- •Статистиканың даму тарихы мен даму кезеңдері.
- •Статистика пәні және оның зерттеу объектісі
- •Қр статистикалық қызмет туралы Заңы. Оның негізгі ережелері.
- •Қр Статистика қызметінің ұйымдастырылуы.
- •Статистика түсінігі және статистика пәні
- •Статистиканың әдістемесі
- •«Статистика» ғылымының негізін қалаушылар
- •Статистикалық орган қандай функциялары
- •Қазақстан Республикасындағы статистикалық органдары
- •Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні
- •Статистикалық бақылау түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «жинақтау» ұғымының мәні мен түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «топтау» ұғымының мәнімен түрлері
- •Топтау белгілері мен топқа бөлу принциптері
- •Мәліметтер мен құбылыстар динамикасын графиктер мен кестелерде бейнелеу.
- •Секторлы, бағаналы, ленталы графиктер сызу.
- •Статистикалық кесте және оны құрастырудың жалып мақсаты
- •Статистика ғылымы мен статистикалық зерттеу жұмысын жүргізу кезеңі
- •Статистика әдістерінің түрлері және статистикалық әдістемелер
- •Статистикалық бағдарлама
- •Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау.
- •Статистикалық зерттеудің сатысы және олардың бір-бірімен байланыстылығы
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастыру мен зерзаты(объекті)
- •Статистикалық мәлімет жинауды ұйымдастырудың жолдары, формалары
- •Статистикалық бақылаудың тікелей қатысу арқылы жинау тәсілі
- •Статистикалық қателер
- •Статистикалық мәліметтерді жинақтау, түрлері мен оның мақсаты
- •Статистикалық топтау әдісі мен мақсаты
- •Динамика қатарының шектен тыс белгінің деңгейлерін табуға мүмкіндік беретін тәсіл
- •Статистикалық кесте ерекшеліктері
- •Күрделі құбылыстардың барлық элементтерінің жалпы өзгерісінің индексі
- •Әлеуметтік-экономикалық статистика
- •Абсолюттік өсім мен өсу қарқыны
- •Динамика қатарының орташа интервалдық деңгейі
- •Дамудың негізгі тенденциясын айқындау тәсілі
- •Халықтың табиғи өсімі көрсеткіші
- •Орташа белгіленген (тарифтік) баға коэффициенті
- •Еңбек өнімділігінің деңгей өлшеу әдісі
- •Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастырудың қажетті алғы шарттары
- •Статистикалық кестенің элементтері, түрлері және оны құру ережелері.
- •Статистикалық графиктер және оны пайдалану мақсаты
- •Статистикалық графиктің негізгі элементтері, түрлері, бейнелеу ережелері
- •Диаграмма, картограмма, картодиаграмма
- •Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер
- •Абсолютті жэне салыстырмалы шамалар түсінігі
- •Салыстырмалы көрсеткіштердің түрлері
- •Интенсивтіліктің салыстырмалы көрсеткіштері.
- •Абсолютті және қатысты шамаларға есептер шығару.
- •Орташа шамалардың мәні мен маңызы, түрлері мен оларды есептеу тәртібі
- •Құрылымдық орташа көрсеткіштер
- •Вариация көрсеткіштері
- •53. Ішнара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері
- •54. Әр түрлі іріктеуде жіберілген қателер туралы түсінік және оны есептеу
- •55. Ішінара бақылауға алынған бірліктің санын анықтау
- •56. Іріктемелі бақылаудың қателігін анықтау
- •57. Ықтималды баға берудің негіздері
- •58. Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік және оны есептеу тәсілдері
- •59. Шашырандының түрлері және оны қосу ережелері
- •60. Динамика қатарлары және оның құрамдас бөліктері
- •61. Динамика қатарының көрсеткіштері
- •62. ДИнамика тенденциясын анықтау тәсілдері
- •63. Индекстердің мәні және түрлері
- •64. Жеке индекстер
- •65.Агрегаттық қалыптағы индекстер
- •66.Индекстер көмегімен факторлық талдау жасау әдістемесі
- •67.Бағаның,өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің жалпы индекстерін есептеу
- •68.Орташа индекстер
- •69.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері
- •1.Ерекшеліктері бойынша:
- •3.Аналитикалық б/ша:
- •70. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу Қоғамдық өмірдің қандайда
- •71.Сапалық белгілер арсындағы өзара байланыс тығыздығын анықтау
- •72.Сызықтық емес байланыстарды анықтау
- •73.Келушілерді статистикалық анықтау
- •74.Туризм сұраныстың көрсеткіштер жүйесі
- •75.Ішкі туризм бойынша іріктеме зерттеуді жүргізудің жалпы тәсілдері
Вариация көрсеткіштері
Вариация – бұл зерттелетін жиынтықтың ішіндегі белгілердің жеке мәндерінің құбылмалылығы (ауытқуы, өзгермелілігі).
Вариация барлық құбылыстар мен процестерге тән.
Вариация латынның Variatia өзгеру, құбылу, өзгешелік деген сөзінен шыққан. Статистикада вариация деп әртүрлі факторлар әсер еткен бірнеше жиынтық сандық өзгерістерін айтады.
Вариация көрсеткіштері тек әуестік үшін емес, статистикалық теория көрсеткен, статистикалық практика алдына қойған міндеттерді шешу үшін қолданылады. Ол міндеттердің бірі орташа шаманың типтік бағасы.
Вариацияның негізгі түрі Дисперсия дегеніміз (латынның dispersio – шашырау) құбылмалы белгілердің арифметикалық орташа шамадан ауытқу квадратының орташасы. Ол мына формуламен есептелінеді:...
53. Ішнара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері
Статистикалық ішінара бақылау әдісі деп жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын - ала іріктеліп алынған кейбір бөліктерін айтады. Жартылай бақылаудың түрлерiнiң iшiндегi маңыздысы iшнара бақылау болып табылады, себебi тек қана iрiктелген жиынтықтың бөлiгi бойынша алынған мәлiметтердi бүкiл жиынтыққа таратуға мүмкiндiк бередi. Iшнара бақылау әдiсiн iс жүзiнде қолдану практикасы сан алуан. Кейде тұтас бақылау жүргiзе отырып, мәлiметтердi өңдеу кезiнде iшнара әдiс қолданылады: кеңейтiлген бағдарламалар бойынша толығырақ өңдеу үшiн мәлiметтер бөлiгi алынады, мысалы, жанұя құрамы мен типтерi жайлы халық санағының мәлiметтерiн өңдеу. Мәлiметтердi жинау үрдiсiнде жаппай және жартылай бақылауларды бiрiктiру жиi қолданылады. Елдегi халық санағында (1959, 1970, 1979 жж.) он бiр белгi бойынша әрбiр адам туралы мәлiметтер жиналды, ал халықтың 25 пайызы толығырақ ақпарат бердi.
Iрiктемелер қоғамдық пiкiрдi бiлу, тұтынушы талғамын анықтау, тұрғындардың табысы мен шығынының құрамын жасау, ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң түсiмдiлiгi мен мал өнiмдiлiгiн анықтау кезiнде қолданылады. Бiздiң ғасырдағы жиырмасыншы жылдарда iшнара әдiсi өнiм сапасын бақылау және талдау үшiн қолданылды. Қазiргi статистикалық iрiктеу әдiстерi түрлi салаларда (халықтың демографиялық және әлеуметтiк құрамы, тұрғын үй, табыс көздерi және т.б. қоса алғандағы өмiр сүру деңгейi) тарала басталды.
Ішінара бақылаудың ерекшеліктері мынада:
ішінара бақылау жалпы бақылауға қарағанда тезірек, жылдам және арзанға жүргізіледі;
бақылау қысқа мерзім ішінде кең көлемінде жүргізілсе, қорытынды көрсеткіштер жедел алынады;
- ішінара бақылау кезінде қате барынша аз кетеді және есептелген қорытынды көрсеткіштер дәлме - дәл болып келеді;
- ішінара бақылау әсіресе жалпы бақылау қолдану мүмкін емес жағдайда пайдаланылады.
Мысалы, жаңа ашылған мұнай қорының сапасын тексеру үшін барлық мұнайды зерттеу мүмкін емес. Сондықтан оның аз ғана бір бөлігін тексеріп, одан алынған нәтижеге қарап-ақ мұнайдың өзге бөлігінің сапасы қандай екенін білуге болады.
Негізгі (жалпы ) жиынтықтың қасиеттері туралы қорытынды жасау үшін ішінара бақылау іріктемесі (таңдамасы) репрезентативті болуы қажет, яғни негізгі жиынтықтың касиеттерін барынша толық көрсету керек. Таңдаманың репрезентативтігі тек қана алынатын мәліметтерді іріктеудің объектілігін қамтамасыз етуде ғана мүмкін болады.
Іріктеменің үлгі жолы болуы мүмкін: кездейсоқ таңдама, белгіленген тәртіп бойынша бірліктерді іріктеу, осы екі тәсілдерді біріктірумен.
Математикалық статистикада қайта және қайталанбайтын іріктеу әдістері пайдаланылады.
Қайталанбайтын іріктеу әдісінде жаңа бірліктер біртіндеп жиынға қосылып отырады, ал қайта іріктеуде сол алынған бірліктер зерттеудің аяғына дейін өзгермейді. Бірінші әдіс жиі қолданылады және одан алынған қорытынды көрсеткіштер дәлдікті көрсетеді.
Жиынтық бірліктерінен іріктеп алу түрлі жағдайларға байланысты жекеленген, топталған және құрастырылған болып бөлінеді.
Статистикада негізгі ( бас ) жиынтықтан ішінара қадағалау бірліктерін іріктеп алу әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі. Соның ішінде жай кездейсоқ, механикалық , типтік және сериялы іріктеу.
Жай кездейсоқ іріктеу тәсілінде бас жиынтықтың арасынан ішінара бақылауға алынатын бірліктерді кездейсоқ шама ықтималдықтар теориясы арқылы іріктеп алуды айтады.
Механикалық іріктеу кезінде негізгі жиынтық бірліктерінен белгілі бір қашықтықта жатқан бөліктері өзіндік тәртіппен іріктеліп алынады.
Типтік іріктеуде негізгі жиынтық бірліктері өздеріне тән типтік (үлгілік) белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді, содан кейін пропорциялық үлесі арқылы әр топтан кездейсоқ немесе механикалық тәсілмен зерттеуге жататын бірліктер тандалынып алынады. Ішінара бақылауға алынған і - топтағы жиынтық бірлігінің саны (пi) былай анықталады:
пi=n( Ni /N),
мұндағы п - ішінара жиынтық бірлігінің саны;
Ni - негізгі (бас) жиынтық бірлігіндегі і - ші топтағы бірлік саны;
N - негізгі жиынтық бірлігінің саны.
Сериялы іріктеу - бүл тәсілде негізгі жиынтық бірліктерінен ішінараға жататындар сериялармен, топтармен іріктеп алынады.
Мезеттік бақылау кейінгі жылдары өнеркәсіптік салаларында жиі қолданыла басталды.
