Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆
  1. Қр статистикалық қызмет туралы Заңы. Оның негізгі ережелері.

Мемлекеттiк статистика туралы- ҚР 1997 жылғы 7 мамырдағы N 98 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңымен. Бұл заңда Статистика Агенттігінің және оның салаларының (облыстық басқармалар) негізгі қызметтері, міндеттері, мақсаттары және статистикалық органдардың құқықтары анықталады.

Ресми түрде статистиканың екі құрылымдылық түрі анықталады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған.

Орталықтандырылған басқару жүйесі – статистикалық бағдарламалармен байланысты сұрақтар бір мемлекеттік статистикалық ұйымның қызметі болып табылады.

Орталықтандырылмаған басқару жүйесі- статистикалық бағдарламалармен байланысты сұрақтар ұлттық статистикалық басқармасымен, оның ішінде бірнеше статистикалық органдарымен шешіледі.

Қазақстан Республикасының статистика басқармасы орталықтандырылған жүйесіне жатады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сай Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі статистика бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және іске асырушы орган болып танылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылдың 30.06 «Мемлекеттік басқару органдарын белсендіру шаралары туралы» Жарлығына сай Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып саналады.

Агенттiктiң өз қызметi саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

- статистикалык әдiснаманы қалыптастыру;

- мемлекеттiк статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметтi жүзеге асыру;

- қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттiлiгiн қанағаттандыру.

  1. Қр Статистика қызметінің ұйымдастырылуы.

Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігіне қарайтын облыстық, қалалық, аудандық статистика органдары өз жүмыстарын жергілікті атқарушы; органдармен үйлестіреді. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жайында оларды дүркін-дүркін хабардар етіп отырады. Статистикалық есеп жұмыстарында жіберілген кемшіліктерді жоюға, оны болғызбауға бағытталған ұсыныстар беріп, дер кезінде көмек көрсетіп тұрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агеттігі және оған қарасты ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы бойынша Казақстан Республикасының ста­тистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып оқылады) туралы Ереже бекітілген. Осы көрсетілген Ережеге сәйкес статистика органдары өз жүмыстарын ұйымдастырып және мұнда оның негізгі міндеттері мен атқаратын қызметтерін анықтайды.

Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері мыналар: статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту мен талдау; статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету;