Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.18 Кб
Скачать
  1. Диаграмма, картограмма, картодиаграмма

графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып екі негізгі түрге бөлінеді

Диаграмма- статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым қатынас мөлшерін көрнекі түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнеленетін сызық. Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен сызықтар, ал кейде геометриялық денелер пайдаланылады. Осыған сәйкес диаграммалар бағаналы, сызықты, шаршылы, шеңберлі, секторлы, фигуралы және «Варзардың белгісі» атты болып бөлінеді

Картодиаграмма – карта бетіндегі аумақтық бөліктің белгілі бір статистикалық көрсеткішінің жалпы жиынтығын (кейде құрылымы мен динамикасын) графикалық кескіндеме (диаграмма) көмегімен көрсететін карта. Мысалы, мемлекет, облыс, аудан бойынша халықтың саны және құрамы, өнеркәсіптің жалпы өнімі және құрамы, белгілі бір мерзім ішінде өсуі (төмендеуі), тағы басқа көрсетіледі.

Картограмма немесе статистикалық карта деп, кестеде көрсетілген керсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді, яғни экономикалық -географиялық бірліктері (ауыл, аудан. облыс, мемлекет) бойынша кұбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті бояулар арқылы контурлы картада көрсету жолдарын айтады.

  1. Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер

Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Бұл-статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақталған, топталган, өңделген статистикалық корсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік катарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау жэне солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.

  1. Абсолютті жэне салыстырмалы шамалар түсінігі

Абсолютті статистикалық шамалар бастапқы мәліметтерді жинақтау арқылы алынады.

Абсолютті шамалар деп - қоғамдық құбылыстардың абсолютті мөлшерін, (көлемін) сипаттайтын көрсеткіштерді атайды. Абсолютті шамалар жеке және жалпы болып, екіге бөлінеді.

Жеке абсолютті шамалар зерттелетін жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін (көлемін) білдіреді. Мысалы, бір мектептегі оқушылардың саны, бір дүкеннің тауар айналымы, бір жұмысшының айлық табысы және т.б. Жалпы абсолютті шамалар жеке абсолюттік шамалардың қосындысынан алынады. Абсолютті шамалардың көмегімен зерттелетін құбылыстардың абсолютті мөлшерін сипаттайды: көлем, салмақ, аудан, ұзындық және т.б.

Абсолютті көрсеткіштер атаулы сандар болып келеді, сондықтан абсолютті шамаларды есептеу кезінде төмендегідей өлшем бірліктері пайдаланылады:

а) табиғи: дана, тонна, литр, шаршы метр (м2)), куб метр (м3) және т.т.с.;

б) құндық: өнім бірлігінің бағасы, өнім бірлігінің өзіндік құны, сатылған тауар бірлігінің құны;

в) есептік өлшем бірліктері бірнеше табиғи өлшем бірліктерінің тіркесі арқылы алынады. Мұндай өлшем бірліктерінің мысалы ретінде тоннокилометрлерді (ткм) алуға болады. Ол көлік жұмысының көлемін бағалау үшін қолданылады: егер салмағы 5 тонналық жүк 50 километр қашықтыққа тасымалданса, онда тасымалдардың көлемі 250 ткм құрайды;

г) шартты-табиғи өлшем бірліктері жалпы тұтынушылық қасиетке ие өнімнің көлемін бағалау үшін пайдаланылады. Мұндай өлшем бірліктері энергетикада (шартты отын), консерві өнеркәсібінде (шартты банка), полиграфия өнеркәсібінде (шартты баспа табақ) пайдаланылады;

д) еңбек өлшем бірліктері: адам-күн, адам-сағат.

Салыстырмалы қатысты шамалар - аттас шамалардың қатынасын білдіреді. Мысалы, әр елдің халқының санын, жалпы ішкі өнімін және т.т. салыстыру.Салыстырмалы қатысты шамалардың өлшем бірліктері коэффициентпен немесе процентпен беріледі және салыстырылып отырған көрсеткіштердің бір-бірінен қанша есеге көп немесе аз екендігін көрнекті түрде көрсетеді. Сондықтан, оны көрнекті қатысты шама деп те атайды