Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.18 Кб
Скачать

54. Әр түрлі іріктеуде жіберілген қателер туралы түсінік және оны есептеу

Статистикалық ішінара бақылау әдісін қолдану кезінде одан алынған көрсеткіштердің дұрыстық дәрежесін анықтау үшін жіберілген қатенің шамасын анықтаған жөн: Қате деп нақты факті мен зерттеу көрсеткіштерінің арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты айтады. Оның өзі тіркеу жене репрезентативті (өкілдікті) қате болып екіге белінеді.

Тіркеу қатесі - әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестерге әсерін тигізетін себептерді дұрыс анықтамау салдарынан туатын қате.

Репрезентативті қате деп ішінара бақылаудан алынған сипаттамалар ( -ішінара жиынтықтың орташа шамасыішінара жиынтықтың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктердің үлесі -  ) мен негізгі жиынтық сипаттамалар (  -жалпы орташа шама, негізгі жиынтықтың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктерінің үлесі –  ) арасындағы айырмашылықты айтады, яғни:

±Δ ; ± Δ= W – P,

мұндағы Δх - ішінара бақылаудағы орташа шама қатесінің шегі;

Δw - ішінара бақылаудағы үлес қатесінің шегі.

Математикалық статистиканың үлкен сандар заңының теориясы бойынша қайта кездейсоқ іріктеудің орташа қатесі (μх) белгінің орташа шамасы үшін мына формуламен есептеледі:

мұндағы σ2 - негізгі жиынтықтағы өзгерменің дисперсиясы (шашыранды);

п - бақылауға алынған жиынтық бірліктер саны.

Шашыранды (дисперсия) σ 2 = рq – р(1-q) онда негізгі жиынтықтағы сапалы белгі үлесінің орташа қатесі μp ) тең

мұнда p- негізгі жиынтықтағы белгінің үлесі.

Ал ішінара жиынтықтың ішінде негізгі бір белгісі бар бірліктер үлесінің орташа қатесі ( μ) былай анықталады:

Егер ішінара іріктеу қайталанбайтын тәсілмен жүргізілген болса, онда орташа шама үшін:

.

Белгінің үлесі үшін:

мұнда n- ішінара бақылаудың жиынтық саны,

N- негізгі жиынтық , - негізгі жиынтықтағы дисперсия (шашыранды);

55. Ішінара бақылауға алынған бірліктің санын анықтау

Ішінара бақылауға алынатын бірліктің санын анықтау үшін орта қатені немесе қатенің шегін есептейтін формулалар қолданылады және оның өзі қайтадан және қайталанбайтын іріктеу әдістеріне сәйкес жеке есептелінеді.

Қайтадан іріктеу әдісінде: 

Қайталанбайтын іріктемеде: 

t-мәні статистика оқулығында кесте түрінде берілген.

56. Іріктемелі бақылаудың қателігін анықтау

Іріктеме қатесі, немесе басқаша айтқанда репрезентативтік қате - іріктеме бойынша алынған көрсеткіштің мәні мен бас параметрдің арасындағы айырмашылық. Егер бір ғана бас жиынтықтан бірдей көлемде шексіз көп іріктеме алынған болсын десек, онда жеке іріктемелердің көрсеткіштері қатарды құрайды.

Статистикалық бақылаудың қателіктері екі топқа, яғни репрезентативтік қателіктері мен тіркеу қателіктеріне бөлуге болады.

Репрезентативтік қателіктер іріктеп бақылауда ғана орын алады. Олар іріктелген жиынтық бас жиынтықтықандай дәрежеде білдіретінін көрсетеді. Осы қателіктер зерттелетін жиынтықтың бөлігі ғана байқалып, осының нәтижесінде алынған мәліметтер жиынтықтың жаппай құбылысының қасиетін барынша дәл көрсете алмауынан туындайды.

Тіркеу қателіктері жекелеген фактілерді тіркеу кезінде туындайды және өзінің мәні бойынша кездейсоқ (абайсыз) не әдейі істелген (қасақана) болуы мүмкін.

Абайсыз қателіктерге көбінесе кездейсоқ жол беріледі. Олар жаңылысып жазудан, сандардың орнын ауыстырудан және т.б. орын алады. Егер статистикалық бақылау кәсіпорындардың статистикалық есептілік ұсыну арқылы ұйымдастырылса, онда бақылаудағы кездейсоқ қателіктер кәсіпорындардың есептіліктегі қателіктердің салдарынан жасалады. Жаппай деректерді жинақтағанда кездейсоқ қателіктер бірін-бірі ішінара өтейді.

Әдейі жасалған қателіктер деректерді қосып жазу немесе керісінше жасырудың салдарынан пайда болады.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде статистикалық деректерді табыс етпеу немесе бұрмалап табыс ету үшін жазалау көзделген.

Арнайы ұйымдастырылған статистикалық зерттеуде зерттеуді жүргізу мамандардың нашар даярлығының, бағдарламаны жасаудағы кемшіліктердің, атап айтқанда. Бақылау объектісін немесе жиынтықтың бірлігін айқын белгілемеудің салдарынан статистикалық бақылауда қателіктер пайда болады.

Деректердің дұрыстығын арттыру және қалдырып кеткендерді анықтау үшін санақтан кейін жаппай және ішінара бақылап тексеру өткізіледі.