- •Статистиканың даму тарихы мен даму кезеңдері.
- •Статистика пәні және оның зерттеу объектісі
- •Қр статистикалық қызмет туралы Заңы. Оның негізгі ережелері.
- •Қр Статистика қызметінің ұйымдастырылуы.
- •Статистика түсінігі және статистика пәні
- •Статистиканың әдістемесі
- •«Статистика» ғылымының негізін қалаушылар
- •Статистикалық орган қандай функциялары
- •Қазақстан Республикасындағы статистикалық органдары
- •Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні
- •Статистикалық бақылау түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «жинақтау» ұғымының мәні мен түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «топтау» ұғымының мәнімен түрлері
- •Топтау белгілері мен топқа бөлу принциптері
- •Мәліметтер мен құбылыстар динамикасын графиктер мен кестелерде бейнелеу.
- •Секторлы, бағаналы, ленталы графиктер сызу.
- •Статистикалық кесте және оны құрастырудың жалып мақсаты
- •Статистика ғылымы мен статистикалық зерттеу жұмысын жүргізу кезеңі
- •Статистика әдістерінің түрлері және статистикалық әдістемелер
- •Статистикалық бағдарлама
- •Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау.
- •Статистикалық зерттеудің сатысы және олардың бір-бірімен байланыстылығы
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастыру мен зерзаты(объекті)
- •Статистикалық мәлімет жинауды ұйымдастырудың жолдары, формалары
- •Статистикалық бақылаудың тікелей қатысу арқылы жинау тәсілі
- •Статистикалық қателер
- •Статистикалық мәліметтерді жинақтау, түрлері мен оның мақсаты
- •Статистикалық топтау әдісі мен мақсаты
- •Динамика қатарының шектен тыс белгінің деңгейлерін табуға мүмкіндік беретін тәсіл
- •Статистикалық кесте ерекшеліктері
- •Күрделі құбылыстардың барлық элементтерінің жалпы өзгерісінің индексі
- •Әлеуметтік-экономикалық статистика
- •Абсолюттік өсім мен өсу қарқыны
- •Динамика қатарының орташа интервалдық деңгейі
- •Дамудың негізгі тенденциясын айқындау тәсілі
- •Халықтың табиғи өсімі көрсеткіші
- •Орташа белгіленген (тарифтік) баға коэффициенті
- •Еңбек өнімділігінің деңгей өлшеу әдісі
- •Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастырудың қажетті алғы шарттары
- •Статистикалық кестенің элементтері, түрлері және оны құру ережелері.
- •Статистикалық графиктер және оны пайдалану мақсаты
- •Статистикалық графиктің негізгі элементтері, түрлері, бейнелеу ережелері
- •Диаграмма, картограмма, картодиаграмма
- •Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер
- •Абсолютті жэне салыстырмалы шамалар түсінігі
- •Салыстырмалы көрсеткіштердің түрлері
- •Интенсивтіліктің салыстырмалы көрсеткіштері.
- •Абсолютті және қатысты шамаларға есептер шығару.
- •Орташа шамалардың мәні мен маңызы, түрлері мен оларды есептеу тәртібі
- •Құрылымдық орташа көрсеткіштер
- •Вариация көрсеткіштері
- •53. Ішнара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері
- •54. Әр түрлі іріктеуде жіберілген қателер туралы түсінік және оны есептеу
- •55. Ішінара бақылауға алынған бірліктің санын анықтау
- •56. Іріктемелі бақылаудың қателігін анықтау
- •57. Ықтималды баға берудің негіздері
- •58. Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік және оны есептеу тәсілдері
- •59. Шашырандының түрлері және оны қосу ережелері
- •60. Динамика қатарлары және оның құрамдас бөліктері
- •61. Динамика қатарының көрсеткіштері
- •62. ДИнамика тенденциясын анықтау тәсілдері
- •63. Индекстердің мәні және түрлері
- •64. Жеке индекстер
- •65.Агрегаттық қалыптағы индекстер
- •66.Индекстер көмегімен факторлық талдау жасау әдістемесі
- •67.Бағаның,өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің жалпы индекстерін есептеу
- •68.Орташа индекстер
- •69.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері
- •1.Ерекшеліктері бойынша:
- •3.Аналитикалық б/ша:
- •70. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу Қоғамдық өмірдің қандайда
- •71.Сапалық белгілер арсындағы өзара байланыс тығыздығын анықтау
- •72.Сызықтық емес байланыстарды анықтау
- •73.Келушілерді статистикалық анықтау
- •74.Туризм сұраныстың көрсеткіштер жүйесі
- •75.Ішкі туризм бойынша іріктеме зерттеуді жүргізудің жалпы тәсілдері
Интенсивтіліктің салыстырмалы көрсеткіштері.
(интенсивтік) қатысты шамасы жекелеген құбылыстардың басқа құбылыстардың арасында қаншалықты тарағанын сипаттайды, олар демографиялық үдерістерді сипаттау үшін жиі пайдаланылады. Үдемеліктің қатысты шамасына туылу, өлім-жітім және некелесу, ажырасу коэффициенттері жатады. Олар бір-бірімен байланысты көрсеткіштердің қатынасы арқылы алынады: бір жылдың ішінде дүниеге келгендер, қайтыс болғандар, некеге отырғандар, ажырасқандар санының халықтың орташа жылдық санына қатынасы бойынша анықталады. Бұл қатынас 1000-ға көбейтіледі. Салыстырмалы қатысты шамалар - аттас шамалардың қатынасын білдіреді. Мысалы, әр елдің халқының санын, жалпы ішкі өнімін және т.т. салыстыру.Салыстырмалы қатысты шамалардың өлшем бірліктері коэффициентпен немесе процентпен беріледі және салыстырылып отырған көрсеткіштердің бір-бірінен қанша есеге көп немесе аз екендігін көрнекті түрде көрсетеді. Сондықтан, оны көрнекті қатысты шама деп те атайды
Абсолютті және қатысты шамаларға есептер шығару.
Статистикалық нақты шамалар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін және көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады.
Нақты шамалар өздерінің сандық көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді. Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалардың қосындысынан алынады. Жалпы нақты шамалар қоғамымыздағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсететін жиынтық көрсеткіштер және оны күрделі зерттеу жұмыстарында пайдаланады. Олай болса, жалпы нақты шамалар статистикалық қорытындылаушы, жинақтаушы көрсеткіші болып саналады.
Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді. Сол себепті зерттеліп отырған объектінің - әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи (натуралдық),еңбек және ақшалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.
Табиғи (натуралдық) өлшем бірлігі сол қарастырылып отырған аттың,нәрсенің өзіне тән табиғи-физикалық қасиеттеріне байланысты қолданылатын өлшем бірліктері. Оған салмақ, көлем, ұзындық сиақты мөлшерлік өлшем бірліктері жатады. Кейбір жағдайларда сол қаралып отырған заттардың құрамы мен құрылымына байланысты екі түрлі табиғи өлшем бірліктері бір өлшемде қатар қолданылады. Мысалы, пайдаланылған электр қуаттары – киловатт-сағатпен, тасылған жүктер – тонна-километрмен өлшенеді.
Табиғи (натуралдық) өлшеммен қоса шартты өлшем бірліктері де қолданылады. Оған өзінің қолданылуы жағынан бірдей, ал сапалық құрамы жағынан әртүрлі өлшемдерді, заттарды бір өлшемге келтіру арқылы, жалпы көлемін есептеу үшін пайдаланылады. Шартты өлшем бірліктерін қолдану және есептеу кезінде орташа көрсеткіштерді пайдалануға болады. Мысалы , дүкенге 100 қап ұн әкелінген және оның бір қабының орташа салмағы 50 кг десек, онда ұнның жалпы салмағын есептеу үшін орташа салмақты қаптың санына көбейтеміз (50 x 100 = 5000 кг немесе 5,0 тонна). Осы тәсілді қолдана отырып,басқа да көрсеткіштерді есептеуге болады.
Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам – сағат, адам – күн, адам - жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді, яғни бір адамның бір сағат, күн және жыл ішінде істеген жұмысының нәтижесін көрсетуге болады және оны ақшалай өлшемге айналдыруға тура келеді.
Ақшалай өлшем бірліктері өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбекақы көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептесу және т.б. көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады. Ақшалай өлшем бірліктеріне тиын немесе тенге жатады. Бірақ, біздің республикамыз бойынша кейінгі жылдары шет елдерден экономикалық және сауда-саттық тауар айналымының өркендеуіне, шетелдік инвестицияның енгізілуіне байланысты доллар мен марка ақша өлшем бірлігі ретінде қолданыла бастады. Сонмен бірге, есеп айырысу үшін ақшалай өлшем бірліктері өте қажет болады
Қатысты шамалар деп қоғамдық өмірдегі әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткішті айтады. Қатысты шама қорытындылаушы көрсеткіштің негізгі түрінің бірі болып саналады. Себебі оның нәтижесінде нақты шама көрсеткіштеріне талдау, қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.
Жоспардың орындалуына қатысты шамалары берілген жоспардың қандай дәрежеде орындалғанын, яғни қаншаға өскендігін немесе кемігендігін көрсереді және өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі.Ол көрсеткіштің нақты орындалған мәнінің жоспарланған мәніне қатынасы арқылы есептеледі және схема немесе формула арқылы өрнектеледі:
қазіргі уақыттағы нақты мәндерді / жоспарлық мәндерге * 100%
Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары дегеніміз, жоспар бойынша қоғамдық құбылыстар мен процестердің өткен уақытпен салыстырғанда қаншалық өсетіндігін немесе кемитіндігін бағдарлама арқылы көрсету болып табылады. Оны есептеу үшін көрсеткіштің жоспарланған мәнін өткен уақыттағы нақты мәніне бөлеміз және мынадай схема немесе формула арқылы есептейміз:
жоспарланған мәндерді / өткен уақыттағы нақты мәндерге * 100%
Өсіңкілік қатысты шамалар құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді. Өсіңкілік шамалар салыстыратын уақыттағы көрсеткіш мәнінің өскен уақыттағы бір мәніне қатынасы арқылы есептеледі, яғни уақытқа қарай құбылыстар мен процестердің өзгеру қарқыны немесе формуланы қолданамыз:
қазіргі уақыттағы нақты мәндер / өткен уақыттағы нақты мәндер* 100%
Құрылымның қатысты шамалары жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді, яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға болады. Мысалы, республикамыздағы барлық халықтың ішіндегі қала немесе ауыл тұрғындарының үлесі, топтағы үздік студенттердің үлесі, жоғары сортты өнімнің үлесі және т,б, Осыған орай , бұл қатысты шаманы үлестік қатысты шама деп те атайды. Оны есептеу үшін жиынтық жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу керек.
Үйлестік қатысты шамалары деп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынастарын айтады. Үйлестік қатысты шамаларды есептегенде жалпы жиынтықтың құрамдас бөліктерінің біреуін салыстыру негізі (базалық) ретінде алып, қалған бөліктерінің осыған қатынасын табады.
Үдемелілік (пәрменділік) қатысты шамалар аттас емес көрсеткіштердің қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әр түрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді.
Салыстырмалы қатысты шамалары деп бір уақытта әр түрлі обьектілерге немесе әр түрлі аймақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады. Салыстырмалы қатысты шамалардың өлшем бірліктері коэффициентпен немесе процентпен беріледі және салыстырып отырған көрсеткіштердің бірбірінен қанша есеге көбейгендіін не азайғандығын көрнекті түрде көрсетеді. Сондықтанда, оны кейбір жағдайларда көрнекті қатысты шамалар деп те атайды.
Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз-әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың даму немесе кему процестерін жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіштермен көрсете білу. Мысалы, жан басына шаққанда келетін халық шаруашылығы өнімдерінің көлемі, ұлттық табыс пен ұлттық байлықтың көлемі және т.б.
