Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАСПЕЧАТКА ГОССССС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
389.86 Кб
Скачать

Емтихандық билет № 1

1. Астық дақылдарының өсуі және дамуы (өсу сатылары, органогенез кезеңдері, өнімділік элементтері)..

Кезең

Этап

Өнімділік элементі

Тұқымның өнуі, көктеу

  1. Ұрықтық органдардың дифференциясы мен өсуі

Далалық өнгіштік, өсімдік бітіктігінің жиілігі

Үшінші жапырақ, түптену

  1. Конус негізінің ұрықтық буындарға, түйін аралықтарына сабақтық жапырақтарға дифференциациясы

  2. Ұрықтық гүл шоғыры бас білігінің дифференцияциясы

Өсімдік габитусы(биіктігі, жапырақ саны), түптену коэффициенті

Масақ білігі мүшелерінің саны

Түтікке шығудың басы

  1. Конустардың түзілуі, екінші дәрежелердің өсуі (масақ төмпешіктерінің)

Масақтағы масақшалар саны

Түтікке шығу

  1. Гүл аталықтары мен аналығы қорғаныс органдарының салынуы

Масақшадағы гүлдер саны

Сабақтану

  1. Гүл шоғыры мен гүлдің қалыптасуы (микро және макроспорогенез)

  1. Гаметофитогенез, қорғаныс органдарының өсуі, масақ білігінің мүшелерінің ұзаруы

Гүлдердің ұрықтылығы, масақтың тығыздығы

Масақтану

  1. Гаметофитогенез, гүл шоғыры мен гүлдердің барлық органдарының қалыптасуы процесінің аяқталуы

Гүлдену

  1. Ұрықтану және зиготаның пайда болуы

Масақтың дәнділігі

Дәннің қалыптасуы

  1. Дәннің өсуі мен қалыптасуы

Дәннің шамасы

Тұқымның толысуы, сүттеген және қамырланған күйі

  1. Дәнде қоректік заттардың жинақталуы

Дәннің шамасы

Қамырланып және толық пісу

  1. Қоректік заттардың дәндегі қорлық заттарға айналуы

Дәннің массасы

2. Ауыл шаруашылық дақылдардының тіршілігіне қажетті факторлары.

Ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты жоғары өнім алу үшін, оларды мезгілінде қажетті мөлшерде, барлық тіршілік факторларымен қамтамасыз етеді. Дақылдардың тіршілік жағдайларын білу, олардың өсуі мен өнуін басқару, негізгі және қолайлы жағдай жасау – егіншіліктің маңызды міндеті. Бұл факторларға жататындар – жарық, жылу, су, ауа және қоректік заттар.

Өсімдік тұқымының уақытында бөртуі мен бүрін жаруына, көктеуіне, өсімдіктің су мен қоректік заттарды сіңіруіне, органикалық заттардың пайда болуына, өсімдіктің түрлі мүшелерінің қалыптасуына және олардың әрбір өсу кезеңінен ойдағыдай өтуіне жылу өте қажет.

Жылуға қойылатын талаптар. Фотосинтез басталуы үшін температура 00С-ден жоғары болуы қажет. Өсімдік жылулықтың белгілі бір мөлшерімен қамтамасыз етілгенде ғана ойдағыдай өсіп, дамиды. Өсімдіктің өсуіне қажетті температураны минимум, оптимум және максимум деп бөледі. Мұның ішінде өсімдіктерге барынша қолайлысы – оптимум температурасы – 25-350С шегінде болады. Өсімдіктердің жер бетіндегі және топырақ қабатындағы мүшелерінің өсуіне қажетті оптимум температураның едәуір айырмашылығы болады. Мысалы, зығыр, қара құмық, бидай, арпа, сұлы, шалғам және пияздың жер бетіндегі (органдары) мүшелері 20-250С температурада қалыпты өседі, ал олардың тамырының жақсы өсуіне бұдан 8-100С төмен температура қажет. Өсімдікке қажетті температураны білудің екпе дақылдардың қолайлы себу мерзімін белгілеуге, тұқым себердің алдында арамшөптермен күрес жүргізуге пайдасы тиеді. Егер өсімдіктерге қолайлы (оптималды) температура 20 – 300С аралығында фотосинтездің түзілу қарқыны жоғары болса, ал температурасы 40-450С болған кезінде бұл үдеріс мүлде тоқтайдымұндай дақылдар суыққа шыдамсыз да, ыстыққа төзімді болады.Сондықтан да еліміздегі егіншілікте сол аймаққа қалыптасқан өсімдіктерді, сорттарды егіп өсіру қажет, әрине, бұл реттерде олардағы маусымның ұзақтығы мен жылуды қажетсінуі жөнінен алуан түрлі екендігі есте болуы шарт. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақтарда жүргізілген көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде 5°С-дан жоғары жылы күндер саны 204–247-ге дейін, ал осы кездегі жылылық температура қосындысы 3438–4616-ға жетеді. Бұл көрсеткіштер Қызылорда облысында – 207–212 күн, 3798–3876 жылылық, Оңтүстік Қазақстан облысында – 244–247 күн, 4385–4616 жылылық, Жамбыл облысында – 207–222 күн, 3760–3770 жылылық, Талдықорған өңірінде – 204–223 күн, 3438–3879 жылылық, Алматы облысында – 212–223 күн, 3674–3867 жылылық. Күн көзінің жылылығын өсімдіктер толық пайдалану үшін оларды жан-жақты ойластырып іріктеп алу қажет.

Суға қойылатын талаптар. Су – табиғатта ең көп таралған, сонымен бірге нағыз ерекше зат. Өсімдік пен топырақ арасында үздіксіз су байланысы болады. Судың өсімдік тіршілігіндегі әсері сан алуан. Су дегеніміз – өсімдікті қоректік ортамен жалғастыратын буын. Өсімдік организміндегі заттардың түзілуіне, ыдырауына әсерін тигізеді. Судың жеткілікті мөлшерде болуы – клеткалардың тарамдары мен тұтас мүшенің тіршілік әрекетінің ең негізгі маңызды шарты. Организмнің құрамында кездесетін мөлшері жөнінен су бірінші орын алады, барлық тірі организмдердің жалпы салмағының 50-90 пайызға дейінгі мөлшерін су құрайды. Өсімдіктердің көбінің жапырақтарында 80-90 пайыз, тамырларында 70-90 пайыз, тұқымдарында 10-15 пайыз су кездеседі. Өсімдіктің клеткалары мен тамырларында судың көп болуы оның организмде атқаратын зор рөліне байланысты.Өсімдіктердің суды буландыруы транспирация деп аталады. Транспирация – өсімдіктердегі су алмасу үдерісінің негізгі көрсеткішінің бірі. Өсімдіктер транспирация жолымен өте көп мөлшерде су жұмсайды.

Ауадағы көмір қышқыл газы мен оттегіне қойылатын талаптар.Өсімдіктер ауадан көмір қышқыл газын, ал топырақтан су және қоректік заттарды алу арқылы күрделі органикалық зат түзеді, бұл құбылыс фотосинтез деп аталады. Фотосинтез үдерісі нәтижесінде өсімдіктер мүшесінде негізгі үш элементтен тұратын (көміртегі, оттегі және сутегі) органикалық заттар түзіледі.Өсімдіктердің ауадан көмір қышқыл газын бойына сіңіруінен органикалық заттардың пайда болуын олардың ауа арқылы қоректенуі дейді.Өсімдіктердің топырақ үстіндегі вегативтік мүшелерінің жалпы көлемі (сабағы мен жапырағы) оның тамырлар жүйесі көлемінен едәуір көп болады да, ауадан қоректенуі топырақ арқылы қоректенуге қарағанда біршама артық келеді.Өсімдіктердің топырақ арқылы қоректенуімен ауадан қоректенуінің арасында тұрақты байланыс бар екені белгілі. Өсімдіктер көміртегінен басқа қажетті қоректік заттарды тамыр жүйесі арқылы топырақтың қабаттарынан қабылдап алып бойына сіңіреді