- •Статистиканың даму тарихы мен даму кезеңдері.
- •Статистика пәні және оның зерттеу объектісі
- •Қр статистикалық қызмет туралы Заңы. Оның негізгі ережелері.
- •Қр Статистика қызметінің ұйымдастырылуы.
- •Статистика түсінігі және статистика пәні
- •Статистиканың әдістемесі
- •«Статистика» ғылымының негізін қалаушылар
- •Статистикалық орган қандай функциялары
- •Қазақстан Республикасындағы статистикалық органдары
- •Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні
- •Статистикалық бақылау түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «жинақтау» ұғымының мәні мен түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «топтау» ұғымының мәнімен түрлері
- •Топтау белгілері мен топқа бөлу принциптері
- •Мәліметтер мен құбылыстар динамикасын графиктер мен кестелерде бейнелеу.
- •Секторлы, бағаналы, ленталы графиктер сызу.
- •Статистикалық кесте және оны құрастырудың жалып мақсаты
- •Статистика ғылымы мен статистикалық зерттеу жұмысын жүргізу кезеңі
- •Статистика әдістерінің түрлері және статистикалық әдістемелер
- •Статистикалық бағдарлама
- •Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау.
- •Статистикалық зерттеудің сатысы және олардың бір-бірімен байланыстылығы
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастыру мен зерзаты(объекті)
- •Статистикалық мәлімет жинауды ұйымдастырудың жолдары, формалары
- •Статистикалық бақылаудың тікелей қатысу арқылы жинау тәсілі
- •Статистикалық қателер
- •Статистикалық мәліметтерді жинақтау, түрлері мен оның мақсаты
- •Статистикалық топтау әдісі мен мақсаты
- •Динамика қатарының шектен тыс белгінің деңгейлерін табуға мүмкіндік беретін тәсіл
- •Статистикалық кесте ерекшеліктері
- •Күрделі құбылыстардың барлық элементтерінің жалпы өзгерісінің индексі
- •Әлеуметтік-экономикалық статистика
- •Абсолюттік өсім мен өсу қарқыны
- •Динамика қатарының орташа интервалдық деңгейі
- •Дамудың негізгі тенденциясын айқындау тәсілі
- •Халықтың табиғи өсімі көрсеткіші
- •Орташа белгіленген (тарифтік) баға коэффициенті
- •Еңбек өнімділігінің деңгей өлшеу әдісі
- •Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастырудың қажетті алғы шарттары
- •Статистикалық кестенің элементтері, түрлері және оны құру ережелері.
- •Статистикалық графиктер және оны пайдалану мақсаты
- •Статистикалық графиктің негізгі элементтері, түрлері, бейнелеу ережелері
- •Диаграмма, картограмма, картодиаграмма
- •Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер
- •Абсолютті жэне салыстырмалы шамалар түсінігі
- •Салыстырмалы көрсеткіштердің түрлері
- •Интенсивтіліктің салыстырмалы көрсеткіштері.
- •Абсолютті және қатысты шамаларға есептер шығару.
- •Орташа шамалардың мәні мен маңызы, түрлері мен оларды есептеу тәртібі
- •Құрылымдық орташа көрсеткіштер
- •Вариация көрсеткіштері
- •53. Ішнара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері
- •54. Әр түрлі іріктеуде жіберілген қателер туралы түсінік және оны есептеу
- •55. Ішінара бақылауға алынған бірліктің санын анықтау
- •56. Іріктемелі бақылаудың қателігін анықтау
- •57. Ықтималды баға берудің негіздері
- •58. Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік және оны есептеу тәсілдері
- •59. Шашырандының түрлері және оны қосу ережелері
- •60. Динамика қатарлары және оның құрамдас бөліктері
- •61. Динамика қатарының көрсеткіштері
- •62. ДИнамика тенденциясын анықтау тәсілдері
- •63. Индекстердің мәні және түрлері
- •64. Жеке индекстер
- •65.Агрегаттық қалыптағы индекстер
- •66.Индекстер көмегімен факторлық талдау жасау әдістемесі
- •67.Бағаның,өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің жалпы индекстерін есептеу
- •68.Орташа индекстер
- •69.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері
- •1.Ерекшеліктері бойынша:
- •3.Аналитикалық б/ша:
- •70. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу Қоғамдық өмірдің қандайда
- •71.Сапалық белгілер арсындағы өзара байланыс тығыздығын анықтау
- •72.Сызықтық емес байланыстарды анықтау
- •73.Келушілерді статистикалық анықтау
- •74.Туризм сұраныстың көрсеткіштер жүйесі
- •75.Ішкі туризм бойынша іріктеме зерттеуді жүргізудің жалпы тәсілдері
Еңбек өнімділігінің деңгей өлшеу әдісі
Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері – еңбек өнімділігінің деңгейін көрсету тәсілдері. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің деңгейі жұмыс уақытының бір өлшеміне шаққанда өндірілген өнімнің санымен (тікелей көрсеткіш) немесе өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен (кері көрсеткіш‚ яғни еңбек сыйымдылығы) өлшенеді. Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны адам-сағат‚ адам-күн‚ адам-ай (тоқсан‚ жыл) есебімен көрсетіледі‚ мұның өзі сағаттық‚ күндік‚ айлық (тоқсандық‚ жылдық) еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне сай келеді‚ оның деңгейін бір жұмысшыға‚ бір жұмыскерге‚ т.б. шағып белгілеуге болады. Өнім шығару (жұмыстарды орындау) көлемінің қабылданған өлшеуіштеріне сәйкес еңбек өнімділігін өлшеу заттай‚ еңбек‚ құндық әдістеріне бөлінеді. Заттай әдісте еңбек өнімділігінің деңгейі заттай өлшеммен (т‚ м‚ дана‚ т.б.) есептелетін өнім мөлшерінің жұмыс уақытының шығынына немесе жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады. Еңбек әдісінде өнімнің алуан түрлері оларды өндіруге жұмсалған еңбек шығыны бойынша өлшенеді немесе еңбек сыйымдылығының деңгейлері салғастырылады. Құндық әдісте еңбек өнімділігі орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе жұмыс уақытының белгілі бір өлшемінде дайындалған өнімнің құнымен көрсетіледі.
Өндіру өндірілген өнім көлемін уақыт бірлігіне қатынасын сипаттайды:
В
=
Мұнда, В - өндіру, V - өндірілген өнім көлемі, Т – жұмыс уақыты.
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастырудың қажетті алғы шарттары
Қазақстан Респбуликасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде бес жыл ішінде халықты жұмыспен қамтуды, келу және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен ел табысының тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанды Орталық азиялық өңірдегі туризмнің орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру көзделеді. Кластерлік бастамалардың шеңберінде инвестицияларды туристік инфрақұрылымды дамыту үшін тарту мүмкіндігі аса маңызды болып табылады.
Осыған байланысты әлемдік атауымен шетелдік сарапшыларды тарта отырып, осы саланы дамытудың жүйелі жоспарлары әзірленуде.
Қазақстанның әлемдік туристік нарықтағы тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін жылжыту жөніндегі мақсатқа бағытталған бағдарламасы әзірленді. Ол халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрмелер, жәрмеңкелер өткізуді, әлемнің алдыңғы қатарлы телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді орналастыру және көрсетуді, сондай-ақ шетелдік БАҚ үшін ақпараттық турларды өткізуді және жанрамалық-ақпараттық өнімдерді шығаруды көздейді.
ЕХРО -2017 мамандандырылған көрмесін өткізу Қазақстандағы туризм индустриясын дамытуға қарқынды күш береді. Бірінші кезекте, бұл ішкі туризмге қызмет көрсету саласына оң әсерін береді және әлемнің біздің елімізді тануын жоғарлатады.
Мұндай іс-шараны өткізу үшін, әрине, құрылыс үшін көлемі үлкен инвестицияны және Астана қаласының аумағында көрме объектілерінің, қонақ үйлер мен инфрақұрылымды объектілердің дайындығын қажет етеді. Туристік секторға ел экономикасының маңызды бөлігі келеді. Халықтың дамуы мен жұмыспен қамтылуы тұрғысында ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени интеграция тұрғысындағы осы сектордың әлеуетін ескере отырып, оның бәсекеге қабілеттілігін және ұстанымын кез-келген бағалау труизм қызметінің көлемі, туристік сапарлардың сипатттамасы бойынша ресми статистиканы, турист, туристік шығындар және ел экономикасы үшін пайдасы туралы мәліметттерді жақсы білуді қажет етеді.
Туризм статистикасы – қалыптастырылатын, талданатын және жарияланатын туризмнің ағындары мен үрдістері (әлемдік, ұлттық, өңірлік және т.б.) оның құрылымы, туристерді жіберетін және қабылдайтын елдер туралы ақпарат.
Сондықтан осы Әдістемелік ұсынымдар халықаралық деңгейде салғастырылатын туризм асындағы статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
