Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

2. Арамшөптерді химиялық әдіспен құрту шаралары (қолданатын гербициттердің түрлерін атау және бүрку мөлшерін анықтау, есептеу).

Қазіргі кезде астық тұқымдас арамшөптерге, оның iшiнде тары тәрiздес түрлерiне қарсы қолданылатын гербицидтер бар. Оларды кең пайдалануға бағасының қымбаттылығы мен ауылдың экономикалық қиындығы қолбайлау болуда. Отандық және шетелдiк зерттеулер көрсеткендей, бидай мен арпа егiстерiндегi қара сұлымен күресте, оны 76-89% дейiн құртуға мүмкiндiк беретiн триаллат гербицидi тиiмдi Триаллат  (авадекс) сұйық және түйiршiктi түрде шығарылады. Трефланды пайдаланғанда бидайдың тұқымын гербицид бар қабаттан төмен себу керек. Бұған СЗС-2,1 тұқымсепкiштерiн пайдаланғанда толық мүмкiндiк бар.  Трефланның әсер ететiн спектрi триаллатқа қарағанда әлдеқайда кең, ол мысыққұйрыққа, қара сұлыға, гүлтәжiне, шырмауық таранға, қаңбаққа улы әсер етедi .Жүгерiнiң кең қатарлап сепкен жағдайда арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетi төмен. Күрестiң агротехникалық шаралары арамшөптердi тиiмдi жоя алмайды. А.М.Нестренконың (1985) тәжiрибелерiнде арамшөптерге (тары тәрiздестер, қара сұлы, аз жылдық және көп жылдық қосжарнақтылар) қарсы күресте трефланды (2 л/га) және триаллатты (2,5 л/га, эрадиканды (5 л/га) және 2,4-Д амин тұзын (2,5 л/га) ұштастыра пайдалану жоғары тиiмдiлiгiн көрсеткен. Гербицид қолданылған варианттарда қатараралық өңдеу жүргiзiлген жоқ. Бақылау вариантында өнімділік 137,8 ц/га болғанда жүгерiден 78-94 ц/га қосымша көк балауса алынған.

          Күнбағыс және картоп егiстерiнде бiр жылдық дара және қос жарнақты арамшөптерге қарсы прометрин гербицидiн пайдалану тиiмдi. Прометриндi күнбағысты сепкенге дейiн, себумен бiрге немесе сепкеннен соң көгі пайда болғанға дейiн топыраққа бiрден сiңiру арқылы жүргiзедi. Дәрмек бойынша сiңiру мөлшері гектарына 2,0-6,0 кг (ә.з. 1,0-3,0кг).

          Картопты отырғызған соң бiрден прометриндi шашып, топыраққа тырмамен араластырады. Жұмсалу мөлшері дәрмек бойынша 3,0-5,0 кг/га (ә.з. 1,5-2,5 кг/га). Картоп түйнектерiн гербицид шашылғаннан кейiн тек үш айдан соң пайдалануға болады.          Целиноград ауыл шаруашылығы институтының егiншiлiк кафедрасының зерттеулерiнде еркекшөп егiсiнде 2,4-Д амин тұзын 2-3 кг/га мөлшерінде қолдану тиiмдiлiк көрсеткен. Еркекшөптiң бiрiншi жылғы егiсiнде гербицид пайдалану келесi жылғы шөптiң түсiмiн бақылаумен салыстырғанда 44,5-71,3% арттырған.

Солтүстiк Қазақстан жағдайында ең тиiмдiсi 2,4-Д тобының гербицидтерi. П.П.Колмаков пен А.М.Нестеренконың (33) деректерi бойынша далалық шырмауықты құрту үшiн  сүрi танапты төртiншi культивацияның орнына 2,4-Д эфирiмен 1,6 кг/га ә.з. Мөлшерінде бүрiккен пайдалы. Гербицидтiң арамшөптiң тамырына сiңуi оның терең қабатта өлуiне әкелiп соғады. Үш рет жазықкескiшпен (10-14 см) және 2,4-Д эфирiмен (1,6 кг/га ә.з.) Өңделген сүрi танап атпатамырлы арамшөптерден толық тазаланып, бес механикалық өңдеу жүргiзiлген бақылау вариантымен салыстырғанда 2,6-3,0 ц/га қосымша өнім  берген.

Қазіргі кезде сүрi танапта арамшөптердi, әсiресе атпатамырлы және тамыр сабақты арамшөптердi, құртатын жаппай және талғап әсер ететiн гербицидтер бар. Арамшөптерге бiраз өсуге мүмкiндiк бередi де (жатаған бидайықтың түтiктенуi, қалуендердiң жапырақтануы, далалық шырмауықтың сабақтануы), сонан кейiн маусымның екiншi жартысында 3-4 л/га раундаппен өңдейдi. Атпатамырлы арамшөптердi күштiрек басу үшiн раундап (2 л/га) пен 1 л/га ә.з. 2,4-Д эфирiнiң (изопропиламин тұзы) қоспасын пайдалануға болады. Раундаптан кейiн (1,0-1,5 кг/га ә.з.) Он күннен соң 2,4-Д басқа түрлерiн пайдалануға болады. Арамшөптер 5-12 күннiң iшiндеөледi.Жаппай әсер ететiндер тобына жататын Ураган (глифосат-тримезиум) гербицидiн 2-6 л/га мөлшерінде қолдануға болады .