- •Статистиканың даму тарихы мен даму кезеңдері.
- •Статистика пәні және оның зерттеу объектісі
- •Қр статистикалық қызмет туралы Заңы. Оның негізгі ережелері.
- •Қр Статистика қызметінің ұйымдастырылуы.
- •Статистика түсінігі және статистика пәні
- •Статистиканың әдістемесі
- •«Статистика» ғылымының негізін қалаушылар
- •Статистикалық орган қандай функциялары
- •Қазақстан Республикасындағы статистикалық органдары
- •Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні
- •Статистикалық бақылау түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «жинақтау» ұғымының мәні мен түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «топтау» ұғымының мәнімен түрлері
- •Топтау белгілері мен топқа бөлу принциптері
- •Мәліметтер мен құбылыстар динамикасын графиктер мен кестелерде бейнелеу.
- •Секторлы, бағаналы, ленталы графиктер сызу.
- •Статистикалық кесте және оны құрастырудың жалып мақсаты
- •Статистика ғылымы мен статистикалық зерттеу жұмысын жүргізу кезеңі
- •Статистика әдістерінің түрлері және статистикалық әдістемелер
- •Статистикалық бағдарлама
- •Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау.
- •Статистикалық зерттеудің сатысы және олардың бір-бірімен байланыстылығы
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастыру мен зерзаты(объекті)
- •Статистикалық мәлімет жинауды ұйымдастырудың жолдары, формалары
- •Статистикалық бақылаудың тікелей қатысу арқылы жинау тәсілі
- •Статистикалық қателер
- •Статистикалық мәліметтерді жинақтау, түрлері мен оның мақсаты
- •Статистикалық топтау әдісі мен мақсаты
- •Динамика қатарының шектен тыс белгінің деңгейлерін табуға мүмкіндік беретін тәсіл
- •Статистикалық кесте ерекшеліктері
- •Күрделі құбылыстардың барлық элементтерінің жалпы өзгерісінің индексі
- •Әлеуметтік-экономикалық статистика
- •Абсолюттік өсім мен өсу қарқыны
- •Динамика қатарының орташа интервалдық деңгейі
- •Дамудың негізгі тенденциясын айқындау тәсілі
- •Халықтың табиғи өсімі көрсеткіші
- •Орташа белгіленген (тарифтік) баға коэффициенті
- •Еңбек өнімділігінің деңгей өлшеу әдісі
- •Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастырудың қажетті алғы шарттары
- •Статистикалық кестенің элементтері, түрлері және оны құру ережелері.
- •Статистикалық графиктер және оны пайдалану мақсаты
- •Статистикалық графиктің негізгі элементтері, түрлері, бейнелеу ережелері
- •Диаграмма, картограмма, картодиаграмма
- •Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер
- •Абсолютті жэне салыстырмалы шамалар түсінігі
- •Салыстырмалы көрсеткіштердің түрлері
- •Интенсивтіліктің салыстырмалы көрсеткіштері.
- •Абсолютті және қатысты шамаларға есептер шығару.
- •Орташа шамалардың мәні мен маңызы, түрлері мен оларды есептеу тәртібі
- •Құрылымдық орташа көрсеткіштер
- •Вариация көрсеткіштері
- •53. Ішнара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері
- •54. Әр түрлі іріктеуде жіберілген қателер туралы түсінік және оны есептеу
- •55. Ішінара бақылауға алынған бірліктің санын анықтау
- •56. Іріктемелі бақылаудың қателігін анықтау
- •57. Ықтималды баға берудің негіздері
- •58. Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік және оны есептеу тәсілдері
- •59. Шашырандының түрлері және оны қосу ережелері
- •60. Динамика қатарлары және оның құрамдас бөліктері
- •61. Динамика қатарының көрсеткіштері
- •62. ДИнамика тенденциясын анықтау тәсілдері
- •63. Индекстердің мәні және түрлері
- •64. Жеке индекстер
- •65.Агрегаттық қалыптағы индекстер
- •66.Индекстер көмегімен факторлық талдау жасау әдістемесі
- •67.Бағаның,өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің жалпы индекстерін есептеу
- •68.Орташа индекстер
- •69.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері
- •1.Ерекшеліктері бойынша:
- •3.Аналитикалық б/ша:
- •70. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу Қоғамдық өмірдің қандайда
- •71.Сапалық белгілер арсындағы өзара байланыс тығыздығын анықтау
- •72.Сызықтық емес байланыстарды анықтау
- •73.Келушілерді статистикалық анықтау
- •74.Туризм сұраныстың көрсеткіштер жүйесі
- •75.Ішкі туризм бойынша іріктеме зерттеуді жүргізудің жалпы тәсілдері
3.Аналитикалық б/ша:
*түзу сызықты
*қисық сызықты
70. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу Қоғамдық өмірдің қандайда
2. бір құбылыстарына жататын статистикалық деректерді талдағанда табиғаттағы және қоғамдағы құбылыстардың арасында обьективті өмір сүретін өзара байланыстар мен тәуелділіктерді есепке алу қажет. Құбылыстарды жеке-дара зерттеп-зерделеу оларға тән заңдылықтар туралы, құбылыстың даму сипаты жөнінде, оған ықпал ететін себептер мен факторлар жайлы толық түсінік бере алмайды. Статистиканың міндеті қоғамдық өмірдің өзі зерттеп отырған құбылыстарының арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді анықтау және өлшеу болып табылады. Өзара байланыстардың сипатын анықтайтын жан-жақты теориялық талдаудың негізінде, статистика осы байланыстардың нақты көрініс табуын зерттейді және олардың тығыздығын өлшейді. Байланыстарды зерттеу кезінде статистика өзінің әдістерімен және көрсеткіштерімен екі негізгі міндетті шешеді: 1. Байланыстардың сипатын анықтайды және статистикалық тұрғыдан көрсетеді; 2. Байланыстардың тығыздығын өлшейді. Негізінен корреляциялық деп аталатын байланыстар статистикалық тұрғыдан зерделеніп, өлшенеді. Істің мәнісі мынада, бір құбылыстың екінші құбылысқа тәуелділік деңгейіне қарай байланыстар: толық, немесе функциональды және толық емес, немесе корреляциялық байланыстар болып екі типке бөлінеді. Бір белгінің мәні, оның варианттарының шамасы толықтай екінші бір белгінің мәндерімен анықталатын болса, ондай байланыстарды функциональды байланыстар деп атаймыз. Алғашқысы екіншісінің функциясы ретінде, соның әсер етуінің нәтижесі ретінде көрініс табады. Сондықтан бірінші белгі нәтижелік деп аталады, ал оған әсер етуші екінші белгі факторлық деп аталады. Функциональды байланысқа мысал ретінде шеңбер алаңы мен оның радиусы арасындағы байланысты алуға болады. Шеңбер алаңы толықтай радиустың шамасымен, S=πRτ формуласы бойынша анықталады. Бұл жерде алаң – нәтижелік белгі, радиус – факторлық белгі болады. Функциональдық байланыс толықтай өз күшін сақтап қалады және бақыланған кездердің бәрінде де, зерттеліп отырған жиынтықтың әрбір бірлігінде байқалып отырады. Функциональдық байланыс кезінде χ факторлық белгінің әрбіріне бір немесе бірнеше (көпмәнді байланыстар жағдайында) у тұрақты белгіленген мәндері сәйкес келеді. Әрбір жеке жағдайда факторлық және нәтижелік белгілерінің мәндерінің арасында мұндай тұрақты сәйкестіктері жоқ бүкіл басқа байланыстар толық емес, немесе корреляциялық байланыстар деп аталады. Байланыстың корреляциялық түрі кезінде χ факторлық белгінің әрбір мәніне у нәтижелік белгінің мәндерінің бүтіндей бір тобы сәйкес келеді, және осы мәндердің шамасы кейде едәуір көп ауытқуы мүмкін. Сонымен, корреляциялық байланыстың функциональдық байланыстан айырмашылығы, ол әрбір жеке жағдайда емес, тек құбылыстардың осы түрінің жиынтығында орташа байқалады. Айталық, мысал үшін, жұмысшының жұмыс стажы мен еңбек өнімділігі деңгейінің арасында байланыс бар екені күмәнсіз, алайда бір цехта және бірдей білдектермен жұмыс істейтін, біркелкі жұмыс стажы бар жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі әрқилы болып келуі мүмкін, және тек осындай жағдайларда еңбек ететін жұмысшылардың көп санын зерттеп-зерделегенде ғана еңбек өнімділігінің жұмыс стажына тәуелді екенін анықтауға болады. Сол себепті, осындай толық емес байланыстарды анықтау және өлшеу үшін бақылаулардың санын барынша көбейту қажет. Қоғамдық құбылыстар саласында толық емес корреляциялық байланыстар көбірек болады.
