Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.18 Кб
Скачать
  1. Статистикалық кестенің элементтері, түрлері және оны құру ережелері.

Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың және топтаудың қорытынды көрсеткіштері кесте түрінде беріледі. Әрбір зерттеуші дұрыс кесте құрастырып, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштерін нақты және толық көрсете алуы, талдауы және зерттеу нәтижесінде қажетті басқарушылық шешімдерін қабылдауы қажет.

Статистикалық кесте дегеніміз – сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Оның негізгі бөліктері мен элементтері төмендегі үлгіде көрсетілген:

Кестенің реттік саны және кестенің аты (жалпы басқы аты) Кесте бағаналары Қорытынды

бағана

Статистикалық кесте деп көлденең және тігінен сызылған сызықтардың бір – бірімен сәйкесті қиылысуын айтамыз. Көлденеңінен сызылғын сызықты «жол», ал тігінен сызылған сызықты «бағана» деп атайды.

Статистикалық кестеге рет номері және жалпы кестенің басқы аты беріліп, онда қысқаша кесте не туралы екендігі баяндалады және қай жерде, қай уақытта мәліметтің болғандығы көрсетіледі. Сонымен қатар, әрбір жолдары мен бағаналарына өздерінің мағынасына қарай қысқаша аттары, ал ішіндегі тор сызықтарға көрсеткіштердің сәйкесінше сандық мәндері жазылады.

Статистикалық кесте екі элементтен: бастауыш және баяндауыштан құралады. Бастауыш дегеніміз – зерттелœетін зерзаттың, сандарын суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасады және жолдардың мағынасы ретінде беріледі.

Баяндауыш - зерттелініп жатқан зерзаттың сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Баяндауыш кестенің оң жағына орналасады және баганалардың аты ретінде беріледі.

Стат кестенің үш түрі бар:

1.Тізімдік 2. Территориялық (аймақтық) 3. Хронологиялық

  1. Статистикалық графиктер және оны пайдалану мақсаты

Статистикалық графиктің негізгі мақсаты – оның композициясын анықтау. Демек, статистикалық мәліметтерді іріктеу, бейнелеудің түрін таңдау, яғни бейнелеу форматтарының қалай болатындығын қарастыру. Графиктің көлемі оның белгілі бір мақсатына сәйкес белгіленеді.

Графиктер мақсаттарына сай және кеңістіктің бағытына байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып екі негізгі түрге бөлінеді

Диаграмма- статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым қатынас мөлшерін көрнекі түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнеленетін сызық. Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен сызықтар, ал кейде геометриялық денелер пайдаланылады. Осыған сәйкес диаграммалар бағаналы, сызықты, шаршылы, шеңберлі, секторлы, фигуралы және «Варзардың белгісі» атты болып бөлінеді

Картограмма немесе статистикалық карта деп, кестеде көрсетілген керсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді, яғни экономикалық -географиялық бірліктері (ауыл, аудан. облыс, мемлекет) бойынша кұбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті бояулар арқылы контурлы картада көрсету жолдарын айтады.

  1. Статистикалық графиктің негізгі элементтері, түрлері, бейнелеу ережелері

Статистикалық график –берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Статистикада графикалық әдісті қолдану дегеніміз – сол берілген мәліметтерді түсінікті, қолайлы және қызықты түрде дұрыс көрсете білу. Графикалық әдіс мәліметтерді көрнекі түрде көрсетіп қана қоймай, сол көрсеткіштерге талдау жасауға, яғни жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға және қорытындылауға пайдаланылады. Графиктің негізгі элементтері.Статистикалық графикті геометриялық жазықтықта бейнеленген шартты белгілері дей отырып, әрбір графиктің төмендегідей негізгі элементтері болады: графиктің негізі, графиктің өрісі, кеңістік бағыты, масштабтың бағыты, графиктік экспликациясы. Геометриялық белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықтыболып екіге бөлінеді. Нүктелі график депграфик негізінің жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график депсызықтардың қолданылуына байланысты болатын жол – жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б түрінде берілгендерін айтамыз. Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін бейнелі графикдеп атаймыз. Графиктер мақсаттарына сай және кеңістіктің бағытына байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып екі негізгі түрге бөлінеді

Диаграмма- статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым қатынас мөлшерін көрнекі түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнеленетін сызық. Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен сызықтар, ал кейде геометриялық денелер пайдаланылады. Осыған сәйкес диаграммалар бағаналы, сызықты, шаршылы, шеңберлі, секторлы, фигуралы және «Варзардың белгісі» атты болып бөлінеді

Картограмма немесе статистикалық карта деп, кестеде көрсетілген керсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді, яғни экономикалық -географиялық бірліктері (ауыл, аудан. облыс, мемлекет) бойынша кұбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті бояулар арқылы контурлы картада көрсету жолдарын айтады.