Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.18 Кб
Скачать

60. Динамика қатарлары және оның құрамдас бөліктері

Статистикада динамика қатарлары деп құбылыстың дамуын көрсететін жəне хронологиялық тəртіпте жүйелі түрде орналасқан қатарлар аталады. Динамика қатарында əрбір уақыт кесіндісі үшін екі көрсеткіш, яғни уақыт көрсеткіші t жəне қатардың деңгейі y келтіріледі. Динамика қатарлары динамика қатарларында келтірілетін түрлері бойынша жинақтап қорытылған көрсеткіштер мен уақыт белгісінің сипаттамасы бойынша жіктеледі. Динамика қатарларында келтірілетін жинақтап қорытылған көрсеткіштердің түріне сəйкес оларды абсолюттік, қатысты жəне орташа шамалы динамика қатарларына бөлуге болады. Қоғамдық құбылыстың даму деңгейлері белгіленген уақыт сəтінде немесе динамика қатарлары белгіленген уақыт сəтінде не болмаса белгіленген уақыт кезеңінде сипатталуына байланысты мезеттік не болмаса аралық динамика қатарының түрін қабылдайды. Мысалы, халықтың саны, экономикада жұмыс істейтіндердің немесе жұмыссыздардың саны, тауарлық запастың болуы, дəнді дақыл егістігінің көлемі жөніндегі деректер белгіленген күнге қалыптасқан жағдай бойынша табыс етілуі мүмкін. Осы деректер белгіленген кезеңін, мысалы, жылдың орташа немесе абсолюттік көрсеткіштері ретінде табыс етілуі мүмкін. Құбылыстың жай-күйі сол сəтте, ал оның өзгерісі – кезең ішіндегі деп ескеріледі. Абсолюттік шама динамикасы қатарларының негізінде қатысты жəне орташа шама динамикасының қатарларын алуға болады.

   Өсу қарқынының (мысалы, өнім өндірісінің) қатарлары, құрылымның (мысалы, республикалық бюджеттің табысы мен шығысының) өзгеруі жəне интенсивті көрсеткіштерінің өзгерістері (мысалы, өнімнің жан басына шағылған өндірісі, 100 га жер алқабына шағылған малдың саны) қатысты шама динамикасының аса маңызды түрі болып табылады. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі, бір жұмыс істейтін адамға шағылған орташа өнім өндірісі жөніндегі деректер орташа шама қатарына жатады.

    Динамика қатарында жыл, тоқсан жəне ай ең жиі қолданылатын уақыт аралығы болып табылады. Кейде он күндік, апта, бес күндік немесе күндер сияқты шағын аралық та қолданылады. Қоймалардағы материалдың қоры жөніндегі деректерді, банк шоттарындағы қаражаттың қалдығын, тауар сатудан алынған түсімді осындай динамика қатарының мысалы ретінде атауға болады. Сонымен бірге бес жылғы кезеңдегі астық дақылының орташа түсімділігі сияқты ірі уақыт аралығын да қолданған дұрыс. Қатарлардың деңгейін салыстыруға болса, онда динамика қатарларын талдауға болады. Статистикалық деректерді уақыт бойынша салыстыруға болмайтын негізгі себептерге, атап айтқанда аумақтық өзгерістердің (облыстар мен аудандарды біріктіру жəне бөлу), есеп бірлігін өзгерту (рубльден теңгеге көшу), валюта бағамының өзгеруі (1999 жылғы сəуірде еркін құбылмалы теңге бағамына көшу), құбылыстың статистикалық бақылаумен қамтылуының əр түрлі дəрежесі, статистикалық бақылау əдіснамасын жетілдіруге байланысты болады. Кейде динамика қатарындағы деңгейлерді салыстырмалы деңгейге, яғни талдауға жарамды түрге келтіру үшін динамиканың қатарын тұтастыру деп аталатын тəсілді қолдануға тура келеді. Бұл бір əдіснама бойынша немесе бір шектерде есептелген қатарлардың деңгейі, содан кейін басқа əдіснама бойынша немесе басқа шектерде есептелген қатарлардың деңгейлері болған жағдайда орын алады. Осы екі қатарды тұтастыру мақсатында өтпелі буын үшін екі əдіснама немесе екі шекара бойынша деңгейлерді есептеу қажет. Бұдан кейін өтпелі буынның көрсеткіш деңгейлерінің қатынасын біл- діретін коэффициент анықталады. Осы коэффициент бірінші қатардың деңгейлерін қайта есептеу үшін пайдаланылады. Мысалы, 1993 жылдың қарашасында ұлттық валютаның, яғни теңгенің енгізілуі жаңа дерек- терді өткен жылдардың деректерімен салыстыруға мүмкін болмауына əкеп соқтырды. Сонымен қатар 1993 жылдың құндық деректері рубльдеде, сондай-ақ теңге де бағалануына байланысты қайта есептеу коэффициентінің (500-ге тең) көмегімен өткен жылдың деректерін теңге де көрсетуге мүмкіндік берді.