Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.18 Кб
Скачать

64. Жеке индекстер

Жеке (дара) индекстердің түрлері және оларды есептеу

Жеке (дара) индекстер статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер ретінде іс жүзінде жиі қолданылады. Себебі жеке (дара) индекстер қатысты шамалар сияқты біртектес құбылыстың екі кезеңдегі өзгеру дәрежесін көрсететіндіктен, мұнда салыстырылатын уакыттың дәрежесін, онымен салыстыратын уакыттың мәніне болу керек.

Егер қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңнен тұратын, ал олардың ағымдық мезгілдегі әрбір дәрежесі оның алдынғы уақытта тұрган шамасымен салыстырылған болса, онда оны өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп атайды және ол статистикада былай жазылады:

     және т.с.с.

Егер қатардың әрбір дәрежесін белгілі бір тұрақты базалық кезеңнің мәнімен салыстыратын болсақ, онда оны базалык индекстер деп атайды және оны былай жазуға болады:

     және т.с.с.

 

Өндірілген өнім шығынының жеке (дара) индексі бір түрдегі өнім өндірісі шығынының өзгеруін көрсетеді және төмендегі көріністе анықталады: 

 

мұнда және - өнімнің ағымдағы және базалық мезгілдегі өзіндік құны;

 және - ағымдағы және базалық мезгілдегі өндірілген өнімнің шығыны.

Өнім кұнының жеке (дара) индексі:

 

мұнда р1 және р0 - өнімнің ағымдағы және базалық мезгілдегі бағасы;

 және   өнімнің ағымдағы және базалық мезгілдегі жалпы құны.

Сонымен жеке (дара) индекстер қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін зерттеу кезінде жиі қолданылады. Бірақ, сол құбылыстың қандай себептерге байланысты өзгергенін ол анықтай алмайды. Сондықтан, экономикалық құбылыстардың өзгерістеріне әсерін тигізетін себептерді анықтау үшін жеке (дара) индекстерге қарағанда жалпы индексер көптеп қолданылады және талдау жасау кезінде біршама мәселелерді шешуге көмектеседі.

65.Агрегаттық қалыптағы индекстер

Агрегаттық индекстер. Э. Ласпейрес және Г. Пааше индекстері

Агрегатты индекстер. Агрегатты деген сөз латынның «aggrego» терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда «қосамыз» деген мағынаны білдіреді. Мұнда қарастырыльш отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең.

Тауар айналымының жалпы индексін есептеп, және оны мына формула бойынша көрсетуге болады:

Тауар айналымының, көлемдік жалпы индексін ондағы қолданылған өлшем коэффициенттеріне байланысты әр түрде есептеуге болады.

Егер, салыстырмалы өлшем коэффициенті өнімнің базалық мерзімдегі (p0) бағасыменен өлшенсе, онда тауар айналымының көлемдік жалпы индексі 1864 ж. Э. Ласпейрес ұсынған агрегаттық индекспен есептеледі, немесе оның формуласын былай жазуға болады:

мұнда   -тауар айналымының көлемдік жалпы индексі;

 - ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен уақыттағы 0бағамен есептегендегі шартты құны;

 - өткен мерзімдегі сатылган тауарлардың құны.

Егер, салыстырмалы өлшем коэффициенті өнімнің агымдағы (р1) бағасыменен өлшенсе, онда тауар айналымының көлемдік жалпы индексін 1874 ж. Г. Пааше ұсынған индекспен анықталады. Статистикада бұл агрегаттық индекс төмендегі формула арқылы өрнектеледі:

 

Мұнда   тауар айналымының көлемдік жалпы индексі;

 - ағымдағы мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы құны;

 - өткен мерзімде сатылған тауарлардың санын ағымдағы (p1 ) бағамен есептегендегі шартты құны.