аяғында ыдырау өнімдерінің кейбір бөлігі күрделі жоғары немесе үлкен молекулалы заттар – гумус қышқылдарына айналады. Бұл процесті гумификация процесі деп атайды. Органикалық қалдықтардың гумусқа айналу процесінде топырақ жануарлары белсенді қатысады, олар органикалық қалдықтарды ұсақтайды, бар массаны араластырады, оларды қайта өңдейді де экскременттерін (нәжістерін) топыраққа шығарып тастайды. Бұл арада топырақ құрттарының рөлі өте зор. Топырақтағы гумус мөлшері 1-2-дан 12-15-ға % дейін құбылады. Гумустың құрамына кіретін заттарды 2 топқа ажыратады:

  • Ерекше емес органикалық қосылыстар - (белоктар, көмірсулар, липидтер, шайырлар және с. С.) Мөлшері 10-15 %.

  • Ерекше заттар болып құрылысы циклді және қышқылды табиғаты бар жоғары молекулалы құрамында азоты бар органикалық қосылыстар жүйесі саналады. Оларға жататындар: гумин және фульво қышқылдары, сонымен қатар гуминдер.

Гумин қышқылдары қоңыр түсті, өзінің құрылған жерінде жиналады, суда, органикалық және минералды қышқылдарда ерімейді, негіздерде шамалы ериді, топырақ кескінінде шамалы жылжиды. Гумин қышқылдарының тұздары – гуматтар.

Фульвоқышқылдар –жоғары молекулалы құрамында азот бар органикалық қышқылдар. Олар сары түсті, суда, қышқылдарда, негіздердің әлсіз ерітіндісінде жақсы ериді, фульфаттардың еритін тұздарын құрайды.

Гумин –гумин және фульвоқышқылдарының комплексі, топырақтың минералдық бөлігімен өте мықты байланған және әдеттегіше тәсілмен бөлінбейді.

Гумуста өсімдіктер мен микроорганизмдерінің қоректенуіне қажетті барлық негізгі элементтер жиналады және ұзақ сақталады. Оның бірте-бірте минералдануынан барлық элементтер минералды түрге айналады және өсімдіктермен пайданылады. Гумус пен органикалық қалдықтар ыдырау кезінде көмірқышқыл газы көп мөлшерде бөлінеді, олар жер бетіне жақын орналасқан ауа қабатын көмірқышқыл газымен қамтамасыз етіп, өсімдіктердің көміртегімен қоректену көзі болады.